"Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 220 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 392 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 мамырда № 32434 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларын бекіту туралы" 2011 жылғы 18 мамырдағы № 220 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің қару-жарақ пен әскери техника жөніндегі орынбасарына жүктелсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Әуе кемесiн тiркеу (шығару) және Хабарлама беру тәртiбi";

      5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Тізілімге тіркелуге жататын ұшқышсыз әуе кемелері мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) орындалатын міндеттердің арналуы мен түрі бойынша:

      жауынгерлік (соққы беретін) – авиациялық зақымдау құралдарымен соққы беру үшін арналған әуе кемелері;

      барлау – инфрақызыл және теледидарлық диапазондарда барлау, қадағалау құралдарымен әуеде барлау жүргізу және қашықтықты лазерлік метрлеу үшін арналған әуе кемелері;

      көп мақсатты – бір уақытта немесе ұшуға арналған тапсырмаға байланысты бірнеше міндетті шешу үшін арналған әуе кемелері;

      2) басқару қағидаты бойынша:

      автономды – оператордың араласуынсыз навигациялық кешенге енгізілген бағдарламаға сәйкес ұшу тапсырмасын орындайтын әуе кемелері;

      қашықтықтан басқару – жерүсті басқару станциясынан (басқару пунктінен) оператор басқаратын әуе кемелері;

      аралас – ұшуда оператор жерүсті басқару станциясынан (басқару пунктінен) автоматты түрде немесе көрсетілген тәсілдерді үйлестірумен басқаратын әуе кемелері;

      3) массалық-габариттік сипаттамалары бойынша:

      микро – барынша ұшу массасы 10 килограмм аз болатын әуе кемелері;

      шағын – барынша ұшу массасы 10 бастап 100 килограмм дейінгі әуе кемелері;

      орташа – барынша ұшу массасы 100 бастап 1 000 килограмм дейінгі әуе кемелері;

      ауыр – барынша ұшу массасы 1 000 килограммнан асатын әуе кемелері;

      4) ұшуды орындау биіктігі бойынша:

      шекті төмен биіктіктерде – жергілікті жер бедерінен немесе су бетінен 200 метрге дейінгіні қоса алғанда;

      төмен биіктіктерде – жергілікті жер бедерінен немесе су бетінен 200 бастап 1 000 метрге дейінгіні қоса алғанда;

      орташа биіктіктерде – теңіз деңгейінен 1 000 бастап 4 000 метрге дейінгіні қоса алғанда;

      үлкен биіктіктерде – теңіз деңгейінен 4 000 бастап 12 000 метрге дейінгіні қоса алғанда;

      стратосферада – теңіз деңгейінен 12 000 метрден жоғары.";

      Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларын орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің қару-жарақ пен әскери техника жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 2 мамырдағы
№ 392 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк авиациясының әуе
кемелерiн тiркеу қағидаларына
1-қосымша
ҮЛГІ

ЕЛТАҢБА Уәкілетті орган __________________________________________________________________________ Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиация әуе кемелерiнің тiзiлiмiне әуе кемелерін мемлекеттік тiркеу туралы ХАБАРЛАМА №_____

Мемлекеттiк авиация әуе кемесiнiң түрi

Мемлекеттiк авиация әуе кемесiнiң толық зауыттық нөмірі

Шығарылған жылы

Мемлекеттiк және тiркеу тану белгiлерi *





      Пайдаланушы________________________________________________________

      Негіздеме____________________________________________________________

      Мемлекеттiк авиация әуе кемесi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң тiзiлiмiнде

      тiркелгенiн куәландырады.

      __________________________ ____________ ________________________

      (уәкілетті органның басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Мөр орны

      20 ___ жылғы "___"___________

      Ескертпе: *Халықаралық аэронавигацияда қолданылатын мемлекеттік авиация әуе

      кемесі үшін толтырылады.

      (артқы жағы) ҮЛГІ

      МЕМЛЕКЕТТIК АВИАЦИЯНЫҢ ӘУЕ КЕМЕСIН БЕРУ ТУРАЛЫ БЕЛГI

      Пайдаланушы________________________________________________________

      Негіздеме____________________________________________________________

      __________________________ _________ ___________________________

      (уәкілетті органның басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Мөр орны

      20 ___ жылғы "___"___________

      Пайдаланушы________________________________________________________

      Негіздеме___________________________________________________________

      __________________________ ________ ___________________________

      (уәкілетті органның басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Мөр орны

      20 ___ жылғы "___"___________

      Пайдаланушы________________________________________________________

      Негіздеме____________________________________________________________

      __________________________ _________ ___________________________

      (уәкілетті органның басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Мөр орны

      20 ___ жылғы "___"___________

      Пайдаланушы________________________________________________________

      Негіздеме____________________________________________________________

      __________________________ _________ ___________________________

      (уәкілетті органның басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Мөр орны

      20 ___ жылғы "___"___________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы 2 мамырдағы
№ 392 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк авиациясының әуе
кемелерiн тiркеу қағидаларына
2-қосымша
ҮЛГІ

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясының әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы ӨТІНІМ

      ____________________________________________________________________

      (әуе кемесінің түрі)

      Зауыттық нөмірі______________________________________________________

      Шығарылған күні (әскери өкіл қабылдап алған күні)________________________

      ____________________________________________________________________

      (авиациялық қозғалтқыштардың түрі және олардың зауыттық нөмірі)

      _________________________________авиациялық қозғалтқыштары орнатылған

      _____________________________________________________________жататын

      (пайдаланушы және оның мекенжайы)

      __________________________________________________________келіп түскен

      ____________________________________________________________негізінде

      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң тізілімінде тіркеуді

      сұраймын.

      Қосымша мәліметтер:

      1. Санаты (әуе кемесінің арналуы)__________________________________

      2. Ең ауыр ұшу салмағы, килограмм________________________________

      Қосымшалар:____________________________________________________

      ______________________ _______ ___________________________

      (мемлекеттік органның, (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты мекеменің басшысы) (бар болған

      жағдайда))

      Мөр орны

      20 ____жылғы "____" __________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы 2 мамырдағы
№ 392 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк авиациясының әуе
кемелерiн тiркеу қағидаларына
3-қосымша
ҮЛГІ

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы әуе кемелерiнiң тiзiлiмiнен мемлекеттiк авиациясы әуе кемесiн шығару туралы ӨТІНІМ

      ___________________________________________________________________жататын

      (пайдаланушы және оның мекенжайы)

      __________________________________________________________________________

      (әуе кемесінің түрі)

      Зауыттық нөмірі____________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (авиациялық қозғалтқыштардың түрі және олардың зауыттық нөмірі)

      _______________________________________авиациялық қозғалтқыштары орнатылған

      Мемлекеттiк авиациясы әуе кемесiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы

      әуе кемелерiнiң тізіліміне мемлекеттік тiркеу туралы 20 ___жылғы "__"___________

      берілген № ______ хабарлама

      мемлекеттік және тіркеу тану белгілері_______________________________________

      ________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________байланысты

      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң тiзiлiмiнен шығаруын сұраймын.

      Қосымша мәліметтер:

      1. Санаты (әуе кемесінің арналуы)__________________________________

      2. Ең ауыр ұшу салмағы, килограмм ________________________________

      Қосымшалар: ___________________________________________________

      ___________________________ _____ _______________________________________

      (уәкілетті органның басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Мөр орны

      20 ____жылғы "______" _______

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы 2 мамырдағы
№ 392 бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк авиациясының әуе
кемелерiн тiркеу қағидаларына
4-қосымша
ҮЛГІ

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң тізіліміне әуе кемесiн мемлекеттік тiркеу туралы хабарламаның көшірмесін алуға ӨТІНІМ

      ____________________________________________________________________

      (әуе кемесінің түрі, борттық нөмірі)

      әуе кемесінің Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң

      тізіліміне мемлекеттік тiркеу туралы 20___жылғы "___"_________ № ________

      хабарламаны ауыстыруды (телнұсқа беруді) сұраймын.

      Ауыстыру (телнұсқа беру) себебі________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Куәлікті жоғалтуға, зақымдауға (бүлдіруге) әкеп соқтырған жағдайлар

      _____________________________________________________________________.

      Әуе кемесі туралы деректер:

      Әуе кемесінің түрі_____________________________________________________

      Зауыттық нөмірі ______________________________________________________

      Шығарылған күні (әскери өкілдің қабылдап алған күні) _____________________

      Қондырылған қозғалтқыштар ___________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (авиациялық қозғалтқыштардың түрі мен зауыттық нөмірі)

      Санаты (әуе кемесінің арналуы)___________________________________________

      Ең ауыр ұшу салмағы, килограмм__________________________________________

      _________________________________________________________________тиесілі

      (пайдаланушы және оның мекенжайы)

      ____________________________________________________________келіп түскен

      _______________________________________________________________негізінде.

      Қосымшалар:___________________________________________________________

      _____________________ _______ __________________________________________

      (мемлекеттік органның, (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты мекеменің басшысы) (бар болған жағдайда))

      Мөр орны

      20 ____жылғы "___" _________