"Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушының – Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 294 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1331 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 33832 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушының – Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 294 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32132 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. ЭШФ АЖ-да биометриялық сәйкестендіру құралдары мынадай:

      1) салық төлеуші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған Келесімге қол қойған кезде салық төлеушіні ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркеген;

      2) Салық кодексінің 136-бабы 5-тармағының 4), 5) тармақшаларына және 137-бабына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде ЭШФ АЖ қатысушысына қатысты тәуекел анықталған жағдайда қолданылады.

      Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайда, ЭШФ АЖ қатысушысына ЭШФ АЖ арқылы ЭШФ АЖ порталына хабарлама жіберілген сәттен бастап биометриялық сәйкестендіруден өту қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, ЭШФ жазып беру санына шектеу қоймай, биометриялық сәйкестендіру күніне 1 (бір) рет жүргізіледі.

      Бұл ретте биометриялық сәйкестендіруден өтудің жалпы саны, сол айдағы ЭШФ жазып беру санына шектеу қоймай, күнтізбелік ай ішінде 7 (жеті) реттен аспауы тиіс.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген деректер сәйкес келген кезде ЭШФ АЖ операторы:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда – салық төлеушіге ЭШФ АЖ қатысушысы мәртебесін беруді;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда – ЭШФ-ны өңдеуді және тіркеу нөмірін беруді жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі