БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26582 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентінде:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ахуалдық-талдамалық орталық – жалпыұлттық басымдықтардың жобаларын/бағдарламаларын/портфельдерін іске асыру мәртебесін айқындау, нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді мониторингтеу және жалпыұлттық басымдықтардың жобаларын/бағдарламаларын/портфельдерін одан әрі іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында мемлекеттік орган қалыптастыратын ұйымдық құрылым;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) бағдарлама – жобаларды және іс-шараларды (іс-қимылдарды) жеке-жеке басқару кезінде қол жетпейтін артықшылықтарды алу үшін басқарылуы үйлестірілетін, базалық бағыттарға топтастырылған, дәйекті түрде декомпозицияланатын жобалар топтарының, жобалардың және іс-шаралардың (іс-қимылдардың) жиынтығын білдіретін жалпыұлттық басымдық портфелінің құрамдауышы;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) мемлекеттік орган бағдарламасының басқарушы комитеті (бұдан әрі –басқарушы комитет) – мемлекеттік орган іске асыратын бағдарлама шеңберінде шешімдер қабылдау орталығының функцияларын жүзеге асыратын, мемлекеттік органның жобалық офисі және бағдарламаның базалық бағыттарының жетекшілері деңгейінде шешілмеген проблемалық мәселелер мен міндеттерді іс жүзінде шешуді қамтамасыз ететін алқалы орган;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) мемлекеттік органның бағдарлама жетекшісі (бұдан әрі – бағдарлама жетекшісі) – мемлекеттік органның қарауындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аяларындағы) істердің жай-күйіне жауапты мемлекеттік органның бірінші басшысы;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) базалық бағыттың жетекшісі – осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, базалық бағыт шеңберінде мемлекеттік органның қарауындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аяларындағы) істердің жай-күйіне жауапты және бағдарламаның тиісті базалық бағытының мақсаттары мен нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасары;";
мынадай мазмұндағы 20-1), 20-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"20-1) портфель – тиімді басқару және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мақсатында топтастырылған компоненттер жиынтығы;
20-2) портфель компоненті – жоба, бағдарлама, портфель немесе портфель шеңберінде орындалатын басқа да жұмыстар;";
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"21) жоба – қойылған мақсатқа, нәтижелерге қол жеткізуге/уақыт пен ресурстық шектеулер жағдайында бірегей өнімді немесе қызметті құруға бағытталған басталу және аяқталу күндері бар өзара байланысты іс-шаралар/операциялар кешені;";
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"29) жоба жетекшісі – жобалар тобының жетекшісі (бар болса) немесе базалық бағыт жетекшісі тиісті салада құзыреттердің қажетті деңгейі бар адамға бекітетін жобалау рөлі;";
53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"53) мемлекеттік органның коммуникациялық орталығы – бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру, жобаға бағдарланған ұйымдық мәдениетті енгізу және дамыту, ұйымдарды трансформациялаудың қазіргі заманғы модельдері мен құралдарын енгізу негізінде жобалау қызметіне қатысушылардың ішкі және сыртқы коммуникацияларын дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін мемлекеттік орган қалыптастыратын ұйымдық құрылым;";
54) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"54) мүдделі тараптар (стейкхолдерлер) – жобаның/бағдарламаның/ портфельдің кез келген аспектісіне мүдделі немесе оған әсер етуі, әсер етуі немесе жобаның/бағдарламаның/портфельдің кез келген аспектісіне әсер етуі мүмкін тұлға, топ немесе ұйым;";
55) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"55) өңірді дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – өңірді дамыту жоспары) – өңірді дамыту бағдарламасын қоса алғанда, жалпыұлттық басымдықтар портфельдері шеңберінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында іске асырылатын жоспарлар, жобалар мен бағдарламалар жиынтығы және өңірді дамытуға бағытталған басқа жобалар топтары, жобалар, іс-шаралар (іс-қимылдар), бастамалар (шаралар);";
56) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"56) Ұлттық жобалық офисі (бұдан әрі – Офис) – жалпыұлттық басымдықтар портфелін іске асыруды, мемлекеттік секторда жобалық басқаруды енгізуді және дамытуды қамтамасыз ететін матрицалық ұйымдық құрылым нысанында құрылған және жұмыс істейтін алқалы жұмыс органы;";
мынадай мазмұндағы 64), 65) тармақшалармен толықтырылсын:
"64) жобаның өмірлік циклі – жобаның басынан аяғына дейінгі кезеңдердің белгілі бір жиынтығы;
65) пайда – жобаны/бағдарламаны/портфельді іске асырудан алынған артықшылық, құндылық немесе басқа да оң нәтиже.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік органның жобалық офисінің құрылымы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 301/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33199 болып тіркелген) жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары) 1-қосымшада айқындалған мемлекеттік органның жобалық басқарудың үлгілік ұйымдық құрылымына сәйкес айқындалады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мемлекеттік органның ахуалдық-талдамалық орталығы жалпыұлттық басымдықтар, бағдарламалар, ұлттық жобалар, базалық бағыттар портфельдерінің, жобалар топтарының, жобалар мен міндеттердің іске асырылу барысы туралы ақпарат жинауды, өңдеуді, талдауды және ұсынуды жүзеге асырады және мемлекеттік органдардың және (немесе) олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының уақтылы араласуын талап ететін штаттан тыс жағдайлар кезінде жедел ден қоюды және басқарушылық шешімдер қабылдауды қолдауды қамтамасыз етеді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік органның коммуникациялық орталығы бағдарламаның/бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы қоғамдық пікірді қалыптастыруды, Офистің Коммуникациялық орталығының талаптары мен ұсынымдарына сәйкес жобалау қызметіне қатысушылардың ішкі және сыртқы коммуникацияларын ұйымдастыруды жүзеге асырады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік органдар және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары дербес және/немесе Офистің талап етуі бойынша Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 86-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бағдарламаларды/жобаларды басқаруды қоса алғанда, жобалық қызметке жобалар жетекшілерін және (немесе) жобалық басқару жөніндегі бас консультанттарды немесе штатында жобалық басқару жөніндегі мамандары бар ұйымдарды өтеулі қызметтер көрсету шартымен тартады.
Жобалау ұйымын жобаға/бағдарламаға тарту мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Жобалар жетекшілері және (немесе) жобалық басқару жөніндегі консультанттар мемлекеттік сатып алулар немесе мемлекеттік тапсырмалар тетіктерін қолдану арқылы жүзеге асырылатын жобаларға тартылған кезде конкурстық құжаттамада кәсіби құзіреттілік денгейі, оның ішінде жобалардың әлеуетті басшыларын және (немесе) жоба консультанттарын сертификаттау деңгейі көрсетіледі.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Бағдарлама жетекшісі, басқарушы комитеті және мемлекеттік органның жобалық офисі (жалпыұлттық басымдықтың атауы) жалпыұлттық басымдығы шеңберінде Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 74, 75 және 76-тармақтарында көрсетілген функцияларды орындайды.";
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Бағдарламаны басқару мемлекеттік органның жалпы басқаруының ажырамас бөлігі болып табылады және бағдарламаның мақсаттарына жету үшін бағдарламаның өзара байланысты компоненттерін басқару бойынша үйлестірілген әрекеттерді білдіреді.
Мемлекеттік органның жалпы басқаруы мемлекеттік орган іске асыратын жобаларды/жобалар топтарын/базалық бағыттарды/бағдарламаларды тиісті басқаруды қолдайды және қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органның шегінде жобалық басқару арқылы жүзеге асырылатын жобалар/жобалар топтары/базалық бағыттар бойынша құрылымдық бөлімшелердің өзара іс-қимылы жобалық қызмет шеңберінде қалыптастырылған коммуникациялар арқылы – басқарушы комитеттің, мемлекеттік органның жобалау кеңсесінің қызметі арқылы ғана жүргізіледі, Офис проблемалық мәселелер туралы ақпараттық табло, сондай-ақ жобалық қызметтің барлық қатысушылары үшін міндетті күші бар аталған құрылымдардың хаттамалық шешімдері арқылы жүзеге асырылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мемлекеттік органның жобалық офисінің жетекшісі мемлекеттік органның жобалық офисін басқаруды жүзеге асырады, бағдарламаның жетекшісіне, басқарушы комитетіне есеп береді, бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңдерінде бағдарламаның барлық қатысушыларының жобалық қызметінің тиімді өзара іс-қимылын және үйлестірілуін қамтамасыз етеді.";
14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 67, 68 және 69-тармақтарына сәйкес қалыптастырылатын бағдарламаны басқару жоспарын (бағдарламаларды басқару жоспарларын) дайындауды және өзектілендіруді;";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Бағдарламаның сараптамалық кеңесі немесе оның жанында қалыптастырылған сараптамалық-талдамалық топтар басқарушы комитетінің және (немесе) мемлекеттік органның жобалық офисінің қарауына мыналар:
саланың/аяның неғұрлым елеулі проблемаларының тізбесін оларды шешу жөніндегі практикалық ұсынымдарымен өзектілендіру;
бағдарламаның мақсаттарын, индикаторларын және көрсеткіштерін түзету;
бағдарламаның базалық бағыттарының мақсаттарын, индикаторларын және көрсеткіштерін түзету;
жобалар топтарының мақсаттарын, индикаторларын және көрсеткіштерін түзету;
жобаларға бастамашылық ету, тоқтата тұру, тоқтату;
жобалардың мақсаттарын, индикаторларын және мерзімдерін түзету бойынша ұсыныстар енгізеді.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Бағдарламаны/бағдарламаларды басқару жоспарларын өзектілендіру процесі Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 69-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Мемлекеттік органның жобалық офисі мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесімен бірлесіп, Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 18-тармағына сәйкес қоғамдық мониторинг тобының қызметін:";
26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) іске асырылатын жобалар, жобалар топтары туралы, оның ішінде қоғамдық мониторинг тобының мүшелеріне жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіне тиісті қол жеткізу деңгейін беру арқылы ақпарат беру;";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Базалық бағыттардың жетекшілері, сондай-ақ үлгілік базалық бағыттың жетекшісі Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 78-тармағында көрсетілген функцияларды орындайды.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Базалық бағыттарды іске асыру топтары, сондай-ақ іске асыру топтары үлгілік базалық бағытты іске асыру тобы бағдарламаның мақсаттарын, қол жеткізілуі базалық бағыт шеңберіндегі бағдарламада көзделген ұлттық түйінді индикаторларды декомпозициялау жолымен жетекшілік ететін тиісті базалық бағыттар бойынша тиісті кезеңге мақсатты, нысаналы индикаторлар мен түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерін әзірлейді, сондай-ақ базалық бағыттар жетекшілерімен оларға қол жеткізу жолдары мен тетіктерін келіседі.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Базалық бағыттың жетекшісі, сондай-ақ үлгілік базалық бағыттың жетекшісі жетекшілік ететін базалық бағыттың жобалар топтары жетекшілерінің тиісті базалық бағытты іске асыру тобымен скрам-кездесулер кестесіне сәйкес тиісті үлгілік базалық бағыт мемлекеттік органның жобалық офисінің үй-жайында немесе бейнеконференция арқылы аптасына кемінде 1 (бір) рет қатысуын қамтамасыз етеді.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Базалық бағытты іске асыру тобының жетекшісі, сондай-ақ үлгілік базалық бағытты іске асыру тобының жетекшісі тиісті базалық бағыттың жетекшісіне үлгілік базалық бағыттың жетекшісіне және мемлекеттік органның жобалық офисінің басшысына есеп береді және жобалық рөлдерді орындаушылар арасындағы өзара, сол сияқты басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ өзге де мүдделі тараптармен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Базалық бағытты іске асыру тобының жетекшісі Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 80-тармағында көрсетілген функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ өтеулі қызмет көрсету шарттарында осы Үлгілік регламенттің 9-тармағына сәйкес жобалар жетекшілерін, штатында жобалық басқару бойынша мамандары бар жобалық басқару немесе ұйымдастыру жөніндегі консультанттарды тартуды қамтамасыз етеді.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Базалық бағытты іске асыру тобының жетекшісі, сондай-ақ үлгілік базалық бағытты іске асыру тобының жетекшісі скрам-кездесулерін тиісті базалық бағыт шеңберінде жобалар топтарының жетекшілерімен және жобалар жетекшілерімен тікелей мемлекеттік органның жобалық офисінің үй-жайында не бейнеконференция форматында өткізеді.";
42-тармақта мынадай мазмұндағы 2-бөлікпен толықтырылсын:
"Үлгілік базалық бағыттың басшысы мемлекеттік орган аппаратының басшысы болып табылады.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Жобалар тобының жетекшісі жобалар тобына кіретін жобалар жетекшілері мен жобалық командалардың өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Жобалар тобы жетекшісінің қызметі Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 65, 66, 81 және 82-тармақтарына, сондай-ақ осы Үлгілік регламенттің 44, 45, 46 және 47-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Мемлекеттік органның жобалық офисі жобалық тәсілді пайдаланумен іске асырылатын басшылықтың тапсырмаларын, оның ішінде жаңа бастамаларды (шараларды), сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің жаңа базалық бағыттарға, жобалар топтарына, жобаларға бастамашылық ету және Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 76-тармағына сәйкес бастама (шара) мәртебесін беру жөніндегі ұсыныстарын жинауды және қорытуды қамтамасыз етеді.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Бастамаларды (шараларды) басқару процесі басым бастамалар тізбесін қалыптастыру/өзектілендіру кезеңдерін, ақпараттық бюллетень әзірлеуді, шешімдер ағашын құруды, түйінді проблемалар мен ықтимал шешімдерді анықтауды, бастаманың (шараның) әсерін бағалауды және жалпыұлттық басымдықтың тиісті портфелі шеңберінде кейіннен қарау үшін әлеуетті шешім әзірлеуді қамтиды:
1-кезең. Басым бастамалар (шаралар) тізбесін қалыптастыру/өзектілендіру мынадай өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырылады:
Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарының мақсаттарына сәйкестігі;
жоғары экономикалық тиімділік (нәтижелер шығындардан асып түседі);
жоғары әлеуметтік әсер (өлшенетін тұрақты оң әлеуметтік нәтижелер);
әлеуметтік-экономикалық жағдайларды арттыруға, әл-ауқатқа және өмір сүру сапасына оң әсер ететін түпкілікті бенефициарлар (халық және бизнес) үшін нәтиже;
ресурстарды (уақытша, қаржылық, адами) азайту.
2-кезең. Ақпараттық бюллетень әзірлеу.
Ақпараттық бюллетень бастаманы (шараларды) ескере отырып, саланы/аяны/өңірді дамыту бағыттарын айқындауға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтиды:
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын ескере отырып, өткен үш жылдағы саланың/аяның/өңірдің дамуын талдау нәтижелері, сондай-ақ дамыған елдердің тиісті салаларымен/аяларымен салыстырмалы талдау нәтижелері;
қолданыстағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын өзгерту (түзету) қажеттігін қоса алғанда, бастаманы (шараларды) қабылдау салдарын талдау нәтижелері.
3-кезең. Шешімдер ағашын құру:
"шешімдер ағашы" әдісінің көмегімен бастамаларды (шараларды) іске асыруға ықпал ететін негізгі факторлар айқындалады, оларға қатысты тәуекелдер одан әрі айқындалады және проблемалық мәселелерді әлеуетті шешудің баламалы нұсқалары әзірленеді.
4-кезең. Түйінді проблемалар мен ықтимал шешімдерді анықтау келесі алгоритмге сәйкес жүзеге асырылады:
проблемалық саланы айқындау;
проблемалық мәселелерді шешу жолдарын негіздеу;
шешімдердің мысалдарын келтіру (таныстыру);
стейкхолдерлерді талқылауға тарту.
5-кезең. Бастаманың (шараның) әсерін бағалау мыналарды қамтиды:
бастамашылық (шаралар) іске асырылған жағдайда оның әсері бағаланатын көрсеткіштерді (жалпы ішкі өнімнің өсуі, құрылған жұмыс орындарының саны, жалақының өсуі және басқа да әлеуметтік-экономикалық индикаторлар) айқындау;
бастаманы (шараны) іске асырудан болатын әлеуетті әсердің болжамы;
егер бастама (шара) нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізумен байланысты болса, оның реттеуші әсерін бағалау;
бастаманы енгізуге арналған әлеуетті қаржылық шығындарды (шығыстарды) және бюджет қаражатын бағалау.
6-кезең. Жалпыұлттық басымдықтың тиісті портфелі шеңберінде кейіннен қарау үшін әлеуетті шешім әзірлеу.
Бастаманы (шараны) жалпыұлттық басымдықтың тиісті Басқарушы кеңесінің немесе басқарушы комитетінің қарауына енгізу үшін мынадай бөлімдерден тұратын бастама (шара) паспорты ресімделеді:
бастаманың (шараның) атауы;
бастамашы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы (болған жағдайда);
бастама (шара) кураторы – бастаманы (шараны) пысықтауға жауапты мемлекеттік орган бірінші басшысының орынбасары;
бастаманың (шараның) бағыты;
ұсынылатын бастаманың (шараның) нәтижелілігі мен тиімділігінің түйінді көрсеткіштері;
негізгі экономикалық көрсеткіштерге әсері (жалпы ішкі өнімнің өсуі, құрылған жұмыс орындарының саны, жалақының өсуі және басқалар);
бастаманы (шараларды) орындаудың іс-қимылдары мен болжамды мерзімдері – жоспарланатын іс-қимылдардың аяқталу күні.
Бастамаға (шараға) тиісті мәртебе беру туралы шешім Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 24 және 25-тармақтарына сәйкес қабылданады.
Бастамаларды (шараларды) одан әрі іске асыру берілген мәртебеге сәйкес Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына және осы Үлгілік регламентке сәйкес жүргізіледі.";
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Жобалық қызметте жобалық менеджменттің үздік практикаларын пайдаланудың артықшылықтарын кеңейту мақсатында өз таңдауы бойынша гибридті басқару технологиялары мен аджайл-әдістерді қоса алғанда, жобаларды басқарудың әртүрлі стандарттары, әдістері мен құралдары қолданылады:
ҚР СТ ІЅО (ИСО) 21502-2022 "Жобаларды басқару бойынша нұсқаулық;
ҚР СТ ISO (ИСО) 21503-2018 "Бағдарламаны басқару бойынша нұсқаулық"; PRINCE2 (ПРИНС2) жобаларды басқару процестері туралы білімдер жүйесі (Ұлыбритания);
Үкімет тарапынан жобаларды басқару бойынша білімдер жиынтығына нұсқаулық – PMI PMBOK Government extension (ПИЭМАЙ ПИЭМБУК) Government extension (Говернмент экстеншн) (Америка Құрама Штаттары);
IPMA Individual Competence Baseline (IPMA ICB) (АЙПИЭМАЙ АЙСИБИ) жобаларының жобаларын, бағдарламаларын және портфельдерін басқару жөніндегі мамандардың құзыреттеріне қойылатын халықаралық талаптар;
GPM P5™ (ДЖИПИЭМ ПИ5тиэм) жобаларын басқаруда тұрақты дамуды қамтамасыз ету стандарты.
Бұл ретте осы Үлгілік регламентте жазылған жобаларды басқаруға қойылатын базалық талаптардың сақталуы қамтамасыз етіледі.
Жобаларды басқаруға Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 86-тармағына сәйкес қосымша талаптар белгіленеді.";
52-тармақ алып тасталсын;
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Жобаның ауқымына, күрделілігіне және іске асыру тетігіне байланысты жобалық команда шеңберінде қосымша жобалау рөлдері (жоба кураторы, жоба үйлестірушісі, жобаны басқару жөніндегі консультант, жоба әкімшісі, жоба сарапшысы, жоба консультанты, жоспарлау жөніндегі менеджер, бизнес-процестер жөніндегі менеджер, маркетинг жөніндегі менеджер, орындаушының (өнім беруші/мердігер/әріптес) жобалау тобының жетекшісі, жұмыстар көлемі/кезеңі/сатысы) айқындалады.
Көрсетілген жобалық рөлдерді бекітуді және олардың функцияларын, өкілеттіктері мен жауапкершілігін сипаттауды жоба жетекшісі жоба жарғысында негізгі бағытты іске асыру тобының бас менеджерімен бірлесіп жүзеге асырады және жобалық рөлдер мен жауапкершілік матрицасы түрінде ресімделеді.";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Жобаға бастамашылық ету кезеңінде жаңа жобаны немесе жоба сатысын іске қосу жүзеге асырылады.
Бастамашылық ету кезеңі жобадан күткен үміттерін теңестіру мақсатында мүдделі тараптарды сәйкестендіруді және талдауды қамтиды.
Бастамашылық ету кезеңінде:
тиісті жобалар тобы шеңберінде бастамашылық жасалатын жоба қол жеткізуге ықпал ететін саланы/аяны/өңірді дамытудың стратегиялық мақсаттарын іске асыру тұрғысынан жобаның жалпы пайымы құрылады,
жоғары деңгейлі мазмұн және барлық белгілі шектеулер сипатталады;
жоба жетекшісі айқындалады;
жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде "Бастама" құрамдауышы түрінде жоба құрылады және жобалық рөлдердің орындаушыларын көрсете отырып және жобаға Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 78-тармағының талаптарын ескере отырып, электрондық түрдегі тиісті құжаттар мен материалдарды қоса бере отырып, жоба жарғысы толтырылады.
Жобаға бастамашылық ету кезеңінің қорытындысы тиісті Бағдарламаны басқару жоспары шеңберінде жобаны іске асыру туралы не пысықтау не жабу туралы шешім қабылдау болып табылады.
Бастаманы әзірлеу осы Үлгілік регламенттің 50-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"59. Бастамашылық ету кезеңі шеңберінде жүргізілетін іс-шаралар:
ағымдағы жылдың бірінші тоқсаны ішінде, сондай-ақ жыл ішінде сыртқы көздерден сұрау салудың шамасына қарай (бірақ тоқсанына 1 реттен артық емес) құрылымдық бөлімшелердің басшылары (жобалар топтарының жетекшілері) базалық бағыт жетекшісінің қарауына Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 69-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын бағдарламаны басқару жоспарын өзектілендіру шеңберінде тиісті (ағымдағы) жылға арналған жобаларды іске асырудың орындылығын қарау мақсатында бастамашылық етілетін жобалар бойынша ұсыныстар енгізеді;
бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын инвестициялық жобалар (бюджеттік инвестициялық жобалар) үшін бюджет заңнамасында көзделген іс-шаралар жргізіледі;
жобаны үшінші тараптарды тартпай не үшінші тұлғаларды тарта отырып іске асыру мүмкіндігінің негіздемесі ұсынылады;
мемлекеттік сатып алудың рәсімдерін/кезеңдерін/ түрлерін көрсете отырып, жобаны бюджет есебінен қаржыландырудың негіздемесі не мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалану орындылығының негіздемесі ұсынылады.";
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Жобаны жоспарлау кезеңі барысында жаңа жобаның параметрлерін нақтылау жүзеге асырылады, сондай-ақ жоба жұмысының иерархиялық құрылымы әзірленеді, күнтізбелік кесте мен жоба кестесі жасалады.
Жоспарлау кезеңінде жобаның мүдделі тараптарымен жұмыс жоспары әзірленеді.
Жоспарлау кезеңінде:
жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде жоба бойынша "Бастама" мәртебесі "Жоба" мәртебесіне ауысады;
жоба жетекшісі бастаған жобалық команда командасы жобаның мақсаттарына қол жеткізуге болатынына егжей-тегжейлі талдау жүргізеді;
жоба жарғысының негізінде жоба жетекшісі жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде Жобаны басқару жоспарын әзірлейді және жобалар тобының жетекшісімен келіседі, оның ішінде:
жоба жетекшісі жобаға тартылатын ресурстың мерзімі, жұмыспен қамту форматы (толық/ішінара, қашықтан/қашықтан емес формат) және құзыреті тұрғысынан жобалық команданың дербес құрамын, сондай-ақ жобалық команданың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен және басқа да мүдделі тараптармен келіседі; Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 86-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін жобалар бойынша жобалық команданы құру туралы шешімді базалық бағыттың жетекшісі қабылдайды және жоба бойынша бастапқы кеңестің хаттамасымен ресімделеді;
мыналар: өлшенетін жобалық мақсаттар, жобаның бастапқы бюджеті, сәйкестендірілген тәуекелдер қамтылған жобаның жарғысы нақтыланады;
жұмыстың жоғары деңгейлі иерархиялық құрылымы мен жобаның күнтізбелік жоспары-жұмыстар кестесі әзірленеді;
жобаның мүдделі тараптарының тізілімі қалыптастырылады. Тізілімде жобаның мүдделі тараптарының аты, әкесінің аты (болса), тегі, лауазымы, байланыс деректері, сондай-ақ олардың жоба нәтижелеріне қызығушылық дәрежесі және жобаға әсер ету мүмкіндіктері (өте күшті, күшті, орташа, әлсіз) қамтылады;
жобалық рөлдер мен жауапкершілік матрицасы әзірленеді;
коммуникацияларды басқару жоспары әзірленеді;
тәуекелдер картасы әзірленеді;
жоба аяқталғаннан кейін қағаз түрінде сақталуы міндетті құжаттардың тізбесі айқындалады;
Жобаның бюджетін (құнын) басқару жоспарын әзірлей отырып, жобаны қаржыландыру көздерін айқындаумен жобаның бюджеті түзетіледі және негізделеді;
жоба шеңберінде сатып алуды (жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді/тауарларды) жүзеге асыру қажеттілігі айқындалады және жоба бойынша Сатып алу жоспары қалыптастырылады.
жобаны жоспарлау кезеңінің қорытындысы Жобаны басқару жоспарын қабылдау болып табылады.";
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"70. Жұмыстың иерархиялық құрылымы негізінде, демалыс кестесін ескере отырып, жобалық топтың құрамы өзектілендіріледі. Осы ақпараттың негізінде жобаның ресурстарын басқару жоспары қалыптастырылады.
Жоба жетекшісі жоба командасының әрбір қатысушысына жобаға қатысуға бөлінген жұмыс уақытын жүктеуді жоспарлау мақсатында жұмыстарды орындау үшін қажетті еңбек шығындарын бағалауды жүзеге асырады.";
78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"78. Жобаны басқару жоспарын әзірлеу кезінде жоба жетекшісі стейкхолдерлер, оның ішінде тапсырыс берушінің талаптарын, ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесін және алынған сабақтарды ескереді, қолданылатын шаблондарды (материалдар жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіндегі білімдер базасында сақталады) пайдаланады.";
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"80. Жоба басшысының рөлі Үлгілік регламенттің 9-тармағына сәйкес айқындалған тұлғаға және/немесе базалық бағыттың жетекшісі не жобаны іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің біріне базалық бағытты іске асыру тобы басшысының келісімі бойынша жобалар тобы басшысының тиісті шешімімен бекітіледі.";
84-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Офистің коммуникациялық орталығының және Мемлекеттік органның коммуникациялық орталығының талаптары мен ұсынымдарына сәйкес халықпен және жұртшылықпен сыртқы коммуникацияларды, оның ішінде ғылыми және азаматтық коммуникацияларды ұйымдастыруын қамтиды.
Сыртқы коммуникациялар жобаның мақсаттары мен күтілетін қоғамдық маңызы бар нәтижелерді түсіндіру, жобаның практикалық іске асырылу барысын жариялау және "кері байланыс" алу, жобаны іске асыру процесіне мүдделі тараптарды тарту үшін:
жоба жетекшісінің, жобалық топ қатысушыларының, жобалар тобы жетекшісінің, базалық бағыт жетекшісінің, бағдарлама жетекшісінің мақсатты аудиториямен жеке кездесулерін ұйымдастыру және өткізу;
бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде әлеуметтік желілерде ақпарат орналастыру жолымен жүзеге асырылады.
Жобаны тиімді іске асыру үшін Офистің Коммуникациялық орталығының және Мемлекеттік органның Коммуникациялық орталығының талаптарына сәйкес жоба бойынша медиа-жоспар және (немесе) коммуникациялық жоспар әзірленеді, олар жобаны іске асырудың бүкіл кезеңінде жоба бойынша қызметті және қоғамдық маңызы бар нәтижелерге қол жеткізуді толық жариялай отырып, оқиғалар қатарын құруға мүмкіндік береді.
Жоба бойынша медиажоспарды және (немесе) коммуникациялық жоспарды жобалық команда Мемлекеттік органның жобалық офисінің коммуникациялық орталығының қолдауымен әзірлейді және оны Мемлекеттік органның коммуникациялық орталығының басшысы қамтамасыз етеді.";
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Жобалық команданың қатысушылары белгіленген мерзімде бақылау оқиғаларына қол жеткізу үшін жоспарланған міндеттерді (іс-шараларды) іске асырады. Бұл ретте жоба жетекшісі туындаған проблемалар мен тәуекелдер туралы жобалар тобының жетекшісін және мемлекеттік органның жобалық офисін проблемалық мәселе анықталған сәттен бастап бірден үш күнге дейін осы Үлгілік регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпараттық табло арқылы уақтылы хабардар етеді.";
91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"91. Егер жобаны іске асыру барысында орындалуы жобалық командаларға қатысушылардың өкілеттіктері шеңберінен шығатын және мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінің, басқа мемлекеттік органдардың және (немесе) өзге үшінші тұлғалардың орындаушыларын талап ететін міндет туындаса, жоба жетекшісі бастамасы бойынша базалық бағыттың жетекшісі осы Үлгілік регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 89-тармағына сәйкес жобалау тапсырмасын жібереді.";
95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"95. Жоба жетекшісі жоба үйлестірушісімен (бар болса), жобалар тобының жетекшісімен бірлесіп, скрам-әдісті пайдалану арқылы және аджайл форматында барлық жобалық командамен кеңестер/жұмыс ұйымдастырады.";
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"99. Жоба жетекшісі туындаған проблемалар туралы жоба үйлестірушісін (бар болса), жобалар тобының жетекшісін, базалық бағытты іске асыру тобының жетекшісін және (немесе) мемлекеттік органның жобалық офисінің басшысын хабардар етеді және шешу нұсқаларын ұсынады, сондай-ақ проблемалық мәселелерді базалық бағыт жетекшісімен таяудағы кездесудің күн тәртібіне енгізеді және/немесе бағдарламаның басқарушы комитетінің кезекті апта сайынғы отырысына (жедел кеңесіне) шығарады.";
101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"101. Жобаны мониторингілеу және түзету кезеңінде жобаның орындалу барысын өлшеу, алынған нәтижелерді жобаның күнтізбелік жоспар-кестесімен салыстыру, алдын алу шараларын қоса алғанда, өзгерістерге сұрау салуларды бекіту және түзету іс-қимылдарын орындау жүзеге асырылады.
Жобаны іске асыру мониторингі процесіне осы Регламентке сәйкес жоба басшысы, жобалау тобы, жобалар тобының басшысы, базалық бағыттарды іске асыру тобы, мемлекеттік органның жобалық офисі және офистің базалық бағыттарын іске асыру тобы қатысады.";
102-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жобаны өзгертуге арналған сұрау салудың негізінде жобаны басқару жоспарын түзете отырып, жобаға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдауды;";
106-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бастамашы "Өзгеріске сұрау салу. Өзгерту парағы" құжатын дайындайды, оны жоба бойынша құжаттар архивіне орналастырады және жоба жетекшісін өзгеріске сұрау салу туралы хабардар етеді;";
112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"112. Жобаны тоқтатуға немесе тоқтата тұруға сұрау салу одан әрі іс-қимыл туралы басқарушылық шешім қабылдау үшін жобалар тобының жетекшісіне және базалық бағытты іске асыру тобының жетекшісіне жіберіледі:
Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 86-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін жобалар бойынша тоқтата тұру не тоқтату туралы шешімді Офиспен және (немесе) жалпыұлттық басымдықтың басқарушы кеңесімен келісу бойынша Басқарушы комитет қабылдайды.
Жобаларды мәжбүрлеп аяқтау туралы шешім Үлгілік регламенттің 121 және 122-тармақтарына сәйкес қабылданады.";
113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"113. Жобалар тобы жетекшісінің және базалық бағытты іске асыру тобы жетекшісінің және/немесе базалық бағыттың жетекшісі жобаны тоқтата тұру не тоқтату туралы нұсқауын алғаннан кейін жоба жетекшісі осы Үлгілік регламенттің 120-тармағына сәйкес жобаның аяқталуы туралы қорытынды есепті қалыптастырады және оны жобалар тобының жетекшісімен және базалық бағытты іске асыру тобының жетекшісімен келіседі.";
119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"119. Жоба жоспарлы аяқталған кезде жоба жетекшісі мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
1) жобаның нәтижелерін жобаға қойылатын талаптарға сәйкес мүдделі тараптарға беруді ұйымдастырады;
2) жоба нәтижелерін одан әрі дамыту үшін мүмкіндіктерді айқындайды және оларды мүдделі тараптарға ұсынымдар түрінде ұсынады;
3) жобаны іске асыру бойынша қорытынды есепті қамтитын Жобаны басқару жоспарында көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес жобаны жабу үшін құжаттама дайындайды.
Жобаны іске асыру бойынша қорытынды есепті жобалар тобы жетекшісімен келісу бойынша жоба жетекшісі дайындайды.
Жобаны іске асыру жөніндегі қорытынды есепті қараудың нәтижелері бойынша жобаны аяқтау туралы шешім қабылданады.
Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 86-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін жобалар бойынша қорытынды есеп жоба жетекшісінің баяндамасымен бірге Бағдарламаның басқарушы комитетінің және (немесе) Жалпұлттық басымдықтың басқарушы кеңесінің қарауына шығарылады.";
120-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"120. Жобаның аяқталуы туралы қорытынды есеп мынадай ақпаратты қамтиды:
1) жобаның мақсаты мен нәтижелеріне қол жеткізу туралы есеп;
2) жобаның мазмұны бойынша есеп;
3) жобаның тәуекелдері бойынша есеп;
4) жобаның бюджеті бойынша есеп;
5) басқарушылық еңбек шығындары бойынша есеп;
6) жобаның іске асырылуын бағалау;
7) жобадан алған сабақтар мен ұсынымдар;
8) түсіндірме жазба.";
121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"121. Жобаны мәжбүрлеп аяқтау туралы шешімді базалық бағыттың жетекшісі және (немесе) тапсырыс беруші:
жоба мақсатының өзекті болмауы және оларды өзгертудің орынсыздығы кезінде;
жоба мақсаттары мен бағдарлама мақсаттары арасындағы сәйкессіздік анықталған кезде;
жобаны іске асыруға арналған нақты шығындар жоспарланғаннан асып кетсе және жобаны іске асыру мен оның мақсаттарына қол жеткізудің пайдасы оны іске асыруға жұмсалатын шығындардан аз болып, жобаның экономикалық негізділігінің ысырабы болған кезде қабылдайды.
Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 86-тармағына сәйкес талаптары белгіленген жобаларды мәжбүрлеп аяқтау туралы шешім басқарушы комитеттің қарауына және (немесе) жалпыұлттық басымдықтың басқарушы кеңесінің қарауына ұсынылады.";
123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"123. Жобаның құжаттары:
1) жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде электронды түрде сақталады. Ведомстволық сақтау мерзімі өткеннен кейін электронды құжаттар Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33338 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген жобалық басқарудың ақпараттық жүйесімен және "Электронды құжаттардың бірыңғай архиві" ақпараттық жүйесімен интеграциялану арқылы мемлекеттік сақтауға беріледі;
2) Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 86-тармағына сәйкес талаптар белгіленген жобалар бойынша, сондай-ақ Басқару жоспарында жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне берілетін, жоба жетекшісі және жобалар тобының жетекшісі қол қоятын Қабылдау-тапсыру актісі бойынша белгілі бір құжаттар тізбесін сақтау көзделген жобалар бойынша мемлекеттік органның архивінде қағаз түрінде сақталады.";
125-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларында 5-қосымшаға сәйкес бағдарламаның жобалары мен бастамаларының (шараларының) картасы;
2) басқарушы комитеттердің жобаларды тоқтатудың, іске қосудың, қайта іске қосудың, жаңа бастамаларды (шараларды) әзірлеудің және ресурстарды қайта бөлудің орындылығы туралы шешімдері (отырыстар мен кеңестердің хаттамалары);";
132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"132. Орындауды, мониторингті және бақылауды қамтамасыз ету үшін бақылау құжатын (тапсырмасын) мемлекеттік органның жобалық офисіне жіберу Үкімет Аппаратының қызметкерлері немесе жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіне тиісті қол жеткізу деңгейі бар мемлекеттік органның бақылау қызметінің қызметкерлері мемлекеттік органның жобалық офисінің қызметкерлеріне міндет/жоба/жобалар тобы түріндегі құжатты (тапсырманы) жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіндегі бағдарламаның тиісті базалық бағытына енгізу туралы алдын ала консультация бергеннен кейін құжатты (тапсырманы) орындау үшін жеткізудің кез келген кезеңінде жүзеге асырылады.
Бұрын берілген (ұқсас) тапсырмамен жаңа бақылау тапсырмасы қайталанған және/немесе ол қолданыстағы жобада іске асырылған кезде тиісті бақылау қызметіне оның шеңберінде жаңа тапсырма орындалатын және/немесе іс жүзіне асырылатын жобаның атауы мен сәйкестендіру нөмірі көрсетіле отырып хабарлама жіберіледі.";
134-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"134. Тапсырманы орындау процесінде жобалық команда және тапсырманы орындауды ұйымдастыратын Үкімет Аппаратының қызметкері оның сапалы орындалуын және басшылық пен мүдделі тараптардың болжалдарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін өзара және жобалық қызметтің қатысушыларымен қосымша құжат айналымынсыз, жұмыс тәртібінде аджайл-форматында өзара іс-қимыл жасайды.";
138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"138. Құжаттарды, оның ішінде электрондық жобалар бойынша құжаттарды сақтау мерзімдері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Сақтау мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде жалпыұлттық басымдық портфеліне/ мемлекеттік бағдарламаға, ұлттық жобаға/ бағдарламалық құжаттарға тиесілігі есепке алына отырып айқындалады.
Мыналардың шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша:
жалпыұлттық басымдық портфелі шеңберінде – сақтау мерзімі жалпыұлттық басымдық портфелін іске асыру қорытындылары бойынша айқындалады;
бағдарламалардың, ұлттық жобалардың шеңберінде – сақтау мерзімі жалпыұлттық басымдықты іске асыру қорытындылары бойынша, бірақ кемінде үш (3) жыл болып айқындалады;
бағдарламалық құжаттардың шеңберінде – сақтау мерзімі бағдарламалық құжатты іске асыруды аяқтау қорытындылары бойынша, бірақ бағдарламалық құжатты іске асыру аяқталғаннан кейін кемінде 3 (үш) жыл болып айқындалады.";
140-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"140. Өңірді дамыту жоспарын іске асырудың жобалық тәсілі аумақта жалпыұлттық басымдықтар портфельдерінде көзделген мақсаттарға қол жеткізуді бірлесіп қамтамасыз етуге бағытталған және тиісті өңірдің ел деңгейінде стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге қосқан үлесін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың жобалау офистері мен орталық атқарушы органдардың жобалық офистерінің өзара іс-қимылының матрицалық құрылымын көздейді.";
144-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"144. Мемлекеттік органдардың жобалық офистері жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіндегі интерактивті онлайн-дашбордтар негізінде қол жеткізілуі өңірлерді дамыту жоспарында көзделген ұлттық түйінді индикаторларға қол жеткізу бойынша өңірлердің жедел мониторингін және салыстырмалы рейтингін жүзеге асырады және жүргізеді.
Сондай-ақ мемлекеттік органдардың жобалық офистері жобалар топтары жетекшілерінің, жобалар жетекшілерінің жобалау қызметінің нәтижелеріне рейтингтік бағалау жүргізеді, оның қорытындысы бойынша басқарушы комитетіне жобалар топтарының жетекшілерін, жобалар жетекшілерін көтермелеу/жазалау жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Басқарушы комитет жобаларға тартылған жобалау ұйымдарының қызметкерлері болып табылатын, үздік/нашар нәтижелер көрсеткен жоба жетекшілерін көтермелеу/жазалау жөнінде шешімдер қабылдаған жағдайда, бағдарлама басқарушы комитетінің ұсынымдары негізінде жобалау ұйымдары жоба жетекшілерін көтермелеу/жазалау жөнінде шаралар қабылдайды.";
146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"146. Өңірді дамыту бағдарламасының жобалары мен бастамаларының (шараларының) картасын қалыптастыру және жаңарту Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 68 және 69-тармақтарына сәйкес тиісті жобалар мен іс-шараларды (іс-қимылдарды) іске асыру нәтижесінде анықталған проблемаларды өзгерту серпінін бағалауға мүмкіндік беретін, тиісті, өлшенетін нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді қалыптастыра отырып, перспективалы және басым жобалар мен бастамалардың (шаралардың) тізбелерін айқындау үшін тиісті өңірдің (қаланың, ауданның, ауылдық округтің, ауылдық елді мекеннің) ағымдағы даму жағдайын бағалау нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.";
4-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"Базалық бағыттары және жобалар топтары бар ________________________ жобалық офисі (мемлекеттік орган) жұмысының скрам-кестесі
Уақыты/ апта күні | дүйсенбі | сейсенбі | сәрсенбі | бейсенбі | жұма | сенбі |
9.00 | ||||||
10.00 | ||||||
11.00 | ||||||
12.00 | ||||||
15.00 | ||||||
16.00 | ||||||
17.00 | ||||||
18.00-ден 18.30- ға дейін |
Ескертпе:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖБАЖ – жобалық басқарудың ақпараттық жүйесі;".
2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министірлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі