"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 603 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 13 шiлдедегi № 314 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 шiлдеде № 33088 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 603 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17651 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Қазақстан тарихы" жалпы білім беретін пәнінің үлгілік оқу бағдарламасында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына арналған "Қазақстан тарихы" жалпы білім беретін пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және оқытудың мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын айқындайды.";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Философия" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Философия" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және оқытудың мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын, әдістерін айқындайды.";

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Шетел тілі" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Шетел тілі" жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасының үлгісі (бұдан әрі - бағдарлама) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленген және оқытудың мақсаты, міндеттері, құрылымы, мазмұны және оқыту әдістері мен оқу нәтижелерін айқындайды.";

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшамен бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Қазақ (орыс) тілі" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Қазақ тілі" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және оқытудың мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын, әдістерін және нәтижелерін айқындайды.";

      1. Осы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Орыс тілі" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (әрі қарай – бағдарлама) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және оқытудың мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын, әдістерін және нәтижелерін айқындайды.";

      көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшамен бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" жалпы білім беру пәнінің типтік оқу жоспары (ары қарай-бағдарлама) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және пәннің мақсатын, міндетін, құрылымын, мазмұнын, оқыту әдістемесін және білім нәтижесін бағалауды анықтайды.";

      көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшамен бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін әлеуметтік – саяси білім беру модулінің үлгілік оқу бағдарламасында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін әлеуметтік-саяси білімдер модулінің үлгілік оқу бағдарламасы (әрі қарай – бағдарлама) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және оқытудың мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын, әдістерін және технологияларын айқындайды.";

      көрсетілген бұйрыққа 7-қосымшамен бекітілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Дене шынықтыру" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Дене шынықтыру" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және оқытудың мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын, әдістерін айқындайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек