"Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 5 мамырдағы № 323 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 мамырда № 32464 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19067 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) осы бұйрыққа 9-1-қосымшаға сәйкес бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың үлгілік нысаны.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) шартының үлгі нысанында:

      4-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларымен, сондай-ақ бейінді емес және қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалармен қосалқы жалдау шарттарын жасасуға;";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) көрсетілетін қызметті жүзеге асыру туралы/бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген АЭА аумағында өнім шығару немесе жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру басталғанға дейін Жалға алушы объектіні жобалауды өз қаражаты есебінен ________ кешіктірмей аяқтауға, бекітілген жобаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектіні _______ 20 __ жылға қарай пайдалануға беруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалдау) шартының үлгі нысанында:

      4-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) қосалқы жалдаушы – арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы, сондай-ақ қызметтің қосалқы немесе бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын адамдар.";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) жалға берушіге (оның заңды өкілдеріне), уәкілетті органдардың өкілдеріне жер учаскесіне рұқсат етуді қамтамасыз етуге;";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) көрсетілетін қызметті жүзеге асыру туралы/бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген АЭА аумағында өнім шығару немесе жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру басталғанға дейін Қосалқы жалға алушы объектіні жобалауды өз қаражаты есебінен ________ кешіктірмей аяқтауға, бекітілген жобаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға және арнайы экономикалық аймағының аумағында объектіні _______ 20 __ жылға қарай пайдалануға беруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдалану (жалдау) шартының үлгі нысанында:

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) көрсетілетін қызметті жүзеге асыру туралы/бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген АЭА аумағында өнім шығару немесе жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру басталғанға дейін Жалға алушы объектіні жобалауды өз қаражаты есебінен ________ кешіктірмей аяқтауға, бекітілген жобаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру және арнайы экономикалық аймағының аумағында объектіні _______ 20 __ жылға қарай пайдалануға беруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.";

      8-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жалға алушыға және (немесе) АЭА-ға немесе ИА қатысушысына, сондай-ақ бейінді емес немесе қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға жер учаскесінің бөлінбейтін жақсартуларына байланысты шығындарды өтеуге;";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша қайталама пайдалану (қосалқы жалдау) шартының үлгі нысанында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қосалқы жалға беруші арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдаланудың (жалға алудың) 20 __ жылғы № __ шарты бойынша жалдаған жер учаскесін/жер учаскесінің бір бөлігін (бұдан әрі – жер учаскесі) қосалқы жалға алушыға уақытша қайталама пайдалануға (қосалқы жалға алуға) тапсырады арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың (бұдан әрі – АЭА немесе ИА) аумағында қызметтің басым немесе қосалқы немесе бейінді емес түрлерін жүзеге асыру мақсатында пайдалану үшін).";

      4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қосалқы жалға алушы – АЭА немесе ИА қатысушылары, сондай-ақ қызметтің қосалқы немесе бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын адамдар;";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) қызметтің бейінді емес түрлері – өңдеуші өнеркәсіп салаларына жататын, шикізатты, материалдарды, заттарды, жаңа өнімге арналған компоненттерді өңдеумен байланысты қызметтің басым түрлерінің тізбесіне кірмейтін қызмет түрлері;";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға - бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміне енгізілген және осындай қызметті арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын тұлға;";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт - бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын бірнеше тұлға мен арнаулы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арасында жасалатын, арнаулы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру шарттарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт.";

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) АЭА аумағында басым (немесе қосалқы) немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін жер учаскесін пайдалануға;";

      6-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) жалға беруші АЭА немесе ИА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзған жағдайда, АЭА немесе ИА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың заңға сәйкес жер учаскесін қабылдау-беру актісінің негізінде тиісті жағдайда Жалға берушіге қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт тоқтатылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қайтаруға құқылы;";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) көрсетілетін қызметті жүзеге асыру туралы/бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген АЭА аумағында өнім шығару немесе жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру басталғанға дейін Қосалқы жалға алушы объектіні жобалауды өз қаражаты есебінен ________ кешіктірмей аяқтауға, бекітілген жобаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру және арнайы экономикалық аймағының аумағында объектіні _______ 20 __ жылға қарай пайдалануға беруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.";

      7-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "АЭА немесе ИА қатысушысы ретінде немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың заңға сәйкес біржақты тәртіппен жүзеге асыру туралы шартты бұзу;";

      8-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Жалға беруші АЭА немесе ИА қатысушысы ретінде немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың заңға сәйкес біржақты тәртіппен бұзған жағдайда, АЭА немесе ИА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартты қызметті жүзеге асыру туралы шарт тоқтатылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қабылдау-беру актісі негізінде жер учаскесін Қосалқы жалға алушыдан тиісті жағдайда алып қоюға;";

      21-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) АЭА немесе ИА қатысушысының қызметін жүзеге асыру туралы шартты және бейінді емес қызметін жүзеге асыру туралы шартты Заңға сәйкес біржақты тәртіппен жүзеге асыру туралы шартты бұзу.";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың үлгі нысанында:

      5-қосымшаның 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Шартта көзделген АЭА аумағында өнім шығару немесе жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер өндіру басталғанға дейін, бекітілген жобаға сәйкес АЭА қатысушысы өз қаражаты есебінен жобалауды аяқтауға, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға және осы Шарттың 15-тармағының 20) тармақшасына сәйкес берілген кестеде белгіленген мерзімдерде арнайы экономикалық аймақ аумағында объектіні пайдалануға беруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) АЭА – Қазақстан Республикасы аумағының заңға сәйкес қызметті жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын дәл белгіленген шекаралары бар бөлігі;";

      4-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) қызметтің басым түрлері – арнаулы экономикалық аймақтың арнаулы құқықтық режимі қолданылатын арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлері;";

      13-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Шарттың екінші тарапымен келісім бойынша қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын адамдарды тартуға;";

      13 тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары";

      32 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Тараптар: су тасқыны және өзге де дүлей зілзалалар, өрт, жер сілкінісі, жарылыстар, экстремалды ауа райы жағдайлары, өзге де табиғи және техногендік құбылыстар, соғыс, эмбарго, ереуіл, эпидемия, карантин, төтенше жағдай, коменданттық сағат енгізу сияқты еңсерілмейтін күш жағдаяттары туындаған жағдайда міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, ал сондай-ақ тараптардың еркіне тәуелсіз, бірақ осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына тікелей әсер еткен өзге де мән-жайлар, не Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауын мүмкін етпейтіндер.

      Мемлекеттік органдардың тыйым салу сипатындағы нормативтік актілерді шығаруы не тараптардың еркіне тәуелсіз, бірақ осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмауына тікелей әсер еткен не осы Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерді орындауын мүмкін етпейтін заңнаманы өзгертуі еңсерілмейтін күш мән-жайлары ретінде сот шешімімен танылуы мүмкін.";

      33 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде осы Шартқа сәйкес қандай да бір міндеттемелерді орындау осындай мән-жайлардың басталуына байланысты мүмкін болмаған тарап еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған немесе тоқтатылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті (өз міндеттемелерін орындаудың мүмкінировстігін дәлелдей және негіздей отырып осы Шарт бойынша міндеттемелер немесе бұрын күтпеген өзге де салдарлардың туындауы).";

      34 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау, мұндай хабарламау немесе уақтылы хабарламау еңсерілмейтін күштің тиісті мән-жайынан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, Тарапты осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде еңсерілмейтін күштің кез келген мән-жайына сілтеме жасау құқығынан айырады. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталуы мен тоқтатылуы туралы хабарлама, еңсерілмейтін күш мән-жайлары жалпыға белгілі және жаппай сипатта болатын және дәлелдемелерді талап етпейтін жағдайларды қоспағанда, осындай мән-жайларды растауға Құзыретті құжатпен не тиісті органның және/немесе мекеменің куәлігімен расталуға тиіс.";

      35 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары, сондай-ақ осы мән-жайлардан туындаған салдарлар әрекет еткен уақытқа пропорционалды түрде шегеріледі. Егер еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталуына байланысты Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауы мүмкін болмаса, онда Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.";

      36 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталуы осы Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуды заңды ресімдеуді талап етпейді.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Тараптар Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа жазбаша өтініш алған күннен бастап үш ай ішінде келісімге қол жеткізбеген жағдайда, дауларды шешу "Астана" халықаралық қаржы орталығының сотында, "Астана" халықаралық қаржы орталығының халықаралық төрелік орталығында немесе Қазақстан Республикасының сот органдарында, сондай-ақ Тараптардың келісімімен айқындалатын төреліктерде жүргізілуі мүмкін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың үлгі нысанында:

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары";

      25 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Тараптар: су тасқыны және өзге де дүлей зілзалалар, өрт, жер сілкінісі, жарылыстар, экстремалды ауа райы жағдайлары, өзге де табиғи және техногендік құбылыстар, соғыс, эмбарго, ереуіл, эпидемия, карантин, төтенше жағдай, коменданттық сағат енгізу сияқты еңсерілмейтін күш жағдаяттары туындаған жағдайда міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, ал сондай-ақ тараптардың еркіне тәуелсіз, бірақ осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына тікелей әсер еткен өзге де мән-жайлар, не Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауын мүмкін етпейтіндер.

      Мемлекеттік органдардың тыйым салу сипатындағы нормативтік актілерді шығаруы не тараптардың еркіне тәуелсіз, бірақ осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмауына тікелей әсер еткен не осы Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерді орындауын мүмкін етпейтін заңнаманы өзгертуі еңсерілмейтін күш мән-жайлары ретінде сот шешімімен танылуы мүмкін.";

      26 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде осы Шартқа сәйкес қандай да бір міндеттемелерді орындау осындай мән-жайлардың басталуына байланысты мүмкін болмаған тарап еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған немесе тоқтатылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті (өз міндеттемелерін орындаудың мүмкінировстігін дәлелдей және негіздей отырып осы Шарт бойынша міндеттемелер немесе бұрын күтпеген өзге де салдарлардың туындауы).";

      27 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау, мұндай хабарламау немесе уақтылы хабарламау форс-мажордың тиісті мән-жайынан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, Тарапты осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде еңсерілмейтін күштің кез келген мән-жайына сілтеме жасау құқығынан айырады. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталуы мен тоқтатылуы туралы хабарлама, еңсерілмейтін күш мән-жайлары жалпыға белгілі және жаппай сипатта болатын және дәлелдемелерді талап етпейтін жағдайларды қоспағанда, осындай мән-жайларды растауға Құзыретті құжатпен не тиісті органның және/немесе мекеменің куәлігімен расталуға тиіс.";

      28 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары, сондай-ақ осы мән-жайлардан туындаған салдарлар әрекет еткен уақытқа пропорционалды түрде шегеріледі. Егер еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталуына байланысты Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауы мүмкін болмаса, онда Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.";

      29 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталуы осы Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуды заңды ресімдеуді талап етпейді.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Тараптар Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа жазбаша өтініш алған күннен бастап үш ай ішінде келісімге қол жеткізбеген жағдайда, дауларды шешу "Астана" халықаралық қаржы орталығының сотында, "Астана" халықаралық қаржы орталығының халықаралық төрелік орталығында немесе Қазақстан Республикасының сот органдарында, сондай-ақ Тараптардың келісімімен айқындалатын төреліктерде жүргізілуі мүмкін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтардың, индустриялық аймақтардың республикалық және өңірлік маңызы бар басқарушы компанияларының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі шарттың үлгілік нысанында:

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтініштің үлгі нысанда:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес өтініш берушілер болып табылмайды:";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 9-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 5 мамырдағы
№ 323
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2019 жылғы 19 шілдедегі
№ 522 бұйрығына
9-1-қосымша

Бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың үлгілік нысаны

қала _____________________ (шарт жасалған орын)

"__" ___________ 20___ жыл (шарт жасалған күн)

      _____________________________________________________________,

      (заңды тұлғаның атауы) бұдан әрі "Басқарушы компания" деп аталатын,

      _________________________________________________________________,

      (лауазымы, шартқа қол қоятын тұлғаның аты-жөні) негізінде әрекет ететін

      ___________________________________________ (жарғының, ереженің,

      сенімхаттың №__ "___" _____ 20__ ж.) бір жағынан және

      __________________________________________________, (заңды тұлғаның атауы)

      бұдан әрі "бейінді емес қызмет түрін жүзеге асыратын тұлға" деп аталатын, екінші

      жағынан бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын, ал жеке - жеке "Тарап" бейінді

      емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) жасасты.

1. Шарттың мәні

      1. Осы Шарттың мәні тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі - АЭА)

      аумағында бейінді емес қызмет түрін жүзеге асыруы болып табылады

      _________________ қызмет түрлері __________________________ (бұдан әрі - қызмет).

      2. Осы Шартта көзделген АЭА аумағында өнім шығару немесе жұмыстар мен

      көрсетілетін қызметтерді өндіру басталғанға дейін бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге

      асыратын тұлға өз қаражаты есебінен объектіні жобалауды ___________ кешіктірмей

      аяқтауға, бекітілген жобаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға,

      сондай-ақ осы Шарттың 15-тармағының 20) тармақшасына сәйкес ұсынылған кестемен

      және арнайы экономикалық аймағының аумағында объектіні _______ 20 __ жылға

      қарай пайдалануға беруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      3. Қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлға Қазақстан Республикасы

      заңнамасының, жобалау құжаттарының және осы Шарттың талаптарын сақтай отырып,

      басқарушы компанияға ұсынылатын және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып

      табылатын бизнес-жоспарларға (техникалық-экономикалық негіздемеге) сәйкес осы

      Шарттың 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырады.

2. Негізгі ұғымдар

      4. Осы бөлімде түсіндірмелері берілмеген анықтамалар мен терминдердің "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) қамтылған анықтамалар мен терминдерге сәйкес келетін маңызы бар:

      1) АЭА – Қазақстан Республикасы аумағының дәл белгіленген шекаралары бар, осы Заңға сәйкес қызметті жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын бір бөлігі;

      2) АЭА Басқарушы компаниясы – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Заңға және "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;

      3) бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға – бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміне енгізілген және осындай қызметті арнайы экономикалық аймақ аумағында жүзеге асыратын тұлға;

      4) "бір терезе" қағидаты – өтініш берушілердің құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету субъектілерімен тікелей байланысын шектеуді көздейтін, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумақтарында мемлекеттік және өзге көрсетілетін қызметтерді ұсыну нысаны;

      5) бірыңғай үйлестіру орталығы – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      6) инфрақұрылым объектілері – арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың жылу және электр энергиясын өндіру және (немесе) беру, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау, кәріз, көлік коммуникациялары, көрсетілетін байланыс қызметтері объектілерінің және өзге де объектілердің құрамына кіретін объектілер;

      7) қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар – осы Заңға сәйкес қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары болып табылмайтын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар;

      8) уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

3. Шарттың мерзімі

      5. Осы Шарт _________ мерзімге жасалды.

      6. Осы Шарттың мерзімі осы арнайы экономикалық аймақ жұмыс істей алатын мерзімнен аспайды.

      7. Егер Тараптар бастапқыда белгілеген шартты ұзарту мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысымен айқындалған арнайы экономикалық аймақтың қолданылу мерзімінен аспаса, осы Шарттың қолданылу мерзімі Тараптардың өзара келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.

      8. Осы Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш басқарушы компанияға осы Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір айдан кешіктірілмей беріледі және ол басқарушы компанияға келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралады.

      9. Осы Шарт бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміне мәліметтер енгізілген күннен бастап күшіне енеді.

      10. Қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның қажетті рұқсат құжаттарын уақтылы алмауы осы Шарт бойынша жұмыстарды орындаудың жалпы мерзімдерін өзгерту үшін негіз болып табылмайды.

4. Шарттың мақсаты

      11. Осы Шарт басқарушы компания мен АЭА аумағында өндірістерді құруға және дамытуға және қызметтер көрсетуге инвестициялар салу кезінде АЭА аумағында қызметті жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлға арасындағы шарттық өзара қатынастардың заңды шеңберін белгілейді.

5. Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері

      12. Басқарушы компания:

      1) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыруға;

      2) мониторингті жүзеге асыру шеңберінде осы Шарт бойынша қабылданған міндеттемелер бойынша жазбаша сұрау салулар негізінде қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлғадан Шартта көзделген мерзімдерде, бірақ тоқсанына бір реттен жиі емес қажетті ақпарат пен құжаттарды алуға құқылы;

      3) осы Шарт бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалмауы, сондай-ақ АЭА аумағында қызметті жүзеге асыруға байланысты бұзушылықтар анықталған жағдайда, Қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлғаға басқарушы компанияның атына тиісті түсініктемелер беру мерзімін, сондай-ақ бұзушылықтар болуы тиіс мерзімді көрсете отырып, осындай бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы жазбаша хабарлама жіберуге міндетті жойылды;

      4) бейінді емес немесе қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын өзге тұлғаларға, сондай-ақ АЭА қатысушыларына жер учаскелерін қайталама жер пайдалануға немесе пайдалануға (қосалқы жалға) және инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беруге;

      5) басқарушы компанияға көрсетілетін қызметтер үшін сыйақы алуға құқылы;

      6) инфрақұрылым объектілерін, жер учаскелерін, сондай-ақ өзге де мүлікті жалға және (немесе) қосалқы жалға беруден кірістер алуға;

      7) бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын адамдармен жасалған жекелеген шарттар негізінде АЭА-ның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін инфрақұрылым объектілерін салуға байланысты жобаларды АЭА-ның өзге қатысушыларына немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға берілмеген жер учаскелерінде бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес іске асыруға;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды іске асыруға құқығы бар.

      13. Қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлға:

      1) қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлғалары үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген құқықтық қорғау кепілдіктерін пайдалануға;

      2) Заңда және осы Шартта көзделген тәртіппен қызметті жүзеге асыру үшін жер учаскелерін алуға және инфрақұрылым объектілерін салуға;

      3) АЭА аумағында қызметті жүзеге асырудан алынған кірістерді Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төленгеннен кейін өз қалауы бойынша пайдалануға;

      4) екінші Тараппен келісім бойынша қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын адамдарды тартуға;

      5) өз сипаты бойынша бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын адамның қызмет түрімен сәйкес келмейтін өз өндірісі үшін қосалқы қызмет түрлерін айқындауға және олар туралы Шарттың екінші тарапына хабарлауға міндетті;

      6) өзіне уақытша өтеулі жер пайдалануға немесе пайдалануға (жалға алуға) не қайталама жер пайдалануға немесе пайдалануға (қосалқы жалға алуға) берілген жер учаскесінің аумағында өзіне қажетті инфрақұрылым объектілерін салуды өз қаражаты есебінен жүзеге асыруға;

      7) АЭА аумағында электр, жылу энергиясын, газды, суды, кәрізді, байланыс және телекоммуникация құралдарын, коммуналдық қызметтердің, қоғамдық көліктің басқа да қызметтерін және АЭА аумағында көрсетілетін өзге де қызметтерді пайдалануға құқылы;

      8) басқарушы компанияның алдында қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыруға үміткер және қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлғамен мердігерлік жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін орындауға шарттар белгіленген тәртіппен жасасқан адамдарға жер учаскесін беру туралы өтінішхат беруге;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.

      14. Басқарушы компания:

      1) осы Шарт талаптарының орындалуына тұрақты негізде мониторингті жүзеге асыруға;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Шартта көзделген міндеттерді адал және тиісінше орындауға;

      3) Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс істеуі үшін "бір терезе" қағидаты бойынша қабылдау орындарын, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық көмек көрсетуді ұйымдастыруға;

      4) АЭА аумағындағы мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы негізінде АЭА құру мақсаттарына жауап беретін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың нақты тұтынылуын растауды беруге;

      5) осы шарт жасалғанға дейін бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын адамды басқарушы компанияның АЭА аумағында қызметтер көрсету шарттарымен таныстыруға міндетті. Бұл талап осындай қызметтер болған жағдайда ғана қажет.

      15. Бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға:

      1) өз қызметін АЭА құру мақсаттарына сәйкес жүзеге асыруға;

      2) Осы Шартқа сәйкес қызмет түрін жүргізу үшін техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес келетін мөлшерде ақша қаражатын, айналымнан алынбаған өзге де мүлікті иеленуге;

      3) басқарушы компанияның өз қызметі туралы жыл сайынғы есебін ұсынуға міндетті;

      4) басқарушы компанияның қосымша сұрау салуы бойынша өз қызметі туралы қажетті ақпаратты ұсынуға міндетті;

      5) АЭА аумағында осы Шарттың 1-тарауында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға;

      6) жүзеге асыру бизнес-жоспарға сәйкес және техникалық-экономикалық негіздемелерге ішінде _______ ай, (жыл) инвестициялар көлемі ________ теңге;

      7) қабылданған міндеттемелердің орындалмағаны және (немесе) қызмет мониторингінің нәтижесінде белгіленген анықталған бұзушылықтар жойылғаны туралы жазбаша хабарлама алған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерзімдерде басқарушы компанияның келісімі бойынша бұзушылықтарды жоюға;

      8) арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға арналған қажетті инфрақұрылым мен объектілер болған кезде осы Шартқа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы жасалған шарт негізінде АЭА-дан тыс өкілдіктерді қоспағанда, өзінің оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің қызметін тоқтатуға құқылы.

      9) өз қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен осы Шарт бойынша қабылданған міндеттемелерге сәйкес уақытша өтеулі жер пайдалануға немесе пайдалануға (жалға алуға) немесе қайталама жер пайдалануға немесе пайдалануға (қосалқы жалға алуға) берілген жер учаскесінің аумағында өзіне қажетті өндіріс объектілері мен инфрақұрылымдар салуды жүзеге асыруға;

      10) халықтың расталған қажеттілігі және уәкілетті орган тарапынан өтінішхат болған кезде көлемі жылдық көлемнің ____ пайызынан аспауға тиіс өзі өндіретін өнімнің бір бөлігін ішкі нарыққа жеткізуді жүзеге асыруға;

      11) экологиялық және техникалық сапалар мен бағалар бойынша бәсекеге қабілетті болған жағдайда, Қазақстан Республикасында өндірілген жабдыққа, материалдар мен дайын өнімге артықшылық беруге;

      12) егер бұл қызметтер баға, тиімділік және сапа бойынша бәсекеге қабілетті болса, АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру кезінде қызметтер мен жұмыстарды орындауда қазақстандық ұйымдарға басымдық беруге;

      13) осы Шартта көзделген қызметті жүргізу кезінде авария туындаған жағдайда бұл туралы басқарушы компанияға дереу хабарлауға және қызметкерлер мен халықтың денсаулығы мен өмірін қорғау жөнінде қосымша шаралар қолдануды қамтамасыз етуге, тараптармен келісілген мерзімдерде өндіріс пен қоршаған табиғи ортаны қалпына келтіруге бағытталған жою жұмыстарын орындауға;

      14) АЭА аумағында қызметті және (немесе) жұмыстарды жүзеге асыру кезінде халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда бұл туралы басқарушы компанияны дереу хабардар етуге және жұмыстарды тоқтата тұруға;

      15) қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның үшінші тұлғалар алдындағы ақшалай және өзге де міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында осы Шартты кепілге беруге жол бермеуге;

      16) қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлға жарғылық капиталының үлесін жаңа меншік иесіне берген (иеліктен шығарған) жағдайда, Басқарушы компания жоспарланған мәміле туралы ол жасалғанға дейін кемінде екі ай бұрын хабардар етуге;

      17) осы Шарт бойынша барлық құқықтар мен міндеттемелерді өзге заңды тұлғаға беру ниеті болған жағдайда, онымен жасалатын шартта (мәміледе) қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның және осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді қабылдайтын заңды тұлғаның ортақ жауапкершілігі туралы шарт көздеуге;

      18) мүлікті және (немесе) бизнесті иеліктен шығару жөніндегі жоспарланатын мәміле туралы басқарушы компанияны мәміле жасалған болжамды күнге дейін кемінде 15 жұмыс күні бұрын хабардар етуге;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген міндеттерді адал және тиісінше орындауға;

      20) екінші рет жер пайдалану (қосалқы жалдау) құқығын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде басқарушы компанияға жобалау жүргізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын объектіні пайдалануға беруді қамтамасыз ету кестесін беруге;

      21) екінші рет жер пайдалану (қосалқы жалдау) құқығын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде басқарушы компаниямен қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлғаға Басқарушы компания ұсынатын қызметтер көрсетуге шарт жасасу құқығы беріледі. Бұл талап қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның осы шарт жасалғанға дейін қызмет көрсету шарттарымен танысуы және келісуі шартымен міндетті болып табылады.

6. Салықтар, алымдар және міндетті төлемдер

      16. Қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын адамдарға Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер салынады.

7. Кедендік реттеу

      17. Қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлға Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған кезде қолданылатын кедендік төлемдер мен баждарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындайды.

8. Сақтандыру

      18. Қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асырады, оның ішінде:

      1) жұмыс берушінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

      2) АЭА аумағында келтірілген залалды өтеу жөніндегі жауапкершілікке байланысты шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде міндетті экологиялық сақтандыру:

      қоршаған ортаға және (немесе) қоршаған ортаның жай-күйін оның нашарлауының алдындағы жай-күйге қалпына келтіруге;

      қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына;

      қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында, жедел басқару құқығында және өзге де заңды негізде оларға тиесілі үшінші тұлғалардың мүлкіне;

      3) міндетті әлеуметтік сақтандыру:

      еңбекке қабілеттілігінен айырылу;

      асыраушысынан айрылу;

      жұмыс жоғалту;

      4) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

      5) тиісті қызмет түрін жүргізу кезінде тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;

      6) қызметі авария нәтижесінде үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру.

      19. Бейінді емес қызмет түрлерін өз қалауы бойынша жүзеге асыратын адам сақтандыру ұйымдарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес таңдайды.

9. Шарттың тұрақтылығына кепілдік

      20. Қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын адамға Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Шартпен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етілетін құқықтар мен мүдделерді қорғауға кепілдік беріледі.

      21. Қызметтің бейінді емес түрлерін (ұлттандыру, реквизициялау) жүзеге асыратын адамның мүлкін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюға ерекше жағдайларда және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жол беріледі.

      22. Осы Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша нысанда жасалған және оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған жағдайда ғана жарамды болады.

10. Есеп және есептілік

      23. Бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепке алу және есепке алу құжаттамасын жүргізуді жүзеге асырады.

      24. Қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлға басқарушы компанияға заңнамаға сәйкес өткен жылдағы өз қызметі туралы толық ақпаратты ұсынады, сондай-ақ басқарушы компанияның атына әрбір күнтізбелік жылдың ________ айына, (жылына) дейін осы Шарттың өткен жылдағы талаптарының орындалуы туралы есепті жібереді.

11. Құпиялылық

      25. Осы Шарттың талаптарын орындау процесінде қандай да бір Тарап алған немесе сатып алған ақпарат құпия болып табылады.

      26. Тараптардың мынадай жағдайларды қоспағанда, екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ:

      1) егер мұндай ақпарат сот талқылауын жүргізу барысында пайдаланылса;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес тиісті ақпарат алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына;

      3) мұндай қаржы мекемелері алынған ақпаратты құпия ретінде сақтауға және оны көрсетілген мақсаттарда ғана пайдалануға жазбаша түрде міндеттенген жағдайда, қаржыландыруды ұйымдастыру кезінде бұл орынды дәрежеде қаржы мекемелеріне;

      4) Заңға сәйкес функцияларды жүзеге асыру шеңберінде бірыңғай үйлестіру орталығына беріледі.

      27. Тараптар қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының салық органдарына олардың шоттарына қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес сұратылуы мүмкін ақпаратты беруге келіседі.

12. Құқықтар мен міндеттерді беру

      28. Бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын адам АЭА аумағында өзіне тиесілі мүлік пен бизнеске өз қалауы бойынша билік етеді.

      29. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттің қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның иеліктен шығарылатын активтерін нарықтық баға бойынша мемлекеттік меншікке сатып алуға басым құқығы болады.

13. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары

      30. Тараптар: су тасқыны және өзге де дүлей зілзалалар, өрт, жер сілкінісі, жарылыстар, экстремалды ауа райы жағдайлары, өзге де табиғи және техногендік құбылыстар, соғыс, эмбарго, ереуіл, эпидемия, карантин, төтенше жағдай, коменданттық сағат енгізу сияқты Еңсерілмейтін күш жағдаяттары туындаған жағдайда міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, ал сондай-ақ тараптардың еркіне тәуелсіз, бірақ осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына тікелей әсер еткен өзге де мән-жайлар, не Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауын мүмкін етпейтіндер.

      Мемлекеттік органдардың тыйым салу сипатындағы нормативтік актілерді шығаруы не тараптардың еркіне тәуелсіз, бірақ осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмауына тікелей әсер еткен не осы Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерді орындауын мүмкін етпейтін заңнаманы өзгертуі еңсерілмейтін күш мән-жайлары ретінде сот шешімімен танылуы мүмкін.

      31. Еңсерілмейтін күш мән-жайы туындаған кезде осы Шартқа сәйкес қандай да бір міндеттемелерді орындау осындай мән-жайлардың туындауына байланысты мүмкін болмаған тарап еңсерілмейтін күш мән-жайы басталған немесе тоқтатылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы екінші Тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті (өз міндеттемелерін орындаудың мүмкінировстігін дәлелдей және негіздей отырып осы Шарт бойынша міндеттемелер немесе бұрын күтпеген өзге де салдарлардың туындауы).

      32. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау, мұндай хабарламау немесе уақтылы хабарламау еңсерілмейтін күштің тиісті мән-жайынан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, Тарапты осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде еңсерілмейтін күштің кез келген мән-жайына сілтеме жасау құқығынан айырады. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары жалпыға белгілі және жаппай сипатта болатын және дәлелдемелерді талап етпейтін жағдайларды қоспағанда, еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталуы мен тоқтатылуы туралы хабарлама осындай мән-жайларды растауға Құзыретті құжатпен не тиісті органның және/немесе мекеменің куәлігімен расталуға тиіс.

      33. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары, сондай-ақ осы мән-жайлардан туындаған салдарлар әрекет еткен уақытқа пропорционалды түрде шегеріледі. Егер еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталуына байланысты Тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауы мүмкін болмаса, онда Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.

      34. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталуы осы Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуды заңды ресімдеуді талап етпейді.

14. Арнайы экономикалық аймақ тараптарының жауапкершілігі

      35. Осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген жауаптылықта болады.

      36. Қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлға қызметті жүзеге асыру кезінде жіберілген техникалық регламенттерде және жобалау құжаттамасында белгіленген талаптардың бұзылуына толық жауапты болады.

      37. Қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлға осы Шарт бойынша қызметті жүзеге асыру барысында және оның салдарынан туындайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес залалдармен немесе мемлекетке залал келтірумен байланысты барлық тәуекел үшін жауапты болады.

      38. Бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға жасасқан, Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасын бұзатын мәмілелер кінәлі адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық қолдануға әкеп соғады және жарамсыз болып табылады.

      39. Шартта көрсетілген қызмет түрлерін жүргізу кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелуге тиіс.

15. Осы Шартты өзгерту, толықтыру, тоқтату және бұзу талаптары

      40. Осы Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар Тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша кез келген уақытта енгізіледі және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім түрінде жазбаша ресімделеді.

      Қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның бірыңғай тізілімін жүргізуге байланысты осы Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы Басқарушы компания өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде бірыңғай үйлестіру орталығын хабардар етеді.

      41. Осы бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылуы мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      1) АЭА таратылған;

      2) егер Тараптар оны ұзарту туралы келісімге қол жеткізбесе, оның қолданылу мерзімі аяқталғанда;

      3) бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.

      42. Осы Шарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға тараптардың келісімі бойынша, сондай-ақ Заңда көзделген жағдайларда жол беріледі.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін елеулі бұзушылықтар:

      1) қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның осы Шарттың 2-тармағында және жобалау жүргізудің, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асырудың және объектіні пайдалануға беруді қамтамасыз етудің кестесінде белгіленген мерзімдерді дәлелсіз себептермен күнтізбелік алты айдан артық бұзуы;

      2) бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның қызметін басқарушы компанияның келісімінсіз күнтізбелік екі айдан астам уақытқа тоқтата тұру;

      3) қызметтің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның қызметті жүзеге асыруы кезінде осы Шарттың ережелерін және Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы заңнамасының Орындалатын жұмыстардың сапасына елеулі әсер етуі мүмкін нормаларын бұзуы.

      43. Осы Шарт бұзылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Басқарушы компания бұл туралы бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын адамды, мемлекеттік кіріс органдарын, уәкілетті органды, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарын хабардар етеді.

      44. Басқарушы компанияның хабарламасында белгіленген мерзімде бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға толық жойған осы Шарттың талаптарын бұзу осы Шарттың қолданылуын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіз болып табылмайды.

      45. Басқарушы компания Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Шартты бұзған күнгі баланстық құны бойынша бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғадан, салынған ғимараттар мен құрылыстарды оларды басқа мақсаттарда немесе АЭА-ның басқа да қатысушылары пайдалану мүмкіндігі болған кезде сатып алу-сатудың жеке шарты негізінде сатып алады.

      Мұндай пайдалану мүмкін болмаған кезде бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын адам барлық құрылыстарды бұзуды және екінші Тарапқа қайтарылатын жер учаскелерін тиісті Жай-күйге келтіруді жүзеге асырады.

      Осы Шарт бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын, АЭА аумағында жер учаскелерін жалға алған және құрылыс объектілерін тұрғызған адаммен мерзімінен бұрын бұзылған кезде бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын адам АЭА аумағынан өзіне тиесілі жабдықтар мен тетіктерді бөлшектеу және алып тастау есебінен үш ай мерзім ішінде қамтамасыз етіледі.

      АЭА аумағынан өзіне тиесілі жабдықты, тетіктерді және тұрғызылған құрылыс объектілерін бөлшектеу және алып тастау қызметінің бейінді емес түрлерін жүзеге асыратын адам үш ай мерзімде жүзеге асырмаған жағдайда, аталған объектілерге құқықтар АЭА-ның жаңа қатысушысына немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаға ауысады.

16. Дауларды шешу тәртібі

      46. Осы Шартты орындау кезінде туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.

      47. Дауларды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда үш ай ішінде Тараптар оларды Қазақстан Республикасының сот органдарына қарауға береді.

      48. Тараптар туындаған даулар мен келіспеушіліктер толық шешілгенге дейін шартта белгіленген міндеттемелерді орындаудан босатылмайды.

17. Қолданылатын құқық

      49. Жасалған Тараптар осы Шартқа және басқа да келісімдерге (шарттарға), оның ішінде басқа да тұлғалармен осы Шартты іске асыру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығы қолданылады.

18. Шарт тілі

      50. Шарттың мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде Тараптардың әрқайсысы үшін 2 данада жасалады, барлық даналары бірдей.

      51. Тараптардың келісімі бойынша шарттың мәтіні де өзге тілге аударылуы мүмкін.

      52. Шарттың мазмұнын түсіну және түсіндіру кезінде келіспеушіліктер немесе даулар туындаған жағдайда мәтіннің нұсқасы ____________ оның басым күші бар.

19. Қорытынды ережелер

      53. Осы Шартты іске асыруға байланысты талап етілетін барлық хабарламалар мен құжаттар осы Шарт бойынша Тараптардың әрқайсысына оларды алу фактісі бойынша ғана ұсынылған және тиісті түрде жеткізілген болып есептеледі.

      54. Хабарлама мен құжаттар тікелей Тарапқа тапсырылады немесе пошта, тапсырыс берілген әуе поштасы, факс, электрондық пошта арқылы жіберіледі.

      55. Осы Шарт бойынша почта мекенжайы өзгерген кезде Тараптардың әрқайсысы 7 жұмыс күні ішінде екінші Тарапқа жазбаша хабарлама беруге міндетті.

      56. Шартқа барлық қосымшалар оның құрамдас бөліктері ретінде қарастырылады. Қосымшалардың ережелері мен шарттың өзі арасында қандай да бір алшақтықтар болған кезде Шарт негіз қалаушы мәнге ие болады.

      57. Осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың жазбаша келісімімен ресімделеді. Мұндай келісім осы Шарттың құрамдас бөлігі болып табылады.

      58. Бірнеше заңды тұлғалардың "бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға" тарапынан сөз сөйлеген кезде олардың әрқайсысы басқарушы компаниямен осы Шартқа қол қоюшы болып табылады, ал олардың арасында арнайы экономикалық аймақ аумағында бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыруға қатысушылардың бірлескен қызметі туралы жасалған шарт шартқа ажырамас қосымша болып табылады.

      59. Осы Шартқа ____________ (күні), _______ (айы) 20 __ жылғы ___________қ. Қазақстан Республикасы, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойылды.

      60. Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолдары:

Басқарушы компания

Бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға:

___________________________

___________________________

Заңды мекен-жайы _________________

___________________________

СТН _______________________

___________________________

ЖСК _______________________

___________________________

БСК _______________________

___________________________

__________________________

___________________________

Қолы ___________

Қолы ___________