БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 127-нқ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13829 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларында:
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің ұсынымы бойынша экономика, өңірлердегі экономикалық көрсеткіштерді талдау және мониторингтеу, табиғи монополияларды реттеу салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асырумен айналысатын, осы органдарда кемінде он жыл мінсіз қызмет атқарған жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін, сондай-ақ Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік экономика комитетінің ардагерлерін Министрліктің құрмет грамотасымен, Министрдің алғыс хатымен көтермелеуге болады.";
2) "Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау қағидаларын және Оларға қатысты сыртқы борыштың шекті көлемі айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 157 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16814 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 601 қаулысымен бекітілген Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыздары көлемін келісу қағидаларының 2-тармағына сәйкес әзірленді және топ ішілік қаржыландыру жөніндегі мәмілелерді және мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында (бұдан әрі –Тұжырымдама) белгіленген шектеулер шеңберінде квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау тәртібін айқындайды.";
4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарыздарының шекті көлемі Тұжырымдамада айқындалған шектеулерге сәйкес айқындалады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Квазимемлекеттік сектор субъектісі жоспарланатын жылдың алдындағы жылғы 20 желтоқсанға дейін директорлар кеңесінің отырысына бекітілген сыртқы борыштың шекті көлемін ескере отырып, даму жоспарын/іс-шаралар жоспарын шығарады.".
2. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі