Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 2 наурыздағы № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 3 наурызда № 32010 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейін донорлығына құқығын білдірген азаматтардың тіркеліміне Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығының уәкілетті адамдарының қол жеткізуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-158/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21541 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 209-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейін донорлығына құқығын білдірген азаматтардың тіркеліміне Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығының уәкілетті адамдарының қол жеткізу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығы денсаулық сақтау ұйымдары мен мамандары үшін ақпараттық қызметтер ұсынатын республикалық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымына (бұдан әрі – ақпараттық қызмет жөніндегі ұйым) оған Тіркелімге қолжетімділік ұсыну үшін лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың (бұйрықтардың) көшірмесімен бірге уәкілетті тұлға (тұлғалар) туралы деректерді (тегі, аты, әкесінің аты (оның болған жағдайда) 3 (ұш) жұмыс күн ішінде ұсынады.".

      2. "Қазақстан Республикасында кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық, интервенциялық аритмологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26401 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Қазақстан Республикасында кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық, интервенциялық аритмологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында:

      19, 23-тармақтар алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № ҚР ДСМ-20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26975 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында:

      15-16-тармақтар алып тасталсын.

      4. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрі
2023 жылғы 2 наурыздағы
№ 33 Бұйрыққа
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының халқына кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық министрдің м.а 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 647 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7273 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 801 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8196 болып тіркелген).

      3. "Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 қаңтардағы № 3 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9139 болып тіркелген).