БҰЙЫРАМЫН:
1. "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20783 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Оралов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсіп
министрлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 93 бұйрығына қосымша |
|
"Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер
1. Қалыптастырылған туристік өнім:
1) қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсетуге арналған үшінші тұлғалармен жасалған шарттардың нөмірлері
___________________________________________________________;
2) шарттар жасалған күні________________________________________.
2. Еңбек өтілі бір жылдан кем емес, туристік білімі бар кемінде бір қызметкердің болуы:
1) мамандығы мен біліктілігі______________________________________;
2) лицензияланатын қызмет түрінің бейімі бойынша жоғары немесе орта кәсіптік білімі
туралы дипломның нөмірі __________________________________________________;
3) дипломның берілген күні______________________________________;
4) оқу орнының атауы___________________________________________;
5) туристік білімі бар қызметкердің еңбек өтілі_______________________.
3. Меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздердегі кеңсеге арналған үй-жай
_________________________________________________________________________;
(кеңсеге арналған үй-жайға құқық белгілейтін құжаттың атауы, нөмірі және күні).
4. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына
сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкпен жасалған банк
кепілдігін енгізу шарты ________________________________________________.
(шығу туризмі саласының туроператорлары үшін)