Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 407 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 маусымда № 32896 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 23 маусымдағы
№ 407 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Туындыларды көпшілік алдында орындау, көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны үшін, туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын қолдану тәртiбi жөнiндегі нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 362 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3372 болып тіркелген).

      2. "Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 461 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19387 болып тіркелген).

      3. "Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берілетін сыйақының ең төменгі ставкаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 461 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 1033 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31189 болып тіркелген).