"Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 121 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 141 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 сәуірде № 32288 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 121 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9958 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын айқындау қағидаларында:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидалары";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын айқындау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 12 сәуірдегі
№ 141 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 13 қарашадағы
№ 121 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидалары

      1. Осы Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.

      3. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың бағасы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады және ол:

      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетін шикі газ көлемінің бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалатын шикі газды өндіруге жұмсалған шығыстарды;

      2) ұлттық операторға шикі газды өткізетін жерге дейін оны тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды;

      3) он пайыздан аспайтын мөлшердегі рентабельділік деңгейін қамтиды.

      4. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың бағасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады және ол:

      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетін шикі газ көлемінің бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалатын шикі газды өндіруге жұмсалған шығыстарды;

      2) шикі газдан тауарлық газды өндіруге жұмсалатын шығыстарды;

      3) ұлттық операторға тауарлық газды өткізетін жерге дейін оны тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды;

      4) он пайыздан аспайтын мөлшердегі рентабельділік деңгейін қамтиды.

      4-1. Заңның 15-бабының 4-1-тармағына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша өз қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін тауарлық газдың бағасы көрсетілген күнге дейін жер қойнауын пайдалануға арналған өзге келісімшарттар (лицензиялар) шеңберінде шикі газ өндіру жүзеге асырылмаған жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) қатысты:

      1) ұлттық операторға тауарлық газды өткізудің болжамды орнынан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары жүйесі арқылы тасымалдауға арналған шығыстар;

      2) тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан ұлттық операторға тауарлық газды өткізудің болжамды орнына дейін тасымалдауға арналған шығыстар;

      3) ұлттық оператордың он пайызға дейінгі мөлшердегі рентабельділік нормалары шегеріле отырып, тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары мен тауарлық газдың экспорттық бағаларының орташа арифметикалық мәні негізге алынып, көмірсутектер кен орнын әзірлеу мен шикі газды қайта өңдеудің күрделілігі ескеріле отырып осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      Осы тармақта көзделген тауарлық газдың бағасын айқындау тәртібі өз қызметін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған (берілген) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін тауарлық газдың осындай жер қойнауын пайдаланушының ұлттық операторға тауарлық газды өткізуінің жылдық көлемінің 2023 жылдың алдындағы қатарынан күнтізбелік бес жылдағы орташа арифметикалық мәнінен асатын көлемдеріне де қолданылады.

      5. Заңның 15-бабының 6-тармағына сәйкес шикі және (немесе) тауарлық газды иеліктен шығаруды жүргізуге ниеті бар жер қойнауын пайдаланушылар уәкілетті органға мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газ бағасының құжатпен расталған есеп-қисаптарын алдағы жылдың 1 қаңтарынан кешіктірілмейтін мерзімде сараптамаға жібереді.

      Бұл ретте оның шеңберінде ағымдағы күнтізбелік жылы шикі газды өндіру жоспарланған өткен жылғы 1 шілдеден кейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша осындай өндіру басталғанға дейін 2 айдан кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың бағасын бекіткен күнінен бастап оны күшіне енгізе отырып, жер қойнауын пайдаланушының қолда бар нақты деректері (бар болған жағдайда) мен жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған тиісті базалық жобалық құжаттың негізінде есептеулер ұсынылады.

      6. Осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес айқындалатын, жоспарланатын кезеңге ұлттық оператор мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасы ұлттық оператор өткен күнтізбелік жылы сатып алған шикі және тауарлық газдың бағасынан он пайыздан аспайды.

  Мемлекеттің артықшылықты
құқығы шеңберінде ұлттық
оператор сатып алатын
шикі және тауарлық
газдың бағасын айқындау
қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың бағасын айқындау

      Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық операторға шикі газ өткізілген жағдайда оның бағасын жер қойнауын пайдаланушы мынадай формула бойынша есептейді:



      мұндағы,

      РС – мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың бағасы, бір мың текше метрі үшін теңгемен;

      СР – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, бір мың текше метрі үшін теңгемен, ол өткен күнтізбелік жыл үшін мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы,

      СF – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есептермен расталған, жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылы үшін жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен және оларды бастапқы қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысты өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай мен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, теңге;

      GP– өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, бір мың текше метр;

      OP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай өндіру көлемі, тонна;

      0,857 – шикі газдың бір мың текше метрін тоннаға ауыстыру коэффициенті;

      r – 0-ден 1-ге дейінгі диапазондағы құндық коэффициент, ол мынадай формула бойынша айқындалады:



      мұндағы,

      GP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, бір мың текше метр;

      OP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнайды өндіру көлемі, тонна;

      AEPG – тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау жөніндегі шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлық газдың өткен күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, бір мың текше метрі үшін теңгеде;

      AEPО – тарифтердің негізінде айқындалатын, шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау жөніндегі шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы шикі мұнайдың өткен күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, бір тонна үшін теңгеде;

      *Ескертпе: шикі мұнай өндірілмеген жағдайда, r құндық коэффициенті 1-ге тең;

      ТС – тарифтердің негізінде айқындалатын, шикі газды ұлттық операторға өткізудің жоспарланатын орнына дейін оны тасымалдауға арналған шығыстар, бір мың текше метрі үшін теңгеде;

      R – ұлттық операторға N % мөлшерінде шикі газды өткізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының рентабельділігі, ол мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы,

      N – жер қойнауын пайдаланушы белгілейтін, бірақ 10 пайыздан аспайтын мән.

  Мемлекеттің артықшылықты
құқығы шеңберінде ұлттық
оператор сатып алатын шикі
және тауарлық газдың
бағасын айқындау
қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың бағасын айқындау

      Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық операторға тауарлық газ өткізілген жағдайда оның бағасын жер қойнауын пайдаланушы мынадай формула бойынша есептейді:



      мұндағы,

      РС – мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың бағасы, бір мың текше метр үшін теңге;

      СР – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, бір мың текше метр үшін теңгемен, ол өткен күнтізбелік жыл үшін мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы,

      CF- халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есептермен расталған, жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылы үшін жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен және оларды бастапқы қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысты өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай мен шикі газ өндірудің өндірістік өзіндік құны, теңге;

      GP– өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, бір мың текше метр;

      OP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнай өндіру көлемі, тонна;

      0,857 – шикі газдың бір мың текше метрін тоннаға ауыстыру коэффициенті;

      r1 – 0-ден 1-ге дейінгі диапазондағы құндық коэффициент, ол мынадай формула бойынша айқындалады:



      мұндағы,

      GP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі газды өндіру көлемі, бір мың текше метр;

      OP – өткен күнтізбелік жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнайды өндіру көлемі, тонна;

      AEPG – тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау жөніндегі шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлық газдың өткен күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, бір мың текше метрі үшін теңгеде;

      AEPО – тарифтердің негізінде айқындалатын, шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау жөніндегі шығыстарды шегере отырып, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жариялайтын кедендік статистика деректері бойынша есептелетін Қазақстан Республикасының шекарасындағы шикі мұнайдың өткен күнтізбелік жылғы орташа өлшенген экспорттық бағасы, бір тонна үшін теңгеде;

      *Ескертпе: шикі мұнай өндірілмеген жағдайда, r1 құндық коэффициенті 1-ге тең;

      CRE – өткен күнтізбелік жылы өндірілген шикі газдан тауарлық газды өндірудің өзіндік құны, ол мынадай формула бойынша айқындалады:



      мұндағы,

      СFG – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес аудиторлық есептермен расталған, жер қойнауын пайдаланушының аяқталған қаржы жылы үшін жылдық қаржылық есептілігі негізінде айқындалатын, шикі газды қайта өңдеумен тікелей байланысты және мұнай мен шикі газды өндірудің өзіндік құнының құрамына кірмейтін өткен күнтізбелік жылы шикі газды қайта өңдеудің жалпы өзіндік құны, теңге;

      QG – тауарлық газды өндіру көлемі, бір мың текше метр;

      QCG – қайта өңдеуге жіберілген шикі газдың көлемі, бір мың текше метр;

      ТС – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды ұлттық операторға өткізудің жоспарланатын орнына дейін оны тасымалдауға арналған шығыстар, бір мың текше метр үшін теңге;

      r2 – бірнеше көрсеткіштерді бейнелейтін коэффициент:

      газды өндіру көлемі;

      тауарлық газдың сапасы;

      газды өндіру көлеміне қосымша өнімді (сұйытылған мұнай газын) өндіру көлемі, мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы,

      r2.1 - өткен күнтізбелік жылы газдың өндіру көлемінің коэффициенті мынадай диапазонда есептеп шығарылады:

      газды өндіру көлемі 1000 млн.м3 дейін болған кезде коэффициент 0,7-ге тең;

      газды өндіру көлемі 1000 млн.м3 бастап 2000 млн.м3 дейін болған кезде коэффициент 1-ге тең;

      газды өндіру көлемі 2000 млн.м3 бастап 3000 млн.м3 тең дейін болған кезде коэффициент 2-ге тең;

      газды өндіру көлемі 3000 млн.м3 бастап 4000 млн.м3 дейін болған кезде коэффициент 4,5-ке тең;

      газды өндіру көлемі 4000 млн.м3 бастап болған кезде коэффициент 5,7-ге тең;

      r2.2 – тауарлық газ сапасының коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы,

      Негізгі көрсеткіштер (ҚР СТ 1666 "Магистральдық газ құбыры арқылы жеткізілетін және тасымалданатын табиғи жанғыш газдар. Техникалық шарттар" нормаланады):

      r2.2.1 – күкіртсутегі массасының коэффициенті, г/м3, мынадай диапазонда есептеледі:

      0,007 нормадан асқан кезде коэффициент 0,7-ге тең, 0,007 норма шегінде коэффициент 1-ге тең;

      r2.2.2 - меркаптанды күкірт массасының коэффициенті, г/м3, мынадай диапазонда есептеледі:

      0,016 нормадан асқан кезде коэффициент 0,7-ге тең; 0,016 норма шегінде коэффициент 1-ге тең;

      r 2.2.3 - ылғалдағы шық нүктесінің С коэффициенті, мына диапазондарда есептеледі:

      - қоңыржай макроклиматтық аудан үшін 1 мамыр - 30 қыркүйек кезеңінде минус 3 нормасынан асып түскен кезде коэффициент 0,7-ге тең, минус 3 норма шегінде коэффициент 1-ге тең;

      - қоңыржай макроклиматтық аудан үшін 1 қазан - 30 сәуір кезеңіндегі минус 5 нормасынан асқан кезде коэффициент 0,7-ге тең, минус 5 норма шегінде коэффициент 1-ге тең;

      - салқын макроклиматтық аудан үшін 1 мамыр - 30 қыркүйек кезеңіндегі минус 10 нормасынан асқан кезде коэффициент 0,7-ге тең, минус 10 норма шегінде коэффициент 1-ге тең;

      - салқын макроклиматтық аудан үшін 1 қазан - 30 сәуір кезеңіндегі минус 20 нормасынан асқан кезде коэффициент 0,7-ге тең, минус 20 норма шегінде коэффициент 1-ге тең;

      r2.2.4 - төменгі жану жылуы коэффициенті, МДж/м3, мынадай диапазонда есептеледі:

      мәні кемінде 32,5 кезінде коэффициент 1-ге тең, мәні 32,5-тен кем болғанда коэффициент 0,7-ге тең;

      Қосымша көрсеткіштер:

      r2.2.5 - құрамындағы метан коэффициенті, моль %, мынадай диапазонда есептеледі:

      92-ден кем болған кезде коэффициент 0,85-ке тең, 92-ден асқан кезде коэффициент 1-ге тең;

      r2.2.6 - құрамындағы этан коэффициенті, моль %, мынадай диапазонда есептеледі:

      6 нормасынан асқан кезде, коэффициент 0,85-ке тең, 6 норма шегінде коэффициент 1-ге тең;

      r2.2.7 - құрамындағы пропан коэффициенті, моль %, мынадай диапазонда есептеледі:

      3 нормасынан асқан кезде, коэффициент 0,85-ке тең, 3 норма шегінде коэффициент 1-ге тең;

      r2.2.8 - құрамындағы азот коэффициенті, моль %, мынадай диапазонда есептеледі:

      2 нормасынан асқан кезде коэффициент 0,85-ке тең, 2 норма шегінде коэффициент 1-ге тең;

      r2.3 – өткен күнтізбелік жылдағы қосымша өнім бойынша коэффициент (сұйытылған газды өткізуден түскен кірістің газды өндіру көлеміне қатынасы), бір мың текше метр үшін теңгеде, мынадай диапазонда есептеледі:

      мәні 5 000-нан асқан кезде коэффициент 0,7-ге тең, мәні 5 000-нан кем болған кезде коэффициент 1-ге тең;

      R – ұлттық операторға N % мөлшерінде тауарлық газды өткізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының рентабельділігі, ол мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы,

      N – жер қойнауын пайдаланушы белгілейтін, бірақ 10 пайыздан аспайтын мән.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 12 сәуірдегі
№ 141 бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттің артықшылықты
құқығы шеңберінде ұлттық
оператор сатып алатын шикі
және тауарлық газдың
бағасын айқындау
қағидаларына
3-қосымша

Көрсетілген күнге дейін жер қойнауын пайдалануға арналған өзге келісімшарттар (лицензиялар) шеңберінде шикі газ өндіру жүзеге асырылмаған жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша өз қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін тауарлық газдың, сондай-ақ өз қызметін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған (берілген) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін тауарлық газдың осындай жер қойнауын пайдаланушының ұлттық операторға тауарлық газды өткізуінің жылдық көлемінің 2023 жылдың алдындағы қатарынан күнтізбелік бес жылдағы орташа арифметикалық мәнінен асатын көлемдерінің бағасын айқындау

      Тауарлық газды мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық операторға өткізген жағдайда, оның оның бағасын жер қойнауын пайдаланушы мынадай формула бойынша есептейді



      мұндағы,


– мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын көрсетілген күнге дейін жер қойнауын пайдалануға арналған өзге келісімшарттар (лицензиялар) шеңберінде шикі газ өндіру жүзеге асырылмаған жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша өз қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін тауарлық газдың, сондай-ақ өз қызметін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған (берілген) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін тауарлық газдың осындай жер қойнауын пайдаланушының ұлттық операторға тауарлық газды өткізуінің жылдық көлемінің 2023 жылдың алдындағы қатарынан күнтізбелік бес жылдағы орташа арифметикалық мәнінен асатын көлемдерінің бағасы, бір мың текше метрі үшін теңгеде;

– ұлттық оператордан алынатын мәліметтердің негізінде айқындалатын Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы шекарасындағы тауарлық газдың ағымдағы экспорттық бағасы, бір мың текше метрі үшін теңгеде;

– ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада сатудың ағымдағы күнтізбелік жылға бекітілген шекті бағаларының орташа арифметикалық мәні, бір мың текше метрі үшін теңгеде;

– жер қойнауын пайдаланушыдан Қытай Халық Республикасы шекарасына дейін магистральдық газ құбырлары жүйесімен тауарлық газды тасымалдау жөніндегі шығыстарын шегере отырып, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы шекарасындағы тауарлық газдың ағымдағы экспорттық бағасынан 10 %-ға дейінгі ұлттық оператордың рентабельділігі;

– тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қытай Халық Республикасы шекарасына дейін магистральдық газ құбырлары жүйесімен тасымалдау жөніндегі шығыстары, бір мың текше метрі үшін теңгеде;

– табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифтердің негізінде айқындалатын, тауарлық газды ұлттық операторға өткізудің жоспарланатын орнына дейін оны тасымалдауға арналған шығыстар, бір мың текше метр үшін теңге;

– кен орнын игерудің күрделілік коэффициенті;

      егер кен орны "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 36-бабы 1-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген параметрлерге сәйкес келмейтін жағдайда, онда кен орнын игерудің күрделілік коэффициенті 0,8-ге тең;

      егер кен орны "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 36-бабы 1-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген параметрлердің біріне сәйкес келетін жағдайда, онда кен орнын игерудің күрделілік коэффициенті 1-ге тең.

      2023 жылға 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша тауарлық газ ұлттық операторға қатарынан алдағы күнтізбелік бес жылдан кем мерзімде өткізілген жағдайда, жылдық көлемнің орташа мәні осындай өткізу кезеңінде ғана қолданылады.