ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 172/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9603 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларын бекіту туралы";
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидалары бекітілсін.";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
Д. Щеглова |
Қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының (бұдан әрі – МҚҚК) деректер базасында тіркеудің тәртібін анықтайды.
2. МҚҚК деректер базасында тіркеу (бұдан әрі – тіркеу) – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін және олармен байланысты құжаттарды, сондай-ақ МҚҚК деректер базасындағы қала құрылысы жобалары, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын тіркеу.
Тіркеу мақсаты:
1) барлық қолданыстағы, жобаланып жатқан, салынып жатқан (реконструкцияланып жатқан) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің жер үстіндегі және жер астындағы объектілерін есепке алу;
2) МҚҚК автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – МҚҚК ААЖ) деректер базасында материалдарды кеңістіктік байланыстыру;
3) елді мекендердің аумақтарын дамытудың мониторингі болып табылады.
3. МҚҚК базасында тіркеуге мыналар жатады:
1) елді мекендердің бас жоспарлары;
2) егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен біріктірілген бас жоспарлар;
3) егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және құрылыс салу жобалары;
4) абаттандыру және көгалдандыру жобалары, өзге де жоспарлау жобалары;
5) тиісті аумақта құрылыс салу немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алып қою жөнінде шешімдер;
6) тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешім;
7) сәулет-жоспарлау тапсырмалары;
8) инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға арналған техникалық шарттар;
9) құрылыс жобалары, оның ішінде келісілген эскиздік жобалар;
10) қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасының оң қорытындылары;
11) құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындылары;
12) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің инженерлік-геодезиялық ізденістер материалдары (жобалау сатысындағы топографиялық түсірілімдер және объектіні пайдалануға беру сатысындағы атқарушылық түсірілімдер);
13) объектіні пайдалануға қабылдау актісі/инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылыстардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімін қоса бере отырып, меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісі.
2-тарау. Қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін тіркеу тәртібі
4. Тіркеуді МҚҚК жүргізу жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – Кәсіпорын) МҚҚК ААЖ арқылы жүзеге асырады.
5. Тіркеу тәртібі мыналарды:
1) қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін тіркеуге өтінімдер қабылдауды;
2) МҚҚК және инженерлік-геодезиялық ізденістердің (координаттар жүйесі, масштаб, шартты белгілер) мемлекеттік нормативтеріне сәйкес МҚҚК ААЖ деректер базасында инженерлік-геодезиялық ізденістер (жобалау сатысындағы топографиялық түсірілімдер және объектіні пайдалануға қабылдау сатысындағы атқарушылық түсірілімдер) материалдарын кеңістіктік байланыстыруды;
3) ескертулер/сәйкессіздіктер болмаған кезде тіркеу нөмірін бере отырып, МҚҚК ААЖ-ға тіркеу және енгізуді қамтиды.
Ескертулер болғанда және материалдардың сәйкессіздіктері анықталғанда осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген тіркеу мерзімдері аяқталғанға дейін тиісті хабарлама жолданады. Ескертулер/сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін тіркеуге өтінім қайтадан беріледі.
6. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің инженерлік-геодезиялық ізденістерінің (жобалау сатысындағы топографиялық түсірілімдер және объектіні пайдалануға қабылдау сатысындағы атқарушылық түсірілімдер) материалдарын қарастыру 3 кезеңде жүзеге асырылады:
1) МҚҚК ААЖ-да:
талап етілетін деректер пішімдеріне (*.dwg);
коммуналдық желілердің теңгерім ұстаушыларының келісімімен топографиялық түсірілімнің ұсынылған техникалық есебіне сәйкестікке тексеру.
2) камералдық тексеру:
инженерлік-геодезиялық ізденістер материалдарының (топографиялық және атқарушылық түсірілімдер) өзектілігіне;
МҚҚК және инженерлік-геодезиялық ізденістердің мемлекеттік нормативтеріне (координаттар жүйесі, түсіруді кеңістікте байланыстыру, масштаб, шартты белгілер, объектілердің міндетті сипаттамаларын көрсету) сәйкестігіне іске асырылады.
3) инженерлік-геодезиялық ізденістер деректерін нақтылау қажет болғанда далалық тексеруді Кәсіпорынның немесе оның филиалдарының қызметкерлері:
жоспарлы-биіктік негіздемені тексеруді;
ішінара (гектарына 3 нүкте) нүктелік объектілерді бақылау өлшемдерін қамтитын тиісті далалық бақылау актілерін жасай отырып жүзеге асырады.
Далалық тексеру республика қалалары бойынша жүзеге асырылады.
7. Кәсіпорын алынған материалдардың түріне қарай базалық масштабтағы графикалық деректерді (планшеттерді) сақтай отырып, материалдарды алған күннен бастап мынадай мерзімдерде:
1) осы Қағидалардың 3-тармағының 1) - 11) тармақшаларында көрсетілген материалдарды 2 жұмыс күні ішінде;
2) осы Қағидалардың 3-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген материалдарды 5-20 жұмыс күні ішінде;
3) осы Қағидалардың 3-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген материалдарды бір жұмыс күні ішінде МҚҚК ААЖ-да цифрлық түрде тіркеуді жүзеге асырады.
8. Тіркеу құны "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес айқындалады.