"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Дене шынықтыру дайындығы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 438 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 670 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 шiлдеде № 33065 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағы 26-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Дене шынықтыру дайындығы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 438 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15729 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      осы Қағидаларға 17 және 18-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 5 шілдедегі
№ 670 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріндегі дене
шынықтыру дайындығы
қағидаларына
17-қосымша

Келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырылатын азаматтарға арналған жаттығулар мен нормативтер

р/с № Жаттығу Баға Жас топтары / санат
ерлер әйелдер
30 жасқа дейін 30 жасқа
40 дейін
40 жас және одан жоғары 30 жасқа дейін 30 жасқа
40 дейін
40 жас және одан жоғары

1.

Белтемірде тартылу

Өте жақсы

14 рет

8 рет

7 рет

-

-

-

жақсы

10 рет

6 рет

4 рет

-

-

-

қанағаттанарлық

6 рет

4 рет

3 рет

-

-

-

2.

Кешенді күш жаттығуы

Өте жақсы

-

-

-

25 рет

20 рет

15 рет

жақсы

-

-

-

20 рет

15 рет

10 рет

қанағаттанарлық

-

-

-

15 рет

10 рет

8 рет

3.

100 метрге жүгіру

Өте жақсы

14,0 секунд

15,5 секунд

-

17,0 секунд

-

-

жақсы

14,5 секунд

16,0 секунд

-

18,0 секунд

-

-

қанағаттанарлық

15,5 секунд

17,0 секунд

-

19,0 секунд

-

-

4.

1000 метрге жүгіру

Өте жақсы

-

4 минут 10 секунд

4 минут 40 секунд

4 минут 50 секунд

5 минут 40 секунд

6 минут

жақсы

-

4 минут 30 секунд

5 минут

5 минут 20 секунд

6 минут

6 минут 30 секунд

қанағаттанарлық

-

4 минут 50 секунд

5 минут 50 секунд

5 минут 50 секунд

6 минут 20 секунд

7 минут

5.

3000 метрге жүгіру

Өте жақсы

12 минут
30 секунд

-

-

-

-

-

жақсы

13мин 10 секунд

-

-

-

-

-

қанағаттанарлық

13 минут 50 секунд

-

-

-

-

-