"Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 наурызда № 32156 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6986 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген терiс себептер бойынша атқаратын лауазымынан шығарылған немесе босатылған, сол сияқты өкiлеттiктерін тоқтатқан, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарды, оларға теңестірілген адамдарды, лауазымды адамдарды және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген терiс себептер бойынша атқаратын лауазымынан шығарылған немесе босатылған, сол сияқты өкiлеттiктерін тоқтатқан "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарды, оларға теңестірілген адамдарды, лауазымды адамдарды және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары бекітілсін;

      Мемлекеттік қызметтен терiс себептер бойынша босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне мәлімет үшін, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 27 наурыздағы
№ 76 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 39 бұйрығымен
бекітілді

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген терiс себептер бойынша атқаратын лауазымынан шығарылған немесе босатылған, сол сияқты өкiлеттiктерін тоқтатқан, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарды, оларға теңестірілген адамдарды, лауазымды адамдарды және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген терiс себептер бойынша атқаратын лауазымынан шығарылған немесе босатылған, сол сияқты өкiлеттiктерін тоқтатқан, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарды, оларға теңестірілген адамдарды, лауазымды адамдарды және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) терiс себептер бойынша атқаратын лауазымынан шығару немесе босату, сол сияқты өкiлеттiктерін тоқтату негіздерін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңдарын (бұдан әрі – заңдар) ақпараттық және статистикалық сүйемелдеу мақсатында әзірленді.

      2. Қағидалар "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Заңның 12-бабы 3-тармағының 12) тармақшасымен көзделген арнайы есепке алуды (бұдан әрі – арнайы есепке алу) жүргізудің, пайдаланудың және сақтаудың бірыңғай тәртібін белгілейді.

      Арнайы есепке алуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) жүргізеді.

      Арнайы есепке алудың мәліметтері тек осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін пайдаланылады.

      Комитеттің аумақтық және оған теңестірілген органдары (бұдан әрі – аумақтық органдары) жергілікті арнайы есепке алуды жүргізеді.

      3. Тәртіптік шараларды қолдана отырып, өз өкілеттіктері шегінде заңдар талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері Комитеттің аумақтық органдарына осы Кағидалардың 6, 7, 13, 14-тармақтарында көрсетілген құжаттарды уақтылы ұсынады.

      4. Терiс себептер бойынша атқаратын лауазымынан шығарылған немесе босатылған, сол сияқты өкiлеттiктерін тоқтатқан, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң) 1-бабының 1-1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген адамдар арнайы есепке алынуға жатады.

2-тарау. Арнайы есепке алуды жүргізу тәртібі

      5. Арнайы есепке алуға негіз заңдармен көзделген терiс себептер бойынша атқаратын лауазымынан шығару немесе босату, сол сияқты өкiлеттiктерін тоқтату фактісі болып табылады.

      6. Мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің кадр қызметі (бұдан әрі – органның кадр қызметі) акт шығарылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органына осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша актінің және өзіне қатысты акт шығарылған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген терiс себептер бойынша атқаратын лауазымынан шығарылған немесе босатылған, сол сияқты өкiлеттiктерін тоқтатқан, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңда көзделген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарды, оларға теңестірілген адамдарды, лауазымды адамдарды және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарды есепке алу карточкасы" (бұдан әрі – карточка) ақпараттық есепке алу құжатын жібереді.

      7. Органның кадр қызметі әскери немесе көлік прокурорларына қадағаланатын органның кадр қызметі карточканы Комитеттің аумақтық органына (әскери, көліктегі) жібереді.

      8. Карточканың деректемелері баспа әріптерімен көк немесе қара бояумен, түзетулерсіз және шимайлаусыз толтырылады. Арнайы есепке алынатын адамның аты, тегі, әкесінің аты (ол болған кезде) бас әріптермен енгізіледі. Адамның жұмыс орны мен лауазымы, сондай-ақ карточканы қойған мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің (бұдан әрі – орган) атауы қысқартуларсыз толтырылады.

      9. Органның кадр қызметі карточканың 1-деректемесінде адам терiс себептер бойынша атқаратын лауазымынан шығарылған немесе босатылған, сол сияқты өкiлеттiктерін тоқтатқан адамның органының атауы көрсетіледі.

      2 және 2.1-деректемелерде арнайы есепке алынатын адамның ведомстволық тиістілігін көрсетеді.

      3-деректемеде актіге сәйкес арнайы есепке алудың негізін толтырады.

      4-деректемеде актінің тіркеу нөмірін және шығарылған күнін, 5-деректемеде қолданылған өндіріп алудың шарасын көрсетеді.

      6, 7, 8, 9, 9.1, 10, 11-деректемелерде арнайы есепке алынатын адамның анықтау деректерін көрсетеді.

      10. Органның басшысы және органның кадр қызметінің жауапты адамы (оларды алмастыратын адамдар) өзінің тегі мен аты-жөнін, атқаратын лауазымын және толтыру күнін көрсете отырып, карточкаға қол қояды (карточканың 12, 12.1, 13-деректемелері).

      14, 15-деректемелерін Комитеттің аумақтық органы толтырады, онда осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген терiс себептер бойынша атқаратын лауазымынан шығарылған немесе босатылған, сол сияқты өкiлеттiктерін тоқтатқан, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңда көзделген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарды, оларға теңестірілген адамдарды, лауазымды адамдарды және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарды есепке алу журналының" (бұдан әрі - журнал) деректеріне сәйкес тіркелген нөмірін, оның тіркеу күнін, өзінің тегін көрсетеді және карточкаға қол қояды.

      11. Карточкаға қол қойған адамдар онда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      12. Комитеттің аумақтық органы карточкаларды журналда тіркейді.

      Комитеттің аумақтық органы карточка келіп түскен сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде дұрыс толтырылуы мен деректемелердің түгелдігін тексереді және карточканың графикалық көшірмесін, актінің және адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін сала отырып карточканы Комитеттің ақпараттық жүйесіне енгізуді жүргізеді.

      Егер енгізу мерзімінің аяқталуы демалыс немесе мереке күніне келсе, карточка одан кейінгі бірінші жұмыс күні енгізіледі.

      13. Осы Қағидалардың талаптары бұзылып толтырылған толық емес немесе дұрыс емес мәліметтерді құрайтын, белгіленбеген үлгідегі бланкілерде толтырылған карточкалар тіркелмейді және оларды қойған органына келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарылады.

      Түзетілген карточкалар келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органына тіркеу үшін ұсынылады.

      14. Актінің өзгертілген немесе күші жойылған сәттен бастап органның кадр қызметі 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мөрмен расталған, сондай-ақ актіні өзгерту немесе жою туралы растайтын материалдарды 2 (екі) данада қоса бере отырып, Комитеттің аумақтық органына "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген терiс себептер бойынша атқаратын лауазымынан шығарылған немесе босатылған, сол сияқты өкiлеттiктерін тоқтатқан, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңда көзделген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар, лауазымды адамдар және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар туралы актінің өзгеруі (күшінің жойылуы) туралы хабар" (бұдан әрі – хабар) жібереді.

      15. Комитеттің аумақтық органы хабардың 1 (бір) данасын және актінің өзгеруін немесе күшінің жойылуын растайтын материалдардың 1 (бір) данасын Комитетке жібереді, ол Комитеттің арнайы есепке алудың мәліметтеріне түзету енгізуіне негіз болады.

      Комитет хабардың және актінің өзгеруін немесе күшінің жойылуын растайтын материалдардың келіп түскен сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде Комитеттің ақпараттық жүйесінде тиісті түзетуді жүргізеді.

      16. Арнайы есепке алудың толықтығын қатамасыз ету және карточкаларды уақтылы ұсыну мақсатында органдар Комитеттің аумақтық органына тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне дейін арнайы есепке алынуға жататын адамдарға қатысты тізімдік мәліметтерді ұсынады.

      Алшақтықтар анықталған кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды нақтылау және жою жөнінде шаралар қабылданады.

3-тарау. Арнайы есепке алу мәліметтерін пайдалану және сақтау тәртібі

      17. Арнайы есепке алу мәліметтері тексеру іс-шараларын жүзеге асыруға уәкілетті органдарға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету кезінде (бұдан әрі – сұрау салудың бастамашысы) пайдаланылады.

      18. Сұрау салудың бастамашысы арнайы есепке алу мәліметтерін өтеусіз негізде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 29 Қағидалар) бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларының 15-қосымшасына сәйкес "Жеке тұлғаға электрондық нысанда мәлімет алу үшін пайдаланушының нұсқаулықты" пайдалана отырып, Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі арқылы талап етеді.

      19. Сұрау салудың бастамашысы талапты тексерілетін адамдардың тізімі қоса бере отырып, электрондық құжат нысанында болмаса бірыңғай транспорттық орта болмаған жағдайда қағаз тасымалдағышта басшысының немесе оның орнын алмастырушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен жібереді.

      Ілеспе хатта оларға тексеру құқығын беретін нормативтік құқықтық актіге сілтеме көрсетіледі.

      Осы ереже жедел-іздестіру қызметін, тергеуді (анықтауды), жазаның орындалуын, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының соттарына, көші-қон полициясының бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының рұқсатнама жүйесіне және қорғаныс істері органдарына қолданылмайды.

      20. Талап әрбір тексерілетін адамға бөлек құрастырылады. Тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), туған күнін өзгерткен адамға талапты толтырған кезде бұрынғы және өзгертілген сауалнамалық деректері көрсетіледі.

      21. Электрондық құжат нысанындағы талаптар (бұдан әрі – электрондық талаптар) "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімделеді.

      Талапта барлық деректемелер толтырылуға жатады, тексерілетін адамның сауалнамалық деректерінің біреуі болмаған жағдайда тиісті деректеме толтырылмайды. Туған жылы, күні, айы және туылған жері толық көрсетілуге жатады. Егер туған күні, айы белгісіз болса, онда тиісті бағанға "00" жазбасы жазылады.

      Тексерілетін адамның жеке сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда мәліметтер "Жеке тұлға" Мемлекеттік деректер банкі арқылы толтырылады.

      22. № 29 Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағыштағы талапта барлық деректемелер толтырылуға жатады. Тексерілетін адамға қатысты сауалнамалық деректемелердің бірі болмаған жағдайда, тиісті деректемеде "жоқ" жазбасы жазылады.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) анық, баспа, біріншісі бас әріппен жазылады. Туған күні мен туған жері толық көрсетілеуі тиіс. Егер туған күні немесе айы белгісіз болса, тиісті бағанға "00" жазбасы жазылады.

      23. Комитетке және оның аумақтық органдарына осы Қағидалардың 19, 20, 22-тармақтары бұзылып рәсімделген талаптарды ұсыну, одан бас тартуға және сұрау салған бастамашыға орындаусыз қайтаруға негіз болып табылады.

      Факс байланысы арналары арқылы келіп түскен сұрау салулар, сондай-ақ халықаралық келісім шарттармен белгіленген тәртіпті бұзған шетел мемлекеттерінің сұрау салулары орындалмайды.

      Азаматтардың, сондай-ақ тексеру іс-шараларын жүзеге асыруға уәкілетті емес мекемелер мен ұйымдардың талаптар бланкілерінде рәсімделген сұрау салулары тексерілмейді және орындаудан бас тарту себептері мен есепке алуға жүгіну тәртібі түсіндіріле отырып, бастамашыға орындаусыз кері қайтарылады.

      24. Сұрау салудың бастамашысына тексеру күніне Комитетте және оның аумақтық органдарында бар тексерілетін адамға қатысты барлық арнайы есепке алу мәліметтері беріледі.

      25. Қағаз тасымалдағыштағы талаптар 5 (бес) жұмыс күні ішінде орындалады. Электрондық талаптар 3 (үш) жұмыс күні ішінде, ал қосымша тексеру жүргізу қажет еткен жағдайда, 5 (бес) жұмыс күні ішінде орындалады.

      Жергілікті әскери басқару органдарының қағаз тасымалдағыштағы талаптар мемлекеттік ақпараттық жүйелер арасында өзара іс-қимыл болмаған кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындалады.

      Талаптардың Комитетке және оның аумақтық органдарына келіп түскен күні оны орындаудың мерзіміне кірмейді.

      Егер электрондық талаптарды өңдеу барысында тиісті мемлекеттік органдарға немесе мекемелерге қосымша сұрау салулар жібере отырып, қабылданған процестік шешім туралы мәліметтерді нақтылау қажет болған жағдайда, сұрау салудың бастамашысына аралық жауап жіберіледі, онда 10 (он) жұмыс күні өткеннен кейін электрондық талапты қайта рәсімдеу қажеттігі туралы хабарланады.

      26. Тексеру нәтижелері № 29 Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мөр қоя отырып талаптарда көрсетіледі. Электрондық цифрлық қолтаңба қойылған, ақпараттық жүйелер арқылы жіберілген электрондық талаптар бұларға қосылмайды.

      27. Тексерілетін адам арнайы есепке алуда тұрған адам болып табылатынына және сауалнамалық деректердің бұрмалануы қатенің немесе терудің салдарынан орын алды деп пайымдауға негіз беретін арнайы есепке алуда тексерілетін адаммен ұқсас сауалнамалық деректері бар адам анықталған кезде (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күнінде сәйкессіздіктер болған кезде) мәліметтер "... мәліметтер бар" белгімен беріледі.

      Тексерілетін арнайы есепке алуда тұрған адамның іс-әрекетіне қатыстылығын сұрау салған бастамашысы анықтайды.

      28. Комитет және оның аумақтық органдары ұсынған мәліметтерді сұрау салулардың бастамашылары қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолдануы тиіс.

      29. Растайтын құжаттары бар карточкалар және журнал тұрақты мерзімде сақталады.

      Қағаз тасымалдағыштағы ілеспе хаттар 5 (бес) жыл сақтау мерзіміне бөлек номенклатуралық іске тігіледі (құрастырылады).

  Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген терiс
себептер бойынша
атқаратын лауазымынан
шығарылған немесе босатылған,
сол сияқты өкiлеттiктерін
тоқтатқан, "Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы"
Қазақстан Республикасы
Заңында көзделген мемлекеттік
функцияларды орындауға
уәкілеттік берілген адамдарды,
оларға теңестірілген адамдарды,
лауазымды адамдарды және
жауапты мемлекеттік
лауазымды атқаратын
адамдарды арнайы
есепке алуды жүргізу, пайдалану
және сақтау қағидаларына
1-қосымша

      нысан

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген терiс себептер бойынша атқаратын лауазымынан шығарылған немесе босатылған, сол сияқты өкiлеттiктерін тоқтатқан, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарды, оларға теңестірілген адамдарды, лауазымды адамдарды және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарды есепке алу карточкасы

      1.______________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

                  (мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің атауы)

      2. Жасады: (анықтамалық бойынша)

      2.1. Жасады: (анықтамалық бойынша)

      3. Арнайы есепке алуға қоюдың негізі (анықтамалық бойынша)

      4. 20 __ жылғы "____" ____________ № ________ акт.

      5. Өндіріп алу шарасы қолданылды: (анықтамалық бойынша)

      6. Арнайы есепке алынатын адам туралы мәлімет:

Тегі

Аты

Әкесінің аты (ол болған кезде)




      7. Туған жылы "____" __________________ - ______ жылы

      8. Туған жері _____________________________________

      9. Тұрғылықты мекенжайы (тіркелген)____________________________

      9.1 Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|

      10. Жұмыс орны __________________________________________________

      11. Лауазымы ___________________________________________________

      12. Арнайы есепке алуға қою үшін акт шығарған мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің басшысы _______________________________________ (тегі, қолы) 12.1 Осы ақпараттық есепке алу құжатты толтырған кадр қызметінің жауапты адамы ____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы)

      13. Толтыру күні 20____ жылғы "____" _________________.

      14. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық және оған теңестірілген органында (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық органы) тіркелген күні 20 ____ жылғы "_____"_______ .

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген терiс себептер бойынша атқаратын лауазымынан шығарылған немесе босатылған, сол сияқты өкiлеттiктерін тоқтатқан "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарды, оларға теңестірілген адамдарды, лауазымды адамдарды және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарды есепке алуды журналы бойынша материалдың (хаттаманың) № ____________________________

      15. Комитеттің аумақтық органының қызметкері ____________________________

      _________________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы)

  Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген терiс
себептер бойынша атқаратын
лауазымынан шығарылған
немесе босатылған, сол сияқты
өкiлеттiктерін тоқтатқан,
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы"
Қазақстан Республикасы
Заңында көзделген мемлекеттік
функцияларды орындауға
уәкілеттік берілген адамдарды,
оларға теңестірілген адамдарды,
лауазымды адамдарды және
жауапты мемлекеттік
лауазымды атқаратын
адамдарды арнайы есепке алуды
жүргізу, пайдалану және
сақтау қағидаларына
2-қосымша

      нысан

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген терiс себептер бойынша атқаратын лауазымынан шығарылған немесе босатылған, сол сияқты өкiлеттiктерін тоқтатқан, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарды, оларға теңестірілген адамдарды, лауазымды адамдарды және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарды есепке алу журналы № _______

      Басталды 20__ жылғы _____ бастап № _____

      Аяқталды 20__ жылғы ______ бастап № ___

      Қала 20__ жылы

№ р/р

Тіркелген күні

Ақпараттық есепке алу құжатын (бұдан әрі – АЕҚ) қойған мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің атауы және коды

АЕҚ-ны қойған күні, АЕҚ-ны қойған адамның лауазымы, тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қолы

Тегі

Аты

Әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

Жұмыс орны

Лауазымы

терiс себептер бойынша атқаратын лауазымынан шығару немесе босату, сол сияқты өкiлеттiктерін тоқтату негізі және күні

Актінің өзгеруі немесе күшінің жойылуы туралы мәлімет, күні

8

9

10

11

      Ескертпе:

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген терiс себептер бойынша атқаратын лауазымынан шығарылған немесе босатылған, сол сияқты өкiлеттiктерін тоқтатқан, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарды, оларға теңестірілген адамдарды, лауазымды адамдарды және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарды есепке алуды журналы (бұдан әрі – журнал) қатаң есеп беру құжаты болып табылады, оның беттері нөмірленеді, тігіледі, "Журналда _____ парақ нөмірленген және тігілген. Журнал жүргізуге жауапты адамның қолы, күні, қолының толық жазылуы" куәландырушы жазумен мөрленеді.

      Журналды жүргізу үшін жауапты адам заңнамада белгіленген тәртіппен көрінеу жалған мәліметтер енгізуге жауапты.

      Журналдың дұрыс жүргізілуін бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық және оларға теңестірілген органдарының басшыларына жүктеледі.

  Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген терiс
себептер бойынша атқаратын
лауазымынан шығарылған
немесе босатылған, сол сияқты
өкiлеттiктерін тоқтатқан,
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы"
Қазақстан Республикасы
Заңында көзделген мемлекеттік
функцияларды орындауға
уәкілеттік берілген адамдарды,
оларға теңестірілген адамдарды,
лауазымды адамдарды және
жауапты мемлекеттік
лауазымды атқаратын
адамдарды арнайы есепке алуды
жүргізу, пайдалану және
сақтау қағидаларына
3-қосымша

      нысан

  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті
көшірме: ____________________
____________________________
  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің аумақтық және
теңестірілген органының атауы

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген терiс себептер бойынша атқаратын лауазымынан шығарылған немесе босатылған, сол сияқты өкiлеттiктерін тоқтатқан "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар, лауазымды адамдар және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар туралы актінің өзгеруі (күшінің жойылуы) туралы хабар

      Тегі _________________________________________________________________

      Аты _____________________________________________________________________

      Әкесінің аты (ол болған кезде) _______________________________________________

      Туған жылы "__" __________ ____ жылы

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген терiс себептер бойынша

      адамдарды атқаратын лауазымынан шығару немесе босату, сол сияқты өкiлеттiгін

      тоқтату себептері туралы мәлімет: _________________________________________

      (шығарудың негізін, түрін және күнін көрсету)

      __________________________________________________________________________

      Қабылданған актіні өзгерту (жою) туралы мәлімет: ___________________________

      __________________________________________________________________________

      Өзгерту (жою) туралы актіні қабылдау негізі және күні _____________________

      __________________________________________________________________________

      Акт шығарған мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің атауы:

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (хабарды құрастырған адамның лауазымы, тегі, аты-жөні және қолы должность)

      Құрастыру күні 20__ жылғы "__" _________ МО

      (150х210 өлшемі)