Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 2 маусымдағы № 38 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 маусымда № 32713 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2023 жылғы 2 маусымдағы
№ 38 Қаулыға
қосымша

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. . "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің, қор биржасының, клирингтік ұйымның және (немесе) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын есеп айырысу ұйымының (бұдан әрі – есеп айырысу ұйымы) және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымының электрондық құжаттармен алмасу жүйесіне кіру үшін рұқсаты (пайдаланатын парольдері) бар брокер және (немесе) дилердің қызметкерлерінің жауапкершілігі белгіленеді.

      Қағидалардың мақсаттары үшін шетелдік есеп айырысу ұйымы ретінде мыналар түсініледі:

      Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі;

      Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі;

      орталық депозитарий мәртебесі бар ұйым, осы заңды тұлға шыққан елдің шетелдік қадағалау органы Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының Консультациялар беру, ынтымақтасу және ақпаратпен алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойған;

      Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел ұйымы;

      заңды тұлға ретінде тіркелген елдің заңнамасына сәйкес Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды мынадай талаптарға сәйкес жүзеге асыратын шетелдік ұйым:

      осы заңды тұлға шыққан елде бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және (немесе) қадағалау функциясын жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – шетелдік қадағалау органы) берген бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы (рұқсаты) бар;

      осы заңды тұлға шыққан елдің шетелдік қадағалау органы Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының Консультациялар беру, ынтымақтасу және ақпаратпен алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойған және (немесе) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті қадағалау саласындағы уәкілетті орган мен осы шетелдік қадағалау органы арасында ынтымақтастық және ақпарат алмасу туралы халықаралық келісім бар;

      Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елде тіркелген заңды тұлға болып табылады, немесе мынадай бір немесе бірнеше халықаралық қаржы қауымдастығына мүшелігі бар: Капитал нарықтарының халықаралық қауымдастығы (ICMA), Валюта және ақша нарықтары кәсібилерінің халықаралық қауымдастығы (ACI the Financial Markets Association), Еуропа қаржы нарықтарының қауымдастығы (AFME), немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында тіркелген болып табылады.".

      2. "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      33-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-6. Бір тұлға және оның үлестес тұлғалары шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері құнынан 10 (он) пайыздан аспауға тиіс.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде бір-біріне қатысты үлестес тұлғалар шығарған (ұсынған) инвестициялардың жиынтық мөлшері бөлігінде белгіленген нормалар дауыс беретін акцияларынан 50 (елу) пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке немесе Қазақстан Республикасынң Ұлттық Банкіне тиесілі, бір-біріне қатысты үлестес тұлғалар шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына қатысты қолданылмайды

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде белгіленген нормалар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар мен қаржы құралдарына, сондай-ақ орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын қаржы құралдарына қатысты қолданылмайды.

      Зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың осы зейнетақы активтерін есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын кастодианның банк шоттарындағы шетел валютасындағы қалдықтарды қоса алғанда, шетел валютасында номиналданған қаржы құралдарына жиынтық мөлшері инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері құнынан 50 (елу) пайыздан кем болады.

      Зейнетақы активтері есебінен эмитенттің бір шығарылымының борыштық бағалы қағаздарына инвестициялардың жиынтық мөлшері эмитенттің осы шығарылымының орналастырылған борыштық бағалы қағаздарының жалпы санынан 50 (елу) пайыздан кем болады.

      Қазақстан Республикасының ұйымы шығарған акцияларға, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акцияларға зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері осы эмитенттің дауыс беретін акцияларының жалпы санынан 10 (он) пайыздан кем болады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы және инвестициялық портфельді басқарушылардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің интернет-ресурсында жариялаған зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерге сәйкес осы эмитенттің дауыс беретін акцияларының жалпы санынан 10 (он) пайыздан асқан жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы активтері есебінен Қазақстан Республикасының ұйымы шығарған акцияларды, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акцияларды сатып алу жөнінде шешімдер қабылдамайды.".

      3. "Зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осы зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту және "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 15 ақпандағы № 29 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22218 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыға қойылатын талаптарда, сондай-ақ осы зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Уәкілетті орган зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін Талаптардың осы тармағының екінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімін (бұдан әрі – басқарушылар тізілімі) жүргізеді және ай сайын өзінің интернет-ресурсына орналастырады.

      Зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін инвестициялық портфельді басқарушы мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

      1) Талаптардың осы тармағының үшінші бөлігінде белгіленген талаптарды ескере отырып, меншікті капиталдың мөлшері кемінде 3 000 000 000 (үш миллиард) теңгені құрайды;

      2) Талаптардың осы тармағының төртінші бөлігінде белгіленген тәртіппен есептелген, басқарушылар тізіліміне енгізілген күннің алдындағы соңғы 36 (отыз алты) ай ішінде кемінде 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге сомасында инвестициялық портфельді басқару тәжірибесінің болуы;

      3) инвестициялық портфельді басқарушының басқарушылардың тізіліміне енгізу күнінің алдындағы соңғы 2 (екі) аяқталған қаржы жылының әрқайсысының нәтижелері бойынша аудиторлық есеппен расталған, қызметінің зиян шеккен фактілерінің болмауы;

      4) басқарушылардың тізіліміне енгізу күнінің алдындағы соңғы 6 (алты) айдың ішінде уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді бұзу фактілерінің болмауы;

      5) басқарушылардың тізіліміне енгізу күні уәкілетті органның инвестициялық портфельді басқарушыға және (немесе) оның ірі қатысушысына қатысты қолданған, орындалмаған және (немесе) қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының, санкциялардың, әкімшілік өндіріп алулардың және өзге де ықпал ету шараларының болмауы;

      6) басқарушылардың тізіліміне енгізу күні инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық орнықтылығын арттыру жөніндегі ерте ден қою шараларын және (немесе) қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту шараларын көздейтін орындалмаған іс-шаралар жоспарларының болмауы;

      7) инвестициялық портфельді басқарушыда инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп пайызын иеленетін (дауыс беруге мүмкіндігі бар) және Қазақстан Республикасының резиденті немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-дан" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің ұқсас деңгейде рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымы болып табылатын акционерінің болуы;

      8) басқарушылардың тізіліміне енгізу күні инвестициялық портфельді басқарушының және (немесе) оның басшы қызметкерлерінің бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған мәмілелерге қатысу фактілерінің басқарушылардың тізіліміне енгізу күнінің алдындағы соңғы 12 (он екі) айдың ішінде болмауы;

      9) инвестициялық портфельді басқарушының басқарушылар тізіліміне енгізілген күннен бастап қадағалап ден қою шараларын қолдану негіздерін уәкілетті орган белгілеген мерзімде жоймау фактілерінің болмауы;

      10) басқарушылардың тізіліміне енгізген күннен бастап инвестициялық портфельді басқарушының және (немесе) оның басшы қызметкерлерінің бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған мәмілелерді жасау фактілерінің (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) болмауы.

      Егер инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталы 5 000 000 000 (бес миллиард) теңгеден кем болған жағдайда, зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт бойынша инвестициялық портфельді басқарушы қабылдаған зейнетақы активтерінің көлемі инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының 10 (он) еселенген мөлшерінен аспайды.

      Талаптардың осы тармағының екінші бөлігінің 2) тармақшасының мақсаттары үшін уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушыны басқарушылардың тізіліміне енгізген күннің алдындағы 36 (отыз алты) айдан әрқайсысының соңындағы жағдай бойынша үлестес емес клиенттердің инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық басқаруындағы активтері құнының орташа арифметикалық мәні (қаржы құралдарынан басқа өзге мүліктің құнын, акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін және дебиторлық берешек сомаларын қоспағанда) есепке алынады.

      Инвестициялық портфельді басқарушыда инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жүз пайызын иеленетін (дауыс беруге мүмкіндігі бар) және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-дан" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің ұқсас деңгейде рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымы болып табылатын акционері болған жағдайда:

      Талаптардың осы тармағының екінші бөлігінің 2) тармақшасының талаптарына сәйкес болу мақсатында, Қазақстан Республикасының осы бейрезидент-ұйымының инвестициялық портфельді басқарудағы белгіленген тәжірибесі қабылданады;

      Талаптардың осы тармағының екінші бөлігінің 3) тармақшасының талабы Қазақстан Республикасының осы бейрезидент-ұйымына және инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты қолданылады.

      Инвестициялық портфельді басқарушыны басқарушылар тізілімінен алып тастау зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу үшін негіз болып табылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Инвестициялық портфельді басқарушы сенімгерлік басқаруда тұрған зейнетақы активтерін Талаптарға қосымшада көрсетілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

      Инвестициялық портфельді басқарушыда сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері құнының 3 (үш) пайызынан аспайтын инвестициялардың жиынтық мөлшері Талаптарға қосымшаның 11-тармағында көрсетілген қаржы құралдарын қоспағанда, зейнетақы активтерін Талаптарға қосымшада көрсетілген қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері инвестициялық декларацияда белгіленеді.";

      Талаптарға Қосымша осы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне сәйкес редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығы
және зейнетақымен
қамсыздандыру мәселелері
бойынша өзгерістер
енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
қосымша
  Зейнетақы активтері сенімгерлік
басқаруға берілуі мүмкін
инвестициялық портфельді
басқарушыға қойылатын
талаптарға, сондай-ақ
осы зейнетақы активтерінің
есебінен сатып алуға
рұқсат етілген қаржы
құралдарының тізбесіне
қосымша

Зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі

Қаржы құралының атауы

1

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес бастама жасалған), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдеме беруімен және (немесе) кепілімен шығарылған бағалы қағаздар

2

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

3

Акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар

4

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес "Қазақстанның Даму Банкі", "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі, "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

5

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар мынадай талаптардың біріне сәйкес келген кезде:
банктердің Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-ден төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы, немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzА-" төмен емес рейтингтік бағасы бар;
банктер бейрезидент-бас банкі Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) не Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент- еншілес банк болып табылады

6

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-дан төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) не Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент- банктердегі салымдар

7

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+" төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) не Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар келесі халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздары:
Азия Даму Банкі (the Asian Development Bank);
Америка аралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);
Африка даму банкі (the African Development Bank);
Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);
Еуропалық Инвестициялық Банк (the European Investment Bank);
Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);
Жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясы (the Islamic Corporation for the Development of the Private Sector);
Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);
Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көпжақты агенттік (the Multilateral Investment Guarantee Agency);
Скандинавиялық инвестициялық банк (the Nordic Investment Bank);
Халықаралық валюта қоры (the International Monetary Fund);
Халықаралық даму қауымдастығы (the International Development Association);
Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық (the International Centre for Settlement of Investment Disputes);
Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);
Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);
сондай-ақ жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасының үлесі 25%-дан кем емес халықаралық қаржы ұйымы шығарған бағалы қағаздар

8

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) не Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

9

Шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ"-ден төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) не Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел эмитенттерінің акциялары, және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар; негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін шетелдік эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ"-ден төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) не Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар

10

Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:
қор биржасында инвесторлардың кең ауқымы арасында жария ұсыныс (сату) шеңберінде орналастырылған (орналастырылатын) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік секторы эмитенттерінің акциялары және (немесе) базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар;
заңды тұлғалардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары және базалық активтері осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар;
негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін заңды тұлғалардың акциялары;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) не Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар не Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB"-ден төмен емес рейтингтік бағасы бар, басқа да мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары);
бұрын шығарылған бағалы қағаздарға не осы эмитенттің өзге де міндеттемелеріне айырбастау мақсатында эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау шеңберінде шығарылған бағалы қағаздар

11

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" не "Баламалы" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген және сомасы мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздардың номиналды құнының кемінде 50 (елу) пайызын өтейтін "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстанның Даму банкі" акционерлік қоғамының кепілдігі бар аталған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар.

12

Morningstar (Морнинстар) рейтингтік агенттігінің "3 жұлдыздан" төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange Traded Commodities (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайлары

13

Басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімінің "Аралас" алаңының "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторының талаптарына сәйкес келетін аралық инвестициялық пай қорларының пайлары

14

Активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын немесе пайлары бойынша баға белгіленімі негізгі қор индекстеріне байланған Exchange Traded Funds (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайлары

15

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы елдердің шетел валютасы

16

Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған және "Лондон сапалы өнім беру" ("London good delivery") стандарты ретінде аталған қауымдастықтың құжаттарында белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін аффинирленген бағалы металдар және металл депозиттер, оның ішінде Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА"-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар жиырма айдан аспайтын мерзімге Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктеріндегі металл депозиттер

17

Хеджирлеу мақсатында жасалған, осы қосымшаға сәйкес зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары базалық активі болып табылатын мынадай туынды қаржы құралдары:
опциондар;
фьючерстер;
форвардтар;
своптар;
жоғарыда аталған туынды қаржы құралдарының үйлесімінен тұратын туынды қаржы құралдарыр