"Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 172 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 ақпанда № 31908 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мынадай есептердің түрлерін жасайды және ұсынады:

      тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін түсімдер мен ақшаны жұмсау жоспарының орындалуы туралы есеп – 1-АҚ нысаны бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 1-АҚ нысаны);

      филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетін ақша түсімдері және олардың жұмсалуы туралы есеп – 2-ДК нысаны бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 2-ДК нысаны);

      өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп – 3-ӨШ нысаны бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 3-ӨШ нысаны);

      "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген 4-20 нысан бойынша бюджеттік сыныптама жөніндегі шығыстар бойынша жиынтық есеп (бұдан әрі – 4-20-нысан);

      Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі-МӘСҚ) түсімдері мен шығыстары осы Қағидаларға 9-1-қосымшаға сәйкес 8-МӘСҚ нысаны (бұдан әрі – 8-МӘСҚ нысаны) бойынша туралы есеп;

      Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – ӘлМСҚ) түсімдері мен шығыстары туралы есеп осы Қағидаларға 9-2-қосымшаға сәйкес 8-ӘлМСҚ нысаны бойынша (бұдан әрі-8 – ӘлМСҚ нысаны);

      Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының (бұдан әрі – БИҚҚ) түсімдері мен шығыстары туралы есеп осы Қағидаларға 9-3-қосымшаға сәйкес 9-БИҚҚ нысаны бойынша (бұдан әрі – 9-БИҚҚ нысаны).";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Бюджет шығыстарын қамтитын республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің бөлімдері бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтары, функционалдық кіші топтары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджеттік бағдарламалары, кіші бағдарламалары бойынша деректерді қамтиды.

      Бюджеттің шығыстарын қамтитын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің бөлімдері бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтары, функционалдық кіші топтары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджеттік бағдарламалары, кіші бағдарламалары бойынша деректерді қамтиды.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Бюджет қаражатының еркін қалдықтары – бұл:

      1) алынған қарыздар бойынша негізгі борышқа қызмет көрсетуге және өтеуге;

      2) іске асыру мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламалары және дайындау және беру мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтерді және басқа да тауарларды, көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтерді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша өткен қаржы жылының қабылданған міндеттемелерінің төленбеген бөлігін қаржыландыруға;

      3) аяқталу мерзімі Бюджет кодексінің 157-бабының 1, 1-1 және 2-тармақтарында және 159-бабының 1-1-тармағында көрсетілген бекітілген құжаттамаға сәйкес бюджеттік инвестицияларды іске асыру кезеңіне сәйкес келетін бюджеттік инвестицияларды одан әрі қаржыландыруға;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) одан әрі қаржыландыруға;

      5) өткен қаржы жылында міндеттемелер қабылданбаған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) тиісті бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша және бюджеттік мониторинг негізінде олардың нысаналы мақсатын өзгертпей одан әрі қаржыландыруға;

      6) республикалық, облыстық немесе аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын қайтаруға;

      7) жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихаттың шешімінде) белгіленген ең төменгі көлемдерден төмен көлемде жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын қаржыландырған жағдайда, белгіленген соманың төлемдер бойынша қаржыландырудың тиісті қаржы жылының соңындағы жиынтық жоспарының жылдық сомасынан асып түскен сомасы өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдардың қайтаруға;

      8) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде тартылған пайдаланылмаған қаражат бөлігін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қайтаруға;

      9) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына республикалық бюджетке тартылған кепілдік берілген трансферттің бір бөлігін қайтаруға бөлінгеннен кейін жыл басындағы бюджет қаражатының қалдығы.";

      65-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Шоғырландырылған бюджет – өздерінің арасында өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарын, Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен төлемдерін, МӘСҚ түсімдері мен шығыстарын, БИҚҚ түсімдері мен шығыстарын біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры.";

      77- тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау мына:

      1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есептердің негізінде құрылымдық бөлімшенің өзі қалыптастырған жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша жиынтық) есептің;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оның пайдаланылуы туралы есептің;

      4) Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы және жәбірленушілерге жүргізілген өтемақы төлемдері туралы есептің;

      5) МӘСҚ түсімдері мен шығыстары туралы есептің;

      6) ӘлМСҚ түсімдері мен шығыстары туралы есептің;

      7) БИҚҚ түсімдері мен шығыстары туралы есептің негізінде жүргізіледі.";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы есеп өзіне мынадай бөлімдерді (кіші бөлімдерді) қамтиды:

      1) кірістер (I):

      салықтық түсімдер;

      салықтық емес түсімдер;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;

      трансферттер түсімдері;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер (II);

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер (III);

      4) МӘСҚ-ға түсетін түсімдер (IV);

      5) ӘлМСҚ-ға түсетін түсімдер (V);

      6) шығындар (VI):

      7) Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан төлемдер (VII);

      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорды басқарумен және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізумен байланысты шығыстарды жабу (VIII);

      9) МӘСҚ шығыстары (IХ);

      10) ӘлМСҚ шығыстары (Х);

      11) БИҚҚ шығыстары (ХI);

      12) таза бюджеттік кредит беру (ХII):

      бюджеттік кредиттер;

      бюджеттік кредиттерді өтеу;

      13) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо (ХIII):

      қаржы активтерін сатып алу;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;

      14) бюджет тапшылығы (профициті) (XIV);

      15) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) (XV);

      16) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) (XVI):

      қарыздар түсімі;

      қарыздарды өтеу;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары;

      17) "Бюджет қаражатының қалдықтары" анықтамалық бөлімі:

      қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдықтары;

      есепті кезең соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары.

      Бюджет тапшылығы (профициті) мынадай формула бойынша анқталады:

      Db(Pb) = D+Ip+Id+Dgfss+Dfsms-Z-Pr-Wk-K-S-Rfgss-Rfsms - Rfpio, мұнда:

      Ip – Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер;

      Id – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;

      Dgfss – МӘСҚ-ға түсімдер;

      Dfsms – ӘлМСҚ-ға түсімдер.

      Pr – Ұлттық қорды басқарумен және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізумен байланысты шығыстарды жабу;

      Wk – Жәбірленушілерге өтемақы қоры ҚБШ төлеу;

      Rgfss – МӘСҚ шығыстары;

      Rfsms – ӘлМСҚ шығыстары;

      Rfpio – БИҚҚ шығыстары.

      Теріс белгісімен алынған шама тапшылық, оң белгісімен алынған шама – бюджеттің профициті болып табылады.

      Бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) мынадай формула бойынша анықталады:

      NDb(NPb) = D - T (NF) - VTP + Ip + Id + Dgfss +Dfsms – Z – Pr – Wk -K – S – Rgfss – Rfsms- Rfpio.

      Теріс белгісімен алынған шама мұнайға қатысты емес тапшылығы, оң белгісімен алынған шама – бюджеттің мұнайға қатысты емес профициті болып табылады.";

      94-тармақ мынадай реакцияда жазылсын:

      "94. Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы айлық/жылдық есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі:

      1) ведомство ұсынған республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректердің;

      2) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ұсынған, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы есептердің негізінде құрылымдық бөлімшенің өзі қалыптастырған жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша жиынтық) есептің;

      3) ведомство ұсынған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оның пайдаланылуы туралы есептің;

      4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау функциясын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі ұсынған Ұлттық қорды басқарудан түскен инвестициялық кірістердің және Ұлттық Қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің жоспарлы көрсеткіштерінің.

      5) ведомство ұсынған Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен оның пайдаланылуы және жәбірленушілерге жүргізілген өтемақы төлемдері туралы есептің;

      6) МӘСҚ түсімдері мен шығыстары туралы есептің;

      7) ӘлМСҚ түсімдері мен шығыстары туралы есептің;

      8) БИҚҚ түсімдері мен шығыстары туралы есептің негізінде жасалады.";

      6-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1-тарау. Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті, МӘСҚ түсімдері мен шығыстары туралы есепті, ӘлМСҚ түсімдері мен шығыстары туралы есепті, БИҚҚ түсімдері мен шығыстары туралы есепті жасау мен ұсыну тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 104-3 тармақпен толықтырылсын:

      "104-3. БИҚҚ түсімдері мен шығыстары туралы айлық/жылдық есепті білім саласындағы орталық уәкілетті орган жасайды және ол мына бөлімдерді қамтиды:

      1) кірістер (I),

      2) БИҚҚ шығыстары (II);

      3) кірістер мен шығыстар сальдосы (III);

      4) қаржы жылының басындағы БИҚҚ ақша қалдығы (IV);

      5) есепті кезеңнің соңындағы БИҚҚ ақша қалдығы (V).

      I "Кірістер" бөлімі бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары, кіші сыныптары және ерекшеліктері бойынша БИҚҚ түсетін салықтық емес түсімдер сомасын көрсетеді.

      II "БИҚҚ шығыстары" бөлімі БИҚҚ шотынан жүргізілген төлемдер сомасын көрсетеді, оның ішінде өңірлер және жобалар бойынша.

      III "Кірістер мен шығыстар сальдосы" бөлімі I "Кірістер" және II "БИҚҚ шығыстары" бөлімдері арасындағы айырма сомасын көрсетеді.

      IV "Қаржы жылының басындағы БИҚҚ шотындағы ақша қалдығы" бөлімі қаржы жылының басындағы БИҚҚ ақша қалдығының сомасын көрсетеді.

      V "Есепті кезеңнің соңындағы БИҚҚ шотындағы ақша қалдығы" бөлімі III "Кірістер мен шығыстар сальдосы" және IV "Қаржы жылының басындағы БИҚҚ шотындағы ақша қалдығы" бөлімдерінің жиынтық сомасын көрсетеді.

      Білім саласындағы орталық уәкілетті орган есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есептіден кейінгі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде ұсынады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 9-3-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 12 және 21-қосымшалар осы бұйрыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 15 ақпандағы
№ 172 бұйрығына
1-қосымша
  Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің,
бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және
аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері аппараттарының
бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну
қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау нысандарының тізбесі

Кезеңділік

Нысандардың атауы

айлық

тоқсандық

жартыжылдық

жылдық

1

2

3

4

5



жартыжылдық

жылдық

Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін түсімдер мен ақшаны жұмсау жоспарының орындалуы туралы есеп - 1-АҚ нысаны*



жартыжылдық

жылдық

1-АҚ нысаны бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін түсімдер мен ақшаны жұмсау жоспарының орындалуы туралы есеп - 1-АҚ-УО нысаны**



жартыжылдық

жылдық

Филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп – 2ДҚ-нысан



жартыжылдық

жылдық

Өкілдік шығындар бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп 3-ӨШ нысаны

айлық



жылдық

Бюджеттің атқарылуы туралы есеп

айлық



жылдық

Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің атқарылуы туралы есеп

айлық



жылдық

Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөле отырып, бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы есеп – 6-БДБ-нысан

айлық



жылдық

Басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есеп

айлық



жылдық

Инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік даму бағдарламаларының орындалуы туралы есеп -7-БИЖ нысаны

айлық



жылдық

Бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер

айлық



жылдық

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп

айлық



жылдық

Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы және жәбірленушілерге жүргізілген өтемақы төлемдері туралы есеп

айлық



жылдық

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстары туралы есеп

айлық



жылдық

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстары туралы есеп

айлық




Бюджеттік сыныптама бойынша шығыстар жөніндегі жиынтық есеп - 4-20-нысан

айлық



жылдық

Есепті деректерді салыстырып тексеру актісі

айлық



жылдық

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының түсімдері мен шығыстары туралы есеп - 9-БИҚҚ нысаны

      Ескертпе:

      *1-АҚ нысаны – мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін

      **1-АҚ-УО нысаны – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараты

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 15 ақпандағы
№ 172 бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің,
бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және
аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері аппараттарының
бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну
қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті ұсыну нысаны

р/с №

Есептер нысандарының атауы

Есептерді ұсыну нысаны:

мемлекеттік мекемелер

жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары

облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары

республикалық бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган (ведомстволар)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін түсімдер мен ақшаны жұмсау жоспарының орындалуы туралы есеп –
1-ӨҚ/1-ӨҚ-УО нысаны

электронды түрде және қағаз тасығышта

электронды түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

электронды түрде және қағаз тасығышта

электронды түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

біріктірілген форматта ЭҚАБЖ бойынша есепті деректерді растаумен АЖ арқылы (бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша деректерсіз)

2

Филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп –
2-ДҚ нысаны

электронды түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы

электронды түрде және қағаз тасығышта

электронды түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

біріктірілген форматта ЭҚАБЖ бойынша есепті деректерді растаумен АЖ арқылы (бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша деректерсіз)

3

Өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп - 3-ӨШ нысаны


электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта





4

Жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп




электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта

функционалдық топтар, функционалдық кіші топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бағдарламалар, кіші бағдарламалар бойынша бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары, кіші сыныптары мен ерекшеліктері және бюджет шығыстары бойынша бюджет түсімдерін көрсете отырып, АЖ арқылы және ЭҚАБЖ бойынша (қағаз тасымалдағыштағы жылдық есеп)

-

5

Республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер







айлық - АЖ арқылы және біріктірілген нысандағы ЭҚАБЖ арқылы, онда бюджетке түсетін түсімдерді қамтитын республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің бөлімінде бюджет түсімдері сыныптамасы түсімдерінің санаттары мен сыныптары қамтылуға тиіс, ал бюджет шығыстарын қамтитын есептің бөлімдерінде бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтары мен кіші топтары қамтылуға тиіс; жылдық - АЖ және ЭҚАБЖ арқылы толық көлемде

6

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп







АЖ арқылы және ЭҚАБЖ бойынша

7

Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері және оны пайдалану туралы есеп







АЖ арқылы және ЭҚАБЖ бойынша

8

Бюджеттік сыныптама бойынша шығыстар жөніндегі жиынтық есеп (4-20-нысан)

электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы





9

Есепті деректерді салыстырып тексеру актісі




электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта

-

10

Инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік даму бағдарламаларының орындалуы туралы есеп –
БИЖ 7- нысаны



электронды түрде





11

8-МӘСҚ нысаны



электронды түрде





12

ӘМСҚ
8-нысаны



электронды түрде





13

БИҚҚ
9-нысаны



электронды түрде





      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      РББӘ – республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі;

      ЭҚАБЖ – электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;

      АЖ – ақпараттық жүйе

      МӘСҚ – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;

      ӘлМСҚ – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыҢ

      БИҚҚ – Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 15 ақпандағы
№ 172 бұйрығына
3-қосымша
  Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің,
бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың
және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері аппараттарының
бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну
қағидаларына
9-3-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға

      Нысан интернет - ресурста орналастырылған: www.minfin.gov.kz

      Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының түсімдері мен шығыстары туралы есеп

      Индекс: 9-БИҚҚ-нысан

      Кезеңділігі: ай сайын, жыл сайын

      Есепті кезең______________ жыл

      Ұсынатын тұлғалар тобы: білім саласындағы орталық уәкілетті орган

      Тапсыру мерзімі:

      ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде.

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Атауы

Өспелі қорытындымен есепті кезең үшін атқарылу

1


I. Түсімдер


Салықтық емес түсімдер, барлығы –
оның ішінде түсімдер коды бойынша:






II. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының шығыстары, барлығы -


оның ішінде өңірлер бойынша, барлығы-
оның ішінде жобалар бойынша*:








III. Кірістер мен шығыстар сальдосы


IV. Қаржы жылының басындағы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының ақша қалдығы


V. Қаржы жылының соңындағы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының ақша қалдығы


      Атауы ______________________________________________

      Мекенжайы _________________________________________

      Телефоны___________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________

      Білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысы

      __________ ______________________________________
(қолы) тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны

      Деректерді қалыптастыруға жауапты

      білім беру саласындағы орталық уәкілетті

      органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы

      __________ ______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ескертпе:

      *жобалар бойынша мәліметтер тоқсан сайын беріледі.

      Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы Қағидалардың 104-3-тармағында келтірілген.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 15 ақпандағы
№ 172 бұйрығына
4-қосымша
  Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің,
бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың
және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері аппараттарының
бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну
қағидаларына
12-қосымша

_____________ жылға арналған шоғырландырылған
бюджетінің атқарылуы туралы есеп

      Кезеңділігі: айлық, жылдық

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Бюджеттік сыныптама коды

Атауы

Бекітілген (түзетілген) бюджет

атқарылуы

атқарылу %

1

2

3

4

5


I Кірістер





Салықтық түсімдер




1

Салықтық түсімдер





Салықтық емес түсімдер




2

Салықтық емес түсімдер





Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер




3

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер





II. Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер





III. Заңнамада тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер





IV. МӘСҚ-қа түсетін түсімдер





V. ӘМСҚ-ға түсетін түсімдер





VI. Шығындар




01

Жалпы сипаттағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер




02

Қорғаныс




03

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, соттық, қылмыстық-атқарушылық қызмет




04

Білім беру




05

Денсаулық сақтау




06

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру




07

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық




08

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік




09

Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану




10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорға латын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары




11

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі




12

Көлік және коммуникация




13

Өзгелер




14

Борышқа қызмет көрсету





VII. Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан төлемдер





VIII. Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабу





IХ. МӘСҚ шығыстары





Х. ӘМСҚ шығыстары





XI. БИҚҚ шығыстары





XII. Таза бюджеттік кредит беру





Бюджеттік кредиттер




06

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру




10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорға латын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары




13

Өзгелер





Бюджеттік кредиттерді өтеу




5

Бюджеттік кредиттерді өтеу





XIII. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо





Қаржы активтерін сатып алу




01

Жалпы сипаттағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер




02

Қорғаныс




03

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, соттық, қылмыстық-атқарушылық қызмет




04

Білім беру




05

Денсаулық сақтау




07

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық




09

Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану




10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорға латын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары




12

Көлік және коммуникация




13

Өзгелер





Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер




6

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер





XIV. Бюджет тапшылығы (профициті)





XV. Бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті)





XVI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)





Қарыздар түсімі




7

Қарыздар түсімі





Қарыздарды өтеу




16

Қарыздарды өтеу





Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары





Анықтама: Бюджет қаражатының қалдықтары





Қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдықтары





Есепті кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары




      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      МӘСҚ – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;

      ӘлМСҚ – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;

      БИҚҚ – Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 15 ақпандағы
№ 172 бұйрыққа
5-қосымша
  Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің,
бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың
және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері аппараттарының
бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну
қағидаларына
21-қосымша

Шоғырландырылған, мемлекеттік бюджеттердің, облыс бюджетінің атқарылуы туралы есептерді қалыптастыру үлгісі

Бөлімдер

Кодтар

Бюджет көрсеткіштерінің атауы

Республикалық бюджет/облыстық бюдже

Жергілікті бюджеттер (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті) / аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері

Республикалық бюджет+жергілікті бюджеттер/ облыстық бюджет+аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері

Алып тасталатын сома

Түсімдер сыныптамасы

Шығыстардың функционалдық сыныптамасы




А

1

2

3

4

I



Кірістер

1120,0

570,0

1690,0

231,0

1


Салықтық түсімдер

960,0

350,0

1310,0

-



Оның ішінде кедендік әкету баждары

1,0


1,0


2


Салықтық емес түсімдер

75,0

5,0

80,0

1,0

3


Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

15,0

5,0

20,0

-

4


Трансферттер түсімдері

70,0

210,0

280,0

230,0




оның ішінде:








төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан берілетін трансферттер

20,0


20,0

20,0




жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарынан берілетін трансферттер


210,0

210,0

210,0




Ұлттық қордан берілетін трансферттер

50,0


50,0





Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер








Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер








МӘСҚ-ға түсетін түсімдер








ӘлМСҚ-ға түсетін түсімдер








Оның ішінде, -
-мемлекет жарналары








ТМККК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуге








әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілеріне қызметтер көрсетуге ақы төлеуге арналған қордың шығындарын өтеуге





II



Шығындар

1050,0

590,0

1640,0

231,0



1

Жалпы сипаттағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

70,0

30,0

100,0

-



2

Қорғаныс

70,0

10,0

80,0

0,3



3

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, соттық, қылмыстық-атқарушылық қызметі

100,0

25,0

125,0

0,7



4

Білім беру

60,0

165,0

225,0

11,0



5

Денсаулық сақтау

60,0

100,0

160,0

5,0




Оның ішінде, -
мемлекет жарналары








ТМККК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуге бюджеттен трансферттер








әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілеріне қызметтер көрсетуге ақы төлеуге арналған қордың шығындарын өтеуге бюджеттен трансферттер







6

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

280,0

38,0

318,0

1,5



7

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

25,0

60,0

85,0

30,0



8

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

20,0

30,0

50,0

3,5



9

Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану

28,0

10,0

38,0

9,0



10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары

60,0

10,0

70,0

1,0



11

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

1,5

0,5

2,0

-



12

Көлік және коммуникация

90,0

25,0

115,0

13,0



13

өзгелер

60,0

25,0

85,0

5,0



14

Борышқа қызмет көрсету

35,5

1,5

37,0

1,0



15

Трансферттер

90,0

60,0

150,0

150,0




Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер








Ұлттық қорды басқарумен және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізумен байланысты шығыстарды өтеу





III



Таза бюджеттік кредит беру

44,0

4,0

48,0

40,0



Бюджеттік кредиттер

65,0

10,0

75,0

41,0


4

Білім беру

8,0

-

8,0

-


7

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

40,0

-

40,0

40,0


10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары

3,0

8,0

11,0

-


12

Көлік және коммуникация

6,0

-

6,0

-


13

Өзгелер

8,0

2,0

10,0

1,0



Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-нан төлемдер







Ұлттық қорды басқарумен және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізумен байланысты шығыстарды өтеу







МӘСҚ шығыстары







ӘлМСҚ шығыстары







БИҚҚ шығыстары







Таза бюджеттік кредит беру

44,0

4,0

48,0

40,0



Бюджеттік кредиттер

65,0

10,0

75,0

41,0

5


Бюджеттік кредиттерді өтеу

21,0

6,0

27,0

1,0

IV



Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо

68,0

9,0

77,0

-



Қаржы активтерін сатып алу

70,0

10,0

80,0

-

6


Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

2,0

1,0

3,0

-

V



Бюджет тапшылығы /профициті

-42,0

-33,0

-75,0

-40,0

VI



Бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы/ мұнайға қатысты емес профициті

-93,0

-33,0

-126,0

-40,0

VII



Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

42,0

33,0

75,0

40,0

7


Қарыздар түсімі

200,0

31,0

231,0

41,0


16

Қарыздарды өтеу

158,0

1,0

159,0

1,0

8


Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

-

3,0

3,0

-




Анықтама үшін:








Бюджет қаражатының қалдықтары








Қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдықтары








Есепті кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары





      Кестенің жалғасы

Мемлекеттік бюджет/облыс бюджеті

Ұлттық қордан түсетін түсімдер мен шығыстар

Алып тасталатын сома

Жәбірленушілерге өтемақы қорынан түсетін түсімдер мен төлемдер

МӘСҚ

ӘлМСҚ

БИҚҚ

Алып тасталатын сома

Шоғырландырылған бюджет

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1459,0

680,0

50,0

13,0

99,0

88,0

500,0

39,0

2750,0

1310,0

677,0







1987,0

1,0








1,0

79,0

2,0


10



400,0


491,0

20,0

1,0







21,0

50,0


50,0






0,0


















0,0









0,0

50,0








50,0




3,0



100,0


103,0


10







10





99,0




99,0






88,0



88,0






1,0


1,0







28,0


28,0

0






10,0


10,0

0

1409,0

50,0

50,0





39,0

1370,0

100,0








100,0

79,7








79,7

124,3








124,3

214,0








214,0

155,0








155,0






1,0


1,0







28,0


28,0

0,0






10,0


10,0

0,0

316,5








316,5

55,0








55,0

46,5








46,5

29,0








29,0

69,0








69,0

2,0








2,0

102,0








102,0

80,0








80,0

36,0








36,0

0,0








0,0


50






50

0


10







10

8,0








8,0

34,0








34,0

8,0








8,0

0,0








0,0

11,0








11,0

6,0








6,0

9,0








9,0




10,0





10,0


10,0







10,0





90,0




90,0






80,0



80,0







500,0


500,0

8,0








8,0

34,0








34,0

26,0








26,0

77,0

0,5







77,5

80,0








80,0

3,0

0,5







3,5

-35,0

629,5


3,0

9,0

8,0



624,5

-86,0

629,5








35,0

-629,5


-3,0

-9,0

-8,0



-624,5

190,0








190,0

158,0








158,0

3,0








-656,5





































      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      МӘСҚ – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;

      ӘлМСҚ – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;

      ТМККК – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі;

      МӘМС – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру;

      БИҚҚ – Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры.