Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 мамырда № 32399 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрінің м.а.
Г. Азидуллин

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2023 жылғы 27 сәуірдегі
№ 135 бұйрығына
қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделген шаруашылық және басқа да қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 25 шілдедегі №238-ө бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4876 болып тіркелген);

      2. "Шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қазандағы №57 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9805 болып тіркелген);

      3. "Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы №151 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10042 болып тіркелген);

      4. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №317 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12138 болып тіркелген);

      5. "Міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы №343 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11726 болып тіркелген);

      6. "Шаруашылық және өзге қызметтерге экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қазандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы №2 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13034 болып тіркелген);

      7. "Міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы №343 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы №51 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14935 болып тіркелген);

      8. "Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы №151 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі №141 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15163 болып тіркелген);

      9. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №317 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы №409 бұйрығы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16105 болып тіркелген).