БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13217 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесі, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Бірінші вице-министрі |
А. Шаккалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесі, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі
1-бөлім. Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлері, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі
№ | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды | Тауардың атауы1 | Әкетуге қатысты кедендік баж мөлшерлемесі | Кедендік бажын қолдану мерзімі |
Қазақстан Республикасының аумағынан 2 | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | 4101 | Ірі қара малдың (қодастарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделмеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың түгі бар немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері |
1 тоннасына | 2023 жылғы 31 жетоқсанды қоса алғанға дейін |
1 тоннасына 200 еуро | 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап | |||
2. | 4102 | Осы топқа 1(в) ескертпемен алып тасталғандардан басқа, қойлардың немесе қозылардың (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жүні бар немесе жүнсіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері | 0 | 2023 жылғы 31 жетоқсанды қоса алғанға дейін |
1 тоннасына 200 еуро | 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап | |||
3. | 4103 | Осы топтағы 1(б) немесе 1(в) ескертпемен алып тасталғандардан басқа, түкті немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген өңделмеген (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе басқа әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге ұшырамаған), өзге де терілер | 0 | 2023 жылғы 31 жетоқсанды қоса алғанға дейін |
1 тоннасына 200 еуро | 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап | |||
4. | 5101 | Кард немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн | 0 | 2024 жылғы 31 жетоқсанды қоса алғанға дейін |
10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес | 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап | |||
5. | 5102 | Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, биязы немесе қылшықты, жануарлар қылы | 0 | 2024 жылғы 31 жетоқсанды қоса алғанға дейін |
10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес | 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап | |||
6. | 5103 | Иіру қалдықтарын қоса алғанда, бірақ түтілген шикізатты қоспағанда, жануарлар жүнінің немесе биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары | 0 | 2024 жылғы 31 жетоқсанды қоса алғанға дейін |
10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес | 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап | |||
7. | 5104 00 000 0 | Жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан жасалған түтілген шикізат | 0 | 2024 жылғы 31 жетоқсанды қоса алғанға дейін |
10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес | 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап | |||
8. | 7204 | Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құйма металдары (шихталық құймалар) | 5 %, бірақ 1 тоннасына 5 еуродан кем емес | тұрақты |
9. |
7302 | Темір жол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын, қара металдардан жасалған бұйымдар: рельстерді біріктіруге немесе бекітуге арналған рельстер, жанама рельстер және тісті рельстер, ауыстырылатын рельстер, қатаң қиылысу айқастырмалар, ауыстырылатын штангалар және өзге де көлденең қосылғыштар, шпалдар, түйіспе жапсырмалар және төсемдер, сыналар, тірек тақталар, ілмекті рельс бұрандамалары, төсемдер мен кергіштер, тұғырлар, жақтаулар және өзге де бөлшектер | 15 %, бірақ 1 тоннасына 15 еуродан кем емес | тұрақты |
10. | 7404 00 | Мыс қалдықтары мен сынықтары | 10 %, бірақ 1 тоннасына 84 еуродан кем емес | тұрақты |
11. |
7601 20 200 1 | Авиациялық қозғалтқыштарды жасау үшін бастапқы алюминий қорытпалары | 10 %, бірақ 1 тоннасына 76 еуродан кем емес | тұрақты |
12. |
7601 20 200 93 | Бастапқы алюминий қорытпалары, өзгелері | 10 %, бірақ 1 тоннасына 76 еуродан кем емес | тұрақты |
13. | 7601 20 800 2 | Құйма немесе сұйық түріндегі қосымша алюминий қорытпалары | 0 | тұрақты |
14. | 7602 00 | Алюминий қалдықтары мен сынықтары | 10 %, бірақ 1 тоннасына 76 еуродан кем емес | тұрақты |
15. | 7802 00 000 0 | Қорғасын қалдықтары мен сынықтары | 10% | тұрақты |
16. | 7902 00 000 0 | Мырыш қалдықтары мен сынықтары | 10% | тұрақты |
17. |
8101 97 000 0, 8102 97 000 0, 8103 20 000 0, 8103 30 000 0, | Өзге де бағалы емес металдар; металл керамика; олардан жасалған бұйымдар | 10% | тұрақты |
18. | 8112 51 000 0 | Өңделмеген таллий; ұнтақтар | 5% | тұрақты |
19. | 8201-8215 | Қымбат бағалы емес металдардан жасалған құрал-саймандар, керек-жарақтар, пышақ бұйымдары, қасықтар мен шанышқылар, олардың қымбат бағалы емес металдардан жасалған бөліктері | 10% | тұрақты |
20. | 8607 19 100 1 | Жиналған немесе бөлшектелген түрдегі біліктер; дөңгелектер және бұрын пайдаланылған оның бөлшектері | 5 % | тұрақты |
21. | 1206 00 | Күнбағыс тұқымы, ұсақталған және ұсақталмаған |
20%, бірақ тоннасына | тұрақты |
Ескертпе:
1 Әкету кедендiк бажы мөлшерлемелерін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасы кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген. <3> және <4> сілтемелерде көзделген жағдайлар ерекшелік болып табылады.
2 Қазақстан Республикасы кедендік әкету баждарын төлеуден босатуды көздейтін екіжақты және көпжақты келісімдер жасасқан елдерді қоспағанда.
3 Кедендік әкету бажын төлеуден босатылған қосымша алюминий қорытпаларын қоспағанда.
4 Кедендік әкету баждарын төлеуден босатылған қосымша алюминий қорытпаларын, сонымен қатар алюминий-бериллий лигатурасын, сонымен қатар алюминий-скандий лигатурасын қоспағанда.
2-бөлім. Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға қолданылатын әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемі және олардың қолданылу мерзімі
№ | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды | Тауардың атауы1 | Әкетуге қатысты кедендік баж мөлшерлемесі | Кедендік бажын қолдану мерзімі | |
Қазақстан Республикасының аумағынан 2 | Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы елдерге3 | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | 2709 00 900 9 | Шикі мұнай | Осы бұйрықпен бекітілген Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес | тұрақты | |
2. |
2710 12 110 1, 2710 12 150 1, 2710 12 900 2 қоспағанда | Жеңіл дистилляттар мен өнімдер | |||
3. | 2710 19 110 0, 2710 19 150 0, 2710 19 210 0, 2710 19 250 0, 2710 19 290 0 | Орташа дистилляттар | |||
4. |
2710 19 42, | Ауыр дистилляттар: газойлдар | |||
5. |
2710 20 110 0, | Ауыр дистилляттар: газойлдар: өзге де мақсаттар үшiн | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар |
жыл сайын |
1 тоннасына 200 еуро | 1 тоннасына 200 еуро |
жыл сайын | |||
6. |
2710 19 310 0, | Ауыр дистилляттар: газойлдар | Осы бұйрықпен бекітілген Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес | тұрақты | |
7. |
2710 19 510 1, | Ауыр дистилляттар: сұйық отындар | |||
8. | 2710 19 620 1, 2710 19 640 1, 2710 19 660 1, 2710 19 680 1, 2710 20 310 1, 2710 20 350 1, 2710 20 370 1, 2710 20 390 1 | Мазуттар | 1 тоннасына 30 доллар | 1 тоннасына 30 доллар |
жыл сайын |
1 тоннасына 15 еуро | 1 тоннасына 15 еуро |
жыл сайын | |||
9. | 2710 19 620 9, 2710 19 640 9, 2710 19 660 9, 2710 19 680 9, 2710 20 310 9, 2710 20 350 9, 2710 20 370 9, 2710 20 390 9 | Ауыр дистилляттар: сұйық отындар: өзге де мақсаттар үшiн | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар | тұрақты |
10. | 2710 19 710 0, 2710 19 750 0, 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0 | Жағар майлар: өзгелері | 1 тоннасына 60 доллар | 0 | тұрақты |
11. | 2710 91 000 0, 2710 99 000 0 | Өңделген мұнай өнімдері | 1 тоннасына 60 доллар | 0 | тұрақты |
12. | 2712 90 990 0 | Өзгелері | 1 тоннасына 60 доллар | 0 | тұрақты |
13. | 2713 20 000 0 | Мұнай битумы | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар |
жыл сайын |
1 тоннасына 15 еуро | 1 тоннасына 15 еуро |
жыл сайын | |||
14. |
2713 90 100 0, | Битуминозды жыныстылардан алынған мұнай немесе мұнай өнімдерін қайта өңдеуден қалған өзге де қалдықтар | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар |
жыл сайын |
1 тоннасына 15 еуро | 1 тоннасына 15 еуро |
жыл сайын | |||
15. | 2715 00 000 0 | Битум қоспалары | 15 % | 0 | тұрақты |
Ескертпе:
1 Әкету кедендiк бажы мөлшерлемелерін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасы кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген.
2 Қазақстан Республикасы шикі мұнайға және мұнайдан өндірілген тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеуден босатуды көздейтін екіжақты және көпжақты келісімдер жасасқан елдерді қоспағанда.
3 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербургте жасалған Еркін сауда аймағы туралы шарт және 2013 жылғы 31 мамырда Минскіде жасалған 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы хаттама күшіне енген елдер.
Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік баждары мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік баждары мөлшерлемелерінің көлемін есептеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар мен ұғымдар пайдаланылады:
1) алдыңғы кезең – ағымдағы айдан екі ай бұрын 20-шы күннен бастап ағымдағы айдың алдындағы айдың 20-шы күніне дейінгі уақыт кезеңі;
2) ағымдағы ай – әкету кедендік баждарын қолданудың күнтізбелік айы;
3) мұнай өнімдері – осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген мұнайдан өндірілген тауарлар;
4) шикі мұнай – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 2709 00 900 9 кодымен жіктелетін шикі мұнай.
2-тарау. Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу тәртібі
3. Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкетілетін кедендік баж мөлшерлемелерінің көлемі былайша есептеледі:
1) шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы барреліне 25 Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі - АҚШ) долларына дейін болғанда – әкетілетін кедендік баж мөлшерлемесінің көлемі 0-ге тең;
2) шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы барреліне 25-тен 105 АҚШ долларына дейін болған кезде - әкетілетін кедендік баж мөлшерлемесінің көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:
ӘКБМ=Орт*К,
мұнда:
ӘКБМ – шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкетілетін кедендік баж мөлшерлемесінің көлемі, тоннасына АҚШ долларымен;
Орт – алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы;
К – түзету коэффициенті 1.
3) шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы барреліне 105 АҚШ долларынан жоғары болған кезде осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген, ағымдағы айда айқындалған алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасына сәйкес келетін кедендік әкету баждарының мөлшерлемелерінің бірі қолданылады.
4. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкету кедендік баждарының мөлшерлемелері шикі мұнай мен мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге қатысты ағымдағы ай ішінде АҚШ долларымен қолданылады.
5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган):
1) ай сайын алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасын есептеуді мынадай түрде жүзеге асырады:
а) биржада бір күн ішінде мұнай шикізаты әлемдік нарықтарында қалыптасқан KEBCO және BRENT маркалы шикі мұнай бағасының орташа мәні мынадай формула бойынша есептеледі:
Ортк,б бір күнде =[ (Скmin+Скmax)/2 + (Сбmin+Сбmax)/2 ] /2,
мұнда:
Ортк,б бір күнде – биржада бір күн ішінде KEBCO және BRENT маркалы шикі мұнай бағасының орташа мәні;
Скmin – биржада бір күн үшін KEBCO-ның ең төменгі нарықтық бағасы;
Скmax – биржада бір күн үшін KEBCO-ның ең жоғары нарықтық бағасы;
Сбmin – биржада бір күн үшін BRENT-тің ең төменгі нарықтық бағасы;
Сбmax – биржада бір күн үшін BRENT-тің максималды нарықтық бағасы;
б) алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы келесі формула бойынша есептеледі:
Орт= ƩCрnк,б/n,
мұнда:
Орт – алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы;
ƩCрnк,б – алдыңғы кезең ішінде осындай баға белгілеулер жарияланған күндердегі KEBCO және BRENT маркалы шикі мұнай бағасының орташа мәндерінің сомасы;
n – алдыңғы кезең ішінде осындай баға белгілеулерді жариялау күндерінің саны.
2) әкету кедендік баждары қолданылатын айдың алдындағы айдың 28-күнінен кешіктірмей өзінің ресми интернет-ресурсында алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы туралы ақпаратты орналастырады.
6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген формулалар бойынша жүргізілген есептеулердің нәтижелері бүтін санға дейін математикалық дөңгелектенеді.
7. Шикі мұнай мен мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге мынадай жағдайларда әкету кедендік баждары салынбайды:
1) шикі мұнай мен мұнай өнімдерін әкетуді кедендік әкету баждарын төлеуден босатуды көздейтін Қазақстан Республикасында екіжақты немесе көпжақты шарттар жасалған елдерге әкету;
2) жер қойнауын пайдаланушылар 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған және шикі мұнайды әкетуді кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделген міндетті салықтық сараптамадан өткен өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша өздері өндірген шикі мұнайды әкету;
3) жер қойнауын пайдаланушылар роялти төлеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар әкететін шикі мұнайды қоспағанда, шикі мұнайды кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) болып табылмайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өздері өндірген шикі мұнайды әкету;
4) күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, Каспий теңізінің қазақстандық секторында толық орналасқан Теңіз кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірілген шикі мұнайды әкету:
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы барреліне 95 доллардан төмен болған кезде;
2032 жылғы 1 қаңтардан бастап 2036 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы барреліне 100 доллардан төмен болған кезде;
2037 жылғы 1 қаңтардан бастап 2041 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы барреліне 105 доллардан төмен болған кезде;
2042 жылдың 1 қаңтарынан бастап шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы барреліне 110 доллардан төмен болды.
Каспий теңізінің қазақстандық секторында толық орналасқан Теңіз кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірілген әкетілетін шикі мұнайдың көлемі, сондай-ақ осындай Теңіз кен орындарының атаулары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17072 болып тіркелген) Мұнай беру кестесін қалыптастыру қағидаларына (бұдан әрі – Мұнай беру кестесін қалыптастыру қағидалары) сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органға ай сайын жіберетін мұнайды жеткізу кестесімен айқындалады.
5) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жасалған күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша өздері өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуі.
Осы тармақшаның ережелері жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген көмірсутектерді әкету басталатын кезеңнен бастап мыналар ішінде қолданылады:
күнтізбелік жиырма жыл – күрделі теңіз жобалары мен құрлықтағы газ жобалары бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша;
күнтізбелік он жыл – құрлықтағы күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша.
Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар шеңберінде өндірілген әкетілетін шикі мұнайдың көлемі, сондай-ақ осындай кен орындарының атаулары Мұнай беру кестесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органға ай сайын жіберетін мұнайды жеткізу кестесімен айқындалады.
________________________
Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына 1-қосымша |
Шикі мұнайдан өндірілген тауарлар
Мұнай өнімдері | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды |
---|---|
Ашық түсті мұнай өнімдері |
2710 12, |
Қара түсті мұнай өнімдері |
2710 19 310 0, |
Шикі мұнайға және мұнай өнімдерге а әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына 2-қосымша |
Шикі мұнайға және мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажының мөлшерлемелері
№ | Алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы, барреліне Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі - АҚШ) доллары | Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажының мөлшерлемесі, 1 тонна үшін АҚШ доллары |
1. | 105-тен 115-ке дейін | 115 |
2. | 115-тен 125-ке дейін | 130 |
3. | 125-тен 135-ке дейін | 145 |
4. | 135-тен 145-ке дейін | 160 |
5. | 145-тен 155-ке дейін | 176 |
6. | 155-тен 165-ке дейін | 191 |
7. | 165-тен 175-ке дейін | 206 |
8. | 175-тен 185-ке дейін | 221 |
9. | 185 және одан жоғары | 236 |