"Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 591-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2023 жылғы 17 тамыздағы № 319-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 тамызда № 33312 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 591-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25158 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларында:

      реттік нөмірі 1-жол келесі редакцияда жазылсын:

1.

Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу

1 адам-күн

82 189

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
міндетін атқарушы
А. Шаккалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі