"Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 170 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 қыркүйекте № 33487 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12517 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларында:

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктер филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерлері филиалдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттары құрамына кіретін тұлғалардың қызметін реттеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның валюталық реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қолданылмайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Реттеуші мемлекеттік орган/әзірлеуші орган уәкілетті органның атына мынадай құжаттарды жолдайды:

      1) реттеушілік әсерді талдау нәтижелері, ол:

      құқықтық акт жобасы бойынша жалпы ақпаратты;

      реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қалыптастыру шарттарына сәйкестікті бағалауды;

      реттеушілік әсерді талдаудың талдамалық нысанын қамтиды;

      2) жаңа реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату үшін осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құқықтық актінің, сондай-ақ құжаттардың жобасы;

      3) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынан (бұдан әрі – "Ашық НҚА" порталы) жүктеуді және қоғамдық талқылаулардың хаттамасын қоса бере отырып, қоғамдық талқылаулардың қазақ және орыс тілдеріндегі есебі;

      4) Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 10 тамыздағы № 198/НҚ бұйрығымен бекітілген Бәсекелестікке әсерге бағалау жүргізу қағидаларына сәйкес монополияға қарсы орган толтырған бәсекелестікке әсер етуді бағалаудың талдамалық нысаны.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров