"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 20 наурыздағы № 285 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 наурызда № 32113 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесінде:

      733-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "733. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алу және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің тапшылығын қаржыландыруға ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шығаруы түрінде мемлекеттік бағдарламаларды, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамаларын, ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген іс-шараларды белгіленген тәртіппен қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы түрінде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қарыз алуы "Астана" Халықаралық қаржы орталығының алаңында айналыс үшін ұлттық валютада мемлекеттік бағалы қағаздар шығару жолымен, сондай-ақ орнықты даму мақсатын іске асыру шеңберінде "жасыл" жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен қарыз шартын жасасу жолымен жергілікті атқарушы орган борышының белгіленген лимиті шегінде жүзеге асырылады.";

      735 және 736-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "735. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жергілікті атқарушы органның борыш лимитін және басым (республикалық және жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясының қарауына ішкі нарықта айналысы үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жолымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарыз алуы жөніндегі ұсыныстарын жібереді, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды, саланы (аяны), ұлттық жобаларды дамыту тұжырымдамаларын іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген іс-шараларды белгіленген тәртіппен қаржыландыру, орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде "жасыл" жобаларды қаржыландыру үшін "Астана" Халықаралық қаржы орталығының алаңында сыртқы нарықта айналысқа түсетін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару үшін және белгіленген тәртіппен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кезекті қаржы жылына арналған бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын жасайды.

      736. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы қарыз шарты, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысы үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару нысанында жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қарыз алуы "Астана" Халықаралық қаржы орталығының алаңында айналыс үшін ұлттық валютада мемлекеттік бағалы қағаздар шығару, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарымен ұлттық валютада қарыз шарты нысанында жүзеге асырылады.";

      740-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "740. Бюджет комиссиясының шешімі және бекітілген жергілікті бюджеттер тапшылығы өлшемдерінің негізінде, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының және Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздарын Бюджет кодексінің 209-бабына сәйкес шығару үшін бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Бюджет кодексінің 211-бабына сәйкес қарыз алу көлемі, шарттары мен нысаналық мақсаты, сондай-ақ кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілетін борышты өтеу мен оған қызмет көрсету мөлшерін айқындайды және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келіседі.";

      12 бөлім 10-1 және 10-2 параграфтарымен толықтырылсын:

      "10-1-параграф Қарыз шартын жасасу жолымен "жасыл" жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қарыз алуы.

      743-1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде "жасыл" жобаларды қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарызды тартуы мынадай:

      1) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе қаржылық-экономикалық негіздемесіне оң экономикалық қорытынды;

      2) жергілікті бюджеттік инвестициялық жоба үшін бекітілген техникалық-экономикалық негіздеме немесе қаржы-экономикалық негіздеме;

      3) халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз есебінен қаржыландыруға болжанатын әрбір "жасыл" жоба бойынша бюджеттік комиссияның оң шешімі;

      Бюджеттік комиссияның шешімінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы қарызының шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты белгіленеді.

      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар Республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы қарызының шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты туралы мәслихат шешімдері негізде жүзеге асырылады.

      743-2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы қарыз шартын жасасу нысанында қарыз алған кезде жергілікті атқарушы орган мыналарды:

      1) қаржыландыруға ұсынылатын жоба, қарыздың болжамды шарттары бойынша қарыз берушілермен келіссөздерді ұйымдастыру мен жүргізуді;

      2) қарыз шартының жобасын және ілеспе құжаттарды дайындауды;

      3) қарыз шартының жобасының техникалық-экономикалық негіздемеге немесе бюджеттік инвестициялық жобаның қаржы-экономикалық негіздемесіне сәйкестігін бағалауды қамтитын даярлауды жүзеге асырады;

      743-3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы растайтын құжаттаманы қоса бере отырып, қарыз шартының жобасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға келісуге және қарауға жібереді.

      743-4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы мемлекеттік қарыздарының талаптары, көлемі және нысаналы мақсаты тұрғысынан қарыз шартының жобасын қарайды.

      743-5. Ресімделген қарыз шартына қол қою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      743-6. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қол қойылған қарыз шарты тіркелуге жатады. Қарыз шарты қарыз шартының талаптарына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

      743-7. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы қарыз берушілерден алынатын ақпарат негізінде сыртқы қарыздар қаражатын есепке алуды жүзеге асырады.

      743-8. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы қарыздар есебінен қаржыландырылатын "жасыл" жобалар қаражатының пайдаланылуына мониторингті жүзеге асырады.

      10-2-параграф. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қарыздары есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру.

      743-9. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы:

      1) кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет жобасын қалыптастыру кезінде белгіленген тәртіппен жобаны қаржыландыру көлемін жоспарлайды;

      2) қарыз шартында көзделген рәсімдерге сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу арқылы жобаны іске асыруды жүзеге асырады;

      3) конкурстық комиссияның қарыз берушімен келісілген шешімі негізінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға келісімшарттар жасасады;

      4) жасалған келісімшарттардың мониторингін, сыртқы қарыз қаражатын, сондай-ақ олар бөлінген жағдайда жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатын мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді.

      743-10. Қарыз шартына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық немесе қаржы-экономикалық негіздемесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап еткен жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық немесе қаржы-экономикалық негіздемесіне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жөніндегі рәсімдерді жүргізеді.

      743-11. Техникалық-экономикалық немесе қаржы-экономикалық негіздемеге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының бекітуіне жатады.

      743-12. Қарыз шартына сыртқы мемлекеттік қарыздардың талаптарын, көлемін және нысаналы мақсатын өзгерту бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, қарыз шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жобасын Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қарауына және келісуіне енгізеді.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы мемлекеттік қарыздарының талаптары, көлемі және нысаналы мақсаты тұрғысынан қарыз шартына өзгерістер және (немесе толықтырулар) енгізу жобасын қарайды.";

      көрсетілген Ережедегі 130 және 131 қосымшалары осы бұйрықтын 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда көрсетілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджеттік заңнама департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
орынбасарының міндетін атқарушы -
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
орынбасарының міндетін
атқарушы - Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 20 наурыздағы
№ 285 Бұйрығына
1 қосымша
  Осы бұйрықпен бекітілген
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету Ережесіне
130-қосымша
  Нысан

Бюджет кредиттерін өтеу туралы жергілікті атқарушы органдардың есебі

Кредиттің нөмірі және қол қойылған күні

Жобаның атауы

Кредит валютасы

Кредиттің қол қойылған сомасы

Бастапқы есеп беру кезеңіндегі негізгі борыштың қалдығы

Игерілген кредит қаражаты (түсті)

есепті кезеңнің басына

1

2

3

4

5

6

7

I бөлім. Республикалық бюджеттен берілген кредиттер

1) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімді жоспары шеңберінде;

2) үкіметтік сыртқы қарыздар шеңберінде;



3) қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы кезінде.




II бөлім. Жергілікті атқарушы органдар бұрын тартқан кредиттер

1) әкімнің кепілдігімен;




2) басқа көздерден





III бөлім. Ішкі мемлекеттік қарыз алу


1) мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы



IV бөлім. Сыртқы мемлекеттік қарыз алу



1) қарыз шарты;



2) мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару;



      кестенің жалғасы

Игерілген (түскен) кредит қаражаты

Негізгі борышты өтеу

Есеп берудің соңғы кезеңіндегі негізгі борыштың қалдығы

Есепті кезеңде

Есеп берудің басындағы жағдай бойынша төлемдердің кезеңі барлығы, басынан бастап

Есепті кезеңде


күні

сомасы

Тиесілі төлемдер

Жүргізілген төлемдер

күні

сомасы

8

9

10

11

12

13

14

      Жергілікті атқарушы орган басшысы

      _________________________________ ____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)            (қолы)

      Жергілікті бюджетті атқару / жөніндегі уәкілетті органның басшысы

      _________________________________ ____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)            (қолы)

      Жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы

      _________________________________ ____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)            (қолы)

      Мөр орны

      Ескертпе:

      Есеп тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін, валюта кредитіндегі барлық сандық бағандары бойынша "Барлығы" деген жиынды жолды және "Бөлімі бойынша жиыны" деген жиынды жолды көрсете отырып, валюта кредитіндегі кредиттер шегіндегі бөлімнің белгісін және атауын көрсете отырып, әрбір бөлім бойынша жасалады. Көрсеткіштерді теңгеде келтіру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте айқындалған есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күніне арналған валюта айырбастаудың ресми бағамы бойынша жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
орынбасарының міндетін
атқарушы - Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 20 наурыздағы
№ 285 Бұйрығына
2 қосымша
  Осы бұйрықпен бекітілген
Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету Ережесіне
131-қосымша
  Нысан

Жергілікті атқарушы органдардың бюджет кредиттеріне қызмет көрсету туралы есебі

Кредитке қол қойылған күні және нөмірі

Жобаның атауы

Кредит валютасы

Кредитің қол қойылған сомасы

Сыйақы төлемдері (мүдделері)

Ілеспе төлемдер төленді *

есеп беру басындағы кезең жағдайы бойынша төлемдердің басынан бастап барлығы

Есепті кезеңде

 
есепті кезеңнің басындағы жағдай бойынша төлемдердің басынан бастап барлығы

тиесілі төлемдер

жүргізілген төлемдер

күні

сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

I Бөлім. Республикалық бюджеттен берілген кредиттер




1) әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімді жоспары шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға;



2) үкіметтік сыртқы қарыздар шеңберінде;





3) қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы кезінде.














II Бөлім. Жергілікті атқарушы органнан бұрын тартылған кредиттер


1) әкімнің кепілдігімен;






2) басқа көздерден














III Бөлім. Ішкі мемлекеттік қарыз алу





1) мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы






IV бөлім. Сыртқы мемлекеттік қарыз алу






1) қарыз шарты;






2) мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару;






      кестенің жалғасы

Ілеспе төлемдер төленді**

Мерзімі өтіп кеткен төлемдер

есепті кезеңде

есепте кезең басында

есепте кезең соңында

тиесілі төлем

жүргізілді

негізгі борыш бойынша

сыйақы бойынша

ілеспе төлемдер*

негізгі борыш бойынша

сыйақы бойынша

ілеспе төлемдер *

күні

сомасы

11

12

13

14

15

16

17

18

19

      Жергілікті бюджетті атқарушы органның басшысы

      _________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)            (қолы)

      Жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы

      _________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)            (қолы)

      Жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы

      _________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)            (қолы)

      Мөр орны

      Ескертпе:

      Есеп тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін, валюта кредитіндег барлық сандық бағандары бойынша "Барлығы" деген жиынды жолды және "Бөлімі бойынша жиыны" деген жиынды жолды көрсете отырып, валюта кредитіндегі кредиттер шегіндегі бөлімнің белгісін және атауын көрсете отырып, әрбір бөлім бойынша жасалады. Көрсеткіштерді теңгеде келтіру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте айқындалған есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күніне арналған валюта айырбастаудың ресми бағамы бойынша жүргізіледі.

      * - кредиттеудің шарттарынан туындайтын аванстық төлемдер, комиссиондық, айыппұлдар, сақтандыру жарналары және өзге төлемдер.