Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 1188 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 қарашада № 33635 болып тіркелді.

Жаңартылған

      БҰЙЫРАМЫН:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 16.08.2024 № 552 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19984 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидаларында:

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада реттік нөмірі 55 жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

55

оның ішінде техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдар (протездік-ортопедиялық құралдардан басқа) мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын, мүгедектігі бар адамдарға берілетін жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін әлеуметтік қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарға арналған такси көрсететін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарға берілетін санаторийлік-курорттық жолдамаларды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу
















      ".

      2. "Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:

      287-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты дайындау және орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ веб-сайттарда, оның ішінде халықаралық ақпараттық ұйымдарда орналастырылған ақпаратты беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, әртүрлі магниттік жеткізгіштермен басылған дыбысталған кітаптарды, рельефті-нүктелік қаріппен басылған кітаптарды, көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге арналған тифлоқұралдарды сатып алу;";

      297-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "297-6. Тапсырысты әлеуетті өнім беруші хабарлама жіберілген сәттен бастап үш сағат ішінде жұмыс күндері жұмыс уақытында (Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09.00-ден 18:00-ге дейін) растайды. Егер тапсырысты растау туралы хабарлама Астана уақытымен сағат 15:00-ден кейін жіберілсе, сағатты есептеу сағат 18:00-де тоқтайды. Тапсырысты растау үшін қалған уақыт келесі жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09:00-ден бастап қайта басталады.";

      378-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) әлеуетті өнім берушілердің әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізу туралы өтінішхаттарын қабылдау күні мен уақыты.

      Бұл ретте әлеуетті өнім берушілердің тізімге енгізу туралы қолдаухаттарын қабылдау Астана қаласының уақыты бойынша 9-00-ден 18-00-ге дейін (қоса алғанда) бір жұмыс күнін құрайды;";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      Тендерлік құжаттамаға 13-қосымшада 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде тендерде сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) орындалған жұмыстар тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер (болған жағдайда толтырылады).";

      көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшада 32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аукцион басталатын уақыт Астана қаласының уақыты бойынша 18.00-ден кешіктірілмей белгіленеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 11 және 12-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 23-қосымшада 8.8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

      Жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлерге берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемі жиынтығында орындалатын жұмыстардың екіден бір көлемінен аспауға тиіс.

      Бұл ретте қосалқы мердігерлерге өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге беруге тыйым салынады.

      Жұмыстарды орындайтын Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді тартуға жол берілмейді.";

      көрсетілген Қағидаларға 24-қосымшада 7.8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда Жобалаушы/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы жобалы шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы жобалаушылардың болуы Жобалаушыны/Орындаушыны шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

      Қосалқы жобалаушыларға жұмыстарды орындау үшін берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемі Орындалатын жұмыстардың жиынтығында көлемінен екіден бірінен аспауы тиіс.

      Бұл ретте қосалқы жобалаушының жүргізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау көлемін өзге қосалқы жобалаушының беруіне тыйым салынады.

      Жұмыстарды орындайтын адамдарға, Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы жобалаушыларды тартуға жол берілмейді.";

      көрсетілген Қағидаларға 25-қосымшада 8.8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

      Жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлерге берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемдері жиынтығында орындалатын жұмыстар көлемінің екіден бірінен аспауға тиіс.

      Бұл ретте қосалқы мердігерлерге өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау көлемін өзге қосалқы мердігерге беруге тыйым салынады.

      Жұмыстарды орындайтын Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді тартуға жол берілмейді.";

      көрсетілген Қағидаларға 26-қосымшада 7.8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

      Қызметтер көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін көрсетілетін қызметтердің шекті көлемдері жиынтығында көрсетілетін қызметтер көлемінің екіден бірінен аспауға тиіс.

      Бұл ретте қосалқы мердігерлерге өткізілетін сатып алу нысанасы болып табылатын қызметтер көрсету көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруге тыйым салынады.

      Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға көрсетілетін қызметтерге өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын қызметтер көрсету бойынша қосалқы мердігерлерді тартуға жол берілмейді.".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі Ұлттық

      статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 13 қарашадағы
№ 1188 Бұйрыққа
1-қосымша
  Ұлттық әл-ауқат қоры мен
Ұлттық әл-ауқат қорының
ұйымдарын қоспағанда,
квазимемлекеттік сектордың
жекелеген субъектілерінің сатып
алуын жүзеге асыру
қағидаларына
11-қосымша

Аукцион хаттамасы нөмір сатып алу тәсілі мен нөміріне байланысты болады

      Күні мен уақыты ________________________________________________

      Тапсырыс беруші* ______________________________________________

      аукцион № _____________________________________________________

      Аукционның атауы ______________________________________________

      Ұйымдастырушының атауы_______________________________________

      Ұйымдастырушының мекен-жайы__________________________________

      Жалпы сомасы көрсетілген сатып алынатын тауарлардың тізбесі _______

Лоттың №

Лоттың атауы

тауардың сипаттамасы

саны

бірлік үшін баға, теңге

сатып алу үшін бөлінген сома, теңге







      Аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер туралы ақпарат (хронология бойынша): (өтінімдер саны):

Аукционға қатысушының нөмірі( өтінімді беру уақыты мен күніне байланысты беріледі)*

БСН (ЖСН)/ССН/ТЕН

өтінімді ұсыну күні мен уақыты (хронология бойынша)





      * Аукцион өткізу мерзімі өткенге дейін әлеуетті өнім берушінің атауы құпия болып табылады

      Аукционға қатысушылардың бастапқы бағалары:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ССН)/ССН/ТЕН

өнім берушінің бір бірлігі үшін бағасы, теңге

өнім берушінің жалпы сомасы, теңге

өтінім берген күні мен уақыты

Ескертпе: (мәні: ең төмен бастапқы баға*)

1

2

3

4

5

6

7

      * ең төмен бастапқы баға-кімнің бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын және басқа ұсыныстардан бұрын келіп түскен аукционға қатысушыға беріледі.

      Аукционның басталу күні мен уақыты: (КК.АА.ЖЖЖЖ СС: ММ: СС)

      Аукционның аяқталу күні мен уақыты: (КК.АА.ЖЖЖЖ СС: ММ: СС)

      Аукционға қатысушылардың ұсыныстары туралы мәліметтер:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ССН)/ССН/ТЕН

өнім берушінің бір бірлігі үшін бағасы, теңге

өнім берушінің жалпы сомасы, теңге

ұсынысты беру уақыты





КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС (Астана қаласының уақыты бойынша)

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      КК.АА.ЖЖЖЖ. – күні, айы, жылы;

      СС:ММ:СС – сағат, минут, секунд.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 13 қарашадағы
№ 1188 Бұйрыққа
2-қосымша
  Ұлттық әл-ауқат қоры мен
Ұлттық әл-ауқат қорының
ұйымдарын қоспағанда,
квазимемлекеттік сектордың
жекелеген субъектілерінің сатып
алуын жүзеге асыру
қағидаларына
12-қосымша

Қорытындылар туралы хаттама (аукцион нөмірі) нөмір сатып алу тәсілі мен нөміріне байланысты болады

      Күні мен уақыты ________________________________________________

      Тапсырыс беруші*_______________________________________________

      Аукцион №_____________________________________________________

      Аукционның атауы ______________________________________________

      Ұйымдастырушының атауы _______________________________________

      Ұйымдастырушының мекен-жайы _________________________________

      Аукциондық комиссияның құрамы:

Т. А. Ә.

ұйымдағы лауазымы

комиссиядағы рөлі





      Жалпы сомасы көрсетілген сатып алынатын тауарлардың тізбесі _______

Лоттың №

Лоттың атауы

тауардың сипаттамасы

саны

бірлік үшін баға, теңге

сатып алу үшін бөлінген сома, теңге







      Аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер туралы ақпарат (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/ССН/ТЕН

өтінімді ұсыну күні мен уақыты





      Аукциондық комиссияның сұрау салулары туралы мәліметтер:

Сұрау салу жіберілген ұйымның/тұлғаның атауы

сұрау салу жіберілген күн

сұрау салудың қысқаша сипаттамасы

сұрау салуға жауап берілген күн






      Аукциондық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:

р / с №

әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілердің тізбесі), БСН (ЖСН)/ССН/ТЕН


Комиссия мүшесінің

комиссия мүшесінің шешімі

қабылданбау себебі

біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына олардың сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, қабылданбау себептерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы

Т. А. Ә.






      Аукционға қатысуға қабылданбаған өтінімдер (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ССН)/ССН/ТЕН

ауытқу себебі





      үш мәтіндік мәннен тұратын анықтамалық: (біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі, Заңның 7-бабының талаптарын бұзу)

      Аукционға қатысуға келесі өтінімдер біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес деп танылды:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ССН)/ССН/ТЕН




      Аукционға қатысушылардың бастапқы бағалары (аукционға қатысушылардың ашылған өтінімдері ғана ашылады):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ССН)/ССН/ТЕН

өнім берушінің бір бірлігі үшін бағасы, теңге

өнім берушінің жалпы сомасы, теңге

өтінім берген күні мен уақыты

Ескертпе: (мәні: ең төмен бастапқы баға*)

1

2

3

4

5

6

7








      * ең төмен бастапқы баға-кімнің бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын және басқа ұсыныстардан бұрын келіп түскен аукционға қатысушыға беріледі.

      Аукционға қатысушылардың ұсыныстары туралы мәліметтер:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ССН)/ССН/ТЕН

өнім берушінің бір бірлігі үшін бағасы, теңге

өнім берушінің жалпы сомасы, теңге

ұсынысты беру уақыты





КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС (Астана қаласының уақыты бойынша)

      Аукциондық комиссияның шешімі:

      1. № Лот бойынша жеңімпазды анықтау: (БСН/ЖСН жеңімпаздың әлеуетті өнім берушісінің атауы).

      2. Тапсырыс берушіге (Тапсырыс берушінің атауы) Қағидаларда белгіленген мерзімде (жеңімпаздың әлеуетті өнім берушісінің атауы) - мен шарт жасасу.

      Не:

      Сатып алуды (№___лот бойынша сатып алудың атауы) мыналарға байланысты өтпеді деп танылсын:_____________________ * :

      Ескертпе: * мынадай мәндердің бірі: "Ұсынылған өтінімдердің болмауы", "екіден кем өтінім беру", "аукционға қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілген жоқ", "аукционға қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілген".

      Не:

      Сатып алудың күшін жою жүргізілді, оған мыналар негіз болып табылады: уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыну, шешім) № кк.аа.жжжж.

      Күшін жою туралы шешім қабылдаған орган: (_______________________).

      Не:

      Қағидалардың __ - тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді

      Ескертпе:

      * Бірнеше тапсырыс беруші болса, тапсырыс беруші туралы ақпарат көрсетілмейді.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      КК.АА.ЖЖЖЖ. – күні, айы, жылы;

      СС:ММ:СС. – сағат, минут, секунд.