БҰЙЫРАМЫН:
1. "Авиациялық қауіпсіздік бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 588 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21597 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық қауіпсіздік бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасында:
"Әуежайлар үшін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру мыналарды қамтиды:" деген 1-бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39) жолмен толықтырылсын:
"
39) | ақпараттық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар. |
";
"Әуекомпаниялар үшін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру мыналарды қамтиды:" деген 7-бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 22) жолмен толықтырылсын:
"
22) | ақпараттық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар. |
";
"Аббревиатуралардың толық жазылуы:" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АА - азаматтық авиация;
АҚҚ - авиациялық қауіпсіздік қызметі;
АҚ - авиациялық қауіпсіздік;
ӘҚБ - әуе қозғалысын басқару;
ЖЖМ - жанар-жағармай материалы;
ӘК - әуе кемесі;
БӨП - бақылау-өткізу пункті;
ТЖ - төтенше жағдай;
VІР - залы - аса маңызды тұлғаларға арналған зал;
ЖЗ - жарылғыш заттар;
ӘКК- әуе кемесінің командирі;
ИАҚ- инженерлік-авиациялық қызмет;
(-1) – авиациялық қауіпсіздікке қауіп төндерітен және одан әрі қызметіне кедергі келтіретін сындарлы сәйкессіздіктер;
(-2) - келісілген мерзімде жойылатын немесе шектеулер енгізілетін шарттарда одан әрі қызметіне кедергі болмайтын сәйкессіздіктер;
(-3) - одан әрі қызметіне кедергі болмайтын және өндіріс пен сапа жүйесін жетілдіру кезінде жоюға жататын сәйкессіздіктер;
(*) - осы ұйым үшін міндетті емес;
(+) – талаптарға сәйкес келеді.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі..
Министрдің м.а. | А. Бейспеков |