Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Балқаш қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Балқаш қалалық мәслихатының "Балқаш қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №16/131 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4548 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы | А. Муслымов |
Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 4/47 шешіміне қосымша |
Балқаш қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (Қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғыннан айына | 374,3 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғыннан айына | 394,0 |
Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф | 1 м3 | 2248,5 |