"Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 286 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 3 қазандағы № 533 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 қазанда № 33500 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 286 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23068 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Резервуар негізінің қиябеті жанбайтын материалмен жабылады.";

      145-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "145. Жерүсті резервуарлардың бір тобының аясында ішкі топырақ үйінділері немесе қоршау қабырғалары барларын бір-бірінен ажыратылады:

      көлемі 20000м3 немесе одан көп немесе жалпы сыйымдылығы 20000м3 болатын бірнеше кішігірім резервуарлар;

      басқа мұнай өнімдері бар резервуарларды май мен мазуты бар резервуарларды ажырату.

      Ішкі топырақ үйіндісінің немесе қабырғаның биіктігі:

      көлемі 10000м3 және одан да көп резервуарлар үшін -1,3 м;

      басқа резервуарлар үшін - 0,8 м.";

      154-тармақ алып тасталсын;

      277-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "277. Күкіртті мұнай өнімдері бар резервуарларға және уытты қасиеттері бар өнімдерге (бензол, толуол, ксилол және өзге өнімдер) қызмет көрсететін барлық қызметкерлер осы мұнай өнімдерімен жұмыс істеу кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатермен таныстырылады.";

      279-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "279. Қолмен сынама алу және деңгейін өлшеу, лай мен суды ағызу бойынша күкіртті мұнай өнімдерімен байланысты операцияларды жұмысшылар белгіленген маркасы, фильтрі бар газтұтқыш тағып және бақылаушының қатысуымен орындайды.";

      281 және 282-тармақтар алып тасталсын;

      599-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "599. Металды бензо-, керосино- және оттегімен кесу кезінде:

      1) ақаулы аппараттарды, құбыршектерді және жанарғыларды пайдалануға;

      2) ластанған немесе су қоспасы бар жанармайды бензин кескіштер үшін қолдануға;

      3) кескішке жанармай беру үшін оттегі құбыршектерін қолдануға;

      4) кескіштің буландырғышын қызыл-қошқыл түске дейін қыздыруға және кескішті жұмыс кезінде тігінен, басын жоғары қаратып іліп қоюға;

      5) жалынды бағыттап, жанарғыны жанғыш заттарға қоюға;

      6) бөшкедегі қысым кезінде кескіштегі оттегінің жұмыс қысымынан асатын жанармаймен кесуге;

      7) кескішке оттегі мен жанармай беретін құбыршектерді қысуға, бұрауға немесе июге;

      8) жұмыс алаңында жанармай қорын сақтауға тыйым салынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
С. Шарипханов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі