"Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 101 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 16 қазандағы № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 қазанда № 33554 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8808 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы Ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) көрсетілген бұйрықпен бекітілген:

      1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      2) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) ауыстыру туралы мәліметтер, ауыстыру негіздері;";

      35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "35) отбасылық жағдайы туралы мәліметтер (некелескен болуы, некеге отыру туралы куәліктің деректері, жұбайының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жұбайының жеке басын куәландыратын құжат, туыстық дәрежесі, отбасының өзге мүшелерінің, асыраудағы адамдардың тектері, аттары, әкелерінің аттары (ол болған кезде) және туған күндері, балалардың болуы және олардың жастары, балаларды туу туралы, некені бұзу туралы куәліктер, нөмірлері мен берілген күндері, құжатты берген орган);";

      39), 40), 41), 42), 43), 44), 45) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарға қатысты мәліметтер;

      40) сотталған және ақталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстық істері іс жүргізумен, тоқтатылған адамдарға қатысты мәліметтер;

      41) азаматтық және әкімшілік істерді қараған кезде талапкер, жауапкер, үшінші тараптар, дауласу мәніне дербес талаптарды білдірушілер (білдірмейтіндер) ретінде қатысқан (қатыспаған) адамдар, істердің қозғалысы, оның ішінде аппеляциялық, кассациялық шағымдар мен қадағалау өтінішхаттары келіп түскен күндер, оларда қарар бөлігі, сот актісін тараптарға беру күні, заңды күшіне енетін күні көрсетілген орындалған сот актілері туралы мәліметтер;

      42) қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізетін қатысушылар туралы мәліметтер;

      43) ұсталған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алу туралы мәліметтер (дактилоскопиялық формуланың мәліметтерін, бармақтардың таңбаларын қамтитын дактилоскопиялық карточка);

      44) анықтаудан, тергеуден, соттан жасырынған іздестірудегі адамдар туралы, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарған адамдар туралы мәліметтер;

      45) хабарсыз кеткен іздестірудегі адамдар туралы мәліметтер;";

      49) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "49) белгілі бір қызметпен айналысу және нақты бір лауазымдарды атқару құқығынан шектелген адамдар туралы мәліметтер;";

      51), 52), 53) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "51) тексеру субъектілері (объектілері), бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қоныс аударуымен профилактикалық бақылау және мемлекеттік бақылаудың басқа да нысандары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органда тіркелетін қадағалау туралы мәліметтер;

      52) террористік іс-әрекетті, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер;

      53) экстремизмді, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер;";

      64) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "64) жазасын түзету мекемелерінде өтеп жүрген, тергеу изоляторында, гауптвахтада, қабылдағыш-таратқыштарға, әкімшілік-қамауға алынған адамдар үшін қабылдағыштарға қамалған адамдар туралы мәліметтер;";

      68) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "68) қоғамдық-қауіпті аурулар диагнозы бойынша денсаулық сақтау мекемелерінде есепте тұрған адамдар туралы мәліметтер (маскүнемдік, уытқұмарлық, нашақорлық, туберкулез, АИВ/ЖПИЖС, жүйке аурулары, мінез-құлық бұзылыстары);";

      74), 75) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "74) арнайы білім беру ұйымына немесе ерекше ұстау тәртібіндегі ұйымға орналастырылған кәмелетке толмағандар адамдар туралы мәліметтер;

      "75) мемлекеттік органдар, соның ішінде құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің жақын туыстары туралы мәліметтер;";

      77) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "77) адвокаттар, медиаторлар және нотариустар, сот орындаушылар туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), сертификаттар, лицензиялар туралы мәліметтер);";

      82) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "82) шет елде білім алып жүрген адамдар туралы мәліметтер;";

      92) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "92) мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін арызбен, жолданыммен, хабармен, сұрау салумен, үн қосумен, ұсыныспен, өтінішхатпен жүгінген адамдар туралы мәліметтер;";

      106), 107), 108), 109), 110), 111), 112), 113), 114), 115), 116), 117), 118) тармақшалар мынадай редакцияда толықтырылсын:

      "106) туыстарымен байланысты жоғалтқан іздестіріліп жатқан адамдар туралы мәліметтер;

      107) өзі туралы анықтама деректерін хабарлауға қабілетсіз адамдар туралы мәліметтер;

      108) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер, мемлекет мүддесі үшін, сондай-ақ алименттер өндіріп алу, мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша жауапкерлер болып табылатын іздестірудегі адамдар туралы мәліметтер;

      109) атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған адамдар, сондай-ақ әкімшілік айыппұлды салу жөнінде қаулыларды ерікті түрде орындамаған адамдар туралы мәліметтер;

      110) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдар туралы мәліметтер;

      111) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысты тәркіленген мүліктің сомасы туралы, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған, Қазақстан Республикасына қайтаруға жататын және қайтарылған сомалар туралы мәліметтер;

      112) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысты өзара құқықтық көмек көрсету және басқа халықаралық сұраулар туралы мәліметтер;

      113) жетім балалардың ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға ниет білдірген адамдардың Республикалық деректер банкінің үміткерлері бала асырап алу (құрылғанның нысанына қарай: асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, асырап алушы отбасы) туралы мәліметтер;

      114) шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы мәліметтер;

      115) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстату) және терроризмді қаржыландырумен айналысқаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер;

      116) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған Қазақстан Республикасының азаматтары туралы мәліметте;

      117) шет мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдарын басқара отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткен адамдар туралы мәліметтер;

      118) Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін әкімшіліктік бұзу туралы істер жөніндегі шешімдерді өзара тану және орындау туралы Конвенцияның 2-бабының 3-тармағына сәйкес орындалуы Қазақстан Республикасының аумағында жарамды, шетелде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған Қазақстан Республикасының азаматтары туралы мәліметтер.".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне мәлімет үшін, Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов