"Асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 792 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 105 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 наурызда № 32122 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 792 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5482 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімінің жүргізу ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрі
2023 жылғы 20 наурыздағы
№ 105 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін
атқарушының
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 792 бұйрығымен
бекітілген

Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабы 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілім жүргізу мынадай мақсаттарда жүргізіледі:

      1) Қазақстан Республикасындағы асыл тұқымды жануарларды есепке алу;

      2) жануарлардың тұқымдарымен селекциялық жұмыс жүргізуді жоспарлау үшін дерекқор құру.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімі (бұдан әрі – республикалық тізілім) – асыл тұқымды жануарлардың саны, тұқымдары, өнімділік бағыттары бойынша деректер жиынтығы;

      2) асыл тұқымды жануар – Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық палатада тіркелген, тұқымның өнімділік бағыты мен деңгейіне сай келетін таза тұқымды жануар.

2-тарау. Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу тәртібі

      4. Ірі қара малға, қойларға, жылқыларға, құстарға, ешкілерге, шошқаларға, түйелерге, маралдарға, бұғыларға, балараларға асыл тұқымды мәртебесін беруді "Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-3/1084 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12897 болып тіркелген) сәйкес республикалық палаталар жүргізеді.

      5. Республикалық палаталар асыл тұқымды жануар мәртебесін беруді есепке алу журналының деректері негізінде Заңның 13-бабының 18) тармақшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекітетін асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды (бұдан әрі – әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан) толтырады.

      6. Республикалық палаталар жыл сайын есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 10 қаңтарына дейін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды республикалық тізілімге енгізу үшін асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады.

      7. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган республикалық палаталар ұсынған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандардың негізінде жыл сайын есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 1 ақпанына дейін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес 1, 2, 3 және 4-нысандар бойынша асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жасайды.

      8. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган жыл сайын есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 5 ақпанына дейін республикалық тізілімді асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның ресми интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады.

  Асыл тұқымды жануарлардың
республикалық тізілімін
жүргізу қағидаларына
қосымша
  1-нысан

Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімі ________________________________________________________________________________ (асыл тұқымды жануардың түрі көрсетіледі: ірі қара мал/қой/ешкі/жылқы/құс) Қазақстан Республикасының барлық санаттарындағы шаруашылықтарда 20___ жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша

Р/с №

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) атауы

Шаруашылықтардың саны, бірлік

Барлық бағыттағы ______________ (асыл тұқымды жануардың түрі көрсетіледі) саны

барлығы, бас

оның ішінде аналығы

оның ішінде өнімділік бағыттары бойынша, бас

_____________
(өнімділік бағыты көрсетіледі)

_________
(өнімділік бағыты көрсетіледі)

____________________
(өнімділік бағыты көрсетіледі)

барлығы, бас

оның ішінде аналығы

барлығы, бас

оның ішінде аналығы

барлығы, бас

оның ішінде аналығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11













































Республика бойынша барлығы:










      кестенің жалғасы

Р/с №

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) атауы

Шаруашылықтардың саны, бірлік

____________________ (өнімділік бағыты көрсетіледі) бағытындағы жануарлардың саны

барлығы, бас

оның ішінде аналығы

оның ішінде, тұқымдар (кросстар) бойынша

_________________ (тұқым көрсетіледі)

_________________ (тұқым көрсетіледі)

_________________ (тұқым көрсетіледі)

_________________ (тұқым көрсетіледі)

барлығы, бас

оның ішінде аналығы

барлығы, бас

оның ішінде аналығы

барлығы, бас

оның ішінде аналығы

барлығы, бас

оның ішінде аналығы

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24





















































Республика бойынша барлығы:












      2-нысан

Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімі ________________________________________________________________________________ (асыл тұқымды жануардың түрі көрсетіледі: түйе/шошқа) Қазақстан Республикасының барлық санаттағы шаруашылықтарында 20___ жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша

Р/с №

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) атауы

Шаруашылықтардың саны, бірлік

оның ішінде, тұқымдар (кросстар) бойынша

барлығы, бас

оның ішінде аналығы

_________________
(тұқым көрсетіледі)

_________________ (тұқым көрсетіледі)

_________________ (тұқым көрсетіледі)

_________________ (тұқым көрсетіледі)

барлығы, бас

оның ішінде аналығы

барлығы, бас

оның ішінде аналығы

барлығы, бас

оның ішінде аналығы

барлығы, бас

оның ішінде аналығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13





















































Республика бойынша барлығы:












      3-нысан

Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімі ________________________________________________________________________________ (асыл тұқымды жануардың түрі көрсетіледі: асыл тұқымды маралдар/теңбіл бұғылар) Қазақстан Республикасының барлық санаттағы шаруашылықтарында 20___ жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша

Р/с №

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) атауы

Шаруашылықтардың саны, бірлік

Асыл тұқымды маралдар мен теңбіл бұғылардың саны

олардың ішінде:

Шаруашылықтардың саны, бірлік

маралдар

Шаруашылықтардың саны, бірлік

теңбіл бұғылар

барлығы, бас

оның ішінде аналық маралдар мен теңбіл бұғылар

барлығы, бас

оның ішінде аналық маралдар

барлығы, бас

оның ішінде аналық теңбіл бұғылар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11













































Республика бойынша барлығы:










      4-нысан

Асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімі ________________________________________________________________________________ (асыл тұқымды жануардың түрі көрсетіледі: асыл тұқымды баларалар) Қазақстан Республикасының барлық санаттағы шаруашылықтарында 20___ жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша

Р/с№

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) атауы

Шаруашылықтардың саны, бірлік

Бал ара ұялардың саны, бірлік

оның ішінде тұқым бойынша

карпат

орта орыс

карника

1

2

3

4

5

6

7





























Республика бойынша барлығы: