БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жерлерді резервте қалдыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11337 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жерлерді резервте қалдыру қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жерлерді резервте қалдыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабының 1-тармағының 2-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерiн резервте қалдыру жағдайларынан басқа, жерлерді резервте қалдыру тәртібін айқындайды.
2. Кодекстің 16-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, 2-тармағының 5-3) тармақшасына, 17-бабы 4-1) тармақшасына және 18-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес жерлерді резервте қалдыруды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, ал аудан шекаралары шегінде – аудандардың (қалалардағы аудандардан басқа) жергілікті атқарушы органдары, қала шекарасы (шегі) шегінде және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының әкімшілік бағынысына берілген аумақта – облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.
Кодекстің 16-бабы 1-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес астананың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қаржыландыратын әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу үшін агломерацияға кіретін елді мекендердің аумағында жер учаскелерін резервте қалдыруды облыстардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;
3) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі – жүргізу тәртібі Кодексте және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе;
4) мемлекеттік жер кадастры – Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы, жер пайдаланудың есепке алынуы және жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы мәлiметтердiң, өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi.";
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Жерлерді резервте қалдыру тәртібі";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Құзыретіне аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың белгіленген тәртіппен бекітілген кешенді схемаларын, елді мекендердің бас жоспарларын, автомобиль және темір жолдардың өту жобаларын (схемаларын), қоршаған ортаға әсерді бағалауды қамту саласын айқындау туралы қорытындыларды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламаларын және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс) сәйкес осындай резервте қалдыру үшін негіз болып табылатын, өзге де құжаттарды іске асыру кіретін мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың белгіленген тәртіппен бекітілген кешенді схемаларын, елді мекендердің бас жоспарларын, автомобиль және темір жолдардың өту жобаларын (схемаларын), қоршаған ортаға әсерді бағалауды қамту саласын айқындау туралы қорытындыларды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламаларын және Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексіне сәйкес осындай резервте қалдыру үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттар (бұдан әрі – Құжаттар) бекітілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде оларды одан әрі резервте қалдыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарына хабарлайды.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мемлекеттік корпорация бес жұмыс күні ішінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға резервте қалдырылатын жер учаскелері бойынша мәліметтерді, сондай-ақ олардың орналасқан жерінің ахуалдық схемасын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінен ұсынады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Жергілікті атқарушы орган жерді резервке қою туралы ұсынысты қарау үшін құрамы жергілікті атқарушы органның өкілдерінен, жергілікті өкілді органның депутаттарынан, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері, қоршаған ортаны қорғау, ауыл және орман шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдардың тиісті аумақтық бөлімшелері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары (олар бар болса) және жергілікті агломерация кеңесі өкілдерінен (олар бар болса) тұратын комиссия құрады.
Жергілікті атқарушы органның қалауы бойынша комиссияның құрамына басқа да адамдар енгiзiлуi мүмкiн.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган комиссияның теріс қорытындысы шығарылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде көрсетілген қорытындының көшірмесін қоса бере отырып, мемлекеттік органдарға еркін нысанда хабарлама жібереді.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Жерлерді резервте қалдыру туралы жергілікті атқарушы органның шешімінде:
1) резервке қою негіздемесі;
2) резервке қоюдың мақсаттары мен мерзімдері;
3) жерлердің жалпы ауданы мен санаты;
4) жерлерді пайдаланудағы шектеулер;
5) бұрын берілген жер учаскелерін жер пайдалану немесе шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен резервке қою кезінде – жер пайдаланушылар және сервитут иелері көрсетіледі.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Жергілікті атқарушы органның жерді резервке қою туралы шешімінің көшірмесі ол қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдарға және Мемлекеттік корпорацияға оны 3 (үш) күні ішінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізу үшін жіберіледі.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Жерлерді резервке қою жөніндегі іс-қимылды тоқтату туралы шешімнің көшірмесі ол қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінен резервке қойылған жерлер туралы мәліметтерді 3 (үш) жұмыс күні ішінде алып тастау үшін Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі