"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 280 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 қыркүйекте № 33403 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 "Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің кейбір мәселелері" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 36) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібін айқындайды.";

      13-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сәулет қызметі туралы Заң) сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған;";

      51-тармақтың бірінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік білім беру ұйымы жергілікті атқарушы орган орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдау басталғандығы туралы ақпаратты интернет-ресурстарда орналастырған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті оған қоса берілетін құжаттармен бірге атқарушы органға ұсынады:";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымы интернет-ресурста оператордың орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдау басталғандығы туралы ақпараты орналастырылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде операторға қоса берілетін құжаттармен бірге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.

      Жекеменшік білім беру ұйымы өтінішпен бірге операторға қағаз және (немесе) электрондық pdf (пдф) форматында анық оқылатын түрде, ал көшірме болса бастапқы түпнұсқаға толық сәйкес келетін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрлерін және қызметтің кіші түрлерін (түрлерін) жүзеге асыру үшін білім беру ұйымы объектісінің нақты орналасқан жерінің мекенжайын қамтитын қосымшамен бірге № 3 бұйрыққа сәйкес нысан бойынша берілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға қолданыстағы лицензияның көшірмесі;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      3) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде шотының болуы туралы анықтама;

      4) жекеменшік білім беру ұйымы басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның жекеменшік білім беру ұйымында оқығаны үшін ата-аналық төлемақының мөлшерін бекіту туралы шешімінің көшірмесі;

      5) Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторландырудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен, дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын жекеменшік білім беру ұйымдары үшін – дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларының жүзеге асырылуын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторландырудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткенін растайтын құжаттар;

      6) Әдістемеде көзделген жекеменшік орта білім беру ұйымдарының объектілерінде жаңадан енгізілген оқушы орындары және (немесе) тұруға арналған орындары бар жеке білім беру ұйымдары үшін - Қағидалардың 56-1-тармағында көзделген құжаттар.

      Бұл ретте Әдістемеде көзделген жекеменшік орта білім беру ұйымдарының объектілерінде қайта жаңарту арқылы жаңадан енгізілген оқушы орындары бар ғимаратты пайдаланудың шекті мерзімі осы объектіге бастапқы өтініш берілген күнге 30 (отыз) жылды құрайды;

      7) Әдістемеде көзделген жекеменшік орта білім беру ұйымдарының объектілерінде жаңадан енгізілген тұру орындары бар жекеменшік білім беру ұйымдары үшін – Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша интернаттық ұйым туралы мәліметтер.

      Бұл ретте Әдістемеде көзделген жекеменшік орта білім беру ұйымдарының объектілерінде тұру үшін қайта жаңарту арқылы жаңадан енгізілген орындары бар ғимаратты пайдаланудың шекті мерзімі осы объектіге бастапқы өтініш берілген күнге 30 (отыз) жылды құрайды;

      8) ол туралы мәліметтер заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы ұсынылған анықтамада көрсетілген өтінішке басшының қол қоюын қоспағанда, жекеменшік білім беру ұйымының өтінішіне қол қойған тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат.

      Бір объектіден астам жекеменшік білім беру ұйымы орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін операторға білім беру қызметі іс жүзінде жүзеге асырылатын объектілердің әрқайсысына қоса берілген құжаттары бар өтініштерін ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 56-1-тармақпен толықтырылсын:

      "56-1. Әдістемеде көзделген жекеменшік орта білім беру ұйымдарының объектілерінде салу және (немесе) реконструкциялау арқылы жаңадан енгізілген оқушы орындары және (немесе) тұруға арналған орындары бар жекеменшік білім беру ұйымдары қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) оператор бекіткен нысан бойынша оператор мен жекеменшік білім беру ұйымы арасында жасалған қолданыстағы алдын ала шарттың көшірмесі;

      2) Сәулет қызметі туралы Заңның 60-бабына сәйкес әзірленген және бекітілген жекеменшік білім беру ұйымының объектісіне жобалау (жобалық-сметалық) құжаттамасы не объектіге меншік құқығы туралы сот актісі;

      3) Сәулет қызметі туралы Заңның 73-бабының 4-тармағына сәйкес объектіні пайдалануға беру күнін растайтын салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі;

      4) реконструкциялау кезінде Сәулет қызметі туралы Заңның 34-4-бабының 4-тармағына сәйкес реконструкциялауға жататын ғимараттың жай-күйі туралы қорытынды;

      5) интернаттық ұйым туралы өтініште және мәліметтерде көрсетілген (бар болса) жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің нысаналы мақсатын кемінде жиырма жыл мерзімге өзгерту құқығының тіркелген ауыртпалығы бар жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;

      6) интернаттық ұйым туралы өтініште және (немесе) мәліметтерде (бар болса) көрсетілген жеке білім беру ұйымының объектісіне тіркелген құқықтардың болуы не болмауы туралы, оның ішінде құқықтың түрі, құқық иеленуші, құқықтың туындау негізі, сондай-ақ құқықты тоқтату негізі (бар болса) жөнінде құқықтық кадастрдан алынған мәліметтер.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Оператор мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін қоса берілген құжаттармен бірге олар тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күннің ішінде қарайды.

      Операторға бір объект бойынша және сол білім беру деңгейлері бойынша бір жекеменшік білім беру ұйымына қатысты бірнеше өтініш келіп түскен жағдайда бірінші өтінішті оператор негізгі өтініш ретінде тіркейді, ал соңғылары негізгі өтінішке қоса тіркеледі және бір өтініш ретінде қаралады.

      Оператор жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштері мен құжаттарын қарай отырып, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады.

      Оператор мынадай сәйкессіздіктер анықталған жағдайда жекеменшік білім беру ұйымына 3 (үш) жұмыс күні ішінде сәйкессіздіктерді жою қажеттігі туралы хабарлама жібереді:

      1) жекеменшік білім беру ұйымының өтініші және (немесе) интернаттық ұйым туралы мәліметтер Қағидаларға 3 және 3-1-қосымшаларда белгіленген нысандарға сәйкес келмейді және (немесе) толтырылмаған не ішінара толтырылмаған;

      2) жекеменшік білім беру ұйымының өтінішінде бірнеше нысан көрсетілген;

      3) жекеменшік білім беру ұйымының білім беру қызметіне арналған лицензияда және (немесе) лицензияға қосымшада қызметтің кіші түрлерін (түрлерін) жүзеге асыру үшін білім беру ұйымы объектісінің нақты орналасқан жерінің мекенжайы көрсетілмеген;

      4) өтініште көрсетілген жекеменшік білім беру ұйымы объектісінің нақты орналасқан жерінің мекенжайы жеке білім беру ұйымының білім беру қызметіне арналған лицензияда және (немесе) лицензияға қосымшада көрсетілген мекенжайға сәйкес келмейді;

      5) жекеменшік білім беру ұйымының интернаттық ұйымы (бар болса) туралы өтінішінде және (немесе) мәліметтерінде Әдістемеде көзделген жекеменшік орта білім беру ұйымының объектісінде жаңадан енгізілген оқушы орындары іс жүзінде болмаса да, олар туралы көрсетілген;

      6) Қағидалардың 56-тармағында көзделген құжаттар толық немесе ішінара жоқ;

      7) жекеменшік білім беру ұйымы өтініште және (немесе) интернаттық ұйым туралы мәліметтерде баяндаған ақпарат өтінішке қоса берілген құжаттарға сәйкес келмейді;

      8) электрондық форматта ұсынылған құжаттар Қағидалардың 56-тармағының екінші бөлігіне сәйкес келмейді;

      9) жекеменшік білім беру ұйымы мемлекеттік сатып алу веб-порталында өнім беруші рөлінде қатысушы ретінде тіркелмеген;

      10) өтініште көрсетілген жекеменшік білім беру ұйымы және (немесе) жекеменшік білім беру ұйымының объектісі ҰББД-да тіркелмеген;

      11) жекеменшік білім беру ұйымында оқығаны үшін ата-ана төлемақысының шекті мөлшері "Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 29 бұйрығымен белгіленген мөлшерден асады (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19913 болып тіркелген).

      Хабарлама жіберілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жекеменшік білім беру ұйымы Операторға осы Қағидаларға сәйкес келтірілген өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қайта ұсынады. Операторға белгіленген мерзімде жекеменшік білім беру ұйымының өтініші оған қоса берілген құжаттармен бірге берілмеген жағдайда, оператор жекеменшік білім беру ұйымына орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудан негізделген және дәлелді бас тартуды жібереді.

      Оператор қоса берілген құжаттармен бірге жекеменшік білім беру ұйымының өтініші қайта келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды қарауды жүзеге асырады.

      Өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қайта қарау нәтижелері бойынша оператор жекеменшік білім беру ұйымына орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудан негізді және дәлелді бас тартуды мынадай жағдайларда жібереді:

      1) жекеменшік білім беру ұйымының хабарламада оператор көрсеткен сәйкессіздіктерді жоймауы;

      2) оператордың Қағидалардың осы тармағының төртінші бөлігінде көзделген сәйкессіздіктерді анықтауы.

      Оператор Қағидалардың 56-тармағында көзделген орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін жекеменшік білім беру ұйымынан алынған құжаттармен қоса берілген өтінішті қараудан бас тартады.

      Оператор Қағидалардың осы тармағында көзделген бас тартулар мен хабарламаларды жекеменшік білім беру ұйымдарына өтініште көрсетілген электрондық поштаға не электрондық пошта болмаған жағдайда өтініште көрсетілген пошталық адресіне жібереді.

      Мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелген жекеменшік білім беру ұйымдары осы Қағидаларға сәйкес келетін өтініштер мен құжаттарды ұсынған кезде оператор жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдауды бастау туралы ақпаратты оператордың интернет-ресурсында орналастырған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей, орындардың санын көрсете отырып, орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жеке білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастырады және оны оператордың интернет-ресурсында жариялайды.

      Оператор немесе жергілікті атқарушы орган бұрын орналастырған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бар, өтініште орта білім беру ұйымының объектілерін көрсеткен жекеменшік білім беру ұйымдары операторға осы Қағидалардың 56-тармағында көзделген өтінішке қосымша құжаттарды ұсынбастан, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының тізбесіне енгізіледі.";

      88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ТКОБКБ ұйымдарында тиісті саланың уәкілетті органдары (бұдан әрі – ТСУО) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мамандықтар бойынша ТКОБКБ бар кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.";

      1-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға, сондай-ақ
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға, орта білім беруге және
балаларға қосымша білім беруге
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына
1-қосымша";

      2-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға, сондай-ақ
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға, орта білім беруге және
балаларға қосымша білім беруге
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына
2-қосымша";

      3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын;

      4-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға, сондай-ақ
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға, орта білім беруге және
балаларға қосымша білім беруге
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына
4-қосымша";

      5-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға, сондай-ақ
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға, орта білім беруге және
балаларға қосымша білім беруге
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына
5-қосымша";

      6-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға, сондай-ақ
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға, орта білім беруге және
балаларға қосымша білім беруге
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына
6-қосымша";

      7-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға, сондай-ақ
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға, орта білім беруге және
балаларға қосымша білім беруге
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына
7-қосымша";

      8-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға, сондай-ақ
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға, орта білім беруге және
балаларға қосымша білім беруге
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына
8-қосымша";

      9-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға, сондай-ақ
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға, орта білім беруге және
балаларға қосымша білім беруге
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына
9-қосымша";

      10-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға, сондай-ақ
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға, орта білім беруге және
балаларға қосымша білім беруге
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына
10-қосымша";

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 280 бұйрығына
1-қосымша
  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға, сондай-ақ
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға, орта білім беруге және
балаларға қосымша білім беруге
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(оператордың атауы)

Өтініш ________________________________________________________________________ (жекеменшік білім беру ұйымының атауы, БСН, заңды мекенжайы)

      орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін құжаттарды

      қарауды сұрайды. Оқушыларының нақты контингенті: ___________________________

      (қала немесе ауыл мектебі)

      өтініш берілген күнгі жағдай бойынша*:

Сыныптар

Барлығы оқитындар (адам)

оның ішінде:

жалпы білім беру сыныптарында оқитындар

жалпы білім беретін сыныптарда оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар (балалар)

арнайы (түзету)
сыныптарында
оқитындар

үйде оқитындар

1-4






5-9






10-11






Барлығы:






      * Ескерту: балалар контингенті болмаған жағдайда толтырылмайды

      Алдағы оқу жылының 1 қыркүйегіне оқушылардың болжамды контингенті:

Сыныптар

Барлығы оқитындар (адам)

оның ішінде:

жалпы білім беру сыныптарында оқитындар

жалпы білім беретін сыныптарда оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар (балалар)

арнайы (түзету)
сыныптарында
оқитындар

үйде оқитындар

1-4






5-9






10-11






Барлығы:






      Осы арқылы білім беру ұйымы объектісінің сипаттамасын хабарлаймын:

      1) орналасқан жері (мекенжайы) – ________;

      2) жобалық қуаты – ________;

      3) пайдалануға енгізу күні – ________.

      Осы арқылы:

      1) жекеменшік білім беру ұйымында оқу үшін ата-аналар төлемінің мөлшері білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқу үшін ата-аналар төлемінің шекті мөлшерінен аспайтынын және жылына ___________ теңгені құрайтынын;

      2) "Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына сәйкес нысанда берілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензияның барын;

      3) _____________________ почталық мекенжайды және _____________ электрондық почтаны (сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы хабарлама жіберу үшін);

      4) Ұлттық білім беру деректер қорында (ҰБДҚ) тіркеуде барын;

      5) мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеуде барын;

      6) мектеп жанында интернаттың _____________________ растаймын. (барын/жоғын) 2018 жылғы 20 шілдеден кейін пайдалануға берілген жекеменшік білім беру ұйымының объектісінде жаңадан енгізілген оқушы орындары бар жекеменшік білім беру ұйымы толтырады:

      2018 жылғы 20 шілдеден кейін ___________________________ жолымен пайдалануға

                                    (құрылыс салу/реконструкция жасау)

      берілген жекеменшік білім беру ұйымының объектісінде жаңадан енгізілген оқушы орандырының саны ____________________.

      Жекеменшік білім беру ұйымы объектісінің пайдалануға енгізілу күні ______________.

      2018 жылғы 20 шілдеден кейін пайдалануға берілген жекеменшік білім беру ұйымының

      объектісінде жаңадан енгізілген оқушы орындарына мемлекеттік білім беру тапсырысы

      бұрын ___________________________________.

      (орналастырылды/орналастырылмады)

      Қосымша ___ парақта.

      Басшы __________________________ _____________ ____________________________

      (жекеменшік білім беру ұйымының атауы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Күні

      Мөр орны (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 280 бұйрығына
2-қосымша
  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға, сондай-ақ
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға, орта білім беруге және
балаларға қосымша білім беруге
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына
3-1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(оператордың атауы)

Интернаттық ұйым туралы мәліметтер

      ________________________________ өтінішке қосымша мына деректерді жолдаймыз.

      Өтініш берілген күнгі жағдай бойынша нақты оқушылар саны ________(қалалық немесе ауылдық)________:

Сыныптар

Барлық оқушы (адам)

оның ішінде:

жалпы білім беретін сынып оқушылары

арнайы (түзету) сыныптарының оқушылары

үйде оқитындар

нормотиптік

ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар

күндізгі

интернат*

күндізгі

интернат*

күндізгі

интернат*

күндізгі

1-4









5-9









10-11









барлығы









      * Ескерту: жекеменшік орта білім беру ұйымдарында білім алушылар және олардың интернаттарында тұратындар

      Алдағы оқу жылының 1 қыркүйегіне оқушылардың болжамды контингенті:

Сыныптар

Барлық оқушы (адам)

оның ішінде:

жалпы білім беретін сынып оқушылары

арнайы (түзету) сыныптарының оқушылары

үйде оқитындар

нормотиптік

ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар



күндізгі

интернат*

күндізгі

интернат*

күндізгі

интернат*

күндізгі

1-4









5-9









10-11









барлығы









      * Ескерту: жекеменшік орта білім беру ұйымдарында білім алушылар және олардың интернаттарында тұратындар.

      Осы арқылы білім беру ұйымы объектісінің сипаттамасын хабарлаймын:

      1) мектептің орналасқан жері (мекенжайы) – ________;

      мектеп жанындағы интернаттың орналасқан жері (мекенжайы) ________;

      2) мектептің жобалық қуаттылығы – ________;

      мектеп жанындағы интернаттың жобалық қуаттылығы– ________;

      3) мектептің пайдалануға берілген күні – ________;

      мектеп жанындағы интернаттың пайдалануға берілген күні – ________.

      ____________________________ жолымен 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға

      (құрылыс/реконструкция)

      берілген жеке білім беру ұйымының объектісінде оқушылардың жаңадан енгізілген тұратын орындарының саны ____________________

      Орта білім беру ұйымы интернатының нысаналы мақсатын жиырма жыл мерзімге өзгертуге құқық ауыртпалығын салудың болжамды күні_________________.

      Басшы _______________________________ __________ _________________________

      (жекеменшік білім беру ұйымының атауы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Күні

      Мөр орны (болған жағдайда)