"Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 128 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 шiлдеде № 32999 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:

      "20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес Ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт бекітілсін.";

      1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын желіге беруді техникалық диспетчерлендіру және тұтыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шартта:

      1-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі – есеп айырысу кезеңінде жеткізілген және тұтынылған электр энергиясының көлемін көрсететін, жүйелік оператор жасаған құжат;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жүйелік оператор бекітетін электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізу үшін электр энергиясын сатуға арналған өтінімді және (немесе) сатып алуға арналған өтінімді, сондай-ақ оларды түзетуді Тұтынушы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес жасайды (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) (бұдан әрі – Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары).";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Өнім берушінің:

      1) Тұтынушының электр энергиясын өндіру-тұтынудың бекітілген тәуліктік кестесін Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес түзетуге;

      2) жабдықты (жоғары вольтты тораптарды) жөндеуге шығару, жұмысқа қосу, авариялық бұзушылықтарды жою үшін Тұтынушының электр станциялары мен қосалқы станцияларының электр тарату құрылғыларында ауыстырып қосуды жүргізуге;

      3) шарттық талаптар бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес электр энергиясын желiге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегі қызметтер көрсетудi тоқтатуға құқығы бар.";

      13-тармақта:

      6) тармақша алып тасталсын;

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес Тұтынушының өтініші бойынша электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін түзету;";

      14) тармақша алып тасталсын;

      14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін түзетуге өтінім беруге құқығы бар.";

      15-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығына (өңірлік диспетчерлік орталық) тәуліктік кестені орындау күнінің алдындағы күні сағат 08:00-ге дейін жүктелімді көтерудің сағаттық кестесін ұсынуға;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шартта:

      1-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі – есеп айырысу кезеңінде жеткізілген және тұтынылған электр энергиясының көлемін көрсететін, жүйелік оператор жасаған құжат;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өнім беруші Тұтынушыдан осы Шартта аталған қабылдау пункттерiнде өз желiлерiнiң баланстық тиесiлiлiгiнің шекарасында электр энергиясын қабылдайды және оны Тұтынушыға өзiнiң электр желiлерi бойынша осы Шартта аталған жеткiзу пункттерiне дейiн беруді жүзеге асырады.

      Тұтынушы электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан және (немесе) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығынан сатып алған жағдайда, осы Шартта электр энергиясын қабылдау нүктелері көрсетілмейді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Өнім берушінің жеткізу пункттерінде есеп айырысу кезеңі ішінде Тұтынушының мекенжайына жеткізген электр энергиясының нақты көлемі баланстық тиесілілік шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде есеп айырысу кезеңінің бірінші күнтізбелік күнінің 00:00 сағатынан бастап соңғы күнтізбелік күнінің 24:00 сағатына дейін айқындалады (орташа еуропалық уақыт - Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат).

      Есеп айырысу кезеңінде жеткізілген электр энергиясының нақты көлемі коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін салыстырып тексеру актілері және (немесе) қызметтер көлемін салыстырып тексеру актісінің негізінде жасалатын орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісімен расталады.";

      23-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) күн сайын сағат 08:00-ге дейін келесі тәулікке Тұтынушының нақты тұтыну пункттері үшін тәуліктік жүктеме кестесін көрсете отырып, энергия өндіруші ұйыммен келісілген жедел өтінімді ұсынуға міндетті. Өндірістік қажеттілік жағдайында (авариялық жағдайлар, жүктемелердің технологиялық құлдырауы) жедел өтінім Өнім берушіге түзету үшін дереу жіберіледі;";

      3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шартта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      авариялық бұзылыс – істен шығуына немесе пайдалану кезінде зақымдануына алып келген электр қондырғысы немесе оның элементтері жұмысы технологиялық параметрлерінің жол берілмейтін ауытқулары;

      есеп айырысу кезеңi – күнтізбелік ай (айдың бірінші күні сағат 00:00-ден соңғы күнінің 24:00-ге дейін (орта еуропалық уақыт –Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат), оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы электр энергиясының орталықтандырылмаған және орталықтандырылған саудасы нарықтарындағы шарттар бойынша электр энергиясын сатып алу-сату көлемдерінің түпкілікті есептеулері жүргізіледі;

      жүктеменің өңірлік бейіні – Жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің орталық деректер базасында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінен сағаттық есепке алудың көрсетілген деректері болмаған кезде, осы теңгерімдеу аймағында электр энергиясын өндіру (тұтыну) көлемінің кВт*сағ (тиісті есепке алу аспаптарына сәйкес) және Жүйелік оператормен келісілген жүктеменің өңірлік бейінінің осы есептік кезеңге (күнтізбелік айға) сәйкес келетін нақты мәнінің туындысы ретінде айқындалатын есептік кезең (күнтізбелік ай) үшін теңгерімдеу аймағында электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің генерациясының (тұтынуының) нақты сағаттық мәндерін айқындауға арналған бейін;

      құзыретті орган – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгерімі – есептік кезеңде жеткізілген және тұтынылған электр энергиясының көлемін көрсететін жүйелік оператор жасаған құжат.

      Мемлекеттік энергетикалық бақылау (бұдан әрі – Мемлекеттік энергетикалық бақылау) – мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүзеге асыратын электр энергетикасы саласындағы бақылау;

      өнеркәсіптік кешен – электр энергиясын өндіру осы ұйымның құрамына кіретін кәсіпорындар мен бірлестіктердің тұтынуы, сондай-ақ көтерме сауда нарығында электр энергиясын өткізу мақсатында жүзеге асырылатын, жеке заңды тұлғалар болып табылмайтын, электр станциялары бар электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі болып табылатын ұйым;

      өнім беруші – Тұтынушыға электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететін жүйелік оператор;

      өтінім – Тұтынушы қол қойған және Өнім берушіге Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жіберілетін, электр энергиясын өндіру-тұтыну көлемі, электр энергиясын өндіру-тұтыну уақытының кезеңі, осы кезең ішінде қуат бойынша көлемді бөлу туралы ақпаратты қамтитын жазбаша құжат. Өтінім айлық, тәуліктік және жедел болуы мүмкін.

      теңгерім провайдері – жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясын өндірудің-тұтынудың өз теңгерімсіздіктерін, сол сияқты электр энергиясы нарығының басқа да субъектілерінің теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу үшін өзіне жауапкершілік қабылдаған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісі;

      тұтынушы – энергия өндіруші, энергия жеткізуші, энергиямен жабдықтаушы ұйым;

      уәкілетті орган ведомствосы – табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган ведомствосы;

      электр энергиясының көлемi – Өнім беруші мен Тұтынушының және/немесе үшіншi тұлғалардың теңгерiмдiк тиесілiлігін бөлу шекарасында коммерциялық есепке алу аспаптары көрсеткiштерiмен айқындалатын, Шарт бойынша көрсетілетін қызметтердiң құнын айқындау мақсатында киловатт-сағатпен өлшенетiн, Тұтынушының тұтынған және/немесе өндірген электр энергиясының мөлшері.

      Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес пайдаланылады.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №106 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) бекітілген Теңгерімдеуші нарықтың жұмыс істеу қағидаларына (бұдан әрі - Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары) сәйкес электр энергиясының сағаттық теңгерімсіздіктерінің көлемін айқындауды;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      6-тармақ алып тасталсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Тұтынушының электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік көлемінің өтінімін түзетуі Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Өнім беруші Тұтынушыға есептік кезеңде көрсеткен электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтердің көлемі Тұтынушының электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты көлемдерінің сомасы ретінде айқындалады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Желі топографиясының өзгеруіне байланысты есептеу формулаларындағы өзгерістер Шартқа қосымша келісімдермен ресімделеді.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Жүктеменің өңірлік бейіні";

      24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Жүктеменің өңірлік бейіні электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің сағаттық тұтыну өлшемдері (сальдо – ағын) болмаған кезде тұтынудың сағаттық мәндерін анықтау үшін пайдаланылады. Тұтынушыда сағаттық тұтыну өлшемдері (сальдо – ағыны) болмаған кезде не осы жүйелердің (аспаптардың) қандай да бір уақытша істен шығуы (жұмыс істеуде іркілістер) туындаған кезде электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерімсіздігінің шамасы жүктеменің өңірлік бейіні пайдаланыла отырып айқындалады.

      25. Жүктеменің өңірлік бейіні Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес айқындалады.

      26. Тұтынушыда жүктеменің келiсiлген өңірлік бейіні болмаған жағдайда, Өнім беруші тұтынудың сағат сайынғы мәндерiн анықтау үшiн тұтынудың ұқсас құрылымымен не аталған Тұтынушының жыл сайын жүргiзетiн сағат сайынғы бақылау өлшемдерiнiң деректерi бойынша Тұтынушы жүктемесiнiң үлгілік бейiнiн анықтайды және пайдаланады.";

      27-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      29-тармақта:

      4) тармақша алып тасталсын;

      7) тармақша алып тасталсын;

      31-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Өнім берушінің электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерімдеуін ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерінің көлемі келесі түрде есептеледі:

      1) энергия өндіруші ұйымдар үшін энергия өндіруші ұйымдардың шиналарынан босатылған электр энергиясының нақты көлемі үшін;

      2) энергия беруші ұйымдар, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, тұтынушылар және цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының көтерме және теңгерімдеуші нарықтарында, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден алынған электр энергиясының нақты көлемдері үшін;

      3) өнеркәсіп кешендері үшін олардың құрамындағы меншік құқығында, жалға алу құқығында немесе генерациялайтын көздердің өзге де заттық құқығында бар шиналардан босатылған электр энергиясының нақты көлемдері, олардың құрамындағы меншік құқығында, жалға алу құқығында немесе генерациялайтын көздердің өзге де заттық құқығында тұтынылған электр энергиясының нақты көлемдері, сондай-ақ электр энергиясының көтерме және теңгерімдеуші нарықтарында, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден алынған электр энергиясының нақты көлемдері үшін;

      4) электр энергиясын бір топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдардан сатып алатын көтерме сауда тұтынушылары үшін электр энергиясын көтерме және теңгерімдеуші нарықтарында, оның ішінде олармен бір топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдардан және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден алынған электр энергиясының нақты көлемі үшін.";

      4) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шартпен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылдың 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 128 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 24 маусымдағы
№ 58 бұйрығына
20-қосымша

Ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт

      ___________________________                         "___" ________ 20 __ ж.

      (шарт жасасу орны)

      Бұдан әрі – Өнім беруші деп аталатын, ұлттық электр желісін пайдалану

      жөніндегі қызметтерді көрсететін

      ___________________________________________________________________

      (ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсететін субъектінің атауы,

      бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      атынан __________________________________ негізінде әрекет ететін

      ___________________________________________________________________,

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

      бір тараптан, және бұдан әрі – Тұтынушы деп аталатын ___________________

      __________________________________________________________________

      (тұтынушының деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

      атынан _________________________________________ негізінде әрекет ететін

      ___________________________________________________________________,

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      екінші тараптан, бұдан әрі – Тараптар деп аталатындар төмендегілер туралы осы

      Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1-тарау. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      баланстық тиесiлiлiкті бөлу шекарасы – электр энергиясын берудің соңғы пунктiнде баланстық тиесiлiлiктің аражігін ажырату актiсiмен айқындалатын, тараптарға меншiк құқығында, өзге де заттық құқықта немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген өзге де негіздер бойынша тиесілі электр тораптарын бөлу шекарасы;

      есеп айырысу кезеңі – Шартта Өнім берушінің ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсететін қызметіне есеп айырысу жүргізілетін айдың бірінші күніндегі сағат 00:00-ден бастап соңғы күніндегі сағат 24:00-ді қоса алғанда (орташа еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) бір күнтізбелік айға тең уақыт кезеңі ретінде белгіленген кезең;

      жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы – Өнім берушінің Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясы мен қуатын өндіру, жеткізу және тұтыну режимдерін орталықтан жедел-диспетчерлік басқару функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      коммерциялық есепке алу кешені – коммерциялық есепке алудың белгілі бір нүктесі мен ақпарат жинау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан, коммерциялық есепке алуға қажетті жабдық;

      Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі – жүйелік оператор жасаған, есептік кезеңде жеткізілген және тұтынылған электр энергиясы көлемін көрсететін құжат;

      өнім беруші – ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жүйелік оператор;

      тұтынушы – бірыңғай сатып алушымен электр энергиясын белгілі бір уақыт кезеңінде (апта, ай, тоқсан, жыл) жеткізетіндей электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасаған көтерме сауда нарығының субъектісі;

      аумақтық диспетчерлік орталық – жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығына жедел бағынатын және белгілі бір аумақ бойынша жедел-диспетчерлік функцияларды жүзеге асыратын жүйелік оператордың (Өнім берушінің) аумақтық диспетчерлік орталығы;

      уәкілетті органның ведомствосы – тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;

      беру пунктi – Өнім беруші Тұтынушыға электр энергиясын беретін Өнім берушінің баланстық тиесiлiлігін бөлу шекарасындағы қосылу (қосылулар жүйесi).

      Осы Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Шарттың мәні

      2. Тұтынушыға ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсету кезінде Өнім беруші ұлттық электр желісіна техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалану әзірлігінде ұстауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісі бірыңғай сатып алушыдан және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан сатып алған электр энергиясын Шартта келісілген баланстық тиесілілікті бөлу шекаралары мен есепке алу нүктелерінде ұлттық электр желісінен беруді жүзеге асырады.

      3. Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетудiң техникалық талаптары мен сипаттамалары:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

3-тарау. Ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсету шарттары

      4. Ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасы мен осы Шартқа сәйкес көрсетіледі.

      5. Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсету үшін Тұтынушының бірыңғай сатып алушыдан және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алудың нақты көлемі қабылданады.

4-тарау. Электр энергиясын есепке алу

      6. Өнім берушінің жеткізу пункттерінде есептік кезең ішінде Тұтынушының мекенжайына берген электр энергиясының нақты көлемі баланстық тиесілілік шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде есептік кезеңнің бірінші күнтізбелік күніндегі сағат 00:00-ден бастап соңғы күнтізбелік күніндегі сағат 24:00-ге дейін (орташа еуропалық уақыт - Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) белгіленеді.

      Есептік кезеңде ұлттық электр торабын пайдалану бойынша қызметтің нақты көлемі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 691 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12562 болып тіркелген) бекітілген Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын есепке ала отырып, коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін салыстырып тексеру актілері негізінде жасалатын орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісі негізінде белгіленеді.

      Бұл ретте, Тұтынушы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, бірыңғай сатып алушыдан және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан бөлек электр энергиясының жеткізілімі болған жағдайда, есептік кезеңдегі электр энергиясының осындай нақты көлемдері ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көлемінде ескерілмейді және электр энергиясын жеткізу бойынша қызмет көрсету жөніндегі шартпен реттеледі.

      7. Тараптар есептік айдан кейінгі күнтізбелік айдың бесінші күніне дейінгі мерзімде тиісті есептік кезең үшін орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін ресімдейді, оған қол тараптар қояды және тараптардың мөрлерімен (болған жағдайда) куәландырылады.

      Тараптардың бірі орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көлемін растайтын құжат болып табылады.

      8. Егер есепке алу Өнім беруші мен Тұтынушының баланстық тиесiлiлiгін бөлу шекарасында жүргiзiлмеген жағдайда, онда ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтің нақты көлемі Тұтынушының тораптарындағы электр энергиясының ысыраптары есепке алына отырып, Тұтынушыда орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптары бойынша айқындалады. Үшiншi тұлғалардың электр желілері арқылы жеткізілетін электр энергиясының ысыраптарын осы электр желілерінің иесi айқындайды.

      9. Тараптардың коммерциялық есепке алу аспаптары тексерiлуі және оларға пломба салынуы тиiс. Телеөлшеуiштер тiзбектерiне пломба салынуы тиiс. Тараптардың әрқайсысы өзінің балансындағы коммерциялық есепке алу аспаптарына өз есебiнен тиiстi метрологиялық стандарттарда көзделген мерзiмдерде метрологиялық тексеру жүргiзедi. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан оның (екінші тараптың) коммерциялық есепке алу аспаптарына қосымша тексеру жүргiзудi талап ете алады. Алайда, егер Тараптардың бipi қосымша тексеру жүргiзудi талап етсе, онда ол қосымша тексеруге бастама көтерген Тараптың есебiнен жүргiзiледі. Қосымша тексеру жүргізген кезде коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерi Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде электр энергиясының коммерциялық есепке алу кешендері үшін белгіленген ұйғарынды ауытқулардан асып түскені анықталған жағдайда, онда қосымша тексеру бойынша шығындарды коммерциялық есепке алу аспаптарының иесi төлейдi.

      10. Электр энергиясын есепке алу схемасында бұзушылықтар анықталған кезде барлық бұзушылықтар тiркелген тиiстi акт жасалады. Бұл жағдайда ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызмет көлемі Тараптар қол қоятын тиісті актіні жасай отырып, нақты теңгерім негізінде есептік кезең аяқталғаннан кейін белгіленеді.

5-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      11. Тараптар көрсеткіштерді алу, телеметриялық тізбектердің техникалық жай-күйін және электр энергиясын коммерциялық есепке алу кешенін тексеру мақсатында тәуліктің кез келген уақытында бір-біріне коммерциялық есепке алу аспаптарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндеттенеді. Есеп айырысу кезеңі аяқталған кезде коммерциялық есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алуды Тараптардың уәкілетті өкілдері жүзеге асырады. Егер Тараптардың бiрiнiң уәкiлеттi өкiлi келмесе немесе көрсеткіштерді алудан бас тартса, онда екiншi тараптың уәкiлеттi өкiлiне көрсеткіштерді өз бетiнше алуға рұқсат етiледi.

      Тараптардың уәкілетті өкілдері коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алған кезде коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін салыстыру актісіне қол қойылуы тиіс.

      12. Өнім берушінің шарт талаптары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетуді тоқтатуға құқығы бар.

      13. Өнім беруші Шартта және электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамада белгіленген өзге де әрекеттерді жасауға, сонымен қатар Тұтынушыға ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсетуді мынадай жағдайларда шектеуге немесе толық тоқтатуға құқылы:

      1) Тұтынушы ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызметке ақы төлеу жөніндегі Шарт талаптарын бұзған жағдайда ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсету тоқтатылғанға дейін кемінде 72 сағат бұрын алдын ала жазбаша ескертумен;

      2) жылдық немесе айлық жөндеу графигінде көзделген ұлттық электр желісінда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде оларды жүргізу мерзіміне және ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсету мүмкін болмаған жағдайда Тұтынушыны ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсету тоқтатылғанға дейін кемінде 72 сағат бұрын алдын ала жазбаша ескертумен;

      3) ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсетуге кедергі келтіретін технологиялық бұзылыс туындаған кезде.

      Тұтынушы үшінші тұлғаның электр желісі арқылы жеткізілетін электр энергиясының көлемдері мен сапасы бойынша жауапты болмайды.

      14. Тұтынушы:

      1) Тұтынушы үшінші тұлғалармен жеке шарт жасау жолымен үшінші тұлғалардың электр желілерінде электр энергиясын жеткізу және жедел-диспетчерлік басқару бойынша өзара қарым-қатынасты реттейді.

      2) жасалған шартқа сәйкес ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызметті алуға;

      3) Өнім берушіден жасалған шарт талаптарына сәйкес Өнім берушінің кінәсінен электр энергиясын толық жеткізбеуден немесе сапасыз электр энергиясын жеткізуден келтірілген нақты залалдың орнын толтыруды талап етуге;

      4) Шартты жасауға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге құқылы.

      15. Өнім беруші:

      1) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің ұлттық электр желісіна қол жеткізуі үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге;

      2) тарифтерді белгілеу бөлігінде ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсетуге Шарт жасаған кезде уәкілетті орган ведомствосының шешімдерін басшылыққа алуға;

      3) ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетуде шартта белгіленбеген үзілістерге жол бермеуге;

      4) Тұтынушының электр энергиясын сатып алу көлеміне сәйкес ұлттық электр желісінен тиісті сападағы электр энергиясын беруді жүзеге асыруға міндетті.

      16. Тұтынушы:

      1) тұтынушылардың меншігіндегі электр және энергия қондырғылары мен коммерциялық есепке алу аспаптарының тиісті техникалық жай-күйін ұстап тұруға, Электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындауға;

      2) электр энергиясын сатып алу-сату шарттарында белгіленген энергия тұтыну режимдерін сақтауға;

      3) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының стандартты жиілігін ұстап тұруға бағытталған нормативтік талаптарды орындауға;

      4) ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызметке уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

      5) Өнім берушінің қызметкерлерін коммерциялық есепке алу аспаптарына, сонымен қатар Мемлекеттік энергетикалық бақылау қызметкерлерін электр қондырғыларының техникалық жай-күйі мен пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін жіберуге;

      6) электр энергиясын беру пункттерінде қабылдауға;

      7) оның басқаруындағы және жүргізуіндегі электр тораптарын пайдалану қауіпсіздігін және ол пайдаланатын электр энергиясы мен қуатын тұтынуға байланысты аспаптар мен жабдықтардың жарамдылығын қамтамасыз етуге;

      8) тоқсан сайын, алған күнінен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде келіспеушіліктер көрсетілген немесе көрсетілмеген, тоқсанның соңғы күніндегі жай-күй бойынша шарттар бөлігіндегі өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісіне қол қоюға;

      9) болған жағдайда деректерді жүйелік оператордың диспетчерлік орталықтарымен келісілген көлемде автоматты түрде беруді жүзеге асыруға міндетті;

      10) ай сайын, алған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде келіспеушіліктерді көрсете отырып немесе онсыз айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша шарттар бөлінісінде коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін салыстыру актісіне қол қоюға міндетті.

      17. Тұтынушының Шарт бойынша ақшалай міндеттемелерін бұзуына байланысты ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметтерді көрсетуге шектеулер енгізілген немесе қызмет көрсету тоқтатылған жағдайда, Өнім беруші Тұтынушыға шектеулер енгізілгенге дейін немесе қызмет көрсету тоқтатылғанға дейін кемінде 72 сағат бұрын хабарлайды. Бұл ретте Өнім беруші ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызмет көрсетуді тоқтатудың ықтимал салдары үшін жауап бермейді.

      18. Егер Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетуді шектеу қажеттілігі Өнім берушінің электр желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуден туындаған жағдайда, соңғысы Тұтынушыны дереу хабардар етеді.

      19. Шарттың 15-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда Өнім берушінің кінәсінен электр энергиясын толық жеткізбеуге ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызмет көрсетуді шектеу немесе тоқтату енгізілмейді.

6-тарау. Төлем тәртібі

      20. Өнім берушінің ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызметіне ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифке сәйкес жүргізіледі.

      21. Тариф өзгерген жағдайда Өнім беруші бұл туралы Тұтынушыны Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде жазбаша немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.

      22. Түпкілікті есеп айырысуды Тұтынушы Өнім берушінің орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісі негізінде төлеуге берілетін шот-фактурасын ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      23. Тұтынушы Шарттың 7-тармағында көзделген мерзімде ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілген қызмет көлемін салыстырып тексеру актісін ұсынбаған немесе келіспеген жағдайда, өткен есептік кезең үшін Өнім берушінің қызметіне ақы төлеу мөлшері келесі есептік кезеңде Өнім берушінің қызметіне ақы төлеу мөлшерін кейіннен түзете отырып, нақты теңгерім негізінде ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілген қызмет көлемін салыстырып тексеру актісін ұсынған кезде ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілген қызмет көлемі туралы Өнім берушінің қолда бар жедел деректеріне сәйкес айқындалады.

      24. Өткен кезеңдер үшін берешек болған кезде, бірінші кезекте төлем осы берешекті өтеуге жұмсалады. Тұтынушы есеп айырысу кезеңіндегі нақты сомадан асатын соманы төлеген жағдайда, бұл асып кетудің айырмасы автоматты түрде келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлеміне есептеледі.

      25. Егер Тұтынушы берілген шот-фактураның дұрыстығына дау айтса, ол шот-фактураны алған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде Өнім берушіні хабардар етеді және Өнім берушіге келіспеушіліктер көрсетілген жазбаша өтініш береді. Бұл ретте Тұтынушы жоғарыда көрсетілген мерзімдерде шот-фактураның дауланбаған бөлігін төлеуге міндетті.

      26. Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілген қызмет көлемін салыстырып тексеру актісіне қол қойылғаннан кейін бақылау-өлшеу аспаптарында ақаулар анықталған жағдайда, Өнім беруші ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілген қызмет көлемін салыстырып, тексерудің түзетілген және өзара қол қойылған актісі негізінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде бұрын қойылған шот-фактураның күшін жою жолымен түзетілген шот-фактураны жазып береді.

      27. Өнім берушінің Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызметіне ақы төлеу бойынша Тұтынушының міндеттемелерінің орындалуы деп шот-фактурада көрсетілген деректемелер бойынша Өнім берушінің ағымдағы шотына немесе Тұтынушыға жіберілген хабарламада Өнім беруші көрсеткен деректемелер бойынша үшінші тараптың ағымдағы шотына ақша аудару танылады.

7-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      28. Төлем мерзімі жақындаған сәтте шот-фактураны төлемегені үшін Өнім беруші төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап Тұтынушы төлемеген сомалар бойынша тұрақсыздық айыбын есептейді. Мерзімі өткен сомалар бойынша Өнім беруші Тұтынушыдан төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін ақшалай міндеттемені Тұтынушының нақты орындаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген 1,5 еселенген базалық мөлшерлеме негізінде есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.

      Төлемдерді осы Шартта көзделген мерзімдерде төлемеген кезде Өнім беруші осы Шарттың 19-тармағында белгіленген тәртіппен электр энергиясын беруді шектеуге немесе тоқтатуға құқылы, бұл туралы Тұтынушыға шектеулер енгізілгенге дейін кемінде 72 сағат бұрын хабарлайды.

      29. Төлемақының жүргізілмеуіне немесе уақтылы төленбеуіне, сонымен қатар электр энергиясын бірыңғай сатып алушының және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының электр энергиясын толымсыз босатуы салдарынан шектеу немесе ажырату кезінде туындайтын салдарлар үшін жауапкершілік толығымен Тұтынушыға жүктеледі.

      30. Өнім берушінің Шартта көзделмеген ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетудің үзілісі, тоқтауы немесе шектелуі үшін Тұтынушы алдындағы жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

      31. Өнім беруші жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (аумақтық диспетчерлік орталық) белгілеген қондырғылары мен көлем кезінде аварияға қарсы автоматиканың әрекетінен туындаған ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетудің үзілісі, тоқтатылғаны немесе шектелгені үшін Тұтынушы алдында жауапты болмайды.

8-тарау. Еңсерілмейтін мән-жайлары

      32. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер ол еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысының шығындарының өтелуіне құқықтары болмайды. Тараптардың кез келгенінің талабы бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы Шарт бойынша еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғанға дейін туындаған міндеттерден босатылмайды.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, туындаған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Тараптар Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш жағдайларының басталған күні мен сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны кейіннен тапсыра отырып немесе почта арқылы жіберіп, бұл туралы бір-бірін хабардар етеді.

      33. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайлары қолданылған мерзімге, бірақ мұндай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын жағдайда, Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапты Шарттың болжамды бұзылатын күніне дейін кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын алдын ала хабардар еткен жағдайда бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.

9-тарау. Басқа ережелер және дауларды шешу

      34. Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсету шарты Тұтынушымен жеке тәртіппен жасалады.

      35. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша тұтастай немесе Шарттың ережелеріне қатысты қандай да бір мәселеге немесе әрекетке байланысты қандай да бір дау немесе келіспеушілік туындаған жағдайда, Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, талап қоюға құқылы.

      Тараптар барлық дауларды келіссөз жүргізу жолымен реттеу үшін бар күш-жігерін жұмсайды.

      36. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша сотта шешіледі.

      Тараптардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайларда Шартты бұзуға құқығы бар.

      37. Тараптардың Шарттан туындайтын және Шартпен реттелмейтін қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      38. Шарт қазақ және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар екі данада, әрбір Тарап үшін бір-бір данадан жасалды.

      39. Шарт Тараптардың келісімі бойынша үлгі Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.

10-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      40. Шарт 2023 жылғы 1 шілдедегі сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді және 2023 жылғы 31 желтоқсандағы сағат 24:00-ге дейін қолданылады (орта еуропалық уақыт - Гринвич меридианы уақыты плюс бір сағат).

      41. Егер Тараптардың бірі бұл туралы Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін отыз күнтізбелік күн бұрын мәлімдесе, Шарттың қолданылу мерзімі ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі қызмет көлемін нақтылай отырып, белгілі бір мерзімге ұзартылады. Шарттың мерзімін ұзарту Шарттың қосымша келісімімен ресімделеді.

      Мерзім аяқталғаннан кейін Шартты тоқтату немесе өзгерту туралы Тараптардың бірінің өтініші болмаған жағдайда, ол Шартта көзделген сол мерзімге және сол талаптармен ұзартылған болып есептеледі.

11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері мен қолы

      Өнім беруші: _______________                         Тұтынушы: ________________

      ___________________________                         __________________________

      ___________________________                         __________________________

      ___________________________                         __________________________