БҰЙЫРАМЫН:
1. "Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17034 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметі (технологиялық процесі) мынадай міндеттемелерді қабылдаған кезде жер қойнауын пайдалануға байланысты (байланысты) деп танылады:
1) пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялар нәтижесінде өздері алған пайдалы қатты қазбалар "Өнеркәсіптік саясат туралы" Заңның 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілетін Бірыңғай индустрияландыру картасына (бұдан әрі - Бірыңғай индустрияландыру картасы) енгізілген өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру шеңберінде тек қана шикізат және (немесе) отын ретінде пайдаланылатын болады;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар шарттарында белгіленетін, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылық үлесі күнтізбелік жыл ішінде сатып алынған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің кемінде елу пайызын құрауға тиіс;
3) орташа жалақы көлемін төлеу тиісті өңірдің орташа статистикалық көрсеткішінен жоғары деңгейде жүргізіледі;
4) өнеркәсіптік-инновациялық жобаның құны кемінде 14 500 000 айлық есептік көрсеткіштерді құрайды;
5) осы Қағидалардың 4 тармағының 2) тармақшасында көзделген жоспар-кестесіне сәйкес жобаны іске асыру.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жағдай тиісті өнеркәсіптік -инновациялық жобаны іске асыру барлық мерзімі, сондай-ақ басқа адамға (басқа адамдарға) жер қойнауын пайдалану құқығын беруді тапсырудан немесе өтуден тыс, қызмет жер қойнауын пайдаланумен байланысты өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерімен (технологиялық процесін) жасасқан жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны іске асырудың барлық мерзім ішінде тұрақты болып саналады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комиссия төрағасы уәкілетті орган басшысының тиісті мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары болып табылады.
Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстар өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
Комиссияның құрамына Индустриялық даму комитетінің, Геология комитетінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері кіреді.
Комиссия отырыстары, егер оған Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде елу пайызы қатысса, заңды деп есептеледі. Комиссия құрамы тақ саннан тұрады.
Комиссия шешімдері отырысқа қатысып отырған мүшелердің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі