БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13631 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулығында:
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) шығыстар есебінің "электрондық үкіметтің" архитектурасына сәйкестігін қамтамасыз етеді;";
18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "электрондық үкіметтің" архитектурасының іске асырылу барысы туралы ақпарат;";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Уәкілетті органның қарауына "электрондық үкіметтің" архитектурасында көрсетілген тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстардың есебі жатады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. "Электрондық үкіметтің" бекітілген архитектурасы болмаған жағдайда, уәкілетті орган осы Нұсқаулықтың 11 және 12-тармақтарында құжаттарды талдау арқылы шығыстар есебін қарауды жүзеге асырады.";
осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшсына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Нұсқаулықтың 1-1-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығындардың жалпы атаулары
№ | Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған жалпы шығындардың атаулары |
Ағымдағы шығындар, қорларды сатып алу | |
1. | ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компоненттеріне арналған қосалқы бөлшектер |
2. | перифериялық жабдыққа арналған картридж |
3. | перифериялық жабдыққа арналған тонер |
Ағымдағы шығындар, көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды сатып алу | |
4. | "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін сүйемелдеу |
5. | "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау |
6. | "электрондық үкімет" ақпараттандыру объектісіне жүйелік-техникалық қызмет көрсету |
7. | лицензияланған бағдарламалық жасақтаманы техникалық қолдау |
8. | бағдарламалық жасақтаманы техникалық қолдау |
9. | жабдықты техникалық қолдау |
10. | серверлік жабдықты жалға берілетін серверлік үй-жайға орналастыру |
11. | ақпараттық жүйенің аудиті |
12. | пайдаланушыларды оқыту |
13. | ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компоненттерін жөндеу |
14. | жұмыс орындарына жүйелік-техникалық қызмет көрсету |
15. | серверлік жабдыққа жүйелік-техникалық қызмет көрсету |
16. | ақпараттық жүйенің және электрондық ақпараттық ресурстың хостингі |
17. | Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері |
18. | телекоммуникация қызметі |
19. | картридждерді толтыру |
20. | ақпараттандыру саласындағы консалтингтік қызметтер |
Күрделі шығындар. Негізгі құралдарды сатып алу | |
21. | компьютерлік жабдық |
22. | серверлік жабдық |
23. | деректерді сақтау жүйесі |
24. | сақтық көшірме жүйесі |
25. | перифериялық жабдық |
26. | телекоммуникациялық жабдық |
27. | серверлік үй-жайларға арналған электр жабдықтары мен жабдықтар |
28. | коммутатор |
29. | желіаралық экран |
30. | аппараттық қауіпсіздік модулі |
Күрделі шығындар. | |
31. | аппараттық-бағдарламалық кешен |
32. | бағдарламалық қамтамасыз ету |
33. | лицензиялық-бағдарламалық қамтамасыз ету |
Дамытуға бағытталған күрделі шығындар | |
34. | "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құру |
35. | "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін енгізу |
36. | "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін дамыту |
37. | "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құру немесе дамыту жөніндегі жобаны басқару |
38. | "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау |
39. | инвестициялық жобада көзделген серверлік жабдық |
40. | инвестициялық жобада көзделген деректерді сақтау жүйесі |
41. | инвестициялық жобада көзделген резервтік көшіру жүйесі |
42. | инвестициялық жобада көзделген бағдарламалық қамтамасыз ету |
43. | инвестициялық жобада көзделген лицензиялық-бағдарламалық қамтамасыз ету |
Бұйрыққа 2-қосымша |
|
Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебін жасау, ұсыну және қарастыру жөніндегі нұсқаулыққа 1-1-қосымша |
Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның қарауына жататын ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
№ | Ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің атауы |
1. | серверлік жабдық |
2. | деректерді сақтау жүйесі |
3. | сақтық көшірме жүйесі |
4. | коммутатор |
5. | желі аралық экран |
6. | аппараттық қауіпсіздік модулі |
7. | бағдарламалық қамтамасыз ету |
8. | бағдарламалық-аппараттық кешен |
9. | лицензиялық-бағдарламалық қамтамасыз ету |
10. | "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құру |
11. | "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін дамыту |
12. | "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау |
13. | "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін енгізу |
14. | "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құру немесе дамыту жөніндегі жобаны басқару |
15. | "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін сүйемелдеу |
16. | "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісіне жүйелік-техникалық қызмет көрсету |
17. | лицензияланған бағдарламалық жасақтаманы техникалық қолдау |
18. | бағдарламалық жасақтаманы техникалық қолдау |
19. | жабдықты техникалық қолдау |
20. | серверлік жабдықты жалға берілетін серверлік үй-жайға орналастыру |