"Қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 26 мамырдағы № 388 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 мамырда № 32629 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21342 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларындағы:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын.

      "2-1) қоғамдық тыңдаулар – ашық жиналыстар өткізу, көпшілік талқылауларын жүргізу арқылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері қозғалатын мемлекеттік және басқарушылық шешімдерді қабылдауға қоғамның қатысу нысандарының бірі;";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:

      "3-1-тарау. Қоғамдық талқылауларды өткізу тәртібі

      34-1. Қоғамдық талқылаулар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі –ЖАО) ресми интернет-ресурстарында орналастыру үшін осы Қағидаларға 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Қоғамдық талқылаулар" айдары (бұдан әрі – Айдар) құрылады.

      34-2. Ашық жиналыс арқылы қоғамдық талқылау мынадай жағдайларда өтеді:

      1) ЕТЖЖ және/немесе құрылыс салу жобасын әзірлеу туралы шешім қабылдау;

      2) ЕТЖЖ және құрылыс салу жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдау.

      34-3. Қоғамдық талқылау өткізуге арналған хатты Тапсырыс беруші осы Қағидаларға 6-қосымшасына сәйкес жаңа құрылысқа ЕТЖЖ және/немесе құрылыс салу жобасын немесе қолданыстағы ЕТЖЖ және/немесе құрылыс салу жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысты қоса бере отырып ЖАО-ға қоғамдық талқылау өткізу үшін хат жолдайды.

      34-4. ЖАО күнтізбелік он күн ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшасына сәйкес Тапсырыс берушіге жауап хат жолдайды және Тапсыры беруші ұсынған жаңа құрылысқа ЕТЖЖ және/немесе құрылыс салу жобасын немесе қолданыстағы ЕТЖЖ және/немесе құрылыс салу жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысты Айдарға қоғамдық талқылау үшін орналастырады.

      34-5. ЖАО қоғамдық талқылауларды өткізу үшін жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді жерлерде жобаның атауын, қоғамдық талқылаудың күнін, орнын, уақыты мен пошталық және жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын жіберу үшін ЖАО-ның пошталық және электрондық мекенжайын көрсете отырып, еркін нысанда бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде кемінде бір мерзімдік баспасөз басылымында (газет) және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен таратылатын кемінде бір телерадиоарна арқылы қоғамдық талқылауларды өткізу туралы хабарландыруды таратуды ұйымдастырады.

      34-6. Қоғамдық талқылауды өткізу күні бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық талқылауды өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей белгіленеді.

      34-7. Жеке және заңды тұлғалар қоғамдық тыңдау басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей қоғамдық тыңдауға ұсынылған жобаларға өз ескертулері мен ұсыныстарын жазбаша нысанда (қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде) ЖАО-ға жібереді.

      34-8. ЖАО-ның өкілі қоғамдық талқылауға қатысушыларды тіркейді.

      34-9. Қоғамдық талқылаудың төрағасы мен хатшысы аумағында қоғамдық талқылау өткізілетін ЖАО-ның өкілінен тағайындалады.

      34-10. Қоғамдық талқылауды өткізу кезінде жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық талқылаудың мәніне анық қатысы жоқ ескертулері мен ұсыныстары ескерілмейді.

      34-11. ЖАО қоғамдық талқылаудың барлық барысын бейне және дыбыс жазбасын қамтамасыз етедi. Қоғамдық талқылаудың бейне және аудио жазбасы бар электрондық жеткізгіші осы Қағидаларға 8-қосымшасына сәйкес ашық жиналыс арқылы өткізілетін қоғамдық талқылау хаттамасына (бұдан әрі – Хаттама) тіркелуге жатады.

      34-12. Төраға мен хатшы қол қоятын және қоғамдық талқылаудың бейне және дыбыс жазбасын қоса бере отырып, қоғамдық талқылаудың Хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және қоғамдық талқылау аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Айдарда орналастырады.

      34-13. Қоғамдық тыңдау он жеке және заңды тұлғалардан кем емес адам қатысқанда жарамды деп табылады.

      34-14. Осы Қағидалардың 34-13-тармағында көрсетілген жеке және заңды тұлғалардың қажетті саны болмаған жағдайда қоғамдық талқылау жарамсыз деп танылады.

      34-15. Қоғамдық талқылау жарамсыз деп танылғанда ЖАО төрт жұмыс күні ішінде өтпеген қоғамдық талқылау туралы хабарламаны Айдарға орналастырады.

      34-16. ЖАО бес жұмыс күні ішінде өтпеген қоғамдық талқылау туралы хабарламаны Айдарға орналастырған соң осы Қағидалардың нормаларына сәйкес қоғамдық талқылау процесін қайта өткізеді.";

      мынадай мазмұндағы 38-тармақпен толықтырылсын:

      "38. Бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына және/немесе құрылыс салу жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде іргелес аумақтардың әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін ескеру қажет.";

      осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 5, 6, 7 және 8-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
И. Шархан

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрі міндетін атқарушының
2023 жылғы 26 мамырдағы
№ 388 Бұйрығына
1-қосымша
Қала құрылысы жобаларын
(егжей-тегжейлі жоспарлау
жобалары мен құрылыс
салу жобаларын) əзірлеу,
келісу және бекіту
қағидаларына
5-қосымша
нысан

"Қоғамдық талқылаулар" арнайы айдары

      Қоғамдық талқылау өткізу туралы хабарландыру мынадай ақпаратты:

      1) егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әзірленетін елді мекеннің бөлігі көрсетілген жобаның атауын;

      2) қоғамдық талқылау өткізілетін орнын, басталатын күні мен уақытын. ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық талқылауға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін;

      3) Тапсырыс берушінің деректемелері мен байланыс деректерін;

      4) көзделіп отырған қызмет, өткізілетін қоғамдық тыңдау туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ көзделіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін сұратуға болатын электрондық мекенжайы мен телефон нөмірін (- лерін);

      5) өткізілетін қоғамдық талқылау туралы қосымша ақпарат алуға, сондай-ақ көзделіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін сұратуға болатын электрондық мекенжайы мен телефон нөмірін (-лерін);

      6) мерзімді басылымда (газетте) қоғамдық талқылау өткізілетіндігі туралы хабарландырудың уақытылы орналастырылғандығын растайтын құжатты;

      7) кемінде бір теле- немесе радиоарнада қоғамдық талқылаудың өткізілетіні туралы хабарландырудың уақытылы орналастырылғандығы растайтын құжатты;

      8) түсіру уақыты көрсетілетін бұрыштық электрондық мөртабаны бар, көпшілікке қолжетімді жерлерде орналастырылған, ашық жиналыстар арқылы қоғамдық талдау өткізілетіні туралы хабарландырулардың суретін қамтиды.

  Бұйрығына 2-қосымша
Қала құрылысы жобаларын
(егжей-тегжейлі жоспарлау
жобалары мен құрылыс
салу жобаларын) əзірлеу,
келісу және бекіту
қағидаларына
6-қосымша
нысан

Қоғамдық талқылау өткізуге арналған хат

      __________________________________________________________________________

      (хаттың тіркеу деректері, шығыс нөмірі, күні)

      "Сізден ___________________________________________________________________

      (жобаның атауы)

      қоғамдық талқылау өткізуді ұйымдастыруды сұраймын.

      Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобалары әзірленетін

      (өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін) аумақта қоғамдық талқылау өткізу қажет

      ететін елді мекен аумақтарының тізбесін ұсынамыз:

      _________________________________________________________________________

      Қоғамдық талқылаудың тақырыбы:

      _________________________________________________________________________

      (қоғамдық талқылау тақырыбы көзделіп отырған қызметтің нақты атауын, жүзеге

      асырылатын орнын, мерзімін және Тапсырыс берушінің атауын қамтиды)

      Сонымен қатар қоғамдық талқылауды өткізу кезінде бейнеконференцбайланысты

      ұйымдастырудың техникалық мүмкіндігі болатындығын растауды сұраймыз.

      Заңнама талаптарына сәйкес қоғамдық талқылауға қатысушылардың тіркелуін және

      талқылаудың бейне- және аудиожазбасын қамтамасыз етуді сұраймыз.

      _________________________________________________________________________

      (қоғамдық талқылауға бастама жасаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса),

      лауазымы, өкілі болып табылатын ұйымның атауы, қолы, байланыс деректері)

  Бұйрығына 3-қосымша
Қала құрылысы жобаларын
(егжей-тегжейлі жоспарлау
жобалары мен құрылыс
салу жобаларын) əзірлеу,
келісу және бекіту
қағидаларына
7-қосымша
нысан

Тапсырыс берушіге жауап

      _________________________________________________________________________

      (хаттың тіркеу деректері, шығыс нөмірі, күні)

      "Сіз ұсынып отырған қоғамдық талқылауды өткізу шарттарын келісу туралы

      хатыңызға (_________ (күні) шығыс №_________) жауап ретінде келесіні хабарлаймыз:

      Қоғамдық талқылау ________________________________________________________

      қоғамдық талқылау өткізілетін күні, орны, уақыты) өтеді.

      "Қоғамдық талқылауды өткізу барысында бейнеконференцбайланысты

      ұйымдастырудың техникалық мүмкіндігі болатындығын растаймыз".

      "Мүдделі мемлекеттік органдардың тізбесі:

      1.

      2. "

      __________________________________________________________________________

      (Тапсырыс берушінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), лауазымы, өкілі болып

      табылатын ұйымның атауы, қолы, байланыс деректері)

  Бұйрығына 4-қосымша
Қала құрылысы жобаларын
(егжей-тегжейлі жоспарлау
жобалары мен құрылыс
салу жобаларын) əзірлеу,
келісу және бекіту
қағидаларына
8-қосымша
нысан

Ашық жиналыс арқылы өткізілетін қоғамдық талқылау хаттамасы

      1. Жергілікті атқарушы органының атауы:

      __________________________________________________________________

      2. Қоғамдық талқылаудың тақырыбы:

      __________________________________________________________________

      (қаралатын жобалау материалдарының толық, нақты атауы)

      3. Орналасатын жері:

      __________________________________________________________________

      (көзделіп отырған қызмет учаскесі аумағының толық, нақты мекенжайы, географиялық

      координаттары)

      4. Тапсырыс берушінің деректемелері және байланыс деректері:

      __________________________________________________________________

      (оның ішінде нақты атауы, заңды және нақты мекенжайы, БСН, ЖСН, телефондары,

      факстары, электрондық пошталары, сайттары)

      5. Қоғамдық талқылау өткізілетін күн, уақыт, орны (ашық жиналысы арқылы қоғамдық

      талқылау өткізілетін күн (күндер) және уақыт):

      _________________________________________________________________________

      (қатысушыларды тіркеу басталатын күн, уақыт, қоғамдық талқылаудың басталатын

      уақыты, талқылау өткізілетін орынның толық және нақты мекенжайы. Қоғамдық

      талқылаудың мерзімі ұзартылатын жағдайда барлық күндер көрсетіледі)

      6. Тапсырыс беруші жіберген хаттың көшірмесі және қоғамдық талқылауды өткізу

      шарттарын келісу туралы әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы

      органдары ұсынған жауап хаттың көшірмесі осы қоғамдық талқылау хаттамасына қоса

      беріледі.

      7. Қоғамдық талқылауға қатысушыларды тіркеу парағы осы қоғамдық талқылау

      хаттамасына қоса беріледі.

      8. Қоғамдық талқылаудың өткізілетіні туралы ақпарат жергілікті атқарушы органның

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ресми интернет-

      ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай тәсілдермен таратылды:

      _________________________________________________________________________

      (ресми интернет-ресурстардың атауы, сілтемелер және жарияланған күні)

      1) қоғамдық талқылау басталған күнге дейін жиырма күнтізбелік күнінен кешіктірмей,

      бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде кемінде екі газетте және қатысы бар

      аумақтың шегінде толық немесе ішінара орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық

      бірліктердің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында

      таратылатын кемінде екі теле- немесе радиоарна арқылы бұқаралық ақпарат

      құралдарында:

      _________________________________________________________________________

      (газеттегі хабарландырудың атауын, нөмірін және жарияланған күнін көрсету,

      сондай-ақ газеттің сканерленген титулдық беті мен қоғамдық талқылаулар

      өткізілетіндігі туралы хабарландыру берілген бетті қамтитын, сканерленген

      хабарландыруды қоса ұсыну)

      __________________________________________________________________________

      (теле- немесе радиоарнаның атауын, хабарландыру жарияланған күнді көрсету,

      теле- немесе радиоарнада жарияланған қоғамдық талқылаулар өткізілетіндігі туралы

      хабарландырудың бейне және аудиожазбасы бар электрондық жеткізгіш қоғамдық

      талқылаулардың хаттамасына қоса тіркелуі (жариялануы) тиіс)

      2) __________ мекенжайы бойынша _______ дана хабарландыру әкімшілік-аумақтық

      бірліктердің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың,

      аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың,

      кенттердің, ауылдық округтердің) жергілікті атқарушы органдарының хабарландыру

      тақталарында және хабарландыруларды орналастыру үшін арнайы тағайындалған

      орындарда. Фотоматериалдар осы қоғамдық талқылау хаттамасына қоса беріледі.

      9. Қоғамдық талқылауға қатысушылардың шешімдері:

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Қоғамдық талқылауларға қатысушылардың "қолдаймын", "қарсымын", "қалыс

      қаламын" деп дауыс бергендер санын көрсету)

      __________________________________________________________________________

      (осы Қағидалардың 34-14-тармағына сәйкес себептерді көрсете отырып, қоғамдық

      талқылау өткізілмеді деп тану туралы. Қоғамдық талқылауға қатысушылардың

      "қолдаймын", "қарсымын", "қалыс қаламын" деп дауыс бергендер санын көрсету)

      10. Барлық талқыланған баяндамалар туралы мәліметтер:

      __________________________________________________________________________

      (баяндамашының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), лауазымы, өкілі болып

      отырған ұйымның атауы) _______________________________

      (баяндаманың тақырыбы, парақтардың, слайдтардың, файлдардың, плакаттардың,

      сызбалардың саны)

      Қоғамдық талқылауға шығарылып отырған құжаттар бойынша баяндамалардың мәтіні

      осы қоғамдық талқылау хаттамасына қоса беріледі.

      11. Қоғамдық талқылау хаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын және

      қоғамдық талқылау өткізілгенге дейін және өткізу кезінде келіп түскен барлық

      ескертулер мен ұсыныстарды қамтитын жиынтық кесте. Қоғамдық талқылаудың

      тақырыбына мүлде қатысы жоқ ескертулер мен ұсыныстар кестеге "қоғамдық

      талқылаудың тақырыбына қатысы жоқ" деген белгімен енгізіледі.

      12. Қоғамдық талқылауға қатысушылардың қаралып отырған құжаттар мен

      талқыланған баяндамалардың толықтығы және оларды түсіну қолжетімділігі

      тұрғысынан сапасы жөніндегі пікірі, оларды жақсарту бойынша ұсынымдары:

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), лауазымы, өкілі болып отырған ұйымның

      атауы, пікірлері мен ұсынымдары)

      13. Қоғамдық талқылау хаттамасына сот тәртібімен шағым жасауға болады.

      14. Қоғамдық талқылаудың төрағасы:

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), лауазымы, өкілі болып табылатын ұйымның

      атауы, қолы, күні)

      15. Қоғамдық талқылаудың хатшысы:

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), лауазымы, өкілі болып табылатын ұйымның

      атауы, қолы, күні)

Қоғамдық талқылау өткізілгенге дейін және өткізу кезінде келіп түскен ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесі

Р/с №

Қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстары (қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, өкілі болып отырған ұйымның атауы)

Ескертулер мен ұсыныстарға жауаптар (жауап берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, өкілі болып отырған ұйымның атауы)

Ескертпе (алынып тасталған ескерту немесе ұсыныс)