"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 16 мамырдағы № 218 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 22 мамырда № 32545 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17565 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышында:

      "Жоғары білім беру – бакалавриатта даярлау бағыты" деген бөлімде:

      "6B01 Педагогикалық ғылымдар" деген кіші бөлімде:

      "

6В018 Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

0114

      "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6В018 Әлеуметік педагогика мамандарын даярлау

0114

      ";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

6В020 Кәсіптік оқыту (бейіні бойынша)

0114

      ";

      "6B11 Қызмет көрсету" деген кіші бөлімде:

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

6В115 Спорт

1014

      ";

      "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім - магистратурада даярлау бағыттары" деген бөлімде:

      "7M01 Педагогикалық ғылымдар" деген кіші бөлімде:

      "

7M018 Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

0114

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7M018 Әлеуметік педагогика мамандарын даярлау

0114

      "

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

7М0120 Кәсіптік оқыту (бейіні бойынша)

0114

      ";

      "7М11 Қызмет көрсету" деген кіші бөлімде:

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

7М115 Спорт

1014

      ";

      "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім - докторантурада даярлау бағыттары" деген бөлімде:

      "8D01 Педагогикалық ғылымдар" деген кіші бөлімде:

      "

8D018 Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

0114

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8D018 Әлеуметік педагогика мамандарын даярлау

0114

      "

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

8D0120 Кәсіптік оқыту (бейіні бойынша)

0114

      ";

      "8D11 Қызмет көрсету" деген кіші бөлімде:

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

8D115 Спорт

1014

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі