Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 шiлдедегi № 357 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 шiлдеде № 33174 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 2-2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшері бекітілсін:

      1)
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақша 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.07.2024 № 384 (мәтін алып тасталды) бұйрығымен.
      2)
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақша 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.07.2024 № 384 (мәтін алып тасталды) бұйрығымен.

      3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 35 пайыз;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыз;

      5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз;

      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 5 пайыз;

      7) кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 5 пайыз;

      8) кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз;

      9)
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9) тармақша 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.07.2024 № 384 (мәтін алып тасталды) бұйрығымен.
      10)
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10) тармақша 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.07.2024 № 384 (мәтін алып тасталды) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.07.2024 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек