БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 14190 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Кепілдік жарна мөлшерін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 432 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 14190 болып тіркелген) Кепілдік беру туралы шарт жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларына сәйкес тәуекел көрсеткіштері мен факторларының бағалауына негізделген көп факторлы модель қолданылады.";
5, 7- тармақтар алып тасталсын;
"Тәуекел көрсеткіштері мен факторларының бағалауына негізделген көпфакорлы үлгі" кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесіне қосымша алып тасталсын.
2. "Кепілдік беру туралы шарт жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 432 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 14312 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген кепілдік беру туралы шарт жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген тәуекел факторлары мен көрсеткіштерін есептеу үшін соңғы қаржылық жылдағы құрылыс салушының қаржылық есептілігіне (бухгалтерлік теңгерім, пайдалар мен шығындар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, жеке капиталындағы өзгерістер туралы есеп) талдау жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
"14-1. Кепілдік жарна мөлшерлемесін қолдану үшін құрылыс салушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бағаланатын тәуекелдер факторы бойынша 60 және одан жоғары балл жинауы қажет.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Тәуекел көрсеткіштері мен факторларының бағалауына негізделген көпфакторлы үлгі" 4-қосымшасымен толықтырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Тәуекел көрсеткіштері мен факторларының бағалауына негізделген көпфакторлы үлгі
Көрсеткіштің атауы | Тәуекелдің факторы | Көрсеткіш мәні және балл | ||
1. Пайдалылық көрсеткіштері |
1) Қызметтің пайдалылық коэффициенті (таза кіріс/түсім) |
0-ден 0,02 дейін – 0 балл | ||
2) Активтердің пайдалылық коэффициенті (таза кіріс /активтер) |
0 – 0 балл | |||
3) жеке капиталдың пайдалылық коэффициенті (таза кіріс/жеке капитал) |
0 кем не тең – 0 балл | |||
2. Өтімділік көрсеткіштері |
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (қысқа мерзімді активтер/қысқа мерзімді міндеттемелер) |
0,70-тен кем – 0 балл | ||
3. Қаржы тұрақтылығының көрсеткіштері |
1) Автономия коэффициенті (жеке капитал+резервтер/активтер) |
0-ден 0,10 дейін – 0 балл | ||
2) Оңтайлылық коэффициенті (жеке айналым қаражаты / жеке капитал) |
0-ден 0,10 дейін – 0 балл | |||
3) Қаржылық иінтірек коэффициенті (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер/жеке капитал) |
7-ден жоғары – 0 балл | |||
4. Құрылыс салушы-компаниясының жұмыс тәжірибесі |
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің ауданының (шаршы метрлерінің) көлемі немесе пайдалануға берілген тұрғын үйдің (шаршы метрлерінің) көлемі | Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада салу кезінде, мың шаршы метр | Өзге әкімшілік-аумақтық бірліктерде салу кезінде, мың шаршы метр | баллдар |
18-20 | 9-10 | 1 | ||
20-30 | 10-15 | 2 | ||
30-40 | 15-20 | 3 | ||
40-50 | 20-25 | 4 | ||
50-60 | 25-30 | 5 | ||
60-70 | 30-35 | 6 | ||
70-80 | 35-40 | 7 | ||
80-90 | 40-45 | 8 | ||
90-100 | 45-50 | 9 | ||
100-ден жоғары | 50-ден жоғары | 10 | ||
5. Заңдық көрсеткіштері | Заңдық күшіне енген, бірақ орындалмаған үшінші тұлғалардың талабы бойынша құрылыс салушыға қатысты мүліктік сипаттағы сот шешімдері (талаптардың жалпы сомасы/жеке капитал) |
5 % және жоғары – 0 балл | ||
Заңдық күшіне енген, бірақ орындалмаған үшінші тұлғалардың талабы бойынша уәкілетті компанияға қатысты мүліктік сипаттағы сот шешімдері (талаптардың жалпы сомасы/жеке капитал) |
5 % және жоғары – 0 балл | |||
6. Құрылысты аяқтауға берілген кепілдіктер саны | Бірыңғай оператордың кепілдігін алған пайдалануға берілген объектілердің саны, бүкіл кезең ішінде |
0 – 0 балл | ||
7. Ұзартулар саны | Бірыңғай оператордың кепілдігін алған пайдалануға берілген объектілердің мерзімін ұзартудың ең көп саны, соңғы 2 жыл ішінде |
3 – (-5) балл |