"Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 7-1/179 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 16 маусымдағы № 234 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 19 маусымда № 32840 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 7-1/179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10749 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және процессингтік орталықтың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 4), 8) и 9) тармақшалары алып тасталсын;

      3-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдардың (құралдардың) және атрибуттардың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында (бұдан әрі – Бірдейлендіру қағидалары) белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау;";

      4), 6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді жеке нөмірлер эмиссиясы жөніндегі дерекқорда тіркеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/678 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11926 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларына (бұдан әрі – Тіркеу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.";

      9-тармақ алып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Процессингтік орталықтың ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың Бірдейлендіру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтауы оларды тіркеу кезінде Тіркеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      5, 7 және 8-тараулар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев