"Табиғи монополиялар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 332 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 81 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 мамырда № 32580 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14167 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген, табиғи монополиялар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтау өлшемшарттарында (бұдан әрі-Өлшемшарттар):

      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі – дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, оның ішінде табиғи монополия және (немесе) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      2) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      3) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      4) елеусіз бұзушылықтар – табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің ақпаратты, есепті, хабарламаларды тиісінше орналастырмауы, жарияламауы, тұтынушылардың назарына жеткізбеуі және оларды хабардар етпеуі және ұсынбауы, уәкілетті органды хабардар етпеуі; үлгілік шарттарға сәйкес тұтынушылармен шарттар жасаспау; мүлікті иеліктен сауда-саттықта шығармау; бос қуаттар туралы ақпарат беру үшін ақы алу; тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны орындамау; қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы субъектілерімен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамау жөнінде бір расталған шағымның немесе жолданымының болуы;

      5) елеулі бұзушылықтар – табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталмауы жөнінде бір расталған шағымның немесе жолданымның болуы, елеусіз және өрескел бұзушылықтарды көздейтін міндеттерді, шектеулерді және талаптарды қоспағанда, табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы және қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы заңнамасымен регламенттелген міндеттерді, шектеулерді және талаптарды орындамауы немесе тиісінше орындамауы; тарифті бекіту үшін уәкілетті органға өтінішпен жүгіну жөніндегі талаптардың сақталмауы, сондай-ақ Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы, одан алып тастау туралы өтінішпен жүгіну жөніндегі талаптардың сақталмауы;

      6) өрескел бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу нәтижесінде табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері алған негізсіз кіріс (түсім); Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар туралы заңнамасы талаптарының сақталмауы жөнінде екі және одан астам расталған шағымдар мен жолданымдардың болуы;

      7) табиғи монополияларға және қоғамдық маңызы бар нарықтарға жатқызылған көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну саласындағы тәуекел – жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жекелеген бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланысты емес бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      9) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісі (объектісі) қызметінің нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      10) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік бостандығын шектеу ықтималдығының ең төмен дәрежесі мақсатында кейін бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу жолымен қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын төмендетуге бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және мұндай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босатуға бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдау процесі;

      11) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, талаптардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіруге әкеп соқтыратын қамтитын талаптар тізбесі;

      12) уәкілетті орган – табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      13) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.";

      5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бірнеше кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) арқылы қалыптастырылады.

      Бірінші кезеңде объективті өлшемшарттар жөніндегі мемлекеттік органдар бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Екінші кезеңде субъективті өлшемшарттар жөніндегі мемлекеттік органдар бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға:

      1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

      3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ды қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.";

      9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Қолдағы бар ақпарат көздерінің негізінде субъективті өлшемшарттар бұзушылықтың үш дәрежесіне: өрескел, елеулі, елеусіз дәрежелерге бөлінеді.

      Субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттардың 1-қосымшасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілері үшін және 2-қосымшасына сәйкес қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу және міндеттерді сақтау тәртібі үшін айқындалған.

      Осы Өлшемшарттардың 1-1-қосымшасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілері үшін және 2-1-қосымшасына сәйкес қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу және міндеттерді сақтау тәртібі үшін субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі қарастырылған.";

      10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша (SC) айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rарал = SP + SC, мұнда

      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC – осы Өлшемшарттардың 6-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есеп мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды."

      мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2 и 10-3 тармақтарымен толықтырылсын:

      "10-1. Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

      Осы Өлшемшарттардың 7-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты тексеру немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн, мұнда

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      10-2. Осы Өлшемшарттардың 7-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,

      wi - субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi

      n - көрсеткіштер саны.

      Осы Өлшемшарттардың 8-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      10-3. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:



      R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

      Rарал – Осы Өлшемшарттардың 10-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.";

      Осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес 1-1 және 2-1 қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика

      және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 25 мамырдағы
№ 81 Бұйрыққа
1-қосымша
  Табиғи монополиялар
салаларындағы тәуекел
дәрежесін бағалау және
баға белгілеу тәртібін және
қоғамдық маңызы бар нарық
субъектісінің міндеттерін
сақтау өлшемшарттарына
1-1 қосымша

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің табиғи монополиялар саласында 138-бабына сәйкес _____________________________ _________________________________________бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қатысты біртекті тобының атауы

р/с №

Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi

Шарттар/мәндер хі

1-шарты / мәні

2-шарты / мәні

3-шарты / мәні

1

2

3

4

5

Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін

1

Тарифті бекіту үшін өтініммен уәкілетті органға жүгіну

уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен өткізілген бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

30

0

Тарифті бекіту үшін өтініммен уәкілетті органға жүгінбеу


0 %

100 %


0 %

100 %


2

Уәкілетті органның:
1) егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға;
2) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға;
3) қайта ұйымдастыруға немесе таратуға келісімін алу

мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау нәтижелері

20

0

Уәкілетті органның келісімінсіз мәмілелер жасау


0%

100%


3

Жыл сайын, есептік кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді ұсынуы

уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен өткізілген бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

30

0

уәкілетті органға есептерді ұсыну мерзімін бұзу

2 және одан да көп рет уәкілетті органға есептерді ұсыну мерзімін бұзу

0 %

50 %

100 %

4

Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асырған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде бұл жөнінде уәкілетті органға берілген (жіберілген) хабарламаның болуы

мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау нәтижелері

20

0

мерзімін бұза отырып хабарлама жіберу

реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыру туралы хабарламаның болмауы

0 %

50 %

100 %

      Шаблонды толтыру бойынша нұсқаулық:

      1) субъективті өлшемшарттардың көрсеткіштері мемлекеттік бақылаудың әрбір саласындағы бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін айқындалады.

      2) 2-бағанда субъективті өлшемшарт көрсеткіші көрсетіледі.

      3) 3-бағанда ақпараттың басым көздері көрсетіледі.

      4) 4-бағанда балдардағы субъективті өлшемшарт көрсеткішінің маңыздылығы бойынша үлес салмағы көрсетіледі. Осы баған бойынша барлық жолдардың қосындысы 100 баллға дейін болуы тиіс.

      5) 5-бағанда субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеуде субъективті өлшемшарт көрсеткішін есепке алу шарттары және әрбір шартқа сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің сандық мәндері көрсетіледі. Сандық мәндер тәуекелдің жоғарылауына байланысты 0-ден 100-ге дейінгі пайызбен көрсетіледі. Субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің жол берілетін мәндері Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен регламенттелуге тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 25 мамырдағы
№ 81 Бұйрыққа
2-қосымша
  Табиғи монополиялар
салаларындағы тәуекел
дәрежесін бағалау және
баға белгілеу тәртібін және
қоғамдық маңызы бар нарық
субъектісінің міндеттерін
сақтау өлшемшарттарына
2-1 қосымша

Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің қоғамдық маңызы бар нарықтар саласында 138-бабына сәйкес _____________________ ____________________________________________________бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қатысты біртекті тобының атауы

р/с №

Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi

Шарттар/мәндер хі

1-шарты / мәні

2-шарты / мәні

3-шарты / мәні

1

2

3

4

5

Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін

1

Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға электрондық нысанда кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаның шекті бағадан жоғары алдағы көтерілуі туралы ақпаратты және олардың көтерілу себептерін растайтын негіздеуші материалдарды ұсына отырып, олардың көтерілу себептері туралы ақпаратты ұсыну

уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен өткізілген бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

30

0

Уәкілетті органға бағаның шекті бағадан жоғары алдағы көтерілуі туралы ақпаратты мерзімін бұза отрып ұсыну

2 және одан да көп рет уәкілетті органға бағаның шекті бағадан жоғары алдағы көтерілуі туралы ақпаратты мерзімін бұза отрып ұсыну

0 %

50 %

100 %

2

Қоғамдық маңызы бар нарықтарда өткізілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаның шекті бағадан аспай, бағаның төмендеуі немесе көтерілуі күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төмендеу немесе жоғарылау себептерін көрсететін ақпаратты уәкілетті органға беру

уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен өткізілген бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

30

0

Уәкілетті органға бағаның төмендеуі немесе көтерілуі туралы ақпаратты мерзімін бұза отырып ұсыну

2 және одан да көп рет уәкілетті органға бағаның төмендеуі немесе көтерілуі туралы ақпаратты мерзімін бұза отрып ұсыну

0 %

50 %

100 %

3

Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға:
1) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемі, кірістілік деңгейі және босату бағалары туралы ай сайынғы ақпаратты есептік айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей;
2) Тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті есептік тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей;
3) ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы не орындалмауы туралы жартыжылдықтың, жылдың қорытындылары бойынша ақпаратты;
4) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде бағаға сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты электрондық нысанда;
5) бағаны мемлекеттік реттеу енгізілген күннен бастап немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) басталған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей не алдағы тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге сату бағасының көтерілуіне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей баға деңгейін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты;
6) есептік жартыжылдықтан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей растайтын материалдарды қоса бере отырып, шекті бағада ескерілген электр энергиясын, тауарлық газды сатып алу және (немесе) беру жөніндегі қаражатты пайдалану туралы жартыжылдық ақпаратты ұсыну

уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен өткізілген бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

40

0

Уәкілетті органға ақпаратты мерзімін бұза отырып ұсыну

2 және одан да көп рет уәкілетті органға ақпаратты мерзімін бұза отырып ұсыну

0 %

50 %

100 %



      Шаблонды толтыру бойынша нұсқаулық:

      1) субъективті өлшемшарттардың көрсеткіштері мемлекеттік бақылаудың әрбір саласындағы бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін айқындалады.

      2) 2-бағанда субъективті өлшемшарт көрсеткіші көрсетіледі.

      3) 3-бағанда ақпараттың басым көздері көрсетіледі.

      4) 4-бағанда балдардағы субъективті өлшемшарт көрсеткішінің маңыздылығы бойынша үлес салмағы көрсетіледі. Осы баған бойынша барлық жолдардың қосындысы 100 баллға дейін болуы тиіс.

      5) 5-бағанда субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеуде субъективті өлшемшарт көрсеткішін есепке алу шарттары және әрбір шартқа сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің сандық мәндері көрсетіледі. Сандық мәндер тәуекелдің жоғарылауына байланысты 0-ден 100-ге дейінгі пайызбен көрсетіледі. Субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің жол берілетін мәндері Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен регламенттелуге тиіс.