БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымының қағидаларында:
149-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"149. Спорттық қаруды алып жүру және қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 28 шілдедегі № 203 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33185 болып тіркелген) спортпен шұғылдану кезiнде және оқу мақсатында қаруды қолдану қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";
185-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс, газды қарудың, электр қаруының, сондай-ақ жарақат салатын патрондардың зақымдаушы факторларының адам ағзасына тигізетін шекті әсері туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытындының не қаруды әкелгеннен кейін адам ағзасына тигізетін шекті әсер нормаларына сәйкестігіне медициналық-биологиялық сынақтар өткізілгені туралы кепіл береді.
Егер қару мен патрондардың импорты кезінде Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, арнаулы және құқық қорғау органдары соңғы тұтынушылар болып табылған жағдайда импортқа лицензия ресімдеу Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32767 болып тіркелген) Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін ескере отырып, әскери мақсаттағы өнім ретінде жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
М. Ахметжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі