Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 наурызда № 32089 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-77) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
М. Карабаев

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2023 жылғы 17 наурыздағы
№ 167 бұйрыққа
1-қосымша

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесі

р/с №

Көрсетілетін қызметтің атауы

1.

Әуе айлағының (тікұшақ айлығының) жарамдылығы сертификатын беру

2.

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатын беру

3.

Экипаж мүшесінің куәлігін беру

4.

Авиация персоналына куәліктер беру:

1)

ұшу экипажы мүшесінің куәлігін беру (ұшақтың коммерциялық ұшқышының куәлігі, тікұшақтың коммерциялық ұшқышының куәлігі, ұшақтың көп мүшелі экипажының куәлігі, ұшақтың желілік ұшқышының куәлігі, тікұшақтың желілік ұшқышының куәлігі)

2)

әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігін беру

3)

әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін беру

4)

ұшу экипажы мүшесінің куәлігіне (ұшақтың коммерциялық пилотының куәлігіне, тікұшақтың коммерциялық пилотының куәлігіне, ұшақтың көп мүшелі экипажының куәлігіне, ұшақтың желілік пилотының куәлігіне, тікұшақтың желілік пилотының куәлігіне) біліктілік және арнайы белгі енгізу немесе оның қолданылу мерзімін ұзарту

5)

әуе қозғалысы диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігіне біліктілік және арнайы белгіні енгізу немесе оның қолданылу мерзімін ұзарту

6)

әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне біліктілік және арнайы белгі енгізу

7)

авиация персоналының куәлігін және (немесе) оған қосымшаны ауыстыру

5.

Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру

6.

Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын кеңейту

7.

Пайдаланушы сертификатын беру

8.

Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру

9.

Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру

1)

азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алғаш рет алу

2)

бұрын ұшуға жарамдылық сертификаты болған азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын беру

3)

бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын беру

4)

азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын ұзарту

10.

Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымына сертификат беру

11.

Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру

12.

Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін беру

13.

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру

14.

Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру

15.

Азаматтық әуе кемесінің кепілі туралы шартты, оған қосымша келісімді, әуе кемесін тіркеуден шығаруға және әкетуге қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеу

  Бұйрыққа
2-қосымша

Азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелері

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің 08.08.2024 № 269 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификатын бергені үшін төлемақы ставкалары:

р/с №

Әуеайлақтың жарамдылық сертификатының қолданылу кезеңінде есепті кезеңде (күнтізбелік жылдан өткен) әуеайлақта ұшуды орындаған ең ауыр әуе кемесінің ең жоғары ұшу салмағы

Әуеайлақтың жарамдылық сертификатының қолданылу кезеңінде есепті кезеңде (күнтізбелік жылдан өткен) әуеайлақта ұшуды орындаған әуе кемелерінің ұшу-қону операцияларының саны

1 (бір) қызмет үшін төлемақы ставкасы (ең төменгі есептік көрсеткіш-бұдан әрі АЕК)

1.

2 730 кг (бұдан әрі - кг) артық емес

Жарамсыз

10

2.

2 730 кг-нан астам, бірақ 6 000 кг-нан аспайтын

Жылына 2 000-нан артық емес

30

3.

2 730 кг-нан астам, бірақ 6 000 кг-нан аспайтын

Жылына 2 000-нан астам

50

4.

6 000 кг-нан астам, бірақ 35 000 кг-нан аспайтын

Жылына 10 000-нан артық емес

86

5.

6 000 кг-нан астам, бірақ 35 000 кг-нан аспайтын

Жылына 10 000-нан астам

90

6.

35 000 кг-нан астам, бірақ 140 000 кг-нан аспайтын

Жылына 10 000-нан артық емес

95

7.

35 000 кг-нан астам, бірақ 140 000 кг-нан аспайтын

10 000-нан астам, бірақ жылына 150 000-нан аспайтын

310

8.

35 000 кг-нан астам, бірақ 140 000 кг-нан аспайтын

Жылына 150 000 астам

500

9.

140 000 кг-нан астам

Жылына 10 000-нан артық емес

772

10.

140 000 кг-нан астам

10 000-нан астам, бірақ жылына 150 000-нан аспайтын

1 830

      2. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметі сертификатын бергені үшін төлемақы ставкалары:

р/с №

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің штат саны

1 (бір) қызмет үшін төлемақы ставкасы (АЕК)

1.

251 адамнан және жоғарыоғары

235

2.

201-ден 250 адамға дейін

224

3.

151-ден 200 адамға дейін

213

4.

101-ден 150 адамға дейін

202

5.

51-ден 100 адамға дейін

191

6.

50 адамға дейін

180

      3. Экипаж мүшесінің куәлігін бергені үшін төлемақы ставкалары:


р/с

Рұқсат беру құжатының түрі

1 (бір) қызмет үшін төлемақы ставкасы (АЕК)

1.

Экипаж мүшесінің куәлігін беру

1

      4. Авиациялық персоналға куәліктер бергені үшін төлемақы ставкалары:

р/с №

Рұқсат беру құжатының түрі

1 (бір) қызмет үшін төлемақы ставкасы (АЕК)

1.

Авиациялық персоналға куәліктер беру:

1)

ұшу экипажы мүшесінің куәлігін беру (ұшақтың коммерциялық ұшқышының куәлігі, тікұшақтың коммерциялық ұшқышының куәлігі, ұшақтың көп мүшелі экипажының куәлігі, ұшақтың желілік ұшқышының куәлігі, тікұшақтың желілік ұшқышының куәлігі)

10

 
2)

әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігін беру

10

3)

әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша персонал куәлігін беру

10

4)

ұшу экипажы мүшесінің куәлігіне (ұшақтың коммерциялық ұшқышының куәлігіне, тікұшақтың коммерциялық ұшқышының куәлігіне, ұшақтың көпмүшелі экипажының куәлігіне, ұшақтың желілік ұшқышының куәлігіне, тікұшақтың желілік ұшқышының куәлігіне)біліктілік және арнайы белгілердің қолданылу мерзімін енгізу немесе ұзарту

3

5)

әуе қозғалысы диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу немесе олардың қолданылу мерзімін ұзарту

3

6)

әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне біліктілік және арнайы белгілер енгізу

3

7)

авиация персоналының куәлігін және (немесе) оған қосымшаны ауыстыру

1

      5. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын бергені үшін төлемақы ставкалары:

р/с №

Қызметтердің атауы

1 (бір) қызмет үшін төлемақы ставкасы (АЕК)

1.

Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру

78

      6. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын кеңейту үшін төлемақы ставкалары:

р/с №

Қызметтердің атауы

1 (бір) қызмет үшін төлемақы ставкасы (АЕК)

1.

Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын кеңейту

32

      7. Пайдаланушы сертификатын бергені үшін төлемақы ставкалары:

р/с №

Пайдаланылатын әуе кемелері (санаттары, салмағы)

1 (бір) әуе кемесі үшін төлемақы ставкасы (АЕК)

1.

Бір қозғалтқышты ұшақтар

25

2.

Салмағы 5 700 кг аспайтын ұшақтар

36

3.

Салмағы 5 700 кг-нан 40 000 кг-ға дейінгі ұшақтар

348

4.

Салмағы 40 000 кг-нан асатын ұшақтар 1

468

5.

Құрлықта жұмыс істейтін көп моторлы тікұшақтар

92

6.

Ашық теңізде жұмыс істейтін көп моторлы тікұшақтар

104

      8. Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік бергені үшін төлемақы ставкалары:

р/с №

Пайдаланылатын әуе кемелері (санаттары, салмағы)

1 (бір) әуе кемесі үшін төлемақы ставкасы (АЕК)

1.

Бір қозғалтқышты ұшақтар

5

2.

Салмағы 5 700 кг аспайтын ұшақтар

13

3.

Салмағы 5 700 кг-нан 40 000 кг-ға дейінгі ұшақтар

36

4.

Салмағы 40 000 кг-нан асатын ұшақтар 1

50

5.

Құрлықта жұмыс істейтін көп моторлы тікұшақтар

18

6.

Ашық теңізде жұмыс істейтін көп моторлы тікұшақтар

20

      9. Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын бергені үшін төлем ставкалары (азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алғаш рет алу, бұрын ұшуға жарамдылығы сертификаты болған азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру, бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын ұзарту):

р/с№

Әуе кемелерін сертификаттау түрі (санаттары, салмағы)

1 (бір) әуе кемесі үшін төлемақы ставкасы (АЕК)

Ұшақтың ұшуға жарамдылығы:


1.

136 000 килограмнан жоғары

625

2.

75 000 килограмнан жоғары 136 000 килограмға дейін қоса алғанда

572

3.

30 000 килограмнан жоғары 75 000 килограмға дейін қоса алғанда, 2 қозғалтқышы

444

4.

30 000 килограмнан жоғары 75 000 килограмға дейін, 3 қозғалтқышы бар

509

5.

30 000 килограмнан жоғары 75 000 килограмға дейін қоса алғанда, 4 қозғалтқышы бар

545

6.

10 000 килограмнан жоғары 30 000 килограмға дейін қоса алғанда, 2 қозғалтқышы

326

7.

10 000 килограмнан 30 000 килограмға дейін қоса алғанда, 3 қозғалтқышы бар

377

8.

10 000 килограмнан 30 000 килограмға дейін қоса алғанда, 4 қозғалтқышы бар

400

9.

5 700 килограмнан жоғары 10 000 килограмға дейін қоса алғанда

85

Тікұшақтың ұшуға жарамдылығы:


10.

10 000 килограмнан жоғары

145

11.

5 000 килограмнан жоғары 10 000 килограмға дейін қоса алғанда, 1 қозғалтқышы

91

12.

5 000 килограмнан жоғары 10 000 килограмға дейін қоса алғанда, 2 қозғалтқышы бар

127

13.

3 180 килограмнан жоғары 5 000 килограмға дейін қоса алғанда, 1 қозғалтқышы

54

14.

3 180 килограмнан жоғары 5 000 килограмға дейін қоса алғанда, 2 қозғалтқышы

72

      10. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын бергені үшін төлемақы ставкалары:

р/с №

Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның штат саны

1 (бір) қызмет үшін төлемақы ставкасы (АЕК)

1.

Әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсету:

1)

10 адамға дейін

346

2)

11-ден 40 адамға дейін

364

3)

41-ден 70 адамға дейін

382

4)

71-ден 100 адамға дейін

400

5)

101-ден 150 адамға дейін

419

6)

151-ден 200 адамға дейін

437

7)

201-ден астам адам

455

2.

Әуе кемелеріне мерзімді техникалық қызмет көрсету:

1)

10 адамға дейін

418

2)

11-ден 40 адамға дейін

436

3)

41-ден 70 адамға дейін

454

4)

71-ден 100 адамға дейін

472

5)

101-ден 150 адамға дейін

491

6)

151-ден 200 адамға дейін

509

7)

201-ден астам адам

527

3.

Жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін қоспағанда, бөлшектелген компоненттерге техникалық қызмет көрсету

218

4.

Жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін қоспағанда, Бұзбайтын бақылау

145

5.

Күрделі жөндеусіз пайдаланылатын әуе кемелерінің планерінде, авиадвигательдерде және авиациялық техниканың жинақтаушы бұйымдарында бақылау-қалпына келтіру жұмыстары (Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары):

1)

10 адамға дейін

47

2)

11-ден 40 адамға дейін

69

3)

41-ден 70 адамға дейін

272

4)

71-ден 100 адамға дейін

290

5)

101-ден 150 адамға дейін

309

6)

151-ден 200 адамға дейін

327

7)

201-ден астам адам

345

6.

Әуе кемесінің интерьерін жаңарту (қайта жабдықтау)

145

7.

Әуе кемесін жаңғырту және авиациялық техниканы әзірлеушінің бюллетеньдері мен құжаттамалары бойынша пысықтаулар бойынша жұмыстарды орындау

218

8.

Жаңа ресурстарды (қызмет мерзімдерін) белгілей отырып, әуе кемелерін, авиадвигательдерді және жиынтықтаушы бұйымдарды (агрегаттарды)күрделі жөндеу:

1)

10 адамға дейін

528

2)

11-ден 40 адамға дейін

546

3)

41-ден 70 адамға дейін

564

4)

71-ден 100 адамға дейін

582

5)

101-ден 150 адамға дейін

601

6)

151-ден 200 адамға дейін

619

7)

201-ден астам адам

637

      11. Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын бергені үшін төлемақы ставкалары:

р/с №

Сертификаттау түрі

1 (бір) түрі үшін төлемақы ставкасы (АЕК)

1.

Ұшақ

10 000

2.

Тікұшақ

5 000

3.

Басқа ұшу аппараттары, қозғалтқыш және әуе винті

1 000

      12. Азаматтық әуе кемесі данасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігі куәлігін бергені үшін төлемақы ставкалары:

р/с №

Әуе кемелерін сертификаттау түрі (дана)

1 (бір) дана үшін төлемақы ставкасы (АЕК)

1.

Ұшақ

10

2.

Тікұшақ

20

3.

Басқа ұшу аппараттары

5

      13. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізушінің сертификатын бергені үшін төлемақы ставкалары:

р/с №

Аэронавигациялық қызмет көрсетуге тартылған жұмыскерлердің, аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізушінің саны

1 (бір) қызмет үшін төлемақы (АЕК) ставкасы

1.

100 адамнан және одан жоғары

127 347

2.

20-дан 100 адамға дейін

569

3.

0 ден 20 адамға дейін

95

      14. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді бергені үшін төлемақы ставкалары:

р/с №

Тіркеу әрекеттерінің түрлері

1 (бір) әуе кемесі үшін төлемақы ставкасы (АЕК)

1.

Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін

7

2.

Азаматтық әуе кемелерін қайта тіркегені үшін

7

      15. Әуе кемесінің кепілі туралы шартты, оған қосымша келісімді, әуе кемесін тіркеуден шығаруға және әкетуге қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін төлемақы ставкалары:

р/с №

Тіркеу әрекеттерінің түрлері

1 (бір) әуе кемесі үшін төлемақы ставкасы (АЕК)

1.

Жеке тұлғалардан

1

2.

Заңды тұлғалардан

5

      16. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауды жүзеге асырғаны үшін заңды тұлғаларды міндетті аударымдар:

р/с №

Әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушыларды, аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізушілерді, әуе кемелерін пайдаланушыларды міндетті аударымдар

1.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауды жүзеге асырғаны үшін әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушыларды міндетті аударымдар (Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сертификаттау талаптары мен талаптарына сәйкестігін қолдауды тексеру, түзету іс-қимылдары жоспарының орындалуын тексеру) :

Әуеайлақтың жарамдылық сертификатының қолданылу кезеңінде есепті кезеңде (күнтізбелік жылдан өткен) әуеайлақта ұшуды орындаған ең ауыр әуе кемесінің ең жоғары ұшу салмағы

Әуеайлақтың жарамдылық сертификатының қолданылу кезеңінде есепті кезеңде (күнтізбелік жылдан өткен) әуеайлақта ұшуды орындаған әуе кемелерінің ұшу-қону операцияларының саны

Жылына міндетті аударым мөлшерлемесі
(АЕК)

1)

2 730 кг артық емес

Жарамсыз

25

2)

2 730 кг-нан астам, бірақ 6 000 кг-нан аспайтын

Жылына 2 000-нан артық емес

55

3)

2 730 кг-нан астам, бірақ 6 000 кг-нан аспайтын

Жылына 2 000-нан астам

60

4)

6 000 кг-нан астам, бірақ 35 000 кг-нан аспайтын

Жылына 10 000-нан артық емес

144

5)

6 000 кг-нан астам, бірақ 35 000 кг-нан аспайтын

Жылына 10 000-нан астам

175

6)

35 000 кг-нан астам, бірақ 140 000 кг-нан аспайтын

Жылына 10 000-нан артық емес

557

7)

35 000 кг-нан астам, бірақ 140 000 кг-нан аспайтын

10 000-нан астам, бірақ жылына 150 000-нан аспайтын

3 998

8)

35 000 кг-нан астам, бірақ 140 000 кг-нан аспайтын

Жылына 150 000 астам

4 500

9)

140 000 кг-нан астам

Жылына 10 000-нан артық емес

7 290

10)

140 000 кг-нан астам

10 000-нан астам, бірақ жылына 150 000-нан аспайтын

17 433

2.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауды жүзеге асырғаны үшін аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілердің міндетті аударымдары (Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сертификаттау талаптары мен талаптарына сәйкестігін қолдауды тексеру, түзету іс-қимылдары жоспарының орындалуын тексеру):


Аэронавигациялық қызмет көрсетуге тартылған жұмыскерлердің, аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізушінің саны:

Жылына міндетті аударым мөлшерлемесі
(АЕК)

1)

100 адамнан және одан жоғары

2 273 751

2)

20-дан 100 адамға дейін

1 777

3)

0-ден 20 адамға дейін

355

3.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауды жүзеге асырғаны үшін азаматтық әуе кемелерін сертификатталған пайдаланушылардың міндетті аударымдары (Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сертификаттау талаптары мен талаптарына сәйкестігін қолдауды тексеру, түзету іс-қимылдары жоспарының орындалуын тексеру):


Пайдаланылатын әуе кемелері (санаттары, салмағы)

Жылына бір әуе кемесі үшін міндетті аударым ставкасы
(АЕК)

1)

Бір қозғалтқышты ұшақтар

50

2)

Салмағы 5 700 кг аспайтын ұшақтар

71

3)

салмағы 5 700 кг-нан 40 000 кг-ға дейінгі ұшақтар

669

4)

салмағы 40 000 кг-нан асатын ұшақтар

815

5)

құрлықта жұмыс істейтін көп моторлы тікұшақтар

187

6)

ашық теңізде жұмыс істейтін көп моторлы тікұшақтар

237