"Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 20 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 19 мамырдағы № 84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 22 мамырда № 32551 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22096 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 239-бабының 2-тармағына және 241-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың "пайда-тәуекел" арақатынасын бағалау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға клиникалық зерттеулер жүргізу үшін материалдарды бағалау кезінде, сондай-ақ медициналық бұйымның оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесін бағалау кезінде сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары;";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың "пайда-тәуекел" арақатынасын бағалау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға клиникалық зерттеулер жүргізу үшін материалдарды бағалау кезінде, сондай-ақ медициналық бұйымның оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесін бағалау кезінде сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары";

      мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:

      "

5-тарау. Медициналық бұйымның оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесін бағалау кезіндегі сараптама

252

Медициналық бұйымның оңтайлы техникалық сипаттамаларын сараптамалық бағалау

1 сараптама

69 500

253

Медициналық бұйымның клиникалық-техникалық негіздемесін сараптамалық бағалау

1 сараптама

69 500

      ".

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада:

      1-тарауда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Декларациялау арқылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау / құжатты сараптау

1 дәрілік препарат / 1 бұйым

10 983

      ".

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту

      агенттігі