"Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 наурызда № 32190 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында:

      31-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар төлеуді қоса алғанда, персоналға еңбекақы төлеуге арналған шығыстар ескеріледі, бұл ретте еңбекақы төлеуге арналған шығыстарды айқындау кезінде нормативтік саннан (болған кезде) аспайтын персоналдың (әкімшілік-басқарушылық және өндірістік) нақты саны және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) немесе субъект персоналының нақты саны, бірақ нормативтік санынан аспайтын және ақпарат берудің алдындағы жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес субъект қызмет көрсететін өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) орташа айлық жалақы есепке алынады.

      Экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес субъект қызмет көрсететін өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) орташа айлық жалақы, ақпарат берудің алдындағы жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан, ол Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы бағамен қабылданған орташа айлық жалақыдан асып кеткен кезде қабылданады;";

      9-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      12-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
м.а.
2023 жылғы 31 наурыздағы
№ 42 Бұйрыққа
1-қосымша
  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
9-қосымша

Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының құрылымы (филиалдар бөлінісінде)

Атауы

Өлшем бірлігі

Деңгейі

1

Тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы

теңге/1000 м3


2

Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тариф



3

Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу шығындары (жабдықтау үстемеақысы)



4

Тауарлық газдың шекті бағасының жиыны, оның ішінде:



Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алмай

1

Тұрмыстық тұтынушылар (халық)



2

Жылу энергетикасы компаниялары халық үшін жылу энергиясын өндіруге арналған тауарлық газды тұтыну көлемінде



3

Жылу энергетикасы компаниялары заңды тұлғалар үшін жылу энергиясын өндіруге арналған тауарлық газды тұтыну көлемінде



4

Жылу энергетикасы компаниялары электр энергиясын өндіруге арналған тауарлық газды тұтыну көлемінде



5

Тұтынушылардың I I, II, III, IV, VI, VII, VIII және IX топтарына жатпайтын өзге де заңды тұлғалар



6

Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар



7

Тауарлық газды мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін сатып алатын және уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлғалар



8

Тауарлық газды одан әрі тұтынушыларға өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру үшін сатып алатын заңды тұлғалар



9

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық)



10

Ірі коммерциялық тұтынушылар



11

Цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру бойынша тұлғалар



Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алумен

1.

Тұрмыстық тұтынушылар (халық)



2.

Жылу энергетикасы компаниялары халық үшін жылу энергиясын өндіруге арналған тауарлық газды тұтыну көлемінде



3.

Жылу энергетикасы компаниялары заңды тұлғалар үшін жылу энергиясын өндіруге арналған тауарлық газды тұтыну көлемінде



4.

Жылу энергетикасы компаниялары электр энергиясын өндіруге арналған тауарлық газды тұтыну көлемінде



5.

Тұтынушылардың I, II, III, IV, VI, VII, VIII және IX топтарына жатпайтын өзге де заңды тұлғалар



6.

Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар



7.

Тауарлық газды мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін сатып алатын және уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлғалар



8.

Тауарлық газды одан әрі тұтынушыларға өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру үшін сатып алатын заңды тұлғалар



9.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық)



10

Ірі коммерциялық тұтынушылар



11

Цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру бойынша тұлғалар



      Ескертпе: Тұтынушылар тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алмай сатып алған жағдайда.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
м.а.
2023 жылғы 31 наурыздағы
№ 42 Бұйрыққа
2-қосымша
  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
12-қосымша

Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тауарлық газды бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу

      1. Субъектілердің тауарлық газды бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілетін ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын (бұдан әрі – көтерме сауда бағалары) саралау арқылы тұтынушылардың I тобынан бастап VI тобы аралығындағы топтарға және IX тобына тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағаларын саралауды ескере отырып (газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдауға және сақтауға арналған тарифті ескере отырып), әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке жүзеге асырылады.

      Тұтынушылардың VII, VIII, X, XI топтары үшін көтерме сауда бағаларын саралау жүзеге асырылмайды.

      2. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын қалыптастыру Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің сараланған шекті бағасын белгілеу мақсатында тұтынушылардың мынадай топтары бөліп көрсетілген:

      тұтынушылардың І тобы – тауарлық газды газ тарату жүйесінен бөлшек саудада өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметті алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық);

      тұтынушылардың ІІ тобы – тауарлық газды халық үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында сатып алатын жылу энергетикаcы компаниялары (бұдан әрі – халық үшін ЖЭК);

      тұтынушылардың ІІІ тобы – тауарлық газды заңды тұлғалар үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында сатып алатын жылу энергетикасы компаниялары (бұдан әрі – заңды тұлғалар үшін ЖЭК);

      тұтынушылардың IV тобы – тауарлық газды электр энергиясын өндіру үшін сатып алатын жылу энергетикасы компаниялары;

      тұтынушылардың V тобы – тұтынушылардың I, II, III, IV, VI, VII, VIII, IX, X және XI топтарына жатпайтын өзге де тұтынушылар;

      тұтынушылардың VI тобы – бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар;

      тұтынушылардың VII тобы – тауарлық газды мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін сатып алатын және газбен жабдықтау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлғалар;

      тұтынушылардың VIII тобы – тауарлық газды одан әрі тұтынушыларға өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін сатып алатын заңды тұлғалар.

      тұтынушылардың IX тобы – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар (халық).

      тұтынушылардың IX тобы үшін тауарлық газ бағасының өсуі тиісті жылғы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (инфляция) дәлізінің төменгі шегінен аспайды.

      тұтынушылардың X тобы – ірі коммерциялық тұтынушылар;

      Ірі коммерциялық тұтынушылар үшін белгіленетін шекті бағалар:

      әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын;

      цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, халық және заңды тұлғалар үшін жылу және (немесе) электр энергиясын өндіруге қажетті тауарлық газды өткізу жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.

      тұтынушылардың XI тобы – цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру бойынша тұлғалар.

      4. Тұтынушылардың әрбір тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасы Қағидаларға сәйкес айқындалады және тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауды есепке алмай және тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауды ескере отырып, тұтынушылардың тауарлық газды сатып алуына қарай бөлінеді.

      5. Тұтынушылардың II тобынан бастап VIII тобы аралығындағы және X тобынан бастап XI тобы аралығындағы топтармен газ тарату жүйесі бойынша газ тасымалдауға жеке шарт жасалады.

      6. Халық үшін тұтынушылардың I тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының құрылымы мыналардан:

      тұтынушылардың I тобы үшін тауарлық газдың саралануы ескеріле отырып, оны бөлшек саудада өткізудің көтерме бағасынан;

      газ тарату ұйымының тауарлық газды өткізу бойынша шығындарынан;

      тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифтен тұрады.

      7. Тұтынушылардың II тобынан бастап VI тобы аралығында топтармен және IX тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының құрылымы мыналардан:

      тауарлық газдың саралануын ескере отырып, оны бөлшек саудада өткізудің көтерме бағасынан;

      газ тарату ұйымының тауарлық газды өткізу бойынша шығындарынан;

      тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифтен (тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы өнеркәсіптік тұтынушылар мен ТЭК сатып алған жағдайда) тұрады.

      8. Тұтынушылардың VII тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының құрылымы мыналардан:

      газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган тұтынушылардың VII тобы үшін "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекіткен тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасынан;

      газ тарату ұйымының тауарлық газды өткізу бойынша шығындарынан;

      тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифтен (тауарлық газды мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін сатып алатын және уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлғалар сатып алған жағдайда) тұрады.

      9. Тұтынушылардың VIII тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының құрылымы мыналардан:

      газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган тұтынушылардың VIII тобы үшін бекіткен тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасынан;

      газ тарату ұйымының тауарлық газды өткізу бойынша шығындарынан;

      тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифтен (тауарлық газды одан әрі тұтынушыларға өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру үшін сатып алатын заңды тұлғалар сатып алған жағдайда) тұрады.

      10. Тұтынушылардың X тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының құрылымы мыналардан:

      газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган тұтынушылардың X тобы үшін бекіткен тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасынан;

      газ тарату ұйымының тауарлық газды өткізу бойынша шығындарынан;

      тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифтен (ірі өнеркәсіптік тұтынушы тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы сатып алған жағдайда) тұрады.

      11. Тұтынушылардың XI тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының құрылымы мыналардан:

      газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган тұтынушылардың XI тобы үшін бекіткен тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасынан;

      газ тарату ұйымының тауарлық газды өткізу бойынша шығындарынан;

      тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифтен (цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру бойынша тұлға сатып алған жағдайда) тұрады.

      12. Тауарлық газдың көтерме бағаларын саралау "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес газды көтерме саудада өткізу бағалары өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.

      13. Тұтынушылардың I тобы үшін сараланған көтерме саудада сатып алу бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті ескере отырып:

      БсаралІ = (БқолдІ х k) - Қ-Т,

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алмай:

      БсаралІ = (БқолдІ х k) – Қ, мұнда:

      БсаралІ – тұтынушылардың I тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      БқолдІ – тұтынушылардың бірінші тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы шекті бағасы (теңге/1000 м3);

      Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ тарату ұйымының тауарлық газын өткізуге арналған шығындар;

      Т – заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тариф;

      k – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде айқындалатын тұтынушылардың I тобы үшін тауарлық газды өткізудің шекті бағасының өзгеруі коэффициенті.

      14. Тұтынушылардың II тобы үшін тауарлық газдың сараланған көтерме бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті ескере отырып:

      Бсарал II = (БқолдІІ х k1) - Қ-Т,

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау тарифін есепке алмай:

      Бсарал II = (БқолдІІ х k1) – Қ, мұнда:

      Бсарал II – тұтынушылардың II тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3)

      БқолдІІ – тұтынушылардың II тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы шекті бағасы (теңге/1000 м3);

      Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ тарату ұйымының тауарлық газын өткізуге арналған шығындар;

      Т – заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген газ тарату жүйелері арқылы тауарлық газды тасымалдауға арналған тариф;

      k1 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде айқындалатын тауарлық газды өткізудің шекті бағасының өзгеруі коэффициенті.

      15. Тұтынушылардың III тобы үшін сараланған көтерме сатып алу бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті ескере отырып:

      БсаралIIІ = (БқолдІІІ х k2) - Қ-Т,

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті ескере отырып:

      БсаралІII = (БқолдІІІ х k2) - Қ, мұнда:

      БсаралІII – тұтынушылардың III тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      БқолдІІІ – тұтынушылардың III тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы бағасы (теңге/1000 м3);

      Қ – Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ тарату ұйымының тауарлық газын өткізуге арналған шығындар;

      Т – заңнамада белгіленген тәртіппен тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға бекітілген тариф;

      k2 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде айқындалатын тауарлық газды өткізудің шекті бағасының өзгеруі коэффициенті.

      16. Тұтынушылардың IV тобы үшін тауарлық газдың сараланған көтерме бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті ескере отырып:

      Бсарал IV = (Бқолд IV х k3) - Қ-Т,

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алмай:

      Бсарал IV = (Бқолд IV х k3) - Қ, мұнда:

      Бсарал IV – тұтынушылардың IV тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      Бқолд IV – тұтынушылардың IV тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы шекті бағасы (теңге/1000 м3);

      Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ тарату ұйымының тауарлық газын өткізуге арналған шығындар;

      Т– заңнамада белгіленген тәртіппен тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға бекітілген тариф;

      k3 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде айқындалатын тауарлық газды өткізудің шекті бағасының өзгеруі коэффициенті.

      17. Тұтынушылардың V тобы үшін тауарлық газдың сараланған көтерме бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті ескере отырып:

      Бсарал V = (Бқолд V* k4) - Қ-Т,

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алмай:

      БсаралV = (БқолдV * k4) – Қ, мұнда:

      Бсарал IV – тұтынушылардың V тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      Бқолд V – тұтынушылардың V тобы үшін тауарлық газдың қолданыстағы шекті бағасы (теңге/1000 м3);

      Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ тарату ұйымының тауарлық газын өткізуге арналған шығындар;

      Т– заңнамада белгіленген тәртіппен тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға бекітілген тариф;

      k4 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында баға белгілеудің әлеуметтік-экономикалық факторлары негізінде айқындалатын тауарлық газды өткізудің шекті бағасының өзгеруі коэффициенті.

      18. Тұтынушылардың алтыншы тобы үшін тауарлық газдың сараланған көтерме бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      БсаралVI = (Vжалпы жыл х Бқолд – (VI жыл х БсаралI) – (VII жыл х Бсарал II) – (VIII жыл х Бсарал III) – (VIV жыл х Бсарал IV) – (VV жыл х Бсарал V)) / VVI, мұнда:

      БсаралVI – тұтынушылардың VI тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      Vжалпы жыл – тауарлық газды бір жылға өткізудің жалпы жоспарланған көлемі (1000 м3в);

      Бқолд – газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тауарлық газдың көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      Бсарал І – тұтынушылардың I тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/м3);

      Бсарал II – тұтынушылардың II тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      Бсарал III – тұтынушылардың III тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      Бсарал IV – тұтынушылардың IV тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      Бсарал V– тұтынушылардың V тобы үшін тауарлық газдың есептемелік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      VI жыл – тұтынушылардың I тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға арналған жоспарлы көлемі (1000 м3);

      VII жыл – тұтынушылардың II тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға арналған жоспарлы көлемі (1000 м3);

      VIII жыл – тұтынушылардың III тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға арналған жоспарлы көлемі (1000 м3);

      VIV жыл – тұтынушылардың IV тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға арналған жоспарлы көлемі (1000 м3);

      VV-жыл – тұтынушылардың V тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға арналған жоспарлы көлемі (1000 м3);

      VVI-жыл – тұтынушылардың VI тобы үшін тауарлық газды өткізудің бір жылға арналған жоспарлы көлемі (1000 м3).

      19. Тұтынушылардың VII тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау тарифін ескере отырып:

      Б VII = БқолдVII+Қ +Т,

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау тарифін есепке алмай:

      Б VII = БқолдVII+Қ, мұнда:

      Б VII – тұтынушылардың VII тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасы (теңге/1000 м3);

      БкөтермеVII – тұтынушылардың

      VII тобы үшін газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен шекті көтерме баға;

      Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ тарату ұйымының тауарлық газын өткізуге арналған шығындар (теңге/1000 м3);

      Т – заңнамада белгіленген тәртіппен тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға бекітілген тариф (теңге/1000 м3).

      20. Тұтынушылардың VIII тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау тарифін ескере отырып:

      Б VIII = БқолдVIII+Қ +Т,

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау тарифін есепке алмай:

      Б VIII = БқолдVIII+Қ, мұнда:

      Б VIII – тұтынушылардың VIII тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасы (теңге/1000 м3);

      БкөтермеVIII – газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тұтынушылардың VIII тобы үшін шекті көтерме баға;

      Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ тарату ұйымының тауарлық газын өткізуге арналған шығындар (теңге/1000 м3).

      21. Тұтынушылардың тоғызыншы тобы үшін сараланған көтерме сатып алу бағаларын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау тарифін ескере отырып:

      Бсарал IX = (БсаралІ / kс) - Қ-Т,

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау тарифін есепке алмай:

      Бсарал IX = (Бсарал І / kс) – Қ, мұнда:

      Бсарал IX – тұтынушылардың IX тобы үшін тауарлық газдың есептік сараланған көтерме бағасы (теңге/1000 м3);

      Бсарал І – тұтынушылардың I тобы үшін тауарлық газдың жобалық шекті бағасы (теңге/1000 м3);

      Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ тарату ұйымының тауарлық газын өткізуге арналған шығындар;

      Т – заңнамада белгіленген тәртіппен тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға бекітілген тариф;

      kс – тұтынушылардың IX тобы үшін тауарлық газды сатудың шекті бағасының өзгеруі коэффициенті.

      22. Тұтынушылардың X тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау тарифін ескере отырып:

      Б X = БкөтермеХ+Қ +Т,

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау тарифін есепке алмай:

      Б X = БкөтермеХ+Қ, мұнда:

      Б X – тұтынушылардың X тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасы (теңге/1000 м3);

      БкөтермеХ – газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тұтынушылардың X тобы үшін тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы;

      Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ тарату ұйымының тауарлық газын өткізуге арналған шығындар (теңге/1000 м3);

      Т – заңнамада белгіленген тәртіппен тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға бекітілген тариф (теңге/1000 м3).

      23. Тұтынушылардың XI тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау тарифін ескере отырып:

      Б XI = Бкөтерме+Қ + Т,

      Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау тарифін есепке алмай:

      Б XI = БкөтермеXI +Қ, мұнда:

      Б XI – тұтынушылардың XI тобы үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасы (теңге/1000 м3);

      БкөтермеXI – газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тұтынушылардың XI тобы үшін тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы;

      Қ – осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын газ тарату ұйымының тауарлық газын өткізуге арналған шығындар (теңге/1000 м3);

      Т– заңнамада белгіленген тәртіппен тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға бекітілген тариф (теңге/1000 м3).