БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-2/626 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12102 болып тіркелген):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарына қатысты сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Тұқымдардың сақталуын бақылау тұқымдарды орау мен таңбалауға қойылатын талаптардың сақталуын тексеруді қамтиды.
Орама тұқымдық астықтың сақталуын қамтамасыз етуі және таңбасы немесе заттаңбасы болуы тиіс, онда:
тұқымды өндірушінің атауы;
дақыл;
сорт;
репродукция;
сорттық тазалығының санаты;
егіс стандартының сыныбы;
жиналған жылы;
тұқым партиясының нөмірі;
сорттық тазалығы;
тұқымдарды дәрілеу жағдайында - химиялық немесе биологиялық препараттың атауы;
сорттық құжаттың және тұқымдардың егістік сапасын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні көрсетіледі.
Тұқым салынған әрбір қапқа немесе контейнерге тұқымдардың егіс сапасын куәландыратын құжаттан басқа, сол деректері бар заттаңба салынады. Дәріленген тұқымдар салынған орамға "Дәріленген" деген жазу жазылады.";
22-тармақ алып тасталсын;
2) "Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-2/626 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12065 болып тіркелген):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінiң егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Тұқымдардың, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi) егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Тұқым сапасына өнгіштігі немесе тіршілікке бейімділігі, ылғалдылығы, 1000 дәннің массасы, тазалығы, ауруға шалдығуы, зиянкестермен залалдануы (толық талдау) көрсеткіштері не көрсетілген көрсеткіштердің біреуі немесе бірнешеуі (толық емес талдау) бойынша сараптама жүргізіледі. Мақта тұқымының сапасына мынадай көрсеткіштер бойынша сараптама жүргізіледі: өнгіштігі, ылғалдылығы, жетілгендігі, механикалық зақымдануы, 1000 дәннің массасы, ластануы, қамбалық зиянкестермен залалдануы, қызып кетуі, талшық қалдығы, түктену қалдығы.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі