ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2025 № 586 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16402 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының кодтарында:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 224-1-жолмен толықтырылсын:
"
| 224-1 | ҚР ҚМ МКК Шымкент қаласы бойынша МКД Тұран ауданы бойынша МКБ | 5908 | 
| "; | 
реттік нөмірі 235, 236, 237, 238, 239, 240-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
| 235 | ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД | 6201 | 
| 236 | ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД Aлматы ауданы бойынша МКБ | 6202 | 
| 237 | ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД Сарыарқа ауданы бойынша МКБ | 6203 | 
| 238 | ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД Есіл ауданы бойынша МКБ | 6205 | 
| 239 | ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД "Aстана - жаңа қала" МКБ | 6206 | 
| 240 | ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД Байқоңыр ауданы бойынша МКБ | 6207 | 
| ". | 
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі | Е. Жамаубаев |