БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік кұралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуіріндегі № 371 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 мамырда № 11135 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 5) тармақшасына және "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік кұралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық қарап тексеру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 5) тармақшасына, "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік кұралдарын және олардың тіркемелерін әскери полиция органдарында тіркеудің бірыңғай тәртібін белгілейді.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
М. Ахметжанов |