"Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 5 мамырдағы № 385 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 мамырда № 32446 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 20.05.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларында:

      163-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "163. Орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жеңiлдiктi жағдайларда жазаны өтейтін сотталғандар нысаны қылмыстық-атқару қызметі саласында уәкілетті органмен белгіленетін рұқсатнама негізінде мекемелер шегінен тыс жерде тұру және қозғалу құқығына ие болады, рұқсатнама нысаны ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру қағидаларында көрсетілген.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 20 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов