"Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы монеталарының қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 114 және "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын және табыс ету мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 20 шілдедегі № 91 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 71 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 қазанда № 33510 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы монеталарының қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқасқармасының 2019 жылғы 2 шілдегі № 114 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 133215 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы үшінші бөлігінің 4-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы монеталарының дизайнын айқындау және айналысқа шығару туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 63 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ескі үлгідегі айналыстағы монеталардың және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталардың қатар айналыста болу кезеңінде:

      1) екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және Ұлттық пошта операторы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген, "Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес:

      ескі үлгідегі айналыстағы монеталарды және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталарды ұсақтауды, айырбастауды қоса алғанда, оларды қабылдауды және беруді жүзеге асырады;

      жеке және заңды тұлғалардан қабылданған ескі үлгідегі айналыстағы монеталарды және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына тапсырады;

      2) Ұлттық Банктің филиалдары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21299 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес:

      ескі үлгідегі айналыстағы монеталарды және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталарды ұсақтауды, айырбастауды қоса алғанда, оларды қабылдауды және беруді жүзеге асырады;

      кейіннен қолма-қол ақшасыз баламасын заңды тұлғалардың, екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарының және Ұлттық пошта операторының тиісті шоттарына аудара отырып, заңды тұлғалардан, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерден, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарының және Ұлттық пошта операторынан ескі үлгідегі айналыстағы монеталарды және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталарды айналым кассасына қабылдайды;

      кейіннен қолма-қол ақшасыз баламасын заңды тұлғалардың, екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына және Ұлттық пошта операторының тиісті шоттарынан есептен шығара отырып, заңды тұлғаларға, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарының және Ұлттық пошта операторына ескі үлгідегі айналыстағы монеталарды және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталарды айналым кассасынан береді.".

      2. "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын және табыс ету мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 20 шілдедегі № 91 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21015 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      5-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      6-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (А.С. Адибаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп (Н.К. Косбаев) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 5-қосымшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төреағасы
Т. Сулейменов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2023 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 71 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 20 шілдедегі
№ 91 қаулысына
2-қосымша
  Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына

      Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған

Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операциялар жүргізуден бас тарту туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: AML-R1

      Кезеңділігі: жартыжылдық

      Есепті кезең: 20__ жылғы "______" ____________ жағдай бойынша

      Ұсынатын тұлғалар тобы: қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – уәкілетті ұйым)

      Ұсыну мерзімі: жарты жылда 1 (бір) рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей

      Нысан

__________________________________________________ (уәкілетті ұйымның толық атауы)

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған күні

Сәйкестендіру нөмірі

Жеке басты куәландыратын құжаттың деректері

атауы

берілген күні

нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

1













      кестенің жалғасы:

Азаматтығы

Теңгемен операцияның әлеуетті көлемі

Шетел валютасымен операцияның әлеуетті көлемі (егер өзгеше көрсетілмесе)

Операция коды

Валюта түрі

Бас тарту күні

8

9

10

11

12

13







      Атауы____________________________________________________________

      Мекенжайы _______________________________________________________

      Телефоны_________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________

      Орындаушы_______________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      _____________________________________ ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Терроризмді және экстремизмді
қаржыландырумен байланысты
тұлғалар тізбесіне енгізілген
жеке тұлғалардың ақшасымен
және (немесе) өзге мүлкімен
операциялар жүргізуден бас
тарту туралы есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операциялар жүргізуден бас тарту туралы есеп (индекс - AML-R1, кезеңділігі - жартыжылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операциялар жүргізуден бас тарту туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды уәкілетті ұйым жарты жылда 1 (бір) рет жасайды. Егер өзгеше көрсетілмесе, Нысандағы деректер теңгемен толтырылады.

      4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысан бойынша:

      1) 4-бағанда Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті тәртіпте жеке сәйкестендіру нөмірі (12 цифрдан тұратын) және бар болса – шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар үшін көрсетіледі;

      2) 5-бағанда "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң) 6-бабы 3-тармағының ерекшеліктерін ескере отырып, Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 6-бабының 1-тармағында немесе Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына және күдікті операцияны айқындау белгілеріне (бұдан әрі – Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидалары) 5-қосымшамен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттардың түрлері кодтарының анықтамалығында көзделген жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің атауы көрсетіледі;

      3) 6 және 7-бағандарда Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 7-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттың деректері (жеке басты куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі) көрсетіледі;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 5, 6 және 7-бағандар толтырылмайды;

      5) 8-бағанда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰС 06 ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес жеке басты куәландыратын құжатқа сай азаматтығы елінің екі әріпті коды (азаматтығы жоқ адам үшін көрсетілмейді) көрсетіледі;

      6) 10-бағанда сома шетел валютасындағы бірліктермен көрсетіледі (бағалы металдармен операциялар үшін көлемі граммен көрсетіледі);

      7) 11-бағанда Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына 6-қосымшамен бекітілген Қаржы мониторингіне жататын операциялардың түрлері кодтарының анықтамалығына сәйкес операцияның мынадай төрт мәнді коды көрсетіледі:

      0211 – клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатып алуы;

      0221 – клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатуы;

      1711 – клиенттің бағалы металдарды сатып алуы;

      1721 – клиенттің бағалы металдарды сатуы;

      8) 12-бағанда валюталардың әріпті кодтары "Валюталар мен қорларды көрсетуге арналған кодтар" ҚР ҰС 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі;

      9) 13-бағанда бас тарту күні "КК.АА.ЖЖЖЖ." форматында көрсетіледі.

      6. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік мәндермен беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2023 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 71 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 20 шілдедегі
№ 91 қаулысына
3-қосымша

      Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына

      Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Жеке тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операциялар жасауы туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: AML-R2

      Кезеңділігі: жартыжылдық

      Есепті кезең: 20__ жылғы _ "_____"____________ жағдай бойынша

      Ұсынатын тұлғалар тобы: қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – уәкілетті ұйым)

      Ұсыну мерзімі: жарты жылда 1 (бір) рет есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей

      Нысан

__________________________________________________ (уәкілетті ұйымның толық атауы)

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

Туған күні

Сәйкестендіру нөмірі

Жеке басты куәландыратын құжаттың деректері

атауы

берілген күні

нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

1













      кестенің жалғасы:

Азаматтығы

Теңгемен операция көлемі

Шетел валютасымен операция көлемі (егер өзгеше көрсетілмесе)

Операция коды

Валюта түрі

Елдер тізбесі

Операция жасалған күн

8

9

10

11

12

13

14














      Атауы____________________________________________________________

      Мекенжайы _______________________________________________________

      Телефоны_________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________

      Орындаушы____________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      _____________________________________ ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Жеке тұлғалардың
ақшасымен және (немесе) өзге
мүлкімен операциялар жасау
туралы есеп нысанына
қосымша

Жеке тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операциялар жасау туралы есеп Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі - AML-R2, кезеңділігі - жартыжылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Жеке тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен операциялар жасау туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды уәкілетті ұйым жарты жылда 1 (бір) рет жасайды. Егер өзгеше көрсетілмесе, Нысандағы деректер теңгемен толтырылады.

      4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанда айырбастау пунктері арқылы жүргізілген қолма-қол шетел валютасы немесе бағалы металдарды сатып алу және (немесе) сату бойынша операциялар көрсетіледі:

      1) Қазақстан Республикасы азаматтарының 2 000 000 (екі миллион) теңгеден асатын сомаға;

      2) шетелдіктердің немесе азаматтағы жоқ адамдардың – шекті соманы белгілеусіз.

      Нысанда осы қаулыға 4-қосымшада көрсетілген уәкілетті ұйымның үлестес тұлғаларымен операциялар көрсетілмейді.

      6. Нысандар бойынша:

      1) 4-бағанда Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті тәртіпте жеке сәйкестендіру нөмірі (12 цифрдан тұратын) және бар болса - шетелдіктер немесе азаматтағы жоқ адамдар үшін көрсетіледі;

      2) 5-бағанда "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң) 6-бабы 3-тармағының ерекшеліктерін ескере отырып, Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 6-бабының 1-тармағында немесе Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына және күдікті операцияны айқындау белгілеріне (бұдан әрі – Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидалары) 5-қосымшамен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттардың түрлері кодтарының анықтамалығында көзделген жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің атауы көрсетіледі;

      3) 6 және 7-бағандарда Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 7-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттың деректері (жеке басты куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі) көрсетіледі;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 5, 6 және 7-бағандар толтырылмайды;

      5) 8-бағанда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰС 06 ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес жеке басты куәландыратын құжатқа сай азаматтығы елінің екі әріпті коды (азаматтығы жоқ адам үшін көрсетілмейді) көрсетіледі;

      6) 10-бағанда шетел валютасындағы сома көрсетіледі (бағалы металдармен операциялар үшін көлемі граммен көрсетіледі);

      7) 11-бағанда Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына 6-қосымшамен бекітілген Қаржы мониторингіне жататын операциялардың түрлері кодтарының анықтамалығына сәйкес мынадай төрт мәнді операция коды көрсетіледі:

      0211 – клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатып алуы;

      0221 – клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатуы;

      1711 – клиенттің бағалы металдарды сатып алуы;

      1721 – клиенттің бағалы металдарды сатуы;

      8) 12-бағанда валюталардың әріпті кодтары "Валюталар мен қорларды көрсетуге арналған кодтар" ҚР ҰС 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі;

      9) 13-бағанда жеке тұлға азаматтығы тиесілі елінің мына кодтары көрсетіледі:

      "1" – жеке тұлғаның азаматтығы елі Ақшаны жылыстатумен күрестің қаржы шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекеттер (аумақтар) тізбесіне енгізілген;

      "2" – жеке тұлғаның азаматтығы елі оффшорлық аймақтар ретінде сипатталатын мына елдердің бірі болып табылады:

      Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Вайоминг штатының, Гуам аралының, Делавэр штатының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлiгiнде ғана);

      Андорра Княздігі;

      Антигуа және Барбуда мемлекеті;

      Багам аралдарының Достастығы;

      Барбадос мемлекеті;

      Белиз мемлекеті;

      Бруней Даруссалам мемлекеті;

      Біріккен Танзания Республикасы;

      Вануату Республикасы;

      Гватемала Республикасы;

      Гренада мемлекеті;

      Джибути Республикасы;

      Доминика Достастығы;

      Доминикан Республикасы;

      Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

      Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

      Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;

      Гайана Кооперативтік Республикасы;

      Коста-Рика Республикасы;

      Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) арнайы әкiмшiлiк ауданының аумағы бөлiгiнде ғана);

      Либерия Республикасы;

      Ливан Республикасы;

      Лихтенштейн Княздігі;

      Мавритания Ислам Республикасы;

      Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана);

      Мальдив Республикасы;

      Мальта Республикасы;

      Мариан аралдары;

      Маршалл аралдары Республикасы;

      Марокко Корольдігі (Танжер қаласының аумағы бөлігінде ғана);

      Мьянма Одағы;

      Науру Республикасы;

      Нигерия Федеративтiк Республикасы;

      Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана);

      Палау Республикасы;

      Панама Республикасы;

      Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

      Самоа Тәуелсiз Мемлекетi;

      Сейшель аралдары Республикасы;

      Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;

      Сент-Китс және Невис Федерациясы;

      Сент-Люсия мемлекеті;

      Суринам Республикасы;

      Тонга корольдігі;

      Тринидад және Тобаго Республикасы;

      Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның Бiрiккен Корольдiгi (Ангилья аралдары, Бермуд аралдары, Британдық Виргин аралдары, Гибралтар, Кайман аралдары, Монтсеррат аралы, Теркс және Кайкос аралдары аумақтары бөлiгiнде ғана);

      Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы;

      Филиппин Республикасы;

      Француз Республикасы (Франциялық Гвиана және Франциялық Полинезия аумақтары бөлігінде ғана);

      Черногория Республикасы;

      Шри-Ланка Демократиялық Республикасы;

      Ямайка;

      "3" - жеке тұлғаның азаматтық елі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясымен қабылданған оған қатысты халықаралық санкция (эмбарго) қолданған шетел мемлекеті (аумақ) болып табылады;

      "4" - жеке тұлғаның азаматтық елі жеке тұлға елінің жоғарыда көрсетілген тиістілік кодтарына енгізілген ел болып табылмайды.

      Егер жеке тұлғаның азаматтық елі жеке тұлға елінің екі немесе одан да көп тиістілік кодтарына енгізілсе, онда жеке тұлғаның азаматтық елі енгізілген барлық тиістілік коды көрсетіледі. Мысалы, егер елдің тиістілік коды "1" және "2" болса, онда "1, 2" көрсетіледі.

      Азаматтығы жоқ адамдар үшін жоғарыда көрсетілген белгілерді көрсету талап етілмейді;

      10) 14 бағанда операцияны жасау күні "КК.АА.ЖЖЖЖ." форматында көрсетіледі.

      7. Мәліметтер болмаған жағдайда, Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2023 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 71 қаулысына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 20 шілдедегі
№ 91 қаулысына
4-қосымша

      Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет ресурсында орналастырылған.

Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның үлестес тұлғалары және олардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялары туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: AML-R3

      Кезеңділігі: жартыжылдық

      Есепті кезең: 20__ жылғы ___ "_____"____________ жағдай бойынша

      Ұсынатын тұлғалар тобы: қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға

      Ұсыну мерзімі: жарты жылда 1 (бір) рет есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей

      Нысан

__________________________________________________ (уәкілетті ұйымның толық атауы)

      1-кесте. Уәкілетті ұйымның үлестес тұлғалары болып табылатын жеке тұлғалармен есепті жартыжылдық ішінде жасалған мәмілелер (операциялар)

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса

Туған күні

Сәйкестендіру нөмірі

Жеке басты куәландыратын құжаттың деректері

атауы

берілген күні

нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

1













      кестенің жалғасы:

Азаматтығы

Теңгемен операцияның көлемі

Шетел валютасымен операцияның көлемі (егер өзгеше көрсетілмесе)

Операция коды

Валюта түрі

Операция жасалған күн

8

9

10

11

12

13






      кестенің жалғасы:

Үлестес тұлғамен операция жасалған күнгі барлық операциялар бойынша орташа алынған бағам

Үлестес тұлға операция жасаған күнгі барлық операциялар бойынша ең жоғары бағам

Үлестес тұлға операция жасаған күнгі барлық операциялар бойынша ең төменгі бағам

Үлестес тұлғаға арналған бағам

14

15

16

17




      кестенің жалғасы:

"Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес тұлға үлестес тұлғаға
жатқызылған белгі

18


      2-кесте. Уәкілетті ұйымның үлестес тұлғаларының тізілімі

Заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі

Заңды тұлғаның атауы

Тіркелген елі

"Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес тұлға үлестес тұлғаға жатқызылған белгі

1

2

3

4

5

1









      Атауы____________________________________________________________

      Мекенжайы _______________________________________________________

      Телефоны_________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________

      Орындаушы____________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)             телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      _____________________________________ ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Қызметін
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің қолма-қол
шетел валютасымен айырбастау
операцияларына арналған
лицензиясы негізінде тек қана
айырбастау пункті арқылы
жүзеге асыратын заңды
тұлғаның үлестес тұлғалары
және олардың ақшамен және
(немесе) өзге мүлікпен
операциялары туралы
есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның үлестес тұлғалары және олардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялары туралы есеп (индексі - AML-R3, кезеңділігі - жартыжылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның үлестес тұлғалары және олардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялары туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды уәкілетті ұйым жарты жылда 1 (бір) рет жасайды. Нысандағы деректер, егер өзгеше көрсетілмесе, теңгемен толтырылады.

      4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген тұлға қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 1-кесте бойынша:

      1) 4-бағанда Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті тәртіпте жеке сәйкестендіру нөмірі (12 цифрдан тұратын) және бар болса - шетелдіктер немесе азаматтағы жоқ адамдар үшін көрсетіледі;

      2) 5-бағанда "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң) 6-бабы 3-тармағының ерекшеліктерін ескере отырып, Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 6-бабының 1-тармағында немесе нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларына және күдікті операцияны айқындау белгілеріне (бұдан әрі – Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидалары) 5-қосымшамен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттардың түрлері кодтарының анықтамалығында көзделген жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің атауы көрсетіледі;

      3) 6 және 7-бағандарда Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заңның 7-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 5, 6 және 7-бағандар толтырылмайды;

      5) 8-бағанда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес жеке басты куәландыратын құжатқа сай азаматтығы елінің екі әріпті коды (азаматтығы жоқ адам үшін көрсетілмейді) көрсетіледі;

      6) 9-бағанда ұлттық валютадағы сома көрсетіледі;

      7) 10-бағанда шетел валютасының бірліктеріндегі сома көрсетіледі (бағалы металмен операциялар үшін көлемі граммен көрсетіледі);

      8) 11-бағанда Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына 6-қосымшада бекітілген Қаржы мониторингіне жататын операциялардың түрлері кодтарының анықтамалығына сәйкес операцияның мынадай төрт таңбалы коды көрсетіледі:

      0211 – клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатып алуы;

      0221 – клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатуы;

      1711 – клиенттің бағалы металдарды сатып алуы;

      1721 – клиенттің бағалы металдарды сатуы;

      9) 12-бағанда валюталардың әріпті кодтары "Валюталар мен қорларды көрсетуге арналған кодтар" ҚР ҰС 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі;

      10) 13-бағанда операция жасалған күн "ЖЖЖЖ.КК.АА." форматында көрсетіледі;

      11) 14, 15, 16 және 17-бағандарда үлестес тұлғамен мәміле жасалған күні жүргізілген барлық операциялар бойынша сатып алудың және (немесе) сатудың орташа сараланған, ең жоғары, ең төменгі бағамдары (бағасы) және тиісінше 11-бағанда көрсетілген операция түріне қарай үлестес тұлға үшін бағам (бағалы металдың бір граммы үшін бағасы) көрсетіледі;

      12) 18-бағанда "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – ЖШжҚЖС туралы заң) 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес тұлға үлестес тұлға ретінде жіктелетін белгі көрсетіледі:

      "1" – құрылтайшылар, қатысушылар (жеке тұлғалар);

      "2" – ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 1), 3) және 9) тармақшаларында көрсетілген жеке тұлғалардың жақын туыстары, зайыбы (жұбайы), зайыбының (жұбайының) жақын туыстары;

      "3" – серіктестіктің немесе ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 1), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды тұлғалары;

      "4" – серіктестік қабылдайтын шешімдерді анықтауға құқылы, шартқа сәйкес серіктестікпен байланысты болатын жеке тұлға;

      "5" – дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп, ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 1), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 11) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталындағы қатысу үлесін) иеленетін, пайдаланатын, оларға билік ететін жеке тұлға;

      "6" – ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес серіктестіктің үлестес тұлғасы болып табылатын өзге де жеке тұлға;

      6. 2-кесте бойынша:

      1) 2-бағанда бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (шетелдік ұйымдарға қатысты, егер мәлімет болса, баған толтырылады);

      2) 4-бағанда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1 бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰС 06 ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес заңды тұлға тіркелген елдің екі әріпті коды көрсетіледі.

      3) 5-бағанда ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес тұлға үлестес тұлға ретінде жіктелетін белгі көрсетіледі:

      "1" – құрылтайшылар, қатысушылар (заңды тұлғалар);

      "2" – ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаның не серіктестіктің лауазымды тұлғасының бақылауында болатын заңды тұлға;

      "3" – ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген не серіктестіктің лауазымды тұлғасы болып табылатын тұлға оған қатысты ірі акционер болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға;

      "4" – серіктестікпен бірге үшінші бір тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға";

      "5" – серіктестік қабылдайтын шешімдерді анықтауға құқылы, шартқа сәйкес серіктестікпен байланысты болатын заңды тұлға;

      "6" – дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп, ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 1), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 11) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталындағы қатысу үлесін) иеленетін, пайдаланатын, оларға билік ететін заңды тұлға;

      "7" – ЖШжҚЖС туралы заңның 12-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес серіктестіктің үлестес тұлғасы болып табылатын өзге де заңды тұлға;

      7. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік мәндермен ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2023 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 71 қаулысына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 20 шілдедегі
№ 91 қаулысына
5-қосымша

      Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына

      Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.

Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның шетелдік банктерде ашылған банктік шоттары бойынша ақша аударымдары туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: AML-R4

      Кезеңділігі: жарты жыл сайын

      Есепті кезең: 20 ___ жылғы "_____"____________ жағдай бойынша

      Ұсынатын тұлғалар тобы: қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі - уәкілетті ұйым)

      Ұсыну мерзімі: жарты жылда 1 (бір) рет есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей

      Нысан

__________________________________________________ (уәкілетті ұйымның толық атауы)

Банктік шот ашылған шетелдік банк


Атауы

Ел

Елдер тізімі

Сәйкестендіру коды (БСК)

Есептік нөмір

1

2

3

4

5

6

1











      кестенің жалғасы:

Ақша аударымы туралы деректер

Корреспондент банк

Күні

Сомасы, валюта бірлігі

Валюта коды

Аударым белгісі

Атауы

Ел

Мемлекеттер (аумақтар) немесе мемлекет (аумақ) тізбесі

Сәйкестендіру коды (БСК)

7

8

9

10

11

12

13

14








      Атауы____________________________________________________________

      Мекенжайы _______________________________________________________

      Телефоны_________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________

      Орындаушы____________________________________ ________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)             телефоны

      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      _____________________________________ ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)             қолы

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Қызметін
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің қолма-қол
шетел валютасымен айырбастау
операцияларына арналған
лицензиясы негізінде тек қана
айырбастау пункті арқылы
жүзеге асыратын заңды
тұлғаның шетелдік банктерде
ашылған банктік шоттары
бойынша ақша аударымдары
туралы есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның шетелдік банктерде ашылған банктік шоттары бойынша ақша аударымдары туралы есеп (индекс - AML-R4, кезеңділігі - жартыжылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның үлестес тұлғалары және олардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялары туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды жарты жылда 1 (бір) рет уәкілетті ұйым толтырады. Егер өзгесі көрсетілмеген болса, Нысандағы деректер теңгемен көрсетіледі (сандық немесе сапалық мәліметтер толтырылады).

      4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген тұлға қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Мына нысан бойынша:

      1) 3 және 12-бағандарда "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1 бөлім. Елдердің кодтары" ҚР ҰС 06 ISO 3166-1 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес банк тіркелген елдің екі әріпті коды көрсетіледі;

      2) 4 және 13-бағандарда банк елінің мынадай тиістілік кодтары көрсетіледі:

      "1" – банк елі Ақшаны жылыстатумен күрестің қаржы шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекеттер (аумақтар) тізбесіне енгізілген;

      "2" – банк елі оффшорлық аймақтар ретінде сипатталатын мына елдердің бірі болып табылады:

      Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Вайоминг штатының, Гуам аралының, Делавэр штатының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлiгiнде ғана);

      Андорра Княздігі;

      Антигуа және Барбуда мемлекеті;

      Багам аралдарының Достастығы;

      Барбадос мемлекеті;

      Белиз мемлекеті;

      Бруней Даруссалам мемлекеті;

      Біріккен Танзания Республикасы;

      Вануату Республикасы;

      Гватемала Республикасы;

      Гренада мемлекеті;

      Джибути Республикасы;

      Доминика Достастығы;

      Доминикан Республикасы;

      Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

      Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

      Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;

      Гайана Кооперативтік Республикасы;

      Коста-Рика Республикасы;

      Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) арнайы әкiмшiлiк ауданының аумағы бөлiгiнде ғана);

      Либерия Республикасы;

      Ливан Республикасы;

      Лихтенштейн Княздігі;

      Мавритания Ислам Республикасы;

      Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана);

      Мальдив Республикасы;

      Мальта Республикасы;

      Мариан аралдары;

      Маршалл аралдары Республикасы;

      Марокко Корольдігі (Танжер қаласының аумағы бөлігінде ғана);

      Мьянма Одағы;

      Науру Республикасы;

      Нигерия Федеративтiк Республикасы;

      Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана);

      Палау Республикасы;

      Панама Республикасы;

      Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

      Самоа Тәуелсiз Мемлекетi;

      Сейшель аралдары Республикасы;

      Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;

      Сент-Китс және Невис Федерациясы;

      Сент-Люсия мемлекеті;

      Суринам Республикасы;

      Тонга корольдігі;

      Тринидад және Тобаго Республикасы;

      Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның Бiрiккен Корольдiгi (Ангилья аралдары, Бермуд аралдары, Британдық Виргин аралдары, Гибралтар, Кайман аралдары, Монтсеррат аралы, Теркс және Кайкос аралдары аумақтары бөлiгiнде ғана);

      Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы;

      Филиппин Республикасы;

      Француз Республикасы (Франциялық Гвиана және Франциялық Полинезия аумақтары бөлігінде ғана);

      Черногория Республикасы;

      Шри-Ланка Демократиялық Республикасы;

      Ямайка;

      "3" – банк елі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясымен қабылданған оған қатысты халықаралық санкция (эмбарго) қолданған мемлекет (аумақ) болып табылады;

      "4" – банк елі банк елінің жоғарыда көрсетілген тиістілік кодтарына енгізілген ел болып табылмайды.

      Егер банк елі банк елінің екі немесе одан да көп тиістілік кодтарына енгізілсе, онда банк елі енгізілген барлық тиістілік кодтары көрсетіледі. Мысалы, егер елдің тиістілік коды "1" және "2" болса, онда "1, 2" көрсетіледі;

      3) 5 және 14-бағандарда 8 таңбадан тұратын ISO 9362: BIC (Bank Identifier Codes) халықаралық стандартына сәйкес банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі;

      4) 6-бағанда "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген есептік нөмірі көрсетіледі;

      5) 7-бағанда "КК.АА.ЖЖЖЖ" форматында аударымның күні көрсетіледі;

      6) 8-бағанда шетел валютасының бірлігінде сома көрсетіледі;

      7) 9-бағанда валюталардың әріпті кодтары "Валюталар мен қорларды көрсетуге арналған кодтар" ҚР ҰС 07 ISO 4217 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі;

      8) 10-бағанда операциялардың мынадай белгілері көрсетіледі: "1" – шетелдік банкте ашылған банктік шоттан жіберілген аударымдар үшін", "2" – шетелдік банкте ашылған банктік шотқа түскен аударымдар үшін. Шетелдік банктегі (шетелдік банктердегі) банктік шоттар арасында аударым жасау кезінде мұндай аударымдар есепте әр шот үшін бөлек екі рет көрсетіледі.

      6. Сандық мәліметтер болмаған жағдайда, Нысанда нөлдік мәндер көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2023 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 71 қаулысына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 20 шілдедегі
№ 91 қаулысына
6-қосымша

Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары

      1. Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункті арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) есептілікті ұсыну қағидалары "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және уәкілетті ұйымның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Уәкілетті ұйым ұсынатын есептіліктегі сандық деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгеде, сондай-ақ шетел валютасында көрсетіледі.

      3. Ұлттық Банктің қателіктерді анықтауы (нысан ішіндегі және нысан арасындағы бақылау) есептілікті түзету үшін уәкілетті ұйымға қайтаруға негіз болып табылады.

      4. Уәкілетті ұйым (оның филиалы) есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірілмейтін мерзімде электрондық цифрлық қолтаңбамен растау рәсімдерін сақтай отырып, ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы осы қаулыға 1-қосымшада көзделген есептерді жартыжылдықта 1 (бір) рет электрондық форматта Ұлттық Банктің аумақтық филиалына ұсынады.

      Егер осы тармақта белгіленген есептілікті ұсыну мерзімі жұмыс емес күні аяқталса, жұмыс күнінен кейінгі күн есептілікті ұсыну мерзімі аяқталған күн болып есептеледі.

      Егер осы тармақта белгіленген есептілікті ұсыну мерзімі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе уәкілетті ұйым (оның филиалы) орналасқан аумақтағы төтенше жағдай қолданылу кезеңінде аяқталса, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе уәкілетті ұйым (оның филиалы) орналасқан аумақтағы төтенше жағдайды қолданылу мерзімі аяқталған күннен кейінгі оныншы жұмыс күні есептілікті ұсыну мерзімі аяқталған күн болып есептеледі.

      5. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дұрыстығын басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген тұлға қамтамасыз етеді.

      6. Уәкілетті ұйым ерікті түрде таратылған жағдайда, уәкілетті ұйым есептілікті Ұлттық Банктің аумақтық филиалы уәкілетті ұйымды ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлаған күнге дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банкке ұсынады.