Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 150 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 ақпанда № 31886 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасында:

      2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) комиссиялық тапсырма – мүлік және тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударылуы тиіс оның құны көрсетілетін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) бір бөлігі, сондай-ақ комиссиялық тапсырма бойынша міндеттемелердің орындалуын қаржылай қамтамасыз ету ретінде сатушы шотына сауда ұйымы енгізетін сома;";

      12-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қабылдап алу-беру актісіне тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, берілетін мүліктің тізбесі қоса беріледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Комиссиялық тапсырманы алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде орындалған жұмыстар туралы актіге қол қойылады және сауда ұйымы сатылған мүлік бойынша комиссиялық тапсырманы орындауды ақшалай қамтамасыз етуді алып тастағанда сатылған мүліктен қаражатты тиісті бюджеттің немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының кірісіне аударады.";

      14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Егер 3 (үш) ай өткеннен кейін сатылмаған мүлік қалса, оның құны елу пайызға төмендетіледі, бұл туралы тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, қабылдап алу-беру актісіне тиісті қосымшаға қол қойылады.";

      47-тармақтың 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып сатушы қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтініштің негізінде сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілдік жарнасын тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына үш жұмыс күні ішінде аударады;";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатушы мен сатып алушы арасында жүргiзiледi, бұл ретте сатып алушы есеп айырысуларды мынадай тәртiппен жүргiзедi:

      1) аванстық төлем мүліктің сату бағасының кемiнде он бес пайызы мөлшерiнде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына енгiзiледi. Кепiлдiк жарна тиесiлi аванстық төлем есебiне есептеледi;

      2) қалған сома тараптардың уағдаластығы бойынша, бiрақ сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрілмей тиісті бюджетке немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына енгiзiледі.";

      2) "Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 300 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11427 болып тіркелген):

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 215-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 215-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу тәртібін бекітеді.";

      28-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құндылықтарды бағалау қызметі бойынша өнім берушіні таңдау "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес іске асырылады.";

      35-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен өткізілген құндылықтардың немесе сыныққа жатқызылған құндылықтардың құнын қайтару тиісті бюджеттің немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Мүлікті өткізуден түскен қаражат тиісті бюджеттің немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының кірісіне аударылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі