Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 қыркүйекте № 33476 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысының 15-тармағының 488)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а.
Н. Шарбиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2023 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 265 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкалар

      1. Жеке және заңды тұлғалардың ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені және олардың өсуін тоқтату дәрежесіне дейін зақымдағаны, сүрек ұрлағаны үшін

р/с

Сүрек және бұта тұқымдастарының атаулары

1 м 3 базалық мөлшерлеме, айлық есептік көрсеткіште (АЕК)

Жоғары бөлігіндегі дің кесіндісінің көлеміне қарай қабықсыз кәделі сүрек

Қабықты отындық ағашсүрегі

ірі
(25 см-ден және одан жоғары)

орташа
(13 см-ден 24 см-ге дейін)

ұсақ
(3 см-ден 12 см-ге дейін)

1

2

3

4

5

6

1

Қарағай

16,0

11,0

6,0

2,0

2

Шренке шыршасы

21,0

15,0

7,0

3,0

3

Сібір шыршасы, майқарағай

14,0

10,0

5,0

2,0

4

Самырсын

13,0

9,0

4,0

2,0

5

Балқарағай

28,0

20,0

10,0

3,0

6

Ағаш тектес (арша)

19,0

13,0

7,0

3,0

7

Емен, шаған

28,0

20,0

10,0

4,0

8

Үйеңкі, шегір- шін, жөке

6,0

5,0

2,0

1,4

9

Сексеуіл




5,0

10

Қайың

6,0

5,0

2,0

1,5

11

Көктерек, ағаш тектес тал, терек

4,0

3,0

1,5

1,0

12

Грек жаңғағы, шекілдеуік жаңғақ

35,0

25,0

12,0

4,0

13

Өрік, ақ қараған, алша, долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, орман алма ағашы

25,0

20,0

12,0

3,0

14

Арша, төсенішті самырсын



4,0

2,0

15

Сары қараған, жыңғыл, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін, шеңгел, басқа да бұталар



1,5

1,0

      Ескертпе:

      мынадай:

      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда заңсыз ағаш кескені, ағаштар мен бұталарды өсуін тоқтату дәрежесіне дейін зақымдаған және сүрек ұрлаған жағдайларда осы бөлімнің базалық ставкалары екі есе ұлғайтылады;

      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ағаштар мен бұталарды өсуін тоқтату дәрежесіне дейін зақымдамаған жағдайларда осы бөлімнің базалық ставкалары өзгеріссіз қолданылады, осы аумақтардан тыс жерлерде - екі есеге кемітіледі;

      3) ағаштар мен бұталарды заңсыз кескен, дауыл қопарған, жел құлатқан сүректерді, өрт зақымдаған ағаштарды ұрлау жағдайларында осы бөлімнің базалық ставкалары қолданылады;

      2. Жеке және заңды тұлғалардың ағаш және бұта тұқымдастарын, екпелерді, көшеттерді, орман фаунасы үшін пайдалы шөп өсімдіктерін жойғаны немесе зақымдағаны, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 қарашадағы № 18-02/1003 бұйрығымен бекітілген Ормандағы санитарлық ережелерді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12394 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу ережелерін бұзғаны (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11894 болып тіркелген) және заңсыз құрылыстар тұрғызғаны үшін

р/с

Зиянның түрлері

Өлшем бірлігі

Базалық мөлшерлеме, айлық есептік көрсеткіште (АЕК)

1

2

3

4

1

Жас шыбықтар мен өскіндерді жою немесе зақымдау:



1) қылқан жапырақты тұқымдастар
2) жапырақты тұқымдастар
3) жаңа жыл алдындағы кезеңде (қараша-желтоқсан) қылқан жапырақты тұқымдастар

1 дана үшін
1 дана үшін
1 дана үшін

2
1
15

2

Майыспаған орман дақылдарын зақымдау

1 дана үшін

5,0

3

Мынадай селекциялық-тұқымдық және селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді жою немесе зақымдау:



1) артықшылығы бар ағаштарды
2) ағаш тұқымдас плантациялардағы қосынды ағаштар, географиялық дақылдар, популяциялар мен будандардың сынақ дақылдары, ағаштар мен бұталар клондарының мұрағаттары
3) тұрақты орман тұқымдастары учаскелеріндегі ағаштар мен бұталар
4) артықшылығы бар екпелер- дегі ағаштар мен бұталар

1 дана үшін
1 дана үшін
1 дана үшін
1 дана үшін

25,0
20,0
5,0
10,0

4

Орман питомниктерінде отырғызылатын мынадай материалды жою немесе зақымдау:



1) қылқан жапырақты тұқымдастардың екпелері
2) жапырақты тұқымдастардың екпелері
3) теректің, талдың қалемшелі (тамырланған қалемшелер) көшеттері
4) қылқан жапырақты тұқым- дастардың көшеттері
5) жапырақты тұқымдастардың көшеттері
6) селекциялық құндылығы жақсартылған көшеттер

1 дана үшін
1 дана үшін
1 дана үшін
1 дана үшін
1 дана үшін
1 дана үшін

0,5
0,4
0,3
4,0
3,0
5,0

5

Плантациялардағы мынадай ағаштар мен бұталарды жою немесе зақымдау:



1) аналықтарды
2) жидек және техникалық дақылдар
3) жас жеміс және жаңғақ жемісті ағаштар (пайдалану кезеңіне дейін)
4) жеміс беретін жеміс және жаңғақ жемісті ағаштар

1 дана үшін
1 дана үшін
1 дана үшін
1 дана үшін

3,0
2,0
4,0
5,0

6

Орман қоры жерлеріндегі шабындықтар мен жайылымдық жерлерді зақымдау

1 га үшін

10,0

7

Ормандарда және орман қоры жерлерінде өз бетімен шөп шабу

1 га үшін

3,0

8

Ормандарда және орман қоры жерлерінде өз бетімен мал жаю

1 бас үшін

0,5

9

Тыйым салынған немесе орман билеттері бойынша ғана рұқсат етілетін барлық санаттағы жерлерде дәрі-дәрмектік өсімдіктерді және техникалық шикізатты өз бетімен жинау

1 кг үшін

0,3

10

Ағаш кесілген жерлерді ағаш қалдықтарынан уақтылы тазартпау, соқпақтар мен кеспеағаш аймағына іргелес ені 50 метр алқапты ластау

1 га үшін

1,0

11

Кесілген және ілініп қалған ағаштарды қалдырып кету

1 дана үшін

0,1

12

Кесілген түбір биіктігі 1/3 диаметрден жоғары, ал ағашты кескен кездегі түбірі 30 см-ден жіңішке, биіктігі 10 см-ден жоғары етіп қалдыру

1 дана үшін

0,1

13

Орман қоры аумағындағы құмырсқа илеулерін зақымдау немесе жою

1 дана үшін

0,5

14

Орман қоры аумағын құрылыс, тұрмыс қалдықтарымен ластау

1 м3 үшін

1,7

15

Демалатын орындарда қоқыстар, қалдықтар қалдыру

1 м2 үшін

1,0

16

Жердің құнарлы үстіңгі қабатын алу:



1) 25 см-ге дейінгі тереңдікте

1 м2 үшін

3

2) 25 см-ден астам тереңдікте


5

17

Дайындалған, бірақ ағаш кесу билетінде белгіленген мерзімде тасып әкетілмеген
Сүрек

1 м3 үшін

0,3

18

Шала кесілген ағаштарды кеспеағаш аймағында қалдыру

1 м3 үшін

0,3

19

Шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды зақымдау

1 м2 үшін

3,0

20

Ағаш кесілген жерлер мен өртеңдерді заңсыз тегістеу

1 м2 үшін

0,5

21

Заңсыз құрылыстар тұрғызу және қоймалар орналастыру

1 м2 үшін

2,0

22

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-02/400 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайырды, ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау қағидаларын, сондай-ақ сүрекдіңдерден сөл алынуы мүмкін аймаққа сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11282 болып тіркелген):



1) шайыр мен ағаш шырындарын алу;

1 литр үшін

0,5

2) қосалқы сүрек ресурстарын дайындау

1 м2 үшін

0,5

      Ескертпе:

      * осыдан кейінгі әрбір метр үшін залалды өтеу мөлшеріне 1 айлық есептік көрсеткіш қосылады.