"Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 157 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32963 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары Төрағаларының және олардың орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмалары және оларды орындау жөніндегі құжаттар:
1) әзірлеу және бекіту орны бойынша;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.
Тапсырмада көрсетілген барлық мемлекеттік органдар (ұйымдар) тапсырманы орындау үшін жауапты болып табылатын жағдайларда, олар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне тапсырманы орындау жөніндегі құжаттарды қағаз жеткізгіште және олармен бірдей электрондық құжаттар түрінде ұсынады.

2) басқа ұйымдарда

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

      ";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты Басшысының және оның орынбасаларының тапсырмалары және оларды орындау жөніндегі құжаттар

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

      ";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

12

Ұйым басшысының нормативтік емес құқықтық актілері (бұйрықтары мен өкімдері):
1) негізгі (өндірістік) қызмет бойынша;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

2) жеке құрам бойынша (жұмысқа қабылдау, тағайындау, оқуға қабылдау), жұмыстан босату (шығару), ауысу, аттестаттау, білім алу, біліктілікті арттыру, атақтар (шендер) беру, тегінің (әкесінің атын) өзгергені, көтермелеу, марапаттау, еңбекақы төлеу, сыйақы беру, төлемдер, жәрдемақылар, тәртіптік жазалар қолдану мен алу туралы)

75 жыл СТК

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

3) жеке құрам бойынша (іссапарлар, демалыстар, көтермелеу, біліктілікті арттыру, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік жазаларды қоспағанда, тәртіптік жазалар қолдану мен алып тастау туралы)

5 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

      ";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15

Мыналардың хаттамалары, шешімдері, ұсыныстары, қорытындылары, стенограммалары (аудиовизуалды жазбалар) және оларға қатысты құжаттар (анықтамалар, қорытындылар, баяндамалар және басқа құжаттар):
1) Қазақстан Республикасы Президентімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығымен шақырылатын отырыстардың, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сот, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстарының;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

2) Қазақстан Республикасы Парламенті және оның палаталарының, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының тұрақты комитеттері мен комиссияларының, Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар отырыстарының;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдары отырыстарының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты Басшысының кеңестерінің;

Тұрақты

Электрондық
құжаттар*
.

4) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары отырыстарының;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

5) республикалық, мемлекеттік тұрақты комиссиялардың, алқалардың, орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың өзге де консультативтік-кеңесші органдары отырыстарының;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

6) мәслихат сессиялары мен оның органдарының, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссиялары отырыстарының;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

7) республикалық бюджеттік комиссияның, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиялары отырыстарының;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

8) акционерлердің жалпы жиналыстарының, акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің, шаруашылық серіктестіктер құрылтайшыларының (қатысушыларының);

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.
Тиісті ақпараттық жүйе бар болған жағдайда.

9) ұйымның комиссиялары, кеңестері, алқалық, атқарушы және консультативтік-кеңесші органдарының;

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.
Тиісті ақпараттық жүйе бар болған жағдайда.

10) ұйымның жұмыс топтарының, уақытша комиссияларының;

3 жыл

Электрондық құжаттар*.

11) ұйым жұмыскерлерінің жалпы жиналыстарының (конференцияларының);

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

12) жария тыңдаулардың;

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

13) азаматтардың жиналыстарының (жиындарының);

5 жыл СТК

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар

14) ұйым басшысындағы аппараттық (жедел) кеңестердің;

3 жыл СТК

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

15) ұйымның құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің кеңестерінің

Қажеттілігі өткенге дейін

Электрондық құжаттар*.

      ";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

17

Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар және техникалық реттеу
1) әзірлеу және бекіту орны бойынша

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

2) басқа ұйымдарда

Жаңамен ауыстырғанға дейін

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар

      ";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

21

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарларымен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарларымен, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты Басшысымен және оның орынбасаларымен хат алмасу

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

      ";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

27

Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың өткізілуі және нәтижелері, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы құжаттар

5 жыл СТК

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

      ";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

36

Аудит өткізу стандарттары, әдістемелері
1) әзірлеу және бекіту орны бойынша

Тұрақты

Электрондық құжаттар*.

2) басқа ұйымдарда

Жаңамен ауыстырғанға дейін

Электрондық құжаттар*.

      ";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

39

Заңды тұлғаларды мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу), құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар (ұйымды құру туралы шешім, мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы өтініш (хабарлама), құрылтай және құқық белгілеу құжаттары, заңды тұлғаларды, оның филиалдарын (өкiлдiктерін) есептiк тiркегенi үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат, хаттамалар және басқа құжаттар)

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар

      ";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

40

Заңды тұлғаларды тіркеу есебінен шығару туралы құжаттар (тіркеу есебінен шығару туралы өтініш, шешім, заңды тұлғалардың таратылуы, кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы ақпараттың Әдiлет министрлiгiнiң ресми баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат және басқа құжаттар)

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар

      ";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

48

Заңды тұлғалар (филиалдар, өкілдіктер) туралы жарғылар, құрылтай шарттар, ережелер

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

      ";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

68

Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бойынша құжаттар

10 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

      ";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

73

Сәйкестік туралы декларациялар мен сәйкестікті сертификаттау рәсімдерін жүргізу мәселелері бойынша құжаттар

10 жыл

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. Сертификаттың қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін

      ";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

75

Сәйкестік сертификаттарын және сәйкестік туралы декларацияларын беру тізілімі

10 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

101

Әкімшілік, азаматтық, қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша сот актілері

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

      ";

      116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

116

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері жөніндегі құжаттар (хат алмасу, іс-шаралар жоспарлары, құжаттарды есепке алу, сақтау және олармен жұмыс істеу, режимдік үй-жайларды және олардың жабдықтарын орналастыру, ерекше маңызы бар мәліметтерге рұқсат беру мен қол жеткізуді ресімдеу және ұсыну, құжаттармен танысуға рұқсат беру, режимдік үй-жайды пайдалануға енгізу мәселелері)

5 жыл СТК

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.
Ерекше маңызы бар мәліметтерге рұқсат беру және қол жеткізу үшін – қызметкер жұмыстан шығарылғаннан кейін.
Режимдік үй – жайларды пайдалануға беру туралы құжаттар үшін-Үй-жайлар режимдік үй-жайлар тізбесінен шығарылғаннан кейін

      ";

      122-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

122

Мыналарды тіркеу кітаптары, карточкалары, журналдары (автоматтандырылған ақпарат жүйесіндегі электрондық тіркеу-бақылау нысандары):
1) заңнамалық актілерді және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. Ұйымда сақталады. Егер ғылыми-анықтамалық аппарат ретінде пайдалану мүмкіндігі болса, тұрақты мемлекеттік сақтауға қабылдануға жатады

2) ұйым басшысының негізгі қызмет бойынша (өндірістік) нормативтік емес құқықтық актілерін (бұйрықтар мен өкімдерді);

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. Ұйымда сақталады. Егер ғылыми-анықтамалық аппарат ретінде пайдалану мүмкіндігі болса, тұрақты мемлекеттік сақтауға қабылдануға жатады

3) ұйым басшысының жеке құрам бойынша (жұмысқа қабылдау (тағайындау, оқуға қабылдау), жұмыстан босату (шығару), ауысу, аттестаттау, білім алу, атақтар (шендер) беру, тегінің (әкесінің атын) өзгергені, марапаттау, еңбекақы төлеу, сыйақы беру, төлемдер, жәрдемақылар, тәртіптік жазалар қолдану мен алу туралы) нормативтік емес құқықтық актілерін (бұйрықтар мен өкімдерді);

75 жыл СТК

Электрондық құжаттар* Ұйымда сақталады. Егер ғылыми-анықтамалық аппарат ретінде пайдалану мүмкіндігі болса, тұрақты мемлекеттік сақтауға қабылдануға жатады

4) ұйым басшысының жеке құрам бойынша (іссапарлар, демалыстар, көтермелеу, біліктілікті арттыру, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік жазаларды қоспағанда, тәртіптік жазалар қолдану мен алып тастау туралы) нормативтік емес құқықтық актілерін (бұйрықтар мен өкімдерді);

5 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

5) кіріс, шығыс және ішкі құжаттарды;

5 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

6) құжаттардың орындалуын;

3 жыл

Электрондық құжаттар*.

7) телеграммаларды, телефонхаттарды, факстерді, сөйлесулерге өтінімдерді;

3 жыл

Электрондық құжаттар*.

8) аудиовизуалды құжаттарды;

3 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      126-тармақ алып тасталсын;

      130, 131-тармақтар алып тасталсын;

      148-тармақ алып тасталсын;

      179-тармақ алып тасталсын;

      190-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

190

Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасы

Тұрақты

Электрондық құжаттар. *

      ";

      262-тармақ алып тасталсын;

      418-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

418

Қызметкерлер мен құрылымдық бөлімшелердің еңбек тиімділігінің талдауы:
1) жиынтық жылдық;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

2) тоқсандық

Тұрақты

Электрондық құжаттар*. Жылдық болмаған жағдайда – тұрақты.

      ";

      467-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

467

Еңбек шарттары, келісім-шарттар

75 жыл

Электрондық құжаттар. *.
Тиісті электрондық жүйе бар болған жағдайда

      ";

      470-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

470

Жұмысқа қабылданбаған тұлғалардың құжаттары

Қажеттілігі өткенге дейін

Электрондық құжаттар. *.

      ";

      472-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

472

Жеке істердің құрамына енбеген құжаттар (декларацияны тапсыру туралы анықтама, 075 анықтама, психикалық және наркологиялық диспансерлерден анықтама

5 жыл

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

      ";

      473-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

473

Жұмыскерлердің дербес деректерді өңдеуге келісім беру туралы өтініштері

1 жыл

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

      ";

      475-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      479-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

479

Жұмыскерлердің еңбек өтілдерін белгілеу бойынша комиссия отырыстарының хаттамалары және оның құжаттары

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      483-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      484-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

484

Тізімдер (электрондық деректер базасы):
1) жоғарғы және орта арнаулы білімі бар инженерлік-техникалық қызметкерлердің;

75 жыл

Электрондық құжаттар*. Тиісті ақпараттық жүйе бар болған жағдайда.

2) жоғарғы және арнаулы орта білімі бар жас мамандардың;

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

3) диссертация қорғаған және ғылыми дәреже алған тұлғалардың;

5 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

4) лауазымы бойынша жоғарылауға үміткерлердің;

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

5) аттестаттаудан өткен тұлғалардың;

3 жыл

Электрондық құжаттар*.

6) Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалардың;

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

      ";

      519-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      526-тармақ алып тасталсын;

      539-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

539

Дипломатиялық және қызметтік паспорттарды ресімдеу, қайта тіркеу және жою бойынша құжаттар, сонымен қатар, журналдар (электрондық деректер базасы)

5 жыл

Электрондық құжаттар*.

      ";

      543-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

543

Аналитикалық ақпарат, бұқаралық ақпарат құралдарына шолулар, сапарлар кестесі, дипломатиялық өкілдіктердің жеке құрамының тізімдері, аккредиттелген елдеріндегі Қазақстан Республикасының имидждік қызметі туралы есептер

5 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

      ";

      546-тармақ алып тасталсын;

      561-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

561

Ақпараттық қызмет, маркетинг туралы құжаттар

5 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

      ";

      565-тармақ алып тасталсын;

      569-тармақ алып тасталсын;

      656-тармақ алып тасталсын;

      667-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

667

Ғимараттарды, құрылыстарды жылу маусымына дайындау және дүлей апаттардың алдын алу шаралары туралы құжаттар

3 жыл

электрондық құжаттар.

      ";

      693-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

693

Байланыс құралдарын орнатуға және пайдалануға берілген рұқсат қағаздары

5 жыл СТК

Электрондық құжаттар*.

      ";

      694 -тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

694

Ішкі байланысты ұйымдастыру, пайдалану, жалға беру және жөндеу туралы шарттар

5 жыл

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. Шарттың қолдану мерзімі өткеннен кейін.

      ";

      709-тармақ алып тасталсын;

      710-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

710

Өрттің шығу себептерін анықтау туралы құжаттар (хат алмасу, актілер )

5 жыл СТК

Қағаз жеткізгіштегі құжат және онымен бірдей электрондық құжаттар.
Адам зардаптары барлары – тұрақты.

      ";

      715-тармақ алып тасталсын;

      718-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

718

Өртке қарсы жабдықтар мен керек-жарақтарды сатып алу туралы құжаттар (хат алмасу, тізімдер)

3 жыл

Электрондық құжаттар*.
Тізімдер үшін – Жаңамен ауыстырғаннан кейін

      ";

      719-тармақ алып тасталсын;

      721-тармақ алып тасталсын;

      725-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

725

Күзет бекеттерінің орналасуы туралы құжаттар (схема, ұйымның өткізу және объектішілік режимі мәселелері бойынша хат алмасу)

5 жыл

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. Күзет бекеттерінің орналасу схемасы жыл сайын жаңартылалады

      ";

      728-тармақ алып тасталсын;

      738-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

738

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын есепке алу жөніндегі есепке алу карточкалары, ведомостері (деректер базасы)

5 жыл

Электрондық құжаттар*.
Тиісті ақпараттық жүйе бар болған жағдайда.

      ";

      748-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

748

Қызметкерлерге медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсету туралы құжаттар (шарттар, хат алмасу, жолдамалар)

5 жыл

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. Шарттың қолдану мерзімі өткеннен кейін.

      ";

      749, 750, 751-тармақтар алып тасталсын;

      775-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

775

Пәтер иелері кооперативтері басқармаларының хаттамалары

Тұрақты

Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар.

      ";

      Құжаттар түрлерінің көрсеткішінде:

      709-тармағындағы өрт туралы актілер алып тасталсын;

      749-тармағындағы жұмыскерлерге медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету туралы шарттар алып тасталсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "БАЯНДАМАЛАР:

      Қазақстан Республикасы Президентімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығымен шақырылатын отырыстардың, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соттың, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстарына";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "БАЯНДАМАЛАР:

      Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдары отырыстарының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппаратының Басшысының кеңестерінің";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚОРТЫНДЫЛАР:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдары отырыстарының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппаратының Басшысының кеңестерінің";

      179-тармағындағы ұйымның жылдық жоспарларын өзгерту туралы құжаттама алып тасталсын;

      565-тармағындағы ұйымның маркетингтік зерттеулерінің бағдарламалары және оларды орындау бойынша құжаттама алып тасталсын;

      750-тармағындағы жұмыскерлерге медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету туралы құжаттама алып тасталсын;

      751-тармағындағы санаториялық-курорттық жолдамалар алу туралы құжаттама алып тасталсын;

      728-тармағындағы ұйымның өткізу және объектішілік режимі мәселелері бойынша құжаттама алып тасталсын;

      126-тармағындағы құжаттарды ұсыну, аса маңызды, өте құпия және құпия мәліметтерге рұқсат беру және қол жеткізуді ресімдеу және беру жөніндегі құжаттама алып тасталсын;

      148-тармағындағы құжаттармен танысуға рұқсат беру туралы журналдар алып тасталсын;

      569-тармағындағы техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпараттың сыныптауыштары алып тасталсын;

      131-тармағындағы мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтері бар құжаттарды есепке алу, сақтау және олармен жұмыс жасау және құпиялылық режимін қамтамасыз ету мәселелері бойынша хат алмасу алып тасталсын;

      121-тармағындағы басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және құжаттарды архивтік сақтау мәселелері бойынша хат алмасу алып тасталсын;

      130-тармағындағы режимдік үй-жайларды және олардың құрал-жабдықтарын орналастыру мәселелері бойынша хат алмасу алып тасталсын;

      565-тармағындағы ұйымның маркетингтік зерттеулерінің бағдарламалары және оларды орындау бойынша бағдарламасының алып тасталсын;

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "ХАТ АЛМАСУ:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарларымен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарларымен, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты Басшысымен және оның орынбасаларымен хат алмасу";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "ТАПСЫРМАЛАР:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты Басшысының және оның орынбасаларының тапсырмалары және оларды орындау жөніндегі";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "ХАТТАМАЛАР:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдары отырыстарының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты Басшысының кеңестерінің";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҰСЫНЫСТАР:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдары отырыстарының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты Басшысының кеңестерінің";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "ШЕШІМДЕР:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдары отырыстарының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты Басшысының кеңестерінің";

      719-тармағындағы өртке қарсы жабдықтар мен керек-жарақтардың тізімдері алып тасталсын;

      484-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "ТІЗІМДЕР:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалардың";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "СТЕНОРГАММАЛАР:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдары отырыстарының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты Басшысының кеңестерінің";

      484-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЭЛЕКТРОНДЫҚ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалардың тізімдері";

      719-тармағындағы өртке қарсы жабдықтар мен керек-жарақтардың электрондық дерекқорлары алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Оралов

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі



"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуратурасы

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі



"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі



"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министірлігі



"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі



"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс Басқармасы



"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитеті

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі



"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі



"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі



"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі



"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі



"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі