"Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және технологиялық өзара iс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 503 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 16 мамырдағы № 361 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 мамырда № 32506 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және технологиялық өзара iс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 503 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттіктіркеу тізілімінде № 12350 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және технологиялық өзара iс-қимыл жасау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушы тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және технологиялық өзара iс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының сәйкес әзірленді және жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізу және технологиялық іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жолаушы тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесі – жолаушы тасымалын басқару және орындарды электронды резервке қою жүйесі (бұдан әрі – БАЖ);".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі